784
ауызекі шығармашылық үлгілері – мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын,
сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. Осы мұраның бастауы
баланың бойына отбасы тәрбиесінен бастау алып, мектепке дейінгі ұйымнан жалғасын
табады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. –Алматы: РБК, 1994.
2. Серікқалиұлы З. «Дүниетану даналығы» Алматы 1994жыл.
3. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы /Құрастырғандар С.Қалиев, Р.Ізғұттынова,
Г.Жексембаева. -Алматы: Рауан, 1996.
4. Болатбаев К.К. Халықтық педагогиканы бейнелеу өнері пәнінде қолдану.
Алматы: АлМУ, 1995, -76б.
5. Сәрсенова.Ж. Тәңірбергенова.Ғ. «Әлеуметтану»-Алматы 2000.
6. http://referat911.ru/Pedagogika/
7. Өтешова.Б.«Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы
дамыту» Алматы-2007 ж.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
ЖАСАУ
Мизан Манар,Алиева Ж.С
КМҚК «Балдырған» б/б
Қарағанды қаласы
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да,
ілгеріапарушы да ата-аналар, яғни бүгінгі ұрпақ
–
ертеңгі елдің болашағы.
Біз баяндамамыздың алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен
бастағымыз келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз
берілген білім
–
адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат
әкеледі» делінген. Осыған байланысты балабақшамызда баланы өмірге бейімдеуде
балабақша, тәрбиеші және ата-ананың орны бөлек. Балабақша, ата-ана, ұстаз
болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Ата-ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы
мінез-құлқы,дұрыс қарым-қатынасы-балаға үлгі.
Ата-ананың басты қуанышы -бала.
Ата-ананың басты-қазығы, алтын тіреу
діңгегі-бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.
Ата-ананың қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге
дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы
мүшелерінің қарым-қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік,
қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін
сақтайтын тұлға тәрбиелеу керек екендігі бәрімізге аян.
785
Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде балабақша баланың жан-жақты
білім алуына ең бірінші ықпал ететін-ұстаз болса, оның сүйеніші ата-ана.
Сондықтан, ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс.
Қандай жағдай болмасын ұрпағын жауын мен жел өтінен қорғап, ұлттық
салт-дәстүрді бойына сіңіріп,жаман қылықтардан қорғап,жақсы қасиеттерді
бойына сіңіріп өсіру ата-ананың ұлы борышы.
Баламызды балабақшаға жіберіп,бақша тәрбие береді,білім береді деп бар
ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз.
Баланы балабақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста
болып,оның дұрыс тәрбиемен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс.
Еліміздің
өркендеуі,дамуы,болашағы
қазіргі
жас
ұрпағымыздың
тәрбиелі,білімді болуына көп байланысты.
Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі,қыры мен сырын дүние
жұмбақтарын танытып, тағылым,талғамға, әдептілікке баулуға тиіс.
Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып
имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік
стандартының бес саласының әр бөлімдерінің ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде салт-дәстүрдің барлық түрлерін бала бойына сіңірудеміз.
Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу,асық ату,ою өрнектерді жапсыру т.б
Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің,жерінің тарихы мен
мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастыру.
Балабақшаның негізгі міндеті-баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын
қамтамасыз ету.
Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе-тұлғаны рухани-адамгершілік
тұрғысынан дамыту.
Ата-ана мен бала арасындағы сыйластықтың дұрыс болмауынан бала ата-
анаға деген өкпе реніштен, сенімсіздіктен үлкенге деген сый құрметті жоғалтып
алады.
Бірақ ата-ана мұндай жағдайда өз қателігін біліп,бала алдындағы
жауапгершілігін нығайтса,балаға деген мейірімін аямаса, бала да
сүйіспеншілікке бөленері хақ.
Ата-аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары:
*Әрбір ата-ананың мықты жақтары болады,әр адам жақсы жағынан
көрінгісі келеді.
*Ата-анамен ұйымдастыру барысында ата-ананы тәуелді ету емес, оның
қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу.
*Әр бір отбасы көмекті қажет етеді,көмек түрі отбасының қажеттіліктеріне
байланысты болады.
*Кейбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде
ғана,қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.
*Баланың дамуы туралы ақпарат ата-аналарға бала тәрбиелеуде өз рөлін
жүзеге асыруға ықпал етеді.
786
*Педагогпен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын
түсіндіреді.
*Ата-анамен баланың ортақ қарым-қатынастары жөнінде кеңес беру.
*Арнайы мамандармен ата-аналардың оңаша әңгімелесуіне жағдай жасау.
*Бала тәрбиесінде оң нәтиже көрсетіп жүрген отбасылардың тәжірибесін
басқаларға үлгі қылу.
«Ұстаз-бағбан,бала-гүл»-деген қағида әр кез ұстанымыз.
Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен,әдемі болып өскені қажет екендігі
сияқты,ата-ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен әдепті болып
есейгені қажеттірек.
Ата-ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн,баланың тәрбие алуына
қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата-ана педагогикалық әдіс-
тәсілдерге сүйенгені дұрыс.
Айталық,ата-ана өз алдына төмендегідей мақсатты қойып,оның жүзеге
асуына мән берсе,ұрпағының тәрбиелі,өнегелі, білімді болып өсуіне жол ашады.
1.Балабақшадан келгенде көңіл-күйін сұрау,бүгінгі тәртібіне өзіне-өзінің
баға беруіне үйрету.
2.Балаға өз қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.
3.Баланың жақсы мінез,іс-әрекетіне назар аударып,көңіл-күйін көтеру.
4.Ата-ана өзін-өзі ұстай білу,бақылай білуі.
5.Балаға дауыс көтеріп,жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысу.
6.Баласының тілін түсініп,онымен сырлас,дос болуға тырысу, және оның ой
идеясына көңіл бөлу.
7.Өз баласын басқа балалармен салыстырмай,дұрыс тәрбие беріп, мінез-
құлқын,іс-әрекетін,қателігін түсінуге мүмкіндік жасай білу.
8.Баланың психо-физологиялық даму дәрежесіне,адамгершілікт эстетикалық
қалыптасуына,жан-жақты жетілуіне көңіл бөлу.
9.Баланың шығармашылық қабілетін,ақыл-ой сезімін бағалай білуіне.
10.Оның талап тілегіне тежеу жасамау,еркіндік беріп,дүниеге,өмірге деген
көз қарасын бақылай білу.
Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез – келген мекеме үшін
отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры, болмысын қалайтын мекен.
Сондықтанда балабақшаның оқу -тәрбие жұмысында ата-аналармен жұмысқа
ерекше мән беріледі.
Сол себепті, біз ата-аналармен бірлескен жұмысқа үлкен көңіл бөлеміз.
Көздеген мақсатымыз: балабақша мен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре
отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде
қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы
құндылықтарды дамыту.
Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты құру.
1. Ата-аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес
беру.
2. Балабақшадағы іс-шараларға ата-аналарды қатыстыру (ертеңгіліктер, сабақ)
Достарыңызбен бөлісу: |