Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет292/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   472

 

616 


 

11. 


Ұсақ қол бұлшықеттерінің дамуын зерттеу. 

Балалар психологі баланың оқуға даярлығын жыл аяғында зерттеп тексеріп, нәтижесін 

шығарып  отыруы  қажет.  Ата-аналарға  осы  зерттеулер  нәтижесінің  қорытындысы  жөнінде 

хабардар етіп отыруы керек. 

Тәуелсіз  Қазақстаннның  Білім  заңына  орай  жаңа  ұлттық  білім  үлгісі  бойынша 

мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бүрыннан 

қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгеруге тура келеді. Баланың тұңғыш 

рет  мектеп  табалдырығын  аттап,  білім  алуға  ден  қоюы  -  оның  өміріндегі  дамуының 

негізгі кезеңі. Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса 

бастайды. 

А.С.Выготский бұл кезеңді “Жеті жастың өзгеру кезеңі” - деп атады. Балаларды 

мектепке дайындаудың нөтижесі мектептегі оқу кезеңінде айқын байқалады. Көбінесе 

балабақшадан емес, үйден тәрбиеленіп келген балалардың дайындығының кем екендігі 

айқын аңғарылатын себебі де осында болса керек. 

Балалардың мектепке дайындығының сапасына келетін болсақ, мектепке дейінгі 

жаста адам өміріне қажетті психикалық жөне дене төрбиесінің сапалары қалыптасады. 

Осы шақта қоршаған ортаны қабылдау, өзіне деген қарым-қатынастары, атап айтқанда, 

3-7 жас аралығында эмоциялық, танымдық, ерік сезімдері нығаяды. 

Баланы  мектепке  дейінгі  оқытудың  негізгі  бөлімдеріне:  балалардың  дене  бітімі 

дамуының,  психикалық  дамуының  деңгейі  және  құрдастарымен,  қоршаған  ортамен 

қарым-қатынасы жатады. 

Жалпы  дайындық-ол  психологиялық,  адамгершілік  және  дене  дайындығы. 

Адамгершілік  дайындық  және  ерік  дайындығы  бір-  бірімен  тығыз  байлаынсты.  Әр 

баланың басқа баладан ерекшеленетін өз мінезі бар, соған байланысты балалар істеген 

ісін, қылығын басқарып үйренуге тиісті. Сонда ғана мектепке барғанда тез тіл табысып 

кетеді. 


Психологиялық  дайындық-  ол  таным  процестерінің  дамуымен  байланысты. 

Балалар өз еркімен жұмыс істеуге әлі толық дайын емес, зейіні тұрақсыз, тез шаршайды. 

Мектепке барғанда мұғалім барлық ерекшеліктерді ескеріп, дайындық кезеңіндегі әдіс-

тәсілді жалғастыра отырып, осындай таным процесін дамытады. 

Дене дайындығы - мықты денсаулық, шыдамдылық қасиеттер балаларда болу үшін 

дербестік, еңбек сүйгіштік, жинақтылық сияқты қасиеттері де даму үшін ата-аналардың 

көмегімен жұмысты бекіту керек. 

Жаңа  ортаға  үйрену.  а)құрдастарымен  ұрыспай,  ренжіспей  тіл  табысу 

ә)үлкендермен тіл табысу 

Баланы мектепке дайындықты балабақша мен мектептегі әдіс-тәсілдері ұштастыру 

арқылы  жүзеге  асыруға  болады,  бірақ  оларға  қойылатын  міндеттілік,  реттілік,  ойын-

әдістерін пайдалану, өзкезегімен бір-бірден жауап беру сияқты талаптар бірдей болуға 

тиісті. 

Мектеп  алды  тобында  мектепке  дайындау  үшін  психолог  маман  мынандай 

міндеттерді білуге тиісті: 

1. 


Нені зерттейді оны қалай жүргізеді? 

2. 


Кім оны зерттейді және қалай? 

3. 


Шыққан нәтижені қалай пайдаланады? 


 

617 


 

Мектепке немесе гимназияға бару үшін баланың даму деңгейі қандай болу қажет 

дегенде мына төмендегі шарттарды айтуға болады: 

1. 


1 .Үлкендермен қарым-қатынасы. 

2. 


Құрдастарымен қарым-қатынасы. 

3. 


Өзін-өзі бағалай білуі және сол бағаны төмендетуге үйрету. 

Мектеп алды кезеңнің соңында баланың мінезі еріктіболады. Үлкендермен қарым-

қатынасында  балалар  олардың  берген  білімдерін  бар  зейінімен  қабылдайды.  Балада 

еріктің дамуы төмен болса, берген тапсырманы түсінбей, өз еркімен жасай алмайды. 

Сондықтан  да  мектепке  баратын  балалардың  үлкендермен,  қүрдастарымен  жақсы 

қарым-қатынаста болуының зор маңызы бар. 

Құрдастармен  қарым-қатынасы.  Егер  бала  жанындағылармен  тіл  табыс  алса, 

мектепте  оқуға  дайын  деп  есептеуге  болады.  Мұндай  дағды  баланың  бойында 

кездеспесе,  онда  оған  мектепте  өте  қиын  болады.  Мысалы:  бірге  оқып  жүрген 

құрдастарының жауабын тыңдап, әңгімені толық аяқтай алмайды, бала өз көңіл- күйін 

білдіре алмайды (қуану, ренжу). 

Өзін-өзі бағалау нәтижесін әр түрлі жолмен зерттеуге болады (сырттай бақылау, 

сұрақ қою, белгілі бір жағдайға келтірілгенде). 

Ақыл-ой дамуы. Бүған психикалық процестердің, тілдің, есеп сабақтары арқылы 

логикалық ойлау қабілетінің дамуы жатқызылады. 

6-7  жастағы  балалардың  естері  еріксіз  жақсы  дамиды.  Ерікті  естері  жаңа  ғана 

қалыптасады.  Сондықтан  жақсы  қабылдап  алған  заттардың  түсін  есінде  жақсы 

сақтайды.  Көру  және  есту  елестері  көрген  нәрселердің  мазмүнымен  байланысты 

болады. Ес процесін жеке тексеру қажет. 

Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы 

жақсы дами береді. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты көрмей түрса, берген сүраққа 

толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға 

тиісті. 

 

Қолданған әдебиеттер : 



1.Сынып жетекшінің анықтамалығы . 

2.Бастауыш мектеп. 

3.Бастауыш сыныпта оқыту республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. 

 

 



ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 

 

Кахарова Д. С. 



Республика Узбекстан 

 

Своевременность:  В  данной  статье  даны  сведения,  позволяющие  определить 

профессиональную направленность учеников, нуждающихся специальной помощи, их 

отношение к труду, интересы по наукам. 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау