Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет289/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   472

 

609 


 

баланың тілі белсенді дамиды, сөздік қоры өсіп, сөздің мән - мағынасын түсініп, тілдің 

грамматикасын меңгеруі шыңдалады. 

4-5 жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойнау іс-әрекеті болғандықтан ағылшын 

тілін  үйрету  кезінде  мен  осы  факторды  ескере  отырып  әртүрлі  ойындарды 

пайдаланамын.  Ойындар  арқылы  мен  балаларға  жаңа  сөздерді,сөз  тіркестерін 

үйретемін. Ойын арқылы балалар шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және 

ойын кезінде бүлдіршіндер шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін 

тез  үйренеді.  Егер  мұғалім  ойынды  тек  балаларды  көңілдендіруге,  дем  алдыру  үшін 

ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір  білім беруді мақсат етіп, ойналған 

кезде  ғана  нәтижелі  болады.  Ұйымдастырылған  іс  -  әрекет  барысында  мен  ойынның 

бірнеше түрлерін қолдануға тырысамын. Олар:  

1. грамматикалық ойындар 

2. фонетикалық ойындар 

3. лексикалық ойындар 

4. орфографиялық ойындар 

5. рольдік ойындар 

Шет тілінде лото, карта, домино, жұмбақтар, кроссвордтар, байқаулар түрінде де, 

лингвистикалық ойындар, қолғап ойыншықтар, жануарлар, көкөністер т.б. түрінде де 

ойнатамын.  Сонымен  қатар  балабақшадағы  ересек  топтардың  балаларымен  сөздік 

қорын молайту, мектепке даярлау мақсатында мнемотехника, сурет бойынша кішігірім 

әңгіме  құрауға  баулудамын.  Мұндай  жұмыстың  барысында  бала  ағылшын  тілінде  өз 

бетімен сөйлем, әрі қарай тақырып бойынша кішігірім әңгіме құрауға машықтанады. 

Төменде  осындай  әңгіме  мен  мнемотехника  әдісін  қолданудың  мысалы  келтірілген: 

 

2. Әңгіме. Рассказ. Story. 

 

 



 

It is [ит из]             .   

   come back [кам бәк].   

 

The [вэ]              and [әнд]  



   become [бикам]              .  

 

 



The [вэ]                shines bright [шайнс брайт].  

 

 



                                       Nauryz  [науриз]. 

 

On Nauryz [он науриз]            



 

  



On Nauryz [он науриз]              fix [фикс]  

  . 


         eat [и:т]                  

    


                   .  

 

 



         like to [лайк ту]               Nauryz [науриз]. 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

610 


 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 



 

 

 



 

 



   

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

   



 

 



 

 

 



 

 

1.My name is… [май нейм из]. 



2. I’m five (six) [айм файв сикс]. 

3. I’m from Kazakhstan [айм фром 

кәзәкстан] 

4. I like… [ай лайк]. 

5. I’ve got… [айв гот]. 

6.  I  go  to  the  kindergarten  [ай 

гоу ту зэ киндэга:тэн]. 

 

Бүлдіршіндермен жұмыс істеу барысында мұндай әдістің ағылшын тілінде жаңа 



лексиканы  меңгеруде,  пассивті  сөздікті  жандандырып,  оны  қарапайым  өмірлік 

жағдайларда  қолдануға  баулуда  рөлі  зор  екеніне  көзім  жетті.  Ал  балабақша 

қабырғасында  жүрген  баланы  мектепке  дайындау  бырысында  осындай  әңгіме 

құрастыру  әдісі  мен  үшін  таптырмас  әдіс  болып  отыр.  Сол  сияқты  ерте  жастағы 

билингвизм  баланың  ойына,  зейініне,  қиялына  оң  әсері  бар  екенін  байқадым. 

Бүлдіршіндерді мектепке даярлау барында аталмыш әңгіме құрастыруға баулу әдісінен 

басқа, ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті барысында мен тыңдалым (аудирование), өлең 

айту,  ертегі оқу,  сонымен қатар  қуыршақ  немесе  саусақ театрының  ағылшын  тілінде 

сөздік  қорын  байытуда  үлесі  зор.  Осының  ішінде  балаға  ерте  жастан  ағылшын  тілін 

оқытып, мектепке даярлауда орны ерекше - тыңдалым.  

Тыңдалым - тілдесімді есту арқылы түсіну. Ол ағылшын тілінің дыбыстық жағын, 

фонемдік құрылымын, интонациясын, ырғағын меңгеріп, тілдің лексикалық құрылымы 

мен  граммаьтикасын  меңгеруге  көмектеседі.  Тыңдалым  ағылшын  тілінде  сөйлеуді, 

жазуды  және  оқуды  меңгеруге  деген  үлесі  зор.  Көптеген  ғалымдардың  ойынша, 

ағылшын  тілінің  тілдесімін  тыңдап  түсінетін  бала  мектеп  қабырғасында  ағылшын 

тілінің  графикалық  жазуын  да  оңайырақ  меңгереді.  Ересек  топтарда  бүлдіршіннің 

ағылшын  тіліндегі  сөздік  қоры  бірнеше  ондық  сөзге  жеткенде  біздің  балабақшада 



 

611 


 

тыңдалымның бір бөлігі ретінде аудиоертегілерді енгіземіз. Негізі, аудиоертегілерді екі 

топқа  бөлуге  болады.  Олар  «таза  түрдегі»  аудиоертегі  және  көрнекілермен  бірге 

қолданылатын аудиоертегілер.  

«Таза  түрдегі»  аудиоