Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет290/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   472

 

612 


 

- аналарын таңқалдырып, қуантып жатады. Жуырда мен біздің практикамызға түсінікті, 

әрі  меңгеруге  оңай  ойын  диалогтарын  енгізе  бастадым.  Бұл  диалогтарды 

театрландырумен  үйлестіре  отырып,  бәріне  таныс  ертегілерде  балалардың  рөлдерін 

ауыстырып, алмастырып отырамын. Мұндай коммуникативті ойын әдісінің тілге тиек 

ететін ерекшелігі мұнда оқыту уақытын тиімді қолдануға мүмкіндік беретін тек жеке 

жұмыс  емес,  сонымен  бірге  жұптық,  топтық,  ұжымдық  жұмыс  жүргізіледі.  Оларға 

мысал етіп келесі стандартты диалогтарды келтіруге болады:  

1. Show me (маған көрсетші) - мұғалім затты атайды, ал бала керекті сөзді суреттен 

іздеп, көрсетеді.  

2. What’s this? Мұғалім сөздерді көрсетеді, балалар оларды атайды.  

3. What’s missing? (не жоғалды) 

4. What’s doesn’t belong? (не артық) 

Әрине,  бұл  әдістердің  барлығы  баланы  мектепке  сапалы даярлауға  үлкен  үлесін 

қосады. Қазіргі таңда ата  - аналар да бүлдіршіндері үшін мектепке дайын болу үшін 

ағылшын  тілінің  маңызын  айқын  түсінеді.  Балаларымен  балабақшадан  берілген 

тапсырмаларды  орындап  отырады.  Ал  біз  балабақша  педагогтары  болсақ, 

бүлдіршіндеріміз  мектепке  дайын  болып,  мектепте  ағылшын  тілін  оқу  барысын 

оңайлықпен алып кетсін деген ниетпен, шаршамай, талмай жұмыс істеуге дайынбыз.  

 

Қолданылған әдебиет:  



1. Конышева А. В. Английский для малышей, Минск, 2004. 

2. Коти Т.Ю. Английская азбука, М., 1997. 

3. Вронская И. В. Английский язык в детском саду. С.- Пб., 2001 

4. Стронин  М.  Ф.  Обучающие  игры  на  уроке  иностранного  языка.  М., 

Просвещение, 1984 

5. Английский язык в картинках.- М.: Русское энциклопедическое товарищество, 

2003.  

6. Mady  Musiol,  Magaly  Vilarroel  “My  first  English  Adventure”/Pearson  Education 



Limited, 2005 

 

 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ 

МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУ 

 

Касымова Маржан Куандыққызы 



Шет ауданы «Балдырған» балабақшасы 

 

Мектепке бару - кез келген баланың өміріндегі маңызды бір сәт. Оның мектепке 

аяқ басқан алғашқы күндері қалай өтіп, мұғалімдермен, құрбы-құрдастарымен қарым-

қатынасы қалай қалыптасса, оның сабақ үлгірімі де, келешек әлеуметтік табыстары мен 

өзін-өзі  керсете  білу  қабілеті  де  кәбіне-көп  солай  қалыптаспақ.  Осыған  байланысты 

мектеп  басшылары  мен  педагогтары  алдында  оқудың  алғашқы  кезеңін  тиімді 

ұйымдастыру, білім ұясына жаңа келген баланың тез үйренісіп кетуіне жағдай жасау 

мәселесі  алдыңғы  кезекте  турады.  Бұл  проблема  әсіресе  12  жылдық  оқуға  көшу 




 

613 


 

жағдайында айрықша кәкейкесті сипат алып отыр. Өйткені мұнда мектептік білім бөру 

жүйесі алты жастан басталмақ. 

Бейімдеу  кезеңінің  қажеттігін  түсінбеу  бала  жүйкесініңжұқаруына,  көпшілігінің 

соматикалық ауруға ұшырауына, мінез-қулықтарында келеңсіз жәйттер - «мектеп стресінің» 

пайда  болуына  әкеліп  соқтырады.  Тіршілік  режимінің  қайта  құрылуы  мен  қозғалыс 

белсенділігінің күрт шектелуі,  балада  жауапкершілік  сезімдерінің,  жаңа  міндеттердің пайда 

болуы, тәртіпке қойылатын қатаң талаптар, әрі ұзақ әрі жүйелі түрде жүргізілетін сабақтар, 

күрделі оқу бағдарламасы, айтарлықгай статистикалық жүктемелер, күн режимінің тиімсіздігі, 

мектепке дейінгі ұйымда белгілі бір тәртіппен берілетін тағам түрлерінен бөлек әрі сапасы да 

бөлек ретсіз тамақтану, күндізгі ұйқыдан қағылу - осының бәрі оқудың алғашқы аптасында 

кездесетін қиындықтар. 

Мектеп  табалдырығын  жаңадан  аттаған  балалардың  жақсы  оқып  кетуі  үшін  қажетті 

алғышарттар  жасалуы  тиіс.  Балалардың  айнала  қоршаған  орта  жөнінде,жануарлар  мен 

өсімдіктер  әлемі  туралы,  адамдар  жайлы  элементарлық,  бірақ  жеткілікті  дәрежеде 

таным-түсініктері  болуы;  эстетикалық  және  адамгершілікі  тәрбиенің  бірқатар 

элементтері,  атап  айтқанда:  мейірімділік  пен  зұлымдық,  шындық  пен  өтірік  туралы 

ұғымдары  қалыптасқан  болуы  тиіс.  Бұл  міндеттер  үйде  және  мектепке  дейінгі 

сыныптарда, жексенбілік мектептердің «әзірлік топтарында», даму орталықтарында т. 

б.  орындарда  өз  шешімін  табуға  тиісті.  Мұнымен  қатар  мектепке  даярлық  тек 

интеллектуалдық  дамумен  ғана  шек-  телмейді.  Зерттеулер  көрсетіп  отырғандай, 

туындайтын  қиындықтардың  негізгі  бөлігі  мектепке  біржақты,  тек  интеллектуалдық 

даярлаудан  келіп  шығады.  Баланы  тұлғалық  тұрғыдан  да,  психикалық  тұрғыдан  да, 

физикалық  тұрғыдан  да  дамыту  қажет.  Бұл  компоненттердің  бірі  жетілмеген  болса, 

проблемаға әкеліп соқтырады. Ол проблеманы үш типологиялық топқа бөлуге болады. 

Бірінші топқа «энергиялық» интеллектуалдық пассивтілік проблемасы. Мектепке 

физикалық  тұрғыдан  жеткілікті  даярланбаған  балалар  осы  топқа  жатады.  Мұндай 

балалар сабақтан тез шаршайды, енжар болады, қимылсыз немесе бір нәрсеге қобалжып 

отырады.  Педагог  мұны  баланың  салғырттығынан,  қимыл-әрекет  үйлесімділігінің 

сәйкессіздіктерінен  байқай  алады.  Мұндай  балалар  материалды  есінде  дұрыс  сақтай 

алмайды.  Энергия  запасының  тым  аздығы  оларға  ой  еңбегімен  көп  шұғылдануға 

мүмкіндік  бермейді.  Мұғалімнің  түсіндірмелерін  дұрыс  қабылдап,  өз  қызметін  өзі 

ұйымдастыруға шамасы келе бермейді. Олар оқу жүктемелерін келесі сыныпта да жөнді 

игере  алмайды.  Мұндай  балалар  шамшыл,  ашуланғыш,  жылауық  және  сотқар  болып 

келеді. Әнергиялық пассив балалар тым баяу қимылдайды, өзіне-өзі сенімсіз болады, 

батыл шешім қабылдай алмайды. 

Екінші  топтағы  балаларға  -  «операциялық-техникалық»  интеллектуалдық 

пассивтілік - ойлау процесінің (талдау, жинақтау, салыстыру, қорыту және т. б.) нашар 

дамуы  тән.  Олар  қоршаған  орта  туралы  таным-білімдерінің  жет-  кіліксіздігінен  оқу 

материалын  дұрыс  игере  алмайды,  оқыған  ережелерін  жаңа  материалға  қолдануға 

шорқақ,  оқып-үйрену  жұмыстарын  ұйымдастыру  дағдысы  төмен,  тапсырмаларды 

өздігінен  орындауға  қабілеті  жетпейтін  бола-  ды.  Мұндай  балалар  ой  қызметіне 

салғырт, пассив, абстракты ойлауды қажет ететін теориялық материалдарды игерулері 

нашар болып келеді. 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау