Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет371/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   472

 

782 


 

Естияр топта еңбек күрделенеді, балалардың өздері өсімдіктерді суарады, қанша 

ылғал  қажетін  анықтауды  үйренеді,  көкөніс  өсіреді  (тұқым  себеді,  жүйектерге  су 

жібереді,  өнім  жинайды),  тәрбиешінің  жәрдемімен  жануарларға  (тиіндерге,  үй 

қояндарына, тотықұс, көгершін және т.б.) жем әзірлейді. Педагог қай жануарға қандай 

жем керек екенін, оның қалай деп аталатынын және қалай сақталатынын түсіндіреді. 

Жануарларды  күту  процесін  оларды  қадағалаумен  тығыз  байланыстырады.  Балалар 

өсімдіктердің өсуі мен дамуы, жануарлардың жай-күйі күтімге байланысты екенін, олар 

үшін өздерінің жауапты екенін сезіне бастайды. Тірі табиғат мүйісінің тұрғындарына 

қамқорлық пен ықылас күшейеді, олар балалардың сүйікті жануарларына айналады. 

Ересек топ үшін табиғат мүйісінде неғұрлым күрделі күтім тәсілдерін керек ететін 

өсімдіктер  мен  жануарлар  орналастырылады,  бақшада  өсу  мерзімі  әр  түрлі 

көкөністердің алуан түрі отырғызылады, мұның өзі еңбекті  неғұрлым жүйелендіреді. 

Балалар еңбегінің көлемі де ұлғаяды. Мектеп жасына дейінгі балалар щеткамен түкті 

жапырақтардың шаңын сүртеді, жерді қоректендіреді, аквариумның суын ауыстырады, 

бақша  мен  гүлзардың  жерін  әзірлейді,  көшет  отырғызады,  жабайы  өсімдіктердің 

жемісін,  ұрығын  жинайды  (қыстайтын  құстарға  беру  үшін).  Еңбек        процесінде    

тәрбиеші    балаларға    өсімдіктердің  өсуі   мен   дамуын қадағалауды, болып жатқан 

өзгерістерді  байқауды,  сипатты  белгілеріне,  жапырақтарына,  ұрықтарына  қарап 

өсімдіктерді айыра білуді үйретеді. Бұл өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі туралы 

ұғымдарын кеңейтіп, оларды ауыл шаруашылығы еңбегі процесіне баулиды. 

Мектепке дайындайтын топта табиғаттағы еңбек түрінде балалар жеке құбылыстар 

арасындағы байланысты анықтауды,  табиғат құбылыстары мен заңдылықтарын аңғара 

білуді  үйренеді.  Табиғи  құбылыстарды  материалистік  тұрғыдан  түсінудің  негізі 

қалыптасады. Өсімдіктер мен жануарлар туралы, жанды мүйістің тұрғындарын   күту   

тәсілдері   туралы мағлұмат көбейеді. Балалардың еңбек іс-әрекеттеріндегі дербестігі 

артады: олар ескертіп жатпай-ақ топырақты суару және қопсыту, өсімдіктерді көшеттеп 

отырғызу, бақшада, гүлзарда, ал қыста – үнемі пияз бен басқа да көк өсірілетін табиғат 

мүйісінде тұқым себу  қажеттігін өздері белгілеп отырады. Балалар қалемшелеу арқылы 

өсімдіктерді көбейтудің, кейінірек топыраққа  көшіріп отырғызу үшін көшет өсірудің 

тәсілдерін біледі. Табиғат мүйісінде жануарларды (құстарды, тиінді, үй    қояндарын,   

көгершіндерді     және т.т.) күту жалғастырылады. 

Балаларда  тірі  табиғат  мүйісінің,  бақша  мен  гүлзардың  жай-күйі  үшін 

жауапкершілік артады. Жеміс ағаштарынан өнім, гүл жинау оларды үлкен қуанышқа 

бөлейді.  Олар  гүлді  ата-аналарына  сыйға  тартады,  бөбектерге  өздері  өсірген  жеміс-

жидектерін ұсынады, көкөніс өнімдерін де жинап, жуады, тазалайды, ас үйге апарады, 

топ бөлмелерін гүлдермен безендіреді. 

Қол  еңбегіне  тоқталып  өтетін  болсақ  алуан  түрлі  материалдардан:  картоннан, 

қағаздан,  ағаштан,  табиғи  материалдан  (ағаш  бүрінен,  емен  жапырағынан,  сабаннан, 

ағаш  қабығынан,  жүгері  сабағынан,  шабдалы  сүйегінен)  тері,  қауырсын,  мүйіз,  жүн, 

мата қиқымдарын, темір-терсек және т.с.с. пайдалана отырып тұрмыстық шаруашылық 

процесінің қажетті бұйымдарын жасау – мектепке дейінгі ұйымның ересектер тобында 

жүзеге  асырылады.  Балалар  өздеріне  қажетті  ойыншықтар,  қазақ  үйдің  сүйектерін 

жасап,  бояйды,  үй  жиһаздарын,  ұлттық  киім  үлгілерін  пішіп,  тігеді,  төрт  түлік 

малдардың  бейнесін  жасайды.  Оларды  дайындау  барысында  балалар    ұлттық  оюлар, 



 

783 


 

нақыштар, өрнектермен танысып, әр түрлі бұйымдар жасайды. Мұндай нәрселер туған-

туыстарға, достарға жақсы тарту болуы мүмкін. Мұның адамгершілік тәрбие беруде зор 

маңызы  бар,  ол  балаларды  маңайындағыларға  ықыласпен  қарауға  үйрете  отырып, 

соларды риза ету үшін еңбектендіреді. 

Қол 


еңбегі 

балалардың 

құрастыра 

білу, 


ойлап 

шығару 


қабілетін, 

шығармашылығын, қиялын дамытады. Мектеп жасына дейінгі балалар ойлаған затына 

сай  келетін  форма  таңдап  алу  үшін  табиғи  материалды  мұқият  қарайды:  үйеңкі 

ұрығынан инеліктің қанатын, ағаш бүрінен – орманшыны жасайды және тағы да басқа. 

Жұмыс процесінде олар әр түрлі материалдардың қасиеттерімен, оларды өңдеу және 

байланыстыру  тәсілдерімен      танысады,      алуан      түрлі      аспаптарды    пайдалануды 

үйренеді. Ойлаған заттарын жасау әрқашан да белгілі мөлшерде күш жұмсауды керек 

етеді.  Жасалған  зат  берік,  әдемі,  сәнді  болу  үшін  бала  табандылық,  шыдамдылық,   

ұқыптылық   көрсетуі   талап  етіледі. Осының бәрі балаларға тәрбиелік жағынан үлкен 

әсер  етеді  де,  олардың  эстетикалық  сезімі  мен  эстетикалық  талғамын  және 

адамгершілік-еріктік қасиеттерін қалыптастырады. 

Балабақшада  жаңа  бағыттағы  тәрбие  жүйесін  іске  асыру  үшін    халықтық 

педагогикаға негізделген дәстүрлі еңбек  тәрбиесінің төмендегідей бағыттарын белгілеу 

керек:  


•  ата-баба дәстүріне, әдет-ғұрпына, ұлттық өнер саласына арналған   материалдар   

жинап,  оны  сәбилер  тобынан  бастап,  мектепке  дейінгі  бала  жасына  лайықты  етіп 

топтастыру, мазмұндық сабақтастығын ескеру; 

• дәстүрлі  еңбек  тәрбиесін  кешенді  жүргізу  мақсатында  тиімді  әдіс-тәсілдерді 

меңгеру; 

• отбасы  мен  балабақша  арасындағы  бірлікті  нығайту,  еңбек  тәрбиесін 

отбасындағы дәстүрлі еңбек түрлерімен байланыстыра отырып жүргізу; 

• тәрбиешінің баланың жеке басының даму ерекшелігін, отбасы тәрбиесінің өзіндік   

сипатын   жете  білуі, осының негізінде еңбек тәрбиесін ұлттық еңбек дәстүріне сәйкес 

жүргізуі; 

• қазақ балабақшаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, балаларды 

қазақ  халқының  дәстүрлі  еңбегіне  баулитын  ғылыми-әдістемелік  құралдармен,  түрлі 

дидактикалық  көрнекіліктермен, т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету. 

Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігінше жеке-дара қазақ немесе 

орыс  балабақшасы  болуын  талап  еткен  абзал,  өйткені  аралас  балабақшада  тәрбиені 

ұлттық негізде құру сәбиелерге ана тілін меңгертуде, дәстүрлі еңбек түрлеріне баулуда  

қиындық тудырады. 

Егеменді  еліміздің  болашағы  –  жайқалып,  өсіп  келе  жатқан  кішкентай 

бүлдіршіндеріміз.  Бүлдіршіндеріміздің  ана  тілін  толық  меңгеріп,  ата-бабамыздан 

қалған асыл мұрамызды, әдет-ғұрыпымызды, салт-дәстүрімізді, тарихымызды игергені 

маңызды.  Күнделікті  қарапайым  әрекетінмен  қалыптасатын  еңбек  тәрбиесі  арқылы 

эстетикалық  сезімін  оятып,  эстетикалық  талғамын  және  адамгершілік  қағидаларын 

қалыптастыра отырып, дүнетанымын кеңейтеміз.  

Қорыта келгенде, баланы еңбекке тәрбиелеуге байланысты ерте заманнан жиып-

терген  ұлттық  тәлім-тәрбиесінің  асыл  қазынасы,  мол  тәжірибесі  бар.  Ананың  бесік 

жырынан  басталатын  қарым-қатынас,  іс-әрекет,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр,  халықтың 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау