699
1. Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі
керек.
2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың
ата-анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Балалар мектепке баратын кезге дейінгі
уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады.
3. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар өз балаларының психологиялық
зерттеулерінің нәтижелерінің қорытындысын психолог маманнан білуге болады,
сонымен бірге психолог, ата-аналарға өз балаларының психологиясына тиісті білгісі
келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс.
4. Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан
баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-
аналар мен психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.
5. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар
психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз
байланыста болып атқаруы қажет[1].
Психодиагностикалық әдістердің көпшілігі мектепке баратын балалардың
түсінігіне байланысты психологиясы мен физикалық жағынан сау балалардың,
зерттелініп отырған қасиеттер дамуының орта деңгейін сипаттайды және осындай
зерттеулердің нәтижелерінен ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де
анықталады. Егер оның жеке көрсеткіштері нормадан жоғары болса, онда осы бала
өзінің дамуы жағынан құрдастарынан жоғары болады, ал керісінше, егер оның жеке
мәліметтері нормадан төмен болса онда құрдастарынан қалып қояды.
Психодиагностикада балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігіне байланысты
жүргізілетін эксперименттердің қиыншылығының ең бір негізгі себебі, баланың
белгілі қабілеттерін психологтар тапсырма беру кезінде, осы тапсырманы орындауы
оның қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды, сонымен бірге, мотивацияға,
мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты.
Зерттеу әдістері-танымдық процестерді зерттеуге арналған стандартты әдістер
комплексі:
-түрлі әңгіме әдіс терін қолдану.
- шағын тестік тапсырмалар.
Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организімнің қарқынды
жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық
қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық
еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы
бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары
қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы
арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші
сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін,
тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формалары игеруі үшін
қолайлы жағдайлар жасайды[2].
П.П.Блонский өзінің педалогиялық-бағдарлану концепциясында баланың
үлгермеушілігі, мектептегі сәтсіздіктерін оның жүріс-тұрыстарынан емес, әуелі семья
жағдайына, әлуметтік экономикалық мәселелерінен қарау керек деп тұжырымдаған.
700
Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе баланың
ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әрекет
жасап үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай
жасайтын адам болу керек. Қандай адамзат баласы болмасын баланың әлеуметтік
жағдайына бейімдейтін, үйрететін ата-анасы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі
балалардың танымдық процестерінің дамыту үшін өткізілген эксперементалдық
жұмыс[3].
Балалардын ойлауын сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай
болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын
ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі балалардың психологиялық ерекшеліктері
жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады.Осы зерттеуде оқушылардың жас
ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы
үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы
тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық және
мағыналы бола түсетіндігі де байқалған.
Мектепте оқытуға баланың психологиялық дайрлығы - мектепке дейінгі балалық
шақ кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы
мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті
мәселелерінің бірі болып отыр.
Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның
денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде
мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім
сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды
жақсарту басты міндет болып табылады. А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір
бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта
түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап,
олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында
бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының
жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып
білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге
үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.
В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы
балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi,
мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер
сферасы
кеңейедi,
қарым-қатынасқа
деген
қажеттiлiк,
жетiстiкке
жету,
басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу,
басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады.
Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің
күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті
шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі
кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның
ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-
әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін
жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады[4].