Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет288/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   472

 

607 


 

АҒЫЛШЫН ТІЛІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ 

ДАЙЫНДАУДЫҢ БІР БӨЛІГІ РЕТІНДЕ 

 

Каримова Г.С. 



КМҚК «Алтын сақа» балабақшасы 

 

Білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  қоғамның  өскелең  ұрпақты  оқыту  және 



тәрбиелеуге деген талаптарының өте жоғары екенін көрсетуде. Ол балаларды мектепте 

оқытуды  ерте  бастаумен  байланысты  қазіргі  таңда  жаңа,  барынша  тиімді 

психологиялық-педагогикалық  тәсілдер  мен  шараларды  іздестіруге  тура  келуде.  Бұл 

тұрғыда,  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  мектепке  дайындау  мәселесі  ерекше 

маңыздылыққа  ие  болады.  Бұл  мәселенің  шешімімен  мектепке  дейінгі  балаларды 

мектепке  дейінгі  мекемеде  және  мектепалды  даярлау  сыныптарында  оқытудың 

мазмұнын, мақсаттарын және принциптерін анықтау тікелей байланысты.  

Балаларды  мектепке  дайындау-кешенді,  жан-жақты,  баланың  өмірінің  барлық 

салаларын қамтитын мәселе. Бұл мәселені шешкенде бірнеше аспектілерге көңіл бөлген 

жөн. Біріншіден, болашақта оқуда табыстарға қол жеткізудің кепілі-дамып келе жатқан 

баланың тұлғасына және танымына еш кедергі көрсетпеу, екіншіден баланы жазу, оқу, 

санау  сияқты  қарапайым  мектеп  дағдыларына  икемдеп,  үйрету.  Заман  талабына  сай, 

қазіргі  таңда  баланы  мектепке  дайындау  барысында  аталмыш  қарапайым  мектеп 

дағдыларынан  басқа  ағылшын  тілінің  де  орны  ерекше  болып  тұр.  Қай  кезеңде 

болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына 

кіріп,  өзінің  коммуникациялық  және  интеграциялық  қабілетін  кеңейтіп  отырғаны 

тарихтан  белгілі.  Мәселен,  ежелгі  Мысырдың  өзінде  бірнеше  тілді  білетін  мамандар 

иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді. Қазіргі 

таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді 

маңызды  міндет  деп  санайды.  Сондықтан  біз  де  өз  халқымыздың  қарыштап  дамып, 

өркениеттен  кенже  қалмау  үшін  көп  тілді  меңгеруіміз  қажет.  Бұл  заман  талабынан 

туындап  отырған  қажеттілік.  Себебі,  бірнеше  тілде  еркін  сөйлей  де,  жаза  да  білетін 

маман  бәсекеге  қабілетті  тұлғаға  айналатыны  сөзсіз.  Осы  ретте,  президентіміз 

Н.Ә.Назарбаевтың:  «Қазір  біз  балаларымыз  қазақ  тілімен  қатар  орыс  және  ағылшын 

тілдерін  де  белсенді  меңгеру  үшін  жағдай  жасауға  шаралар  қабылдап  жатырмыз. 

Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», - деген болатын 2012 жылы 

14  желтоқсандағы  Жолдауында.  Яғни,  біз  мемлекеттік  тілді  дамытып,  орыс  тілі  мен 

ағылшын  тілін  қажетіне  қарай  үйренуіміз  керек.  Бүгінде  ағылшын  тілі  бастауыш 

сыныптардан емес, балабақша қабырғасынан бастап оқытыла бастады. Бұл - өте дұрыс 

нәрсе.  Себебі,  бала  жастайынан  тілді  базалық  деңгейде  білсе,  болашақта  кәсіби 

деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады.  

Тілді  меңгеру  -  ата-ана  мен  педагогтардың  тарапынан  мұқияттылық  пен 

табандылықты, ұзақ  уақытты талап ететін күрделі процесс. Балаларға  ағылшын тілін 

тек мектеп қабырғасынан бастап оқытып, ал тілді меңгеру деңгейін күнделікке, табельге 

немесе сынақ кітапшасына баға қоятын мектеп немесе жоғары оқу орнының мұғалімі 

ғана  бағалайтын  заман  өткен.  Қазіргі  таңда  шет  тілін  білу  -  білімділік  пен  жарқын 

болашақтың  кепілі  ретінде  қабылданады.  Ағылшын  тілінің  базалық  курсын  немесе 



 

608 


 

ауызекі  ағылшын  тілін  білу  -  беделді  оқу  орнына  түсудің  немесе  жақсы  жұмысқа 

тұрудың  бірден  -  бір  кепілі  болып  отыр.  Шет  тілін  білу  адам  алдында  сан  қырлы 

мүмкіндіктерді ашуда: жаңа адамдармен танысу, саяхаттау, ой - өрісіңді шыңдау.  

Сондықтан  да,  Президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың  ұсынысымен  мектептерде 

ағылшын  тілін  оқыту  бірінші  сыныптан  басталады.  Сол  сияқты  Қазақстан 

Республикасы  инновациялы  көптілді  үлгіні  қалыптастыру  мақсатында  үштілді 

мектептердің  санын  әлдеқайда  арттырмақ.  Яғни,  бұл  балалар  бірнеше  жылдан  кейін 

мектептегі дисциплиналарды да үш тілде бірдей оқитын болады. Сол себептен, осы 2015 

-  2016  оқу  жылынан  бастап  біздің  балабақшаның  бүлдіршіндерін  мектепке  сапалы 

дайындау жолында нақты, әрі нәтижелі шаралар қолданудамын.  

Мектеп  жасына  дейінгі  шақ  шет  тілін  оқуға  ең  қолайлы  кезең:  бала  әлі  тіл 

құбылыстарына сезімтал келеді, тілді оқуға, үйренуге деген қызығушылығын ояту оңай. 

Олар  көлемі  жағынан  кішігірім  тілдік  материалды  меңгеріп,  оны  оңайлықпен  қайта 

жаңғыртады. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. 

Ал  осы  берік  әрі  мықты  білімді  санаға  себелеп,  жанға  ұялататын  әрине  мұғалім. 

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту 

мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен 

әдістерді барынша қолдануға тырысудамын. Мектеп оқушыларына қарағанда мектепке 

дейінгі  жастағы  балалардың    еліктегіш  қасиеті  жақсы  дамыған,  сондықтан  олар 

ағылшын  тілін  үйренгенде  азырақ  қиналады.  Сонымен  қатар,  олар  ағылшын 

дыбыстарын, сөздерін, сөйлемдерін қайталағанды ұнатады. Бастауыш мектеп балалары 

да  еліктеу  арқылы  үйренеді,  бірақ  бұл  балаларға  дыбыстарды  дұрыс  айтқызу  үшін 

сөйлеу  мүшелерінің  жұмыстарын  түсіндіруге  болады.  Уақыт  өте  келе  аталмыш 

жағымды факторлар өз күшін жоғалта бастайды.  

Баланың  мектепке  дейінгі  жаста  ағылшын  тілін  оқуының  тағы  бір  жағымды 

факторы бар. Бұл баланың жасы неғұрлым кіші болса, оның ана тіліндегі сөздік қоры 

да соғұрлым кішкентай болады. Алайда оның коммуникативтік қажеттіліктері азырақ, 

басқаша  айтқанда,  ересек  балаға  қарағанда  қарым  -  қатынас  аясы  кемірек,  қиын 

коммуникативтік  мәселелерді  шешу  қажеттілігі  жоқ.  Яғни  бала  шет  тілін  меңгеру 

барысында өзінің ана тілі мен шет тілін меңгеру деңгейінің әр түрлі екенін байқамай, 

шет тілін меңгеруіндегі табыстары айқынырақ болады. Ал бұл оның шет тілін одан әрі 

шыңдап, оқуға деген мотивациясы мен ынтасын шыңдай түседі.  

Бүлдіршіндерді оқыту - мектеп жасындағы балалар мен ересектерді оқытудан гөрі 

өзге  әдістемелік  амал  -  тәсілдердің  қолдануын  талап  ететін  оңай  емес  жұмыс.  Егер 

ересек адам ағылшын тілін білетін болса, бұл оның балаларды оқытуға деген құқы бар 

деген сөз емес. Әдістемелік тұрғыдан қате құралған немесе өткізілген сабақпен кезіккен 

бала  ағылшын  тілін  оқуға  деген  құлшынысынан  біржола  айырылуы  әбден  мүмкін. 

Мектеп  жасына  дейінгі  бүлдіршіндермен  тек  өз  ісін  сүйетін,  әрдайым  өз  білімін 

шыңдауға  деген  құлшынысы  бар  педагогтар  жұмыс  істеу  керектігі  айдай  анық. 

Қарағанды  қаласының  «Алтын  сақа»  балабақшасында  бүлдіршіндермен  жұмыс  істеу 

тәжірибемнен  ұйымдастырылған  оқу  іс  -  әрекеті  баланың  жас  және  жеке  бас 

ерекшеліктерін, лингвистикалық қабілеттерін ескере отырып қана қоймай және оларды 

әрі  қарай  шыңдап,  дамытуға  бағытталуы  керек.  Дәл  мектеп  жасына  дейінгі  шақта 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау