206
қол жеткіздік. Әрбір өтетін ісшаралардың бәріне қатыстырып, ортамызда ұстаймыз.
Тақпақ айтып, би билеп, әнді де шырқайды. Қазір ересек топқа келгелі қалам ұстап,
әріптерді де жаза бастады.Ойын ойнағанды ұнатады.
Ол «Асханада» «Дұкенде» «Кітапханада», т,б ойындарды жақсы ойнайды.
Қорытындылай келе жеке тұлғаның рухани тәрбиеде өсуіне жағдай жасай
отырып, балаға жақсы көңіл бөліп, қажеттілігіне қарап жұмыс жасауымыз керек .
Қолданылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 27.07.2007ж. №319.
www.edu.gov.kz.
2. Қазақстан Республикасы президенті Н.А.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы
Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ » URL: http://akorda.kz.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7
желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген.// "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 14
желтоқсандағы № 529-532 (26375).
4. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы
қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы.
URL: http://adilet.zan.kz.
5. «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеуді қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5
ақпандағы № 81 Қаулысы. URL: http://adilet.zan.kz.
МД БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ БАРЫСЫНДА ПЕДАГОГТІҢ РОЛІ
Ж.Б.Аширбекова, Р.Ж.Бапахова
«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК Қарағанды қаласы
Ұлттық тәрбие ұлттық мәдениетті өркендетудің қайнар көзі болып табылады.
Ұлттық тәрбие халықтың өмір-тіршілігімен, кәсібімен, ұлттық тәрбие дәстүрімен
қоғамнан қоғамға жалғасып, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған. Ұлттық салт-
сананың үрдістері рәсім, рәміз, кәде, ырым, тыйым өмір қолданыстары арқылы іске
асырылады да, ұлттық болмыс пен ұлттық мәртебенің мәдени-рухани деңгейі өмірден
көрініс табады. Ұлттық тәрбие осылай өз нәтижесін береді. Ата-баба мұрасын каймағы
бұзылмаған өмір тәжірибесінен алынған қалпында қолдану ұрпақ үшін өте пайдалы
болмақ. Егеменді ел болып, тілімізді, дінімізді иелендік. «Қазақтың өздік ұлттық
қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау – менің перзенттік те,
президенттік те парызым!» - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлттық
тәрбиеге ерекше мән береді. Біз сол ұлы мақсатты іске асыру үшін ұлттық тәрбиенің
негіздерін айқындап, күнделікті өмірде, сабақта жүзеге асыруымыз кажет. Халық
дүниеге келген жас нәрестенің болашағын ойлап, бар жақсылықты баланың жолына
207
бағыттап, көркем сөздерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, салт-дәстүрлерді
күнделікті тәрбиеде пайдаланып отырған. Ата-бабаларымыздың асыл мұрасын,
дәстүрлерін қастерлеуге, мақтаныш тұтуға баланы тәрбиелеуіміз қажет.Балаларды,
бүлдіршіндерді ұлттық дәстүрге баулу үшін тәрбиешілер мен жас ата-аналар қазақтың
бұрынғы салтына байланысты әдет-ғүрыпты, жөн-жораларды білуі қажет. Ұлттық
тәрбие
арқылы
балалардың
әдет
ғұрыптарға,салт
дәстүрлерге
деген
қызығушылықтары артады, халық ауыз әдебиетін қолдану арқылы балалардың тілдері
дамиды,сөздік қорлары байиды,ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас
қажеттілігі қалыптасады,ойлау қабілеттері дамиды. Балаларға ұлттық салт-
дәстүрлерді, оны ұйымдастыру жолын, соған байланысты бұл күнде ұмыт бола
бастаған атауларды оқу іс-әрекет барысында, ертеңгіліктерде таныстыруға болады.
Балалар өз елінің, жерінің, халқының мерей-мәртебесін биіктету үшін ұлттық
тәрбиені, өзін-өзі тануды жетік білу қажет. Сондықтан да ата - бабаларымыз ұлттық
тәрбиеге, салт- дәстүрге ерекше мән берген. Ұлттық тәрбиенің мағынасын терең
ұғынып, болашақ ұрпағымызға, жас ата- аналарға сапалы да терең ұлттық тәрбие
беруге тиіспіз. Әр отбасында өз балаларын еркелетіп, айтқанын жасап үйреткен ата-
ана, енді өзінің ақылын баласы ескермейтіндей халге жетті. Осындай келеңсіз
нәрселерді болдырмау үшін қолға алатын мәселе болашақ ұрпағымыздың саналы
тәрбиелі болып өсуі үшін, халық болып, қоғам болып кірісуіміз қажет. Ол үшін
халқымыздың ғасырдан-ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлерін есімізде сақтап,
санамызға құюымыз қажет.
Халықтың өмірлік тәжірибеден түйгендерін, бастан кешкендерін, ұқыптылықпен
жинаған әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, даналық асыл ойларын жас ұрпаққа
жеткізу біздің міндетіміз. Баланың психикалық, физиалогиялық денсаулығы, өмірге
деген дайындығы, мәдениеттілігі, жан- жақты дамуы баланың келіп жүрген
балабақшасында қолайлы жағдай болса ғана, және баланың үлкендерге деген,бір-
біріне,құрбыларына деген сыйластығы, баланың ата-анасына деген адамгершілігі, ата-
аналардың баласына деген түсінушіліктері жоғары деңгейде болса ғана, бала өзін жеке
тұлға ретінде сезіне алады.Баламен ата-ана бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынасты,
адамгершілік қасиеттерді меңгерсе, жүргізілген жұмыс түрлерінен нәтиже шығатыны
даусыз. «Келешектің иесі жастар», - жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек
ұқсас болып келеді. Сондықтан, қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін,
дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені белгілі. Жаңа білімнің тізгінін
ұстайтын, еркін елдің ертеңгі шығармашылық кемеңгерлерін тәрбиелеу. Бала
бойындағы тәрбиенің бастауын ата-ана қалыптастырса, балабақшада тәрбие көзін
жеткізуші- педагог болып табылады.
Адам ұрпағының өзі туралы естеліктерінің бастауында адамзаттың балалық
кезеңі туралы ертегі, қиял елесіне оранған естеліктерінен тұратыны анық. Әлбетте, ол
кездейсоқтық болмаса керек. Себебі, жеке адамның да, тұтас қоғамның да даму
жолының бастауындағы игі құбылыстарынан ғана көзделсе керек. Осы ретте адамның
да адам болып қалыптасуы балалық шақтың қандай жағдайда өтуіне байланысты.
Іргетасы мығым болса ғана сарайдың еңсесі биік болады. Бұлақтың да қайнар көзі таза
болса, асау өзеннің де бастау бұрқағы биіктен сарқыраса алысқа ағары мәлім ғой...