814
ұзақтығы 10-15 минут болса, 4-5 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа,
мектепке дейінгі жастағылар ойыны бірнеше сағатқа созылады.
Сюжетті ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады.
Сюжетті рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды.
Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл
ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рөлді ойында бейнелеу құралы рөл
мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу,
шындықты көрсету болып табылады. Ойын кезінде балалар арасында
ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Бірлескен ойында балалар
қарым-қатынас жасау тілін, өз іс-әрекетін, басқалардың іс-әрекетімен үйлестіреді,
өзара түсінуді өзара көмектесуді үйренеді. Ойын үстінде балаларда тәжірибе алмасу
пайда болады, ересектерден көмек сұрайды. Нәтижесінде ойын қызықты да сан алуан
болады. Ойынға деген қызығу, оған қатысуға деген тілек балаларды өзара келісімге
келтіреді.
Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады.
Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқымен өзара қарым-
қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Егер тәрбиеші ойынды
ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады.
Тәрбиешібалаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға
тиіс. Ойынның мазмұнымен ережесін, өзінің ойындағы рөлін пайдаланып,
ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара
қарым-қатынасын бағыттап отырады. Өзі де сол рөлге қатыса алады. Ойынның көп
уақыты серуенде өтеді. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар көптеген
құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен
бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашан да өзінің
қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар
мазмұнына қарай өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті – рөлді, драматизациялық,
дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып
бөлінеді.
Балалар өміріндегі сюжетті – рөлді ойындардың орны. Мектепкедейінгішақта
ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда, бұл қазіргі баланың әдетте, көп
уақытын өзіне қызықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың
психикасында саналық өзгерістер туғызатындығынан болады. Мысалы, қолына түскен
затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда бала
ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ, бала бір әрекетімен – екінші әрекетті, бір затпен –
екінші затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті символикалық
сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілі бір функция қалыптасатындығы
неғұрлым айқын байқалады.
Бала ойында заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір
рөлді алады да, соған сәйкес, іс-әрекет жасай бастайды. Өзін аттың немесе
қорқынышты аңның орнына қояды, көбіне ересек адамдарды, анасын, тәрбиешісін,
ұшқышты, жүргізушіні бейнелейді. Айналасындағыларға қатысты міндеттер – бала
өзіне алған рөлді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан алған рөлін
дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, «сатып алушыны» ойнаған бала
815
өзінің алған заттары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігер рөлі
шыдамды болуға және ауруға талап қоя білуге міндеттейді. «Дәрігер» өзіне құрмет пен
сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емделушілердің орындауларын
талап етуге құқы бар. Сюжетті рөлді ойынның мәні рөлді ойнаушының өзіне қойылған
міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты құқықтарын іске
асыру болып табылады.
Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби
шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті рөлді
ойынға ұқсас. Драмалық ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек.
Ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс.
Дидактикалық құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі
мазмұны қоршаған өмірді, алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-
әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рөлді
ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу –
қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, темір жолдар т.б. ірі құрылыстар
салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін
жасап, құр бейнелеп қана қоймай, сонымен өздерінің шығармашылық ойын, жобалық
міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.
Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып
табылады. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп
нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы:
«Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» ойынында ересек топтарда тәрбиеші балаларды
зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға
қояды. Ойын міндеті – қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактилық ойынның
нәтижесі – қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой
қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші.
Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, орманда өткізіледі.
Дидактикалық ойынның орталығы – ойыншықтар мен ойын құралдары.
Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті
тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек. Үстел үсті ойындарға
лото, домино, тақырыптық ойындар («Қайда не өседі?», «Бұл қай кезде болады?», «Бұл
кімге керек?» т.б.), пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін
ойындар («Ұшатын қалпақтар», «Қаздың балапаны», «Нысанаға тигіз» т.б.) мозайка
типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған үлтел үстінде
ойнатылатын ойындар қызықтырақ болады. Оларда табиғат құбылыстары, көліктің
алуан түрлері (кім не мінеді, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген,
ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.
Қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұлттық санамақтарды, өлеңдерді,
тақпақтарды дер кезінде қолданып, бірге оқып үйренеді. Мұндай ойындарда
балалардың ептілігі (қолдың білезігі майысқақ, иілгіш икемді болады), қимылдың
әдемілігі (әр түрлі түсті үйренеді, әрбір қимылды қайталайды) саусақ буындары, қол
буындары дамып қалыптасады. Ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік
сапалары (батылдық, тапқырлық, достық, жолдастық, тәртіптілік) тікелей бағытталып
тәрбиеленеді және дүниетанымдарын кеңейтеді.