778
«Білім туралы» Қ.Р-ның Заңының 21-тармағының 3 тармақшасына сәйкес
инклюзивті білім беру – оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына білім
алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетімділікті, арнайы жағдайларды
қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды
көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу;". Сондықтан
мамандар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту қажет екендігін алға тартады.
Қорытынды
Қорыта айтқанда ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері нормаға
қарағанда анағұрлым кеш байқалады, ал кейбіреулерінде мүлдем қалыптаспайды.
Қазіргі таңда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің қадір-қасиетін қамтамасыз
ететін, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына
жәрдемдесетін толыққанды жағдайларда лайықты өмір сүруде. Ақылы кем балаларға
жан-жақты педагогикалық қолдау көрсетіп, әрбір оқушы шама-шарқына қарай білім
көлемін меңгеруі қажет.
Барлық білім түрін бақылау, балаларды ынталандыру, іс-әрекет мүмкіндігін
дәлелдеу, ойлау қызметін жинақтап, қорыту оның ішіндегі білім мен икемділікті жаңа
жағдайға көшіру, сезіну – сөздік логикалық жүйе мен практикалық ойлау қызметінің
құрамды бөлігімен ара-қатынасын анықтау, тапсырманы өз бетінше шешу, үлкендер
жағынан көрсетілген көмекті қабылдау қабілетін дамыту және тұлғалық
ерекшеліктерінің қалыптасуына ықпал ететін факторлардың ішіндегі маңыздысы
педагогтың, мектеп психологының бағалауы болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР - ның білім туралы Заңы 2008 ж
2. ҚР Мемлекеттік Білім стандарты 2010 ж
3. ҚР - ның 2011- 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасы, Астана,
2010 ж
4. ҚР - ның 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасы, Астана, 2006 ж
5. Әлеуметтік педагог №3. 2011 ж
6. Вайзман Н.П. Психомоторика умственно отсталых детей. – М., 1997.
7. Выготский Л.С. Проблема умственной отсталости // Собр. соч.: В 6 т. – М.:
Педагогика, 1983. – Т.с. – 275б.; – Т.3. – 301б.
8. Выготский Л.С. Проблема умственной отсталости. Умственно отсталый
ребенок / Под ред. Л.С. Выготского и И.И. Данюшевского. – М.: Учпедгиз, 1995. – 390б.
779
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІНІҢ
МАҢЫЗЫ.
Мергембаева А.Ж
№42 «Тілек» балабақшасы
Қазақ халқында арнайы бала тәрбиесімен айналысатын мектепке дейінгі ұйымдар
(балабақша) болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезеңінен бастап, бесік жыры мен
ұлттық ойындар, ертегі, аңыз-әңгіме, тақпақ, санамақ, қаламақ, т.б. арқылы еңбекке,
адамгершілікке тәрбиелеп отырған.
Аяғы шығып, еңбегі қатып, тілі «р»-ға келген ойын баласын тәрбиелеудің ел
ішіндегі дәстүрі де тәрбиеші ұстаздар назарын аударуға тұрарлық қызықты да,
қызғылықты объектісі болған. Мәселен, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,
«Ұлың жақсы болсын десең, ұлы жақсымен, қызым жақсы болсын десең, қызы
жақсымен ауылдас бол», – деп келетін мақал-мәтелдердің астарында қаншама мән
жатыр.
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінде отбасының және мектепке
дейінгі ұйымның алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы
болса да алмастыра алмайды. Отбасындағы тәрбие мен мектепке дейінгі мекеменің
оқыту және тәрбиелеу мақсаттарын өзара біріктіре отырып, екі жақтан баланы біріге
отырып, мәдени-әлеуметтік ортадағы дәстүрлі еңбек түрлерінің құндылығын
қабылдату, аға ұрпақтың, ата-бабалардың, даналардың ақыл-кеңесін, еңбек тәжірибесін
бойына сіңіру, қоршаған ортаға, адамзат қоғамына пайдалы азамат етіп тәрбиелеу. Аға
ұрпақтың, еңбек тәжірибесі, үлгі-өнегесі, өз борыштары мен парыздарын мүлтіксіз
орындауы – еңбек тәрбиесінің үлкен мектебі.
Төрт түлік малды тіршілігіне тірек еткен көшпелі халықтың ұрпақ тәрбиесінде де
сол негізді тұғыр еткендігі заңдылық, дәстүрлі бала тәрбиесіндегі еңбекке баулу
тәсілдерінің өзінен-ақ талай сыр ұғуға болды. Мысалы, аяғы шыққан жас бала қозы-
лақты ермек етсе, есейе келе құлын мен ботаны маңайлайды. Ал тай үйретіп міну – қазақ
баласының өзіне-өзі қызмет етуінің жарағандығының белгісі. Бір қарағанда
тұрпайылау көрінгенімен, осы әрекеттердің барлығында да тәрбиенің үлкен мектебі
жатыр. Бала еңбектің әліппесін көзін ашқаннан оқып, оның не екендігін жан-
дүниесімен сезініп өспек, сондай-ақ бүкіл жан-жануарлар, табиғат әлеміне деген
сүйіспеншілік те бала көкейіне осы кезден-ақ мысқалдап дариды. Мейірімділік пен
имандылықтың да алғашқы ұрығы бала жүрегіне осылайша біртіндеп сіңіріледі.
«Қошақаныңа тиме, ол да өзіңдей сәби ғой, обал болады», «көк шөпті жұлма, көктей
соласың» немесе «күшігіңе тамақты өз қолыңмен бер, сауап болады» деп келетін ата-
аналар сөзінде халық санасында жылдар бойы қалыптасқан философиялық қағида
жатыр.
Дәстүрлі тәрбие дағдысы бойынша баланың қабырғасы қатысымен шамасына
қарай еңбекке араластырады. Ер бала әке қолғанатына айналып, қыз бала үй ішілік
тірлікке қол ұшын береді. Қазіргі таңда осы жоғарыда аталған халықтық педагогикаға
сәйкес қарапайым еңбек дағдыларын бала санасына жастайынан орнықтыратын