Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет388/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   472

 

818 


 

      Осыған  байланысты  А.В.Запорожецтің  сөздерін  келтірсек:  «Баланың  бастапқы 

кезде  ойын  техникасын  меңгерумен  іс  ақталмайды  және  ойын  әрекетін  әрі  қарай 

дамыту тәрбиешінің белгілі тәртіппен күрделі сюжеттерді ойнатудың нәтижесі болып 

табылады».Тәрбиеші  балалармен  бірге  күмәнданатын,  ойланатын,  ойынның  басқа 

қатысушыларымен ақылдасатын, олардың пікірін ескеретін тең құқылы серіктес рөлін 

атқарады. 

      Үйрету  ойыны  барысында  тәрбиеші  балаларға  ойындық  тәжірибесі  жоқтығына 

байланысты әлі шеше алмайтын ойындық проблемалық жағдайлар қатарын ұсынады. 

Міндетті түрде балаға қойылатын талап – баланың ойынға белсенді қатысуы. Ересек 

адам ойнап, балалар тек қарап отыратын ойындар тиімді бола алмайды. Тәрбиеші ойын 

барысында  баланың  орнына  ештеңе  орындамауы  керек,  ол  тек  көмек  бере  алады. 

Үйрету  ойын  түрінде,  білінбей  өтуі  қажет.  Балалар  ойынның  әдеттегі  серігі 

ойыншықтар  мен  басқа  ойын  материалдары  болады,  сондықтан  ойынды  кешенді 

басқаруды  дамытушылық  заттық-ойындық  ортаны  ұйымдастыру  ерекшелігін 

анықтауға көп көңіл бөлінеді. 

      Заттық-ойындық  ортаны  безендіруде  төмендегі  шарттарды  сақтау  қажет:ойын 

бұрыштарын  әр  түрлі  тақырыптағы  ойыншықтармен  және  басқа  ойындық 

материалмен қамтамасыз ету;ойын бұрыштары ойынның даму деңгейіне байланысты 

безендіріледі.Мысалы,  үш  жастағы  балаларға  оқу  жылының  басында  ойнауға  тек 

ойыншықтар  ғана  беріледі.  Ойынды  әрі  қарай  күрделендіру  ойын  әрекеттерін 

елестеткен  заттарды  қатыстырып  ойнауға  ынталандыратын  әр  түрлі  безендіру 

элементтерін қолдануды мәжбүр етеді. 

Балалардың байытылған ойын тәжірибесін өз бетінше шығармашылықпен қолдануына 

ойындық  проблемалық  жағдайлар  көмектеседі,  олар  шығармашылық  ізденіске 

бағыттайды,  білімдерін,  ойын  тәжірибесін  жинақтайды.  Ойындық  проблемалық 

жағдайлар заттық-ойындық ортаны өзгерту жолымен де ересек адамның балалармен 

ойын мазмұны жөнінде белсенді қарым-қатынас жолымен де жасалады. 

      Ойын  процесінде  тәрбиешінің  балаларды  белсендіретін  қарым-қатынасын 

ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптар: 

1)Тәрбиеші балалармен ойын ынтымақтастығына енеді, олармен диалог құрастырады. 

Тәрбиеші ойын барысында балаларға өзін көрсетуге еркіндік беру қажет. 

2)Қарым-қатынас  мақсатты,  дәлелденген  болу  үшін  тәрбиеші  оны  алдын-ала 

ойластыруы қажет, яғни қарым-қатынасты ұйымдастыру алдын-ала жоспарланады. 

3)Белсендіретін  қарым-қатынасқа  уақытында,  балалар  білмей  қиналып  тұрғанда 

немесе бұрынғы ойын  дағдыларын қолданатын кезде кірісу қажет. Бұл тәрбиешінің 

ойнаушылардың қасында болып, бәрін байқап тұруын қажет етеді. 

4)Ойын  кезінде  балалардың  ойларын  бұзбау  үшін  және  ойынның  сюжеттік  және 

психологиялық мазмұнын байыту мақсатында ойнаушыларға дұрыс бағыт беру үшін 

тәрбиеші ойынға сыпайы, әдепті кірісу қажет. 



      Шығармашылық  ойын  –  ерте  жаста  қалыптасады.  Бүлдіршіндер  тамақтанады, 

серуендейді, ұйықтайды, ересек адамдардың тамақ дайындауын, ыдыс-аяқ жуғанын, 

басқа  шаруалар  орындағанын  бақылайды.  Соныменбірге  балалар  әр  түрлі 

заттардыөздері  пайдаланып  немесе  ересек  адамдардың  пайдаланғанын  бақылап 

отырады.  Осы  жаста  қалыптасқан  дамудың  әлеуметтік  жағдайына  байланысты, 



 

819 


 

балалар  ересек  адамдардың  іс-әрекеттеріне  емес,  олардың  пайдаланатын  заттарына 

қызығады.  Балалар заттардың  атауларын  естеріне  сақтап,  оларды пайдалану  туралы 

біліп, қасиеттерімен танысады. Мысалы, мынау – тәрелке, онымен сорпа ішеді, ботқа 

жейді, т.б. Балалар күнделікті өмірде істей алатын әрекеттерін өздерінің ойындарында 

көрсете алады. Балаларды ойынға қатыстыру үшін тәрбиеші оларға ойын міндеттерін 

қоюды үйретеді. 

       Ойын міндеттері – ойында көрініс табатын өмірден алынған кішігірім оқиға.Осы 

жаста  ойын  міндеттері  мазмұны  бойынша  қарапайым  болып  келеді.  Ойын 

міндеттерінің  мазмұны  қоршаған  ортадан  алынады.  Ойында  балалар  әр  түрлі  ойын 

міндеттерін  қояды,  бұл  қоршаған  орта  туралы  алған  әсерлеріне  байланысты.  Олар 

неғұрлым  бай  болса,  ойын  міндеттері  соғұрлым  көп  болады.  Ойын  міндеттерін 

көбейтуге басқару мақсаты болмау керек, бала бір-екі ойын міндеттерін қойса, соның 

өзі сюжеттік-көрсету ойынына жеткілікті. 

       Сюжеттік-көрсету ойынында балалардың өз бетімен жұмыс істеуді дамыту керек. 

Шынайы  өмірде  біз  балалардан:  «Өзім  істеймін!»  -  дегенді  жиі  естиміз,  ойында  да 

олардың өз бетінше ойнауға құқы бар. 

Балалардың  өз  бетімен  жұмыс  істеуін  дамыту  мақсатында  ойында  тәрбиеші 

басқарудың келесі міндеттерін атқарады: 

-әр баланың түрлі ойын міндеттерін қоюдағы өз бетінше жұмыс істеуін дамыту; 

-балаларды  қойылған  ойын  міндеттерін  шешу  үшін  әр  түрлі  заттық  тәсілдерді  өз 

бетінше таңдауға ынталандыру. 

      Бала жаңа бір нәрсе үйреніп жатқанда, оған ересек адаммен ынтымақтастық қажет. 

Бұл кезде тәрбиеші ойын міндетін қоюға көмектеседі, оны қандай тәсілмен шешуге 

болатынын  көрсетеді.  Бала  ойын  міндеттерін  қоюды  үйренгенде,  оған  өз  бетінше 

жұмыс істеуге барынша мүмкіндік беру керек. 

Халқымыздың «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек. Бала 

ойнап  жүріп  ойланады,  жүйкесі  тынығады,  көңілі  өсіп  ойы  сергиді,  денесі 

шымырланады.  Ойын  арқылы  тұрмыс-салт,  әдет-ғұрып,  ұлттық  ерекшелік,  дәстүр 

жайлы  таным-түйсігі  қалыптасады.  Өздерінің  құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынас 

жасауға  үйренеді.  Ойындар  сабақ  мазмұнына  сәйкес  алынып,  жеке  және  топтық 

жұмыстар  жүргізуде  алға  қойған  мақсатқа  жеткізіп,  нақты  қортынды  алуға 

көмектеседі.  Сан  алуан  ұлттық  ойындар  баланың  тәрбиесін  дамытып,  жас 

жеткіншектің  бойына  адамгершілік,  сүйіспеншілік,  кішіге  көмек,  үлкенге  құрмет 

көрсете  білуге,  қиыншылықтан  қорықпауға,  мақсатқа  жетуде  күш-жігерін  жұмсай 

білетін төзімділікке тәрбиелеуде ерекше мәні бар. 

       Заман  өзгерген  сайын  адам  баласының  басынан  өткендері  баланың  ойынында 

көрініс табатынына ешкім де шек келтірмес. Ең бастысы – ойын барысында баланы 

жан-жақты  ойлануға,  өзгелердің  пікірімен  санасуға,  ортақ  тіл  табысып,  тез  арада 

шешім  қабылдауға,  ойынды  шыншыл  ойнауға,  адал  болуға,  жалған  сөйлемеуге, 

жанашарлыққа, кешірімді болуға баулу қажет. Тәрбиеші балалардың физиологиялық, 

психологиялық  ерекшеліктерін  есте  ұстап,  ұлттық  қозғалыс  ойындарын  балабақша 

өмірінде жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастыра білгені жөн. Ойын жас ерешеліктеріне 

сай келмесе, кері әсерін тигізуі мүмкін. 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау