Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет92/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   472

 

190 


 

ерекшеліктерінен  орын  алатын  алғашы  өмірлік  жағдайлары  даму  деңгейі  және 

баланың  денсаулық  жағдайымен    байланысты.  Бірақ  кейбір  жағдайларда  қиындық 

дәрежесі  баланың  мүмкіндіктерінен  басым  болады,  балаларда  ерте  және  мектепке 

дейінгі  жасындағы  бейімделушілік  кезеңіне  өтудегі  айырмашылығы  ерте  жастық 

шақта баланың психикасының дамуында оның жақындарымен (ата-анасымен) қарым-

қатынасы маңызды орын алады.   

Баланың мектептегі оқуды табысты басталуы үшін қажетті психикалық сапалар 

кешені- мектепке психологиялық даярлық мазмұнын құрайды. Ол баланың мектептегі 

оқу  әрекетіне  жағымды  қатынасынан;    мінез-  құлықтың  ырықтылығының  барынша 

жоғары  деңгейінен;  білім,  іскерлік,  дағдыларының  белгілі  бір  қоры  мен  таным 

процестерінің дамуынан, сондай-ақ үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым – 

қатынас  орнатуды,    ұжым  өміріне  араласып  кетуді,  бірлескен  әрекетті  орындауды 

қамтамасыз ететін сапалардың қалыптасуынан тұрады.  

Смирнованың зерттеуінде көрсетілгендей, бейімделу екі жастағы балада өте ауыр 

өтеді.  Барлық  негативті  көрінулер  осы  жастағы  балаларда  көп  кездеседі,  яғни 

балабақшаға  екі  жастан  кейін  келген  балаларға  қарағанда  балабақшаға  екі  жасқа 

келген  балаларда  көп  кездеседі.  Қалыптасу  (қайта  келу)  кезеңі  кейде  2-3  айға 

созылады.  Бәрінен  қиыны,  құрбыларымен  қарым-қатынасын  және  ойын  іс-әрекетін 

қайта қалпына келтіру.  

Е.О. Смирнова 1,5 және 3 жастағы балалардың қалыптасуындағы ерекшеліктерді 

зерттеген. Егер де 3 жастағы бала балабақшаға дайындалу кезінде, сөйлей алса, өзін-

өзі күте алса, үлкендермен сөйлесу тәжірибесі бар және балалар ортасын қажет ететін 

болса,  1,5-2  жастағы  балалар  ата-аналарынан  алшақтауға  дайын  емес,  әлсіз  болып 

табылады.  Осы  жаста  балабақшаға  қалыптасу  ұзақ  және  қиын  болып  келеді,  көп 

ауырады [23].  

Бұл  кезеңде  интенсивті  физикалық  даму  жүреді.  Орта  жағдайларының  өзгеруі 

және  мінез-құлықтың  жаңа  формаларын  қалыптастыру  қажеттілігі  баладан  нақты 

талпыныс пен мүмкіндікті қажет етеді.  

Баланың күрделі физикалық және психикалық күйі ең алдымен психологиялық 

болмысына  ие  және  қоршаған  әлеммен  баланың  әлеуметтік  қарым-қатынасы 

аумағында жүреді.  

Ерте жастағы балалардың мінез-құлқының ерекшелігі жоғары эмоционалдылық 

болып  табылады.  Баланың  қоршаған  әлемге  қарым-қатынасы  белгілі  мөлшерде 

эмоционалды  шартталған.  Организмнің  сыртқы  ортамен  байланысына  субъективті 

жауабы болып келетін эмоционалды қалпы, сол сырттағы өзгеріске негізделген және 

балалардың даму деңгейі мен оның тәрбиесіне байланысты. Қоршаған ортаның және 

өмірдің  қалыпты  күйінің  өзгеруі  ең  бірінші  кезекте  эмоционалды  жағдайдың 

бұзылуына әкеледі.  

Бейімделу кезеңінде баланың тұлғасы оның жиынтығында, қызығушылығында, 

бірақ  шешуші  мән  эмоцияға  қоршаған  ортаның  әсеріне  және  міндетті  түрде 

эмоционалды жауап береді.  

Баланың  мінез-құлқы  сергек  кезінде,  оның  интенсивтілігі  мен  іс-әрекет 

деңгейімен  сипатталады.  Сондықтан  эмоционалды  күйдің,  түс  көру,  тәбеттің 

өзгеруімен  қоса  баланың  ойындағы  және  басқа  адамдармен  қарым-қатынасындағы 



 

191 


 

баланың белсенді өзгерісі мен бейімделу процесінің көрсеткішін ескеру өте маңызды. 

Көрініп  отырғандай,  ерте  жастағы  балалардың  әлеуметтік  бейімделуінің 

ерекшеліктерін айта отыра, функционалды жүйенің дамуының аяқталмағанын ескеру 

керек және бір комплексте бейімделу жағдайының барлығын қарастыру қажет: мінез-

құлық реакциялары, вегетативтік қозғалыстар, реактивтіліктің өзгеруі және бірінші 2 

жыл  бойындағы  аурушаңдылықтың  жоғарылығы,  психикалық  және  физикалық 

деңгейінің теңеспеуі.  

Әдеттегі  мінез-құлықтың  кенеттен  өзгерту  қажеттілігі  қиын,  ол  кейбір  кіші 

жастағы  балаларға  күші  келмес  міндет,  жоғарғы  жүйке  қызметі  жүйесінің 

«психикалық  стресс»  типі  бойынша  шектен  шығуға  алып  келеді  (Аксарина  Н.М.) 

Тонкова-Ямпольская  Р.В.  мынадай  болжам  шығарды,  эмоционалды  жағдайдың 

бұзылуы,  вегетативтік  жылжумен  байқалатын,  функционалды  белсенділігін 

төмендетеді.  Соның  нәтижесінде  бала  сырқатқа  шалдығады.  Көптеген  авторлардың 

еңбектері  бөбекханада  пайда  болатын  ауруларға    арналған  зерттеу  жұмыстарының 

(Антонова П.М, Коган Р.Б, Щербаков, Е.М. Логина, О.В. Оноприенко, О.С. Култепина 

және  т.б.)  қорытындысы  бойынша,  балабақшадағы  балалар  үйге  қарағанда  3-5  есе 

ауырады,  көбінесе  респираторлық  аурулармен  ауыратындығын  айтады.  Жағымсыз 

эмоциялардың азаюы және олардың жойылуы баланың мінез-құлқында көрінеді.  

Эмоциялардың  түрі,  деңгейі,  созылуы  ерте  балалық  шақта,  баланың  қалып  отырған 

нақты  жағдайы  мен  шарттарының  өте  маңызды  денгейімен  анықталады.  Бұл  жаста 

баланың эмоциясын нақты шынайы болады. Баланың эмоциясына әсер ету мүмкіндігі 

барлық  психикалық  белгілер  сияқты,  ортаның  әсер  ету  мәні  мен  пайда  болуымен 

анықталады. Бұл эмоциядағы өзгерушілік жағдайлардың өзгеруіне, ортаға байланысты 

бейімделу  кезеңінде  олардың  пайдалы  бағытына  қолданылуы  мүмкін  және  қажет. 

Кішкентай  баланың  ең  белсенді  дамитын  қажеттіліктерінің  бірі  оны  қоршаған 

ортасына  бейімделуі.  Орта  қаншалықты  тез  өзгерсе,  жағымсыз  эмоциялар  да 

соншалықты көп болса, онда олардың мінез-құлқында кемшіліктері ұзаққа созылады 

да бейімделуі қиындайды. Бұдан шығаратын қорытынды, балалардың жаңа ортамен 

балабақшада алдын ала танысуы, тез және жеңіл бейімделуіне жақсы жағдайлар мен 

мүмкіндіктер  туындатады.  Бұл  процесте  қоршаған  ортамен  араласу,  танысу 

барысында бала міндетті түрде үлкендерден көмек іздейді. Сонда балаға бейімделудің 

қиын  кезеңінде  үлкен  адам  осы  ортаға  «апару»  керек,  бала  оның  қорғанысын  сезіп 

және  оған  үйренуі  үшін.  Егер  бала  мен  әлеуметтік  орта  арасында  қалыптасқан 

эмоционалды  қарым-қатынас  (үлкендер  және  басқа  балалар)  жағымды  және  күшті 

болса,  ол  айтарлықтай  дәрежеде  жаңа  әлеуметтік  ортаның  кемшіліктерін  жаңа 

нәрсемен ауыстырып және орнын толтыра алады (жағдайдың өзгеруі жаңа адамдармен 

таныспауы және т.б.).  

Кейбір қазіргі психологтар бейімделу процесіндегі эмоционалды тонустың үлкен 

мәнін  айтады.  Бұл  жағымды  қарым-қатынастың  алғашқы  құрылуы,  бөлек  адамға 

бауыр басуы, одан кейін жаңа ортаға, үлкен адамдардың ортасына енуі. Эмоция мен 

бауыр  басудың  арқасында  бала  бақшаға  жағымды  қарым-қатынас  туындататын 

балалардың жеке адамға үйренуі, баланың бейімделуі жеңілдейді. 

Кейбір  ғалымдардың  (Атанасова  А.Г,  Голубева  А.Т.)  зерттеулерінің  нәтижесі 

көрсеткендей,  бейімделудің  бастапқы  кезеңінде  бала  «ойыншықтарымен  ойнауға» 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау