196
тежелген балалармен жүргізілген психотерапевтік жұмыстарда өз нәтижелерін көрсетіп
келеді.
Кез келген қоғамда, даму дәрежесі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан,
әлеуметтік қиындықтар болып тұрады. Осындай себептердің салдарынан, қазіргі кезде
әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүмкіндігі шектеулі балалар күннен күнге
көбеюде. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп, әлеуметтік тұрмысқа
баулуда, ата-ана мейірімімен қатар, мұғалім және психологтың тарапынан шексіз,
мейірімділіктің қажеттілігі бірден айқын байқалады. Бұл жұмыста үлкен
жауапкершілік, төзімділік, тәжірибе қажет. Қазіргі озық технология заманында
мүмкіндігі шектеулі балаларды заман талабына сай, түрлі әлеуметтік жағдайлардан
адаспай, дұрыс жол таба алатын, еңбеққор азамат етіп қалай әзірлеп шығаруға болады
деген сұрақ осы салада қызмет атқарып келе жатқан мамандарды шығармашылық
жұмысттар мен инновациялық технология әдіс тәсілдерін іздеуге итермелейді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық түзету арқылы қолдаудың
маңызы зор. Себебі, тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою үшін жағдай жасауды
қамтамасыз етіп, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу
мүмкіндіктерін жасау керек деп ойлаймын. Біздің Отанымызда да осы салаға
байланысты арнайы сауықтыру орталықтары да жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта
республикалық арнайы түзету мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен
жасөспірімдер тәрбиеленуде. Осы топқа жататын арнайы мектептерде сырқаттары және
басқа себетерге байланысты оқуға мүмкіншіліктері жоқ оқушылардың жалпы орта
мектептерде білім алуы қиыншылық туғызады. Осы себепті әлеуметтік тәрбиенің
мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі
баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және қатарға қосу мен тәрбиелеуді
жүзеге асыруды міндет етіп алға қою керек. Егер, әлеуметтік педагогикалық үдерісте
мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір
сүріп отырған ортасын зерттей алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға
араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі
туады. Тек осыдан кейін әлеуметтік психологиялық үдерісін дұрыс ұйымдастырып,
түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбеққор және
тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігі туар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін
мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеруіміз керек.
Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психолог, емдік
физкультура, логопед, олигофренопедагог мамандарының арнайы тапсырмалары өте
қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік бейімделудегі, тәрбиелудегі кемшіліктерді жеңу
үшін ата-аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны
неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады.
Адамның ең маңызды игілігі –жеке басының бостандығы мен құқықтары. Ата
Заңымыз Конституцияның «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-
педегогикалық түзету арқылы қолдау» туралы Заңның 4- тарауында кемтар балалардың
құқықтары бекітілген, нақты ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары
197
мен міндеттері көрсетілген. 15-бап кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-
психологиялық түзеу арқылы қолдауды кепіл түрде тегін алуға құқығын бекітті.
«Балалардың құқықтары туралы Конвенцияда» мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше
күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір
сүруін қамтамасыздандыру мазмұны 23-баптарында нақты көрсетілген. Олардың
мүмкіндіктері шектеулі болсада, мәртебесі сау адамдармен тең дәрежелі. Атап айтқанда
мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қалыпты дамыған адамдармен әлеуметтік
жағынан да, саяси, азаматтық, экономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екендігі
айтылған.
Қазіргі таңда, еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі
деңсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін
талап етіп отыр.Жылдан жылға мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның
көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрып келеді.
Үкіметіміздің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде
үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық
мүгедек балаларға емес, олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар,
үйде оқитын, үйде тәрбиеленетін және ешқандай бағдарламамен оқуға жарамсыз
балалар мен жасөпірімдерге көрсетіледі. Осы орайда педагог-психологтың міндеті
мүмкіндігі шектеулі балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы
ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым-
қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласауына жағдай туғызу болып табылады.
Тәрбиелеу барысында, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай
алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете
алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі
кезде арнайы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі 16664 бала, жалпы
мектептердегі арнайы сыныптардың саны 762 болса, сол сыныптарда — 7582 бала оқып
жатыр, ал жалпы мектептерде ешқандай әлеуметтік− психологиялық қолдаусыз оқып
жатқан мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 65 мыннан асты. Бұл ҚР білім беру
саласындағы ауыр мәселенің бірі болып отырғаны ақиқат. Арнайы білім беру жүйесінің
қазіргі даму кезеңінде балалалық мүгедектің алдын алу, өзекті мәселесі ретінде
қарастырылады. Бүкіл әлемдік деңсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау
ұйымдардың қызметінде кемтар балалар мен отбасына ерте жастан қолдау көрсету
жетекші беталыс болып саналады. Отандық Ерсарина А.Қ, Жалмұхамедова А.Қ,
Сүлейменова Р.А т.б.ғалымдардың ғылыми зерттеулері бойынша ерте жастан кемістікті
анықтау және дәл сол кезден кешенді түзету жұмысын бастау, кейіннен бала дамуында
басқа ауытқушылықтарды алдын алуға жол ашады. Қазіргі уақытта біріктірудің
жетекші мезгілі ретінде жалпы сыныбында пән мұғаліммен қатар екінші арнайы
педагогты қосу ерекше оқу орнын ұйымдастыру кең тараған дәстүр. «Шағын−мектеп»
сынып құрамы ашылады. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жеке білім беру
және түзету−дамыту бағдарламамен жүргізіледі. Әр жалпы мектептерде білімді,
тәжірбиелі арнайы педагог балаларға арнайы көмек көрсету мен мұғалімдерге кеңес