Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет328/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   472

 

693 


 

ашып жапқанда үстіге көтеріліп, түсе алады; тіл жоғарыға, төменге , оңға, солға, ауыз 

бұрышына, алдыға, артқа қозғала алады. 

Балалар артикуляциялық аппарат мүшелерінің жұмысын ойын түрінде меңгереді. 

Тыныс  алуын  дамыту  үшін  балаларға  2-3  жастан  бастап,  әртүрлі  заттарды  үрлеуге 

арналған  ойындар  жүргізіледі,  бағытталған  ұзақ  ауа  ағымын  қалыптастыру,  тыныс 

шығара отырып, бір деммен үш-төрт сөзден тұратын сөйлем айту. 

Ойын кезінде және түзету жұмыстары кезінде балаларды дауысты дұрыс қолдана 

білуге  үйретеміз;  айғайлап,  дауысты  ашуланып  сөйлемеуге,  дауыс  сіңірлеріне  күш 

түсірмеуге, өйткені бұл дауыстың үзілуіне алып келуі мүмкін. 

Дыбысты  дұрыс  айту  баланың  артикуляциялық  аппарат  қозғалысына  және  оны 

игере білуіне байланысты. Сондықтан 3 жастан бастап балалардың тіл, ерін, астыңғы 

жақтың қозғалысын жаттықтыру керек. 

Астыңғы  жақтың  қозғалысы.  Сөйлеу  анық  және  айқын  болуы  үшін,  бала  аузын 

жақсы аша білуі керек, яғни, астыңғы жақ жақсы қозғалуы керек.Оның қимылын "А" 

дыбысын айқындау және бекіту арқылы жүргізуге болады. 

Еріннің қозғалысы. Кейбір ысқырық дауыссыз с, з, ц дыбыстарын дұрыс айту үшін 

еріндер  жымиған  қалыпта,  тістер  көрініп  тұруы  керек.  Еріннің  бұл  қозғалысын  и,  э 

дыбыстарын айқындау және бекіту кезінде жүзеге асыруға болады. Ызың ш, ж, ч, щ 

дыбыстарын  дұрыс  айту  үшін  ерінді  кішкене  алдыға  созуды  қажет  етеді.  Бұған  о,  у 

дыбыстарын айқындау және бекіту көмегін тигізеді. 

Анық  сөйлеу  үшін  ерінді  нық,  бірақ  күш  салмай  жаба  білу  керек.  Бұған  м,  п,  б 

дыбыстарын айқындау және бекіту септігін тигізеді. 

Тілдің  қозғалысы.  Дыбыс  шығаратын  негізгі  мүше  тіл  болып  табылады.  Тілдің 

әртүрлі бөліктерінің нақты қозғалысына байланысты бала дыбыстарды дұрыс айтады. 

Логопедиялық жұмыстың негізгі педагогикалық көзқарастары: 

1) Барлық жұмыстың тәрбиелік сипаты 

2) Оқушының жан-жақты тұлғалық дамуы 

3) Оқушылардың саналылығы мен белсенділігі 

4) Жас ерекшеліктерін есепке алу мен материалдық түсініктілігі 

5) Топпен жұмыс істеу барысында жекеше әдістеме 

6) Тудырылған білім мен дағдының беріктігі 

7) Оқудың көрнектілігі 

8) Оқытудың ғылымилығы мен жүйелілігі 

9) Оқыту процесіндегі мұғалімнің шешуші ролі. 

Логопедиялық  жұмыстың  қиыншылығы  мен  мерзімдері  сөйлеу  кемістігінің 

мінездемесі  мен  дәрежесіне  байланысты  болады.Мысалы,  дизартрия  кезіндегі  дыбыс 

айтуда  дамытудың  артикуляциялық  дыбыстарды  төсеуді  жайлап  қиындатудан  қатты 

зақымданған қимылдан аз зақымданғанға өтуге байланысты болады. Моторлы алалия 

кезінде жайлап сөйлеуді дамыту келесі негізгі бағыттармен сипатталады. 

 Сөздің  сөздік  құрылымының  дыбысқа  еліктеуден  былдыр  сөздерге  көшуіне 

байланысты болады 

 Сөздің  нақты  мағыналық  мазмұнынан  және  грамматикалық  дәрежесіне 

байланысты. 



 

694 


 

 Қарапайым  сөйлемнен  кең  түрдегі  және  қиын сөйлемге  логопедтің барлық  іс-

әрекеті  біркелкі,  мейірбанды  болуы  керек.  Оның  эмоциялық  қалпы  көңілді,  бірақ 

қалыпты,  іскерлік  жанданған  болуы  керек.  Логопед  қатал,  сонымен  қоса  оның 

қаталдығы  орынды,  логопадтың  қиыншылықтарын  есепке  алып,  түсіне  білу  керек. 

Оның  әлсіздігіне  сөйлеу  дағдысының  жаңадан  қалыптасуына  байланысты 

баяулылығына,  оның  көңіл-күйінің  тұрақсыздығына,  қоршаған  ортаның  жағдайына 

байланысты  болады.  (Тұтығатын  оқушылар  танымайтын  ортада  қайтадан  тұтыға 

бастайды, ол қиын мәтінді мазмұндағанда бекітілген дыбыстарды алмастыра бастайды). 

Логопедтің  жұмысы  әр  түрлі  құралдармен  қамтамасыз  етілген  болуы  керек. 

Логопедиялық жұмыста құралдарға ойыншықтар, суреттер (заттық, сюжеттік, жүйелі 

сериялы суреттер) жатады. 



Дыбысты үш түрлі әдіспен қоямыз. Бірінші әдіс -еліктеушілік. Мұнда баланың 

назары  артикуляциялық  аппарат  мүшелерінің  орналасуы  мен  қозғалысына  және 

дыбысталуында  болады.  Сонымен  қатар  тактильді  -дірілдік  сезіну  қолданылады, 

мысалы, ч дыбысын айтқанда алақанның сыртымен ауа ағымын тексереді немесе ұяң 

дауыссыздарды айтқанда дауыс сіңірінің тербелісіне назар аударамыз. Мысалы, балаға 

и  дыбысын  айтуды  ұсынамыз  да,  тістерді  жақындатып,  ысқырық  шығатындай  тілге 

үрлетеміз. Нәтижесінде с дыбысы шығады.  

Екінші  әдіс  -механикалық.  Бұл  балада  көру,  есту,  татильді  -дірілдік  бақылау 

жеткіліксіз болған жағдайда қолданамыз. Мұнда артикуляциялық  аппарат мүшелерін 

қажетті  қалыпта  ұстауына  және  қажетті  қимылды  жасауға  көмектесуге  тура  келеді. 

Мысалы, жалпақ тілді үстіңгі тістердің артында ұстау үшін, тіл ұшының дірілін тудыру 

үшін  шай  қасықтың  ұзын  жалпақ  сабын,  шпатель,  баланың  саусағын  немесе  іші 

мақтамен толтырылған ұзын еміздікті қолдануға болады. Мысалы, с дыбысын айтқыза 

отырып, тіл ұшын үстіңгі тістің артына шай қасықтың ұзын сабымен көтере отырып, ш 

дыбысын қоюға болады. 

Үшінші әдіс -аралас. Нәтижеге жету үшін барлық әдістер қолданылады. 

Ата-аналар  баланың  тіліндегі  кемістікті  әрдайым  байқай  алмайды.  Адамның 

қызмет  етуінде,  ең  болмаса  оқу  кезеңінде  сөйлеуді  қажет  етпейтін  сала  жоқ.  Дұрыс 

сөйлеу  баланың  қоғамда  жетістікке  оңай  жетуіне  септігін  тигізеді.Сөйлеу  әлеуметтік 

бейімделудің  элементі  болып  табылады.  Дұрыс  сөйлей  алмау  мамандық  таңдауда 

кедергі келтіреді. Көбінесе ата-аналар дұрыс сөйлей алмау өздігінен кетеді деп санайды. 

Өкінішке  орай,  бұл  әрдайым  олай  емес.  Сөйлеуінде  кемістігі  бар  адамдарда  өз-өзіне 

деген  сенімсіздік  пайда  болады.  Мектепке  барғанға  дейін  сөйлеуді  түзетпесе,  кейін 

қиынға  соғады,  себебі,  бұл  әдетке  айналады.  Егер  бала  сөйлегенде,  дыбыстарды 

шатастырса,  жазғанда  да  шатастырады,  себебі  жазатын  сөзді  ол  алдымен  сыбырлап 

айтады. 


Баланың дұрыс сөйлеуіне қоршаған орта мен жанұядағы, мектептегі үлкендердің 

ықпалы  зор  болмақ.  Сондықтан  баламен  сөйлескен  кезде  үлкендердің  сөздері  анық, 

дұрыс болуы керек. Үлкендер баланы кішкентай  кезінен бастап таза, дұрыс сөйлеуге 

үйреткені жөн. 

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы баланың сөйлеу кемшілігін жоюда 

нақтылы жұмыс жүргізе отырып мақсатқа толыққанды жету, балабақшада, мектепте бір 

қалыпты  сөйлеу  тәртібін  құру  негізінде  шешілетін  білім  беру,  тәрбиелік  түзету  мен 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау