772
шабандоздық шеберліктерін көрсеткендері айтылады. «Балалар ойыны», «Ақсүйек»
«Асық ойнау», «Аударыспақ», «Жұмбақ айтыс» өте ерте заманда пайда болған. Мұның
өзі біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойындарының ғасырлар бойы өмір сүргендігін
айқын
көрсетеді.
Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық
сақтауға негізделеді. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып
табылады.
Бүгінде ұлттық ойынды балабақшаларда адамгершілікке, батылдыққа,
шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, табандылыққа, байсалдыққа тәрбиелеу басты
мәселе болып отыр. Сол себепті қазіргі кезде балабақшаларда осыған байланысты кең
түрде ұлттық ойындарды ойнату ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жиі қолданылуда.
В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ
және болуы да мүмкін емес». Өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін ойын өте қажет.
Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі
қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында
балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шындалады, ұстамдылығы,
іскерлігі
дамиды.
Ойын – балалар үшін күрделі әрекет. Дене тәрбиесінен оқу іс-әрекеті балаларға
ойынның бағытын бере отырып, оның әділ және дұрыс өтуін қадағалаған жөн. Өйткені,
мұның балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор. Жан-
жақты дамыған денсаулығы мықты дара тұлғаларды тәрбиелеу ежелден –ақ халық
дәстүрі.
Халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын, ұлттық ойындарын зерттеген қазақ
ғалымы Ешмұхаммед Букинді – дене тәрбиесінің тұңғыш ұстазы деп айтуға толық негіз
бар. Ол жергілікті мамандар арасында бірінші болып «гимнастика» деген терминге
ғылыми тұрғыдан түсініктеме берді, демек адам баласы үшін жас ерекшеліктеріне
қарамастан атқаратын рөлін баяндады. Халқымыздың ұлттық ойындарының көпшілігі
«ойлауды қажет ететін ойындарға» жатады. Балабақшада өткізілетін қимылдық ойын
түрлері баланы ептілікке, зейінділікке, ұқыптылыққа баулиды. Ұлттық ойындар – ата –
бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті
тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын
баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.
Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздай жасаған оты.
Міне, ойын дегеніміз - тынысын кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға
қиялмен қанат беретін осындай ғажап нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір
тынысы.
Балаларға арналған ұлттық ойын түрлері, мысалы: «Айгөлек», «Қанталапай»,
«Арқаласпақ», «Тақия тастамақ», «Түйілген орамал», «Арқан тартыс», «Аударыспақ»,
«Асық ойын», «Хан», «Бес тас», «Тартыс» т.с.с. ойындар – балалардың дене бітімінің
ғана емес, ақыл–ойынның жаттықтырушысы.
Бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлттық ойындардың өзі адам еңбегінің жемісі,
халықтың қиялы, ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының
нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бар өнердің бастамасы, халықтың әлеуметтік
экономикалық өмірінің айнасы екенін білуі тиіс. Ұлттық ойындар сол халықтың
773
әлеуметтік экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамыған. Өйткені, қазақ
халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның тұрмыс жағдайларына үйлесімді
жасалғандай
әсер
етеді.
Ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға
халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойынсауық, көңіл көтеретін орын
деп қана қарамаған. Ең бастысы ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы
қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең (досқа да, дұшпанға да) еркін бәсекеде
көрсетуге тиіс болған. Сондай-ақ, талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен,
танымал ұстаздан үйреніп, жаттығатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз. Ұлттық
ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің
сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп. Бірін – бірі толықтырып, байыта түседі.
Өзінің өлең жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның жастарды
ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш
қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл
ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
Халқымыздың ұлы перезенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекі жазушы
М.О.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған
алуан өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін
қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағаналары
болған», деп тегіннен тегін айтпаса керек.
Заман өзгерген сайын адам баласының басынан өткендері баланың ойынында
көрініс табатынынан ешкім де шек келтірмес. Ең бастысы ойын барысында баланы жан-
жақты ойлануға, өзгелердің пікірімен санасуға, ортақ тіл табысып, тез арада шешім
қабылдауға, ойынды шыншыл ойнауға, адал болуға, жалған сөйлемеуге,
жанашарлыққа, кешірімді болуға баулу қажет. Тәрбиеші балалардың физиологиялық,
психологиялық ерекшеліктерін есте ұстап, ұлттық қозғалыс ойындарын балабақша
өмірінде жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастыра білгені жөн. Ойын жас ерекшеліктеріне
сай келмесе, кері әсерін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар ойындар баланың белсенділігін
арттырып, тәртібіне де оң әсерін тигізеді, өзіне де баға бере алады. Әрбір ойын –
балалардың адамгершілік жолындағы бір көтерілер баспалдағы секілді. Жалпы,
қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және әлеуметтік мәні зор.
Бұған қоса, ұлттық ойындар қазақ халқының о бастан ерекше мәдениетті болғанын
айқындайды. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың береке-бірлігі мен
ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек, адамның өмір сүруінде
қазақтың ұлттық ойындарының атқаратын маңызы ерекше. Басқаны былай қойғанда, әр
ұлттық ойын оған қатысушыны өмір сүруге бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан
қорықпай, қарсы тұра білуге үйретеді. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан
балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты
да қажірлі бала өсіру үшін ұлттық ойындарды үйретіп отырған дұрыс.
Өйткені жас бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!
«Қазіргі таңда халықтың, елдің, балабақшаның және отбасының басты міндеті-
жаңа заман талаптарына сай келетін, жан-жақты дамыған, құзіреттілігі жоғары, ұлттық
психологиясы және ұлттық санасы қалыптасқан ұрпақты өсіру, оларға білім беру жіне
жеткізу болып табылады.