765
жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі
балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Қай кезеңде болмасын балабақшада
Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар,
тумысынан-ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара
жатқан
мына
заманда
балабақшадағы
педагогтардың
ұлттық
қалып,
ұлттық
мінезді
сақтай
отырып,
бала
тәрбиесінің
әдістерін
тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.
Монтессори әдістемесінің ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарласасы
болмайды,
әркім
табиғат
берген
жолымен
жүреді.
М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім
қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз
уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді,
қолайлы
жағдай
туғызады. Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің
нұсқауымен
емес,
өз
еркімен
тәуелсіздік
рухында
тәрбиелеу.
«Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу
бұл әдісте мүлдем жоқ[2 23б]. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы
қызықтыра мағлұмат береді. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын
бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды. Бұл баланың
қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері
сөзсіз.
Қай
салада
жұмыс
жасау
бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер,
бейнелеу, сумен, т.б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесінде
өзі жөндеуі ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады
деп
ойлаймын.
2015
жылдан
бастап
біздің
«Бәйтерек» балабақшасы
М.Монтессори әдістемесі бойынша жұмыс жүргізе бастады. Балабақшамыз
Монтессори материалдарымен жабдықталған. Материалдармен балалар күннің екінші
жартысында жұмыс жасайды. Бала орталықта және Монтессори материалын өзі
тандайды. Тәрбиешілер материалдарды өзіндік ретімен қолданып, логикалық ретпен
құрылған жаттығулар көмегімен бала үйреніп, жаттығуы үшін құрастырады және оны
сипаттауын талап етеді. Заттардың көлемін, түсін, өлшемін, дыбысын ажырата алады.
Алдарына қойған мәселені шешуге үйренеді, өз беттерімен жұмыс жасауға
машықтанады. Сенсорикалық қабілеттері дамиды. Сөздік қорлары, ойлау қабілеті
артады. Айналадағы заттық орта туралы түсініктері қалыптасады. Бала өзінің
қолдарымен заттарды тануға үйренеді. Байқағыштыққа, түстерді ажырата біледі,
қолдың икемділігіне бейімделеді. Жаттығуларды орындау барысында бала бойында
үлкен жауапкершілік, тиянақтылық, ұқыптылық сияқты қасиеттер пайда болады. Бала
өзін өзі дамытады.
М.Монтессори әдістемесі балалардың бойында еркіндік іс-әрекетін өзінің
жасауына
еңбек
іс-
әрекетінде өз қалауымен әрекет жасауына тәрбиеші еркіндік ортасын
қалыптастыру.
М.Монтессори
әдістемесінің
бағыттары
әр
түрлі.
Менің
алып
отырғам
бағытым
зертханалық
жұмыс.
ХІХ ғасырдың ғылыми техникасы дамыған заманда техникалық білім беру,
766
балабақшадан бастау алғанын Елбасы да қолдап отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде: «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы
заманға сай білім беру үрдістерін, қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды
жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды баланың біліктілігін аудару қажет» деп атап
көрсетті[3].
М.Монтессори әдістемесі бойынша жүргізіп отырған зертханалық жұмыстың мақсаты:
балаларға қоршаған ортадағы табиғи байлықтардың адамдарға беретін пайдасы
оның қасиетін түрлі қоспалар арқылы түр-түсін, пішінін, иісін, тағы басқа қасиеттерін
өзгеріске
түсетін
түрлі
тәжірибелер
арқылы
бақылауға
үйрету.
Балаларға суға тәжірибе жасау барысында бақылағыштық дағдыларын жетілдіру
арқылы сусыз тіршілік жоқ екендігін түсіндіру. Ол бүкіл тірі жан иесінің бойында
бар.
Су – тіршілік нәрі. Су – сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде болады. Судың
көптеген заттарды оңай ерітетін және бір маңызды қасиеті бар. Қанттың шайда, ас
тұзының
сорпада қалай еритінін күнделікті өмірде көріп жүрміз. Сонымен қатар су жер
бетіндегі алуан түрлі тұздар мен басқа да көптеген қатты денелерді, газдарды еріте
алады.
Өз іс тәжірибемде балаларды сумен таныстыра отырып, оның пайдасы, қасиеттері,
маңызы туралы білімдері кеңейтілді.
«Судың түсі қандай?» тәжірибесі.
Мақсаты: Судың түсі болмайтындығын, оның мөлдір болатынын анықтау.
Тәжірибе барысында судың түсі қандай, судың түсі болмайтындығын, оның мөлдір
болатындығын тәжірибе барысында 4 стаканға су құйып, бірінші
стаканға – қызыл гуашьті, екінші стаканға – көк және үшінші стаканға – ақ гуашьті
салып, араластырып балалардың нені бақылағандықтарын төртінші стакандағы судың
түсі
қандай?
Төртінші стакандағы судың түсі өзгерген жоқ, міне судың түсі жоқ, мөлдір.
«Судың ісі қандай?» тәжірбиесі.
Мақсаты: Судың атқаратын қызметімен таныстыру.
Тәжірибе барысында боялған әр стакандарға шай қасық салынады. Балалардың нені
бақылағандықтарын боялған стакандағы қасықтар көрінеді ме, төртінші стакандағы
қасық анық көрінеді, бұдан судың мөлдір түсті екендігін түсінеді. Сонымен қатар
судың атқаратын ісі қандай? Екі стаканға су құйып бірінші стаканға валерианка
тамшысын тамызып, араластырып, әр стакандағы суды иіскеп көріп екінші
стакандағы судың дәмі жоқ, демек табиғи судың иісі, дәмі болмайтындығына
балалардың көздері жетті. Су қандай пішінге ие болатындығын сауыттың көлеміне
қарай суда пішін қалыптасады, егер суды салғышқа құйсақ, ол жайылып, ешқандай
пішінге ие болмайтындығын балалар тәжірибе арқылы өздері жасап көрді.