695
дамыту әдістерін кеңінен қолданумен қамтамасыз етіледі. Барлық ата-ана өз баласының
психофизиологиялық, жеке ерекшеліктерін біліп, олардың ақыл-ой, дене дамуын дұрыс
іске асыра алатындай болуы керек. Осы тұрғыда ата-аналарды педагогикалық,
психологиялық біліммен қаруландыру, кеңес беру логопед құзырындағы іс болмақ. Бұл
үшін мектептің қызметкерлері ата-аналарды күнделікті өмірде туындайтын
мәселелерден оңтайлы жол тауып, баланың сұраныстарына дұрыс, анық жауап бере
алатындай теориялық және әдістемелік біліммен қамту қажет.
Сөйлеу қабілетінің бұзылуын түзетуге бағытталған әртүрлі жаттығуларды қолдану
баланың өзіне деген көзқарасын және мәдениетін қалыптастырады, оқу үрдісіндегі
түрлі әрекеттер балаға өз орнын анықтауына және өзін-өзі көрсете білуіне көмектеседі.
Бұл мақсатқа ұтымды жету үшін тәрбиешілер, мұғалімдер, логопедтермен өзара
жағымды
орта
тудырып,
балалар
арасында
дұрыс
қарым-қатынастарды
қалыптастыруын қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. М.Ф.Фомичева. Воспитание у детей правильного произношения.
М.,Просвещение,1981.
2. Н.В.Курдановская, Л.С.Ванюкова. Формирование слоговой структуры слова.
М.,Творческий центр, 2007.
3. Республикалық әдістемелік педагогикалық журнал. Тілашар Логопед.№3 (2015).
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТЕАТР АРҚЫЛЫ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Курганбаева Н.О.
Мектепке дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды
шешуде театр ерекше рөл атқарады.Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер
сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер
жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық
отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны
сүймеуі мүмкін емес»-деген болатын.
Әр тұлғаның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады.
Сондықтанда да бала жан-жақты болуы үшін мектеп жасына дейінгі балалардың
бойына жағымды қасиеттерді сіңіруіміз қажет. Бала қоршаған ортасына көп білсем
екен деп қызыға өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, қызықты құбылыстарды
байқауға тырысады. Баланың жан-жақты дамып келе жатқан тұлғаның тәрбиеленуіне,
тілінің дамуына театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде театрландырылған ойындарды балалар
қызықтап ойнайды. Театр балалардың дамуына және әлеуметтік- көңіл күйлерін
көтеруге келесі жағдайда мүмкіндік береді:
Әлеуметтік және танымдық дамудың бірлестігі;
696
Мазмұны жағынан нақты, түсінікті, қызықты баланың эмоциясын өзгертуге
жағдай туғызу;
Мәнерлеп ауызша айтуда біртіндеп, жүйелі жеткізу;
Қызықты және әсерлі әдістермен тәсілдерді қолдану үлкендердің бірлескен іс-
әрекеттері (ата-аналар, педагогтар)
Баланың бойына шығармашылық қабілетті қалай дамытуға болады? Әрине ол -
театр. Театр - әрқашан мереке, жарқын, ұмытылмас әсер. Бұл өнердің түрі сәбилердің
бақытты күлкі мен қуанышы сенімді екенін дәлелдейді. Бұл өнердің түрі өзінің
жарықтығымен жан-жақтылығымен көз тартады. Бірақ театрға балалар көңіл көтеріп
қана қоймай, сонымен қатар өз бойына ерекше көріністерден жақсылық пен әділдік,
адалдық пен махаббат сияқты жақсы қасиеттерін сіңіріп алады. Орындаушылық өнер
бала үшін жақын және түсінікті. Театр - сезім, тәжірибе және эмоциялық
жаңалықтардың сарқылмас көзі, рухани байлыққа басталған әдісі болып табылады.
Нәтижесінде, балалар жақсылықты жамандықтан айыра біліп, өз көзқарасын еркін
білдіреді.
Театр балалар үшін - тамаша әлем,қиялдары орындалатын жер.
Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге
араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге
итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған
әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді. Балабақшадағы
театрландырылған іскерлік бағдарламасы: 5 бөлімнен тұрады.
Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және
үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық
қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл
бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:
- дамытушылық
-әсемділік
- театрлық.
Ырғақты иілгішті (ритмопластика)– бұған кешенді ырғақтылық, музыкалық,
иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығымен
еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-
қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.
Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен
дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрылымын еркін айтуға,
тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар
кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық фантазиясын
дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді. Жаттығулар 3-ке
бөлінеді: тыныс алу және артикуляциялық, дикциялық және интонациялық сөздер
мен шығармашылық ойындар.
Театр мәдениеті: Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту.
Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері,
қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.
Қойылыммен жұмыс – жанама бөлім, авторлық сахналауға негізделген. Оған
кіретін тақырыптар.