Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет391/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   472

 

824 


 

взрослым, особенно воспитателям и няням. С помощью считалок очень просто вовлечь 

ребенка в игру. 

Например: 

One, two. How are you?  

Three, four. Whose at the door?  

Five, six. My name is Fix.  

Seven, eight. Sorry, I'm late.  

Nine, ten. Say it again.  

 

One potato, Two potato, 



Three potato, Four 

Five potato, Six potato, 

Seven potatoes more 

You are out! 

Таким  образом,  появляется  интерес  к  занятиям  и  физкультурой  и  иностранным 

языком. Дети, понимая иностранную речь, стремятся выполнить задание и выучить что-

то новое. 

Отечественный  и  зарубежный  опыт  свидетельствует,  что  раннее  изучение 

иностранного языка развивает детей, поднимает их образовательный и познавательный 

уровни.  

Важной  задачей  языкового  образования  любого  учебного  заведения  является  не 

только  вооружение  учащихся  знаниями,  но  и  приобщение  их  к  универсальным, 

глобальным  ценностям,  формирование  умений  общаться  и  взаимодействовать  с 

представителями  соседних  культур  и  в  мировом  пространстве.  Полиязычие, 

поликультура,  понимание  гармонии  между  различными  языковыми  и  культурными 

группами, овладение другими языками повышает профессиональные шансы учащихся 

на международном уровне 

 

Литература 



 

1. «Байтерек» Идеи для роста развития и созидания. 20-лет независимости. № 

11-12 (58-59) 2011г 

2. Певзнер  М.Н.,  Ширин  А.Г.  Билингвальное  образование  в  контексте 

мирового опыта. – Новгород, 1999. 

3. Леонтьев  А.А.  Психологические  предпосылки  раннего  овладения 

иностранным языком. Иностранные языки в школе. – М., 1985 

4. Аркин Е. А. Ребенок в дошкольные годы. - М., 1968 

5. Использован материал с сайта 

Tengrinews.kz

 

 



 

 

 




 

825 


 

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІҢ  БАЛАЛАРДЫҢ САНА-СЕЗІМІН ТӘРБЕЛЕУДЕГІ ЖӘНЕ 

СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ. 

 

Наменгенова Г.А. 

№139 «Ақбөпе» балабақшасы 

 

         Көркем  әдебиет  шығармалары  балалар  алдына  адамға  тән  сезімдер  дүниесін 

ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан дүниесіне қызығушылық тудырады. 

         Көркем  шығарма  кейіпкерлерімен  бірге  қуану-қайғыруды  үйрене  отырып, 

балалар  өзінің  төңірегіндегілердің  ,  жақын  адамдарының    көңіл-күйін  байқай 

бастайды.  Оларда  адамгершілік  сезім,  қайырамдылық  қасиет,  әділетсіздікке  қарсы 

тұру  қабілеті  ояна  бастайды.  Бұл  принципшілдік  ,  адалдық,  нағыз  азаматтық 

қасиеттердің қалыптасу негізі. «Сезім-білімге жол ашушы, шындықты сезбеген адам 

оны түсінбейді және  оны тани білмейді »-деген болатын В.Г.Белинский. 

         Баланың  сезімі  тәрбиеші  таныстырған  шығарманың  тілін  түсініп,оны  ұғу 

үрдісінде    дамиды.  Көркем  шығарма  сөзі  балаға  ана    тілінің  әдемілігін  түсінуге 

көмектеседі,  қоршаған  ортаны  эстетика  тұрғысынан  қабылдауға,  сонымен  бірге 

этикалық түсінігінің қалыптасуына көмектеседі. 

         Баланың көркем әдебиетпен  таныстығы халық шығармашылығының ең кішкене 

түрлері-тақпақ,  өлең,халық  ертегілерінен  басталады.  Асқан  адамгершілік,  барынша 

дәл  рухани    бағыттылық,өткір  мысқыл,  тілінің  көркемдігі  шағын  көлемдегі 

фольклорлық  шығарманың  ерекшеліктері.  Будан кейін  сәбиге  авторы  бар ертегілер, 

өлеңдер, әңгімелер оқылады. 

        Балаларды сөйлеу тіліне үйретуде ең үздік оқытушы –халық. Халықтың шығарма 

тіліндегі  басқа 

ешқайсысында 

кездеспейтін,  естілуі 

жөнінен 

бір-біріне 

ұқсас,ажыратып  айтуға  қиын  сөздердің  тамаша  орналастыруының  өзі  балалар 

ұғымына  өте  жеңіл  тиеді.  Сондай-ақ  жеңіл  қалжыңды  тақпақтар,  жаңылтпаштар  , 

жұмбақтар-педагогикалық  әсер  берудің  ең  тиімді  құралы,  жалқаулық,  қорқақтық, 

эгоистік сияқтыжағымсыз қылықтарға қарсы жақсы «дәру». 

         Ертегілір дүниесіне сапар шегуге балалардың қиялдау,елестету,тіпі өздері ойдан 

шығару  қабілетін  дамытады.Әдебиеттің  озық  үлгілерінің  адамгершілік  рухында 

тәрбие алған балалар өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздер мен жәбірлегендерді қорғап 

жауыздарды жазалауға тырысады. 

