776
қызметін тарту қажет. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте
диагностикалау мен түзету маңызды.
Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда «Мүгедектердің құқықтары туралы»
Конвенция аясында инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық жоспарын жасап,
сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың тәжірибесін ескере
отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса
қажет болмақ . Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету,
жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға
жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады . Осыған орай
мәселелерді шешу жолында әр мұғалім бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар
дайындап , үлгерімі төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс
түрлерін жүргізгені жөн . Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап , мүгедек баланың
диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып , өзіндік
дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік
міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды , қолданылған әрекеттер мен
құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады. Осыған
байланысты педагогтар өз қызметінің обьектісіне әлеуметтік психологиялық және
педагогикалық мінездеме беріп , танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек .
Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып ,
өмірдегі өз орнын , өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай орталықтар
жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін
медициналық - педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор
қуанышқа бөлер еді .
Ақыл-ойы кем оқушылардың көпшілігін ата-аналары жоқ, толық емес және
әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан шыққан балаларды құрайды. Мұндай
балалар өз отбасымен толық қарым-қатынастан айрылған. Бұл олардың жеке
тұлғасының қалыптасуына жағымсыз әсер етеді. Интеллектуалдық жетіспеушілік
салдарынан ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғасының қалыптасуы әр түрлі
аспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. Жеке тұлғаның көптеген қасиеттер
жиынтығына адам белсенділігінің кез-келген көрінісіне әсер ететін эмоциясы ерекше
орын алады. Ақыл-ойы кем баланың эмоциясының көрінуі оның жасына, кемістік
құрылымының сапалық ерекшелігі мен тереңдігіне және оны қоршаған әлеуметтік
ортаға тәуелді.
Мұндай балалар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді.Олар
ұнамсыз және еркелету эмоцияларын ажыратады. Бірақ өз эмоцияларын вербалды түрде
көрсете алмайды. Өзінің адамдарға деген қатынасын жымиюмен, бетіне қараумен
білдіреді. Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ойы кем балалар селсоқ, сенімсіз әрекет етеді.
Олардың эмоциялары әлсіз, алайда күйзелістері тұрақты, терең болып келеді. Олар
айқайлауға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға, қырсығуға болмайтындын
түсінбейді. Ал кейбіреулері сөйлемейді, жан-жағына үреймен қарайды, ата-
аналарының, тәрбиешілерінің артына тығылады, қарым-қатынастан бас тартады.
Олар тапсырманың мақсатын түсінбейді. Бұл іс-әрекет үрдісінде баланың әрекет
ету тәсілдері, тіпті олар анық қате болғанда да, талап ететін нәтижені алып келмейтін
болғанда да өзгермейді. Ақыл-ойы кем балалардың көпшілігіне өздерінің
777
мүмкіншіліктерін бағалай алмауы тән. Олар кез-келген тапсырманы орындауға
заттарды дайындау тәсілдерінің ретін түсінбей жатып орындауға дайын тұрады.
Қажетті талаптарды орындамайды. Өздерінің нәтижелеріне сыни көзқарастары жоқ,
оның үстіне ересектердің бақылауын және көмегін қажет етеді. Мұндай балаларға іс-
әрекеттің «қысқа» түрткісі (мотивациясы), сондай-ақ қарым-қатынастың қарапайым,
әлсіз мотивациясы тән. Қарапайым іс-әрекетті орындау барысында ынталарының тез
әлсіреуі байқалады. Ақыл-ойы зақымданған балалар мінез-құлықтың жалпы
қабылданған нормасын, қарым-қатынас дағдысын меңгеруде үлкен қиындыққа
кездеседі. Қорыта айтқанда ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері
нормаға қарағанда анағұрлым кеш байқалады, ал кейбіреулерінде мүлдем
қалыптаспайды. Қазіргі таңда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің қадір-
қасиетін қамтамасыз ететін, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге
белсене араласуына жәрдемдесетін толыққанды жағдайларда лайықты өмір сүруде.
Ақылы кем балаларға жан-жақты педагогикалық қолдау көрсетіп, әрбір оқушы шама-
шарқына қарай білім көлемін меңгеруі қажет.
Барлық білім түрін бақылау, балаларды ынталандыру, іс-әрекет мүмкіндігін
дәлелдеу, ойлау қызметін жинақтап, қорыту оның ішіндегі білім мен икемділікті жаңа
жағдайға көшіру, сезіну – сөздік логикалық жүйе мен практикалық ойлау қызметінің
құрамды бөлігімен ара-қатынасын анықтау, тапсырманы өз бетінше шешу, үлкендер
жағынан көрсетілген көмекті қабылдау қабілетін дамыту және тұлғалық
ерекшеліктерінің қалыптасуына ықпал ететін факторлардың ішіндегі маңыздысы
педагогтың, мектеп психологының бағалауы болып табылады.
Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен
жетістіктермен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын
әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы
өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Еліміздің Ата заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы тиістігі
жазылса да, өкінішке орай мүмкүндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе күйінен
түспей тұр. Олардың қатары жыл сайын өсіп жатқандықтан, жарымжан балаларға білім
беру жүйесін жетілдіру қажет. Мәселе Аудан бойынша мүгедек және мүмкіндігі
шектеулі балалардың саны 2013 жылғы есеп бойынша 378-ге жеткен. Ауданымыздын
жалпы орта білім беретін 16 мектебінде 113 мүмкіндігі шектеулі (психикалық дамуы
тежелген балаларды) балалар инклюзивті білім нәрімен сусындалады. Қазір олардың
мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына жағдай жасау қажет.