691
Литература:
1. Программа воспитание и обучения детей старшего дошкольного возраста (от 5
до 6 лет) Астана 2010 г.
2. Музыкальные занятия. Образовательное пространство ДОУ г. Волгоград 2014
3. Логопедические музыкально- игровые упражнения для дошкольников Е.А.
Судакова Санкт – Петербург 2013 г.
4. Новые логопедические распевки, музыкальная пальчиковая гимнастика,
подвижные игры, СD. Н.В. Нищева Л.Б. Гавришева, Санкт – Петербург 2013 г.
5.Информационные технологии в дошкольном образовании. Москва 1994 г.
6. Информационные технологии в музыке. Учебно – методическое пособие.
Долгуин С. Омск 2004 г.
ТІЛІНДЕ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Кулмагамбетова К.К., Шайымбекова Н.А.
ЖББ№77МБК, ЖББОМ №16
Сөйлеу адамның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол ақырындап баланың
дамуымен бірге қалыптасады. Сөйлеудің бұзылуы дегеніміз -сөйлеушінің осы жалпы
тілдік ортада тілдік қалыптан ауытқуы деп түсінеміз.
Тіл кемістігі сипаттамалары:
а) пайда болса, өздігінен жойылмайды, нығаяды;
ә) сөйлеушінің жасына сай келмейді;
б) сипатына байланысты логопедтердің араласуын қажет етеді;
в) дұрыс сөйлемеу, баланың одан әрі дамуын тежейді және бұрмалайды.
Ең көп кездесетін тіл кемістігі:дыбыс айту кемшілігі, сөйлеу ырғағының бұзылуы
және жалпы сөйлеудің дамуының тежелуі болып саналады.Олардың себебі әр түрлі:
соматикалық әлсіздік, психофизиологиялық бәсеңдеу, қолайсыз сөйлеу ортасы,
баланың кішкентай кезінде сөйлеуінің дамуына көңіл бөлмеу, отбасындағы қостілділік
және т.б.
Түрлі аурулар баланың ағзасын әлсіретеді де, сөйлеу қызметі бұзылуының пайда
болуына жағдай жасайды. Әсіресе, бұл отбасында жалпы сөйлеу тәрбиесі дұрыс
болмаса.
Баланың дұрыс дыбыс айтуының тежелуіне немесе бұзылуына сөйлеу
аппаратының кемістігіне әсер ететін факторлар:
тіл асты желбезегінің қысқалығы немесе үлкендігі;
жақтың үлкендігі;
үстіңгі, астыңғы жақ тістерінің патологиялық орналасуы;
жұмсақ -қатты таңдайдың жырығы;
тілдің қызыл иектің жырығы әсер етеді.
Дыбыс айту кемшілігінің көбі, сөйлеу ырғағының бұзылуы, ата-ананың,
тәрбиешінің, логопедтің жұмысты дұрыс ұйымдастыру негізінде түзетіледі. (Соның
ішінде тұтығу).
692
Алайда сөйлеудің бұзылуының басқа да күрделі себептері кездеседі, мысалы
орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы (ерте жастағы менингит,
энцефалит, бастың жарақаттануы және т.б).Бұл бұзылыстар балабақшадағы тәрбие
жұмыстарымен ғана толықтырылмайды: арнайы бағытталған логопед пен
психоневрологтың көмегін қажет етеді.
Сөйлеу кемістігінің алдын -алу үшін:
1 Баланың жалпы жағдайын бақылап отыру қажет (жалпы тәртіпті сақтау:
уақытымен тамақтану, ұйқы, таза ауада жеткілікті жүру), оның ағзасын шынықтыру,
нығайту (инфекциялық ауруларға шалдықтырмауға тырысу және аурудан кейінгі
баланың ағзасын нығайту).
2. Уақытымен ауыз қуысының жағдайын бақылау; мұрынжұтқыншақ жағдайын
бақылау, созылмалы тұмауды болдырмау, ангинадан кейін баланың дауысына күш
түсірмеуін қадағалау; құлақтың ағуын болдырмау және с.с., өйткені осының барлығы
сөйлеудің дамуының тежелуіне және оның бұзылуына әсер етеді.
3. Сөйлеу тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына жағдай жасау.
Мұғалім үшін ең маңызды және ең қиыны -бұл баланың дыбысты дұрыс айта
алмауын естуі. Сөздегі дыбыстың жоқ болуы немесе басқа дыбысқа алмастыруын
әдетте ата-аналары, тәрбиешілері естиді. Ал дыбыстың бұрмалап айтуын ести
қоймайды немесе балада дыбыс бар, бұрмалап айтуын жас ерекелшелігіне байланысты
деп есептейді.Бұндай көзқарас бұрмалаудың нығаюына апарады және оны кейін түзету
қиынға соғады, дыбыс қоюда да ұзақ уақыт алады.
Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалар арнайы балабақшалардағы арнайы топтарда
және жалпы білім беретін мектептерде түзетушілік, логопедиялық көмек ала алады.
Логопедия ғылымына қысқаша тоқталсақ, "логопедия" -сөйлеу тілін, оның дамуын,
бұзылуын зерттейтін және оны арнайы оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін қолдану арқылы
түзету мен болдырмауын қарастыратын ғылым. Логопедия өз дамуында неврология,
нейропсихология,нейролингвистика, психология мен педагогика ғылымдарына
негізделеді.
Логопед -балаларды диагноздарына қарай зерттеп, түзете -оқытады.
Алдымен, арнайы логопедиялық әдістерді қолдана отырып, дыбыстың
артикуляциясын анықтайды және дыбыстарды дұрыс айтуға үйретеді.
Дыбыстарды буындарда, сөздерде, сөйлемде дұрыс ажырата білуге үйрете
отырып, еске сақтау қабілетін дамытады.
Сөйлеу қабілетін жетілдіріп, сөз байлығын дамытады.
Зейінін, ойлау қабілетін, танымдық қабілеттерді дамытуға күш-жігерін
жұмсайды.
Дыбыс айту кемшілігін түзетудегі негізгі жұмыс: жаппай, топтық, жекелеме болып
бөлінеді. Жаппай оқыту бір жылға дайындалған жоспармен барлық топ оқушыларына
жүргізіледі. Сабақ толығымен балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға
арналады.
Балаларға сөйлеу кезінде ауыз, ерін, тіс, тіл ұшының қолданылатынын айтамыз.
Артикуляциялық аппараттың мүшелерінің қозғалысымен таныстырамыз: еріндеріміз
тістерді көрсетіп, жымия алады; түтікше тәрізді алдыға созылады; төменгі жақ ауызды