        Эстетикалық, әсіресе адамгершілік жайындағы түсінікті балалар тәрбиешілердің 

оқылған  шығармалар  бойынша  айтқан  ақыл  ой  пікірлерінен  емес,  нақ  осы 

шығарманың  өзінен  алуға  тиіс.  Көптеген  сұрақтар  қоюмен  «бөлшектеніп»  кеткен 

шығарма балалардың көз алдында барлық әсемдігін жояды,оған ынта кемиді. Көркем 

текстің тәрбиелік мәніне толық сеніммен қарау керек. 

          Сөздің пәрменділігі туралы  Қ.Д. Ушинский былай деп жазған болатын. «Бала 

ана тілін үйрене отырып,шартты дыбыстарды ғана үйреніп қоймайды, сонымен қатар 

ана тілінің қайнар бұлағынан рухани тіршілік пен күш алады. Ана тілі оған табиғатты 

түсіндіреді, ал мұндай дәрежеде бірде бір жаратылыс зерттеуші түсіндіре алмас еді ана 

тілі бала төңірегіндегі адамдардың мінез құлқымен, өзі өмір сүріп отыған қоғаммен, 

оның тарихымен және алға ұмтылыстарымен таныстарымен таныстырады. Ал мұндай 



 

826 


 

дәрежеде  бірде  бір  тарихшы  таныстыра  алмаған  болар  еді,  ана  тілі  оны  халықтық 

сенімдері мен халық поэзиясына жетелейді. Мұндай дәрежеде бір эстетик істей алмас 

еді,ол бірде бір философ балаға айтып жеткізе алмайтын логикалық  түсініктер мен 

философиялық  көзқарастарды  бере  алады.  Ұлы  педагогтың  бұл  айтқан  сөзінде  ана 

тілін  үйренуден  шығатын  нәтиже  ғана  емес,  оны  оқып  үйренудің  әдістері  де 

көрсетілген  бұл  көп  нәрсеге  үйретіп  қана  қоймай,  сонымен  бірге,  соны  аса  жеңіл 

әлдеқандай әдіс арқылы оп-оңай үйрететін тіл ұстазға деген сенім. 

         Ұлы  жазушы  М.Горький  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  үшін  жазылған 

шығармалар баланы жұбату,ойнату,әлдилеп ұйықтату, сөйлеуге, қаз-қаз тұруға, тәй-

тәй  басуға,  жүруге  үйретумен  қатар,  айнала  дүниені,  қоғамдық  өмірді,табиғат 

құбылыстарын,  төрт  түлік  мал,еңбек  түрлерін,  көзқарасын  қалыптастырып,баланы 

жеке  басын  тәрбиелеу  міндетін  атқаратын  дәл  басып  айтқан.  Қазір  мектеп  жасына 

дейінгі  балалар  бұрынғыдай  тыңдаушы  ғана  емес,  оқырман  да.  Сондықтан  бұларға 

арналған  шығармалар  қызықты  сюжетке  құрылып,көлемі  шағын,  тақырыптары 

қоршаған орта, адамдар арасындағы қарым-қатнастар, еңбекте  ер атанға, өмір өнегелі  

жандар,  техника  жаңалықтары,  табиғат  құбылыстары,  хайуанаттар,  жан-жануарлар, 

жәндіктер,  күнделікті  тұрмыс оқиғалары  болуы  керек.  Мұндай  шығармалардың  тілі 

бала ұғымына сай түсінікті,сөзі ойнақы да бейнелі, оқуға жаттығуға ыңғайлы болып, 

жеңіл  ырғаққа,  әсем  әуезге,  сәтті  ұйқасқа  құрылады.  Кейбір  сөздердің  қайталанып 

келіп  отыруы  да  заңды  құбылыс.Балалар  әдебиетінің  мөлдір  бастауы  балаларға 

арналған  фольклорлық  шығармалар.  Олардың  эмоциялық  әсері,  тәрбиелік  мәні 

ерекше. Өсиет түріндегі бесік жырынан бастап тілін ұстартып, сөздік қорын байытып, 

дүние  танымын  арттыратын  жанылтпаштар,  жұмбақтар,  халық  даналығын  санаға 

ұялататын мақал-мәтелдер, өлеңдер ақыл -ойын  дамытатын қиял-ғажайып ертегілер, 

түрлі жанрдағы көркем шығармалар мектеп  жасына дейінгі балаларды ана тіліміздің 

асыл  нәрімен  сусындатып,  сөз  байлығын  игеруге  жетелейді,  қоғамның  әлеуметтік 

мәнін  түсіндіріп,  өмірді  танытады,  ойлы  көзбен  қарауға  үйретеді,  оларды  еңбекке, 

ерлікке, адамгершілікке,тамаша мінез құлық пен тәртіптілікке  баулиды. 

        Сонымен,берілген  көркем  шығарманың  тілін  меңгеруге  көмектесе  отырып, 

балаларға тәрбие беру міндетін де орындайды.Ендеше ұмыт қалып бара жатқан салт-

дәстүрімізді қайта жанжандыруға, қазағымыздың иманды да инабатты сыпайы алғыр 

батыл,  зерек  ұлы  мен  қызын  тәрбиелеуде  өз  үлесімізді  қосайық.  Өйткені  қазақтың 

халық ауыз әдебиетімен сусындаған балаларымыздың тілі ұшқыр, ойы зерек, тәрбие 

өнегесі көргенді болмақ.   

 

Қолданылған әдебиеттер: 



 

1.М.Әуезов «Қазақ әдебиетінің тарихы» 1966. 

2. Ш.Ахметов «Қазақ балалар әдебиетінің  очеркі» Алматы «Жазушы», 1984. 

3. Қазақ ертегілері. Алматы.1992. 

 

 

 



 


жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау