774
Н.Назарбаев.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.
Мектепке
дейінгі
тәрбие
мен
оқыту.
-
Астана,
2008.
2.
«Тәй-тәй»
технологиясы
(негізгі
ережелер).
3.
Молдагаринов
А.
«Казахские
детские
игры».
-
Алматы,
2005.
4.
«Қазақстан
мектебі»
журналы.
№9-10,
2005.
5. Төтенаев Б. «Қазақтың ұлттық ойындары». – Алматы, 2002.
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Медетова Назигул Тлеубекқызы
Шаймаганбетова Зауреш Мынжасаровна
№36 жалпы білім беретін орта мектеп
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу білім беру жүйесінің
бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бұл орайда ҚР Үкіметінің 2011-2020 жылдарға
арналған бағдарламасы іске асырылуда. Мұнда білім саласы мамандарына арналған
міндеттер барысында ақыл-ойы қалыпты дамитын балалармен қатар мүмкіндігі
шектеулі балалардың да білім алуына барлық жағдайды жасау керектігі жүктелген.
Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан
көптеген шаралар енгізіліп жатыр.
Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы
қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі заңында даму
мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық-медицина-педагогикалық
кеңестің қортындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік білім
жалпы беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген.
Инклюзивті оқыту – мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар
балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеметтендіру және интеграция
процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы
білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып
білуге, қабылдауға үйренеді.
Көмекші бағдарламамен жалпы мектепте оқитын балалар бағдарламаны толық
игерген болса, ол балаға арнайы куәлік беріледі, ал игермесе онда анықтама берулері
қажет. (Департаментке ұсыныс беру арқылы).
Кемтар балаларға жалпы мектептің куәлігін беруге болмайды, олар тек 9 сыныпты
игеріп бітіргеннен кейін профтехникалық лицейлерге жіберіледі.
Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар
туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда ересек мүгедектердің өз
құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып
жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар
775
балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап,
олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне
қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар - ожданын кемсітетін , оның дамуға
және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші
көріністер болып табылады Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға
олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. Баланың шындықты
тануға ақыл - ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады . Таңдану баланың әрбір
нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән - жайын танып, оларды тереңірек түсінуіне
жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Ақыл - ой сезімі адамның кез келген
әрекеттегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл - күй болып табылады. Ал сондай ақыл
- ой сезімі кейбір балада жетілмей артта қалып қояды. Оның себебі негізіне тұқым
қуалаушылық, ортаның экологиялық әсері , отбасының әлеуметтік жағдайы . Мұндай
ауруларға ұшырау салдарынан жапа шеккен балалар, дене кемістіктеріне ақыл - ой
кемшілігі қосылып, ақыл - есі тоқырап қалған балалар, тағы да басқа себептермен кеміс
болып қалғандар жатады. Сонымен бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс жағдайының ауыр
болу себептерінен бір қалыпты дамымай қалған балаларды да қосамыз. Мұндай жәйттер
негізінен әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Ақыл - ойы кем болған балаларға әлеуметтік көмек көрсету барысында
медициналық бейімдеудің маңызы зор. Осындай ақыл - ойы кем балалармен жігерлі
терапия жүргізе отырып, оларға дәрілік емдеу, физио, психотерапия, емдік дене
шынықтыру
жаттығулары,
жалпы
денсаулыққа
пайдалы
емдеу
шаралары қолданылады.
Ақыл ойы - кем балаларды оқытудың негізгі әдісі - біріктіру болып табылады .
Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап , білім беру
стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап , зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып
оқыту, тәрбиелеу - басты мақсат болып отыр.
Біріктіру әдісі - білімді түзетудің, дамытудың заңдылығы болып табылады.
Біріктіре оқыту келесі қағидалар негізінде жүргізіледі:
- дамуындағы кемшілікті ерте бастан түзету;
- дамуында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына келтіру
қабілеттері.
- Біріктіре оқыған балаға түзету көмектері міндетті:
Біріктіре оқуға негізделген балаларды таңдау психоэмоционалдық дамуы терең
бұзылған балалар қалыпты балалар арасында тәрбиелене алмайды. Ақыл - ойы кем
балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау, мейірімділік пен қамқорлық жағдайын
туғызу, олардың қиыншылығын түсіну және жағдай жасау.
«Ең бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға
бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан күндізгі шағын стационар да арнайы
жұмыс тобын құрып, әр баланың қабілет – қарымын анықтап, дұрыс бағыт – бағдар
беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек».
Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға Үкіметтен бастап, мектептерге дейін мән
берілуде . Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек
оқытып ғана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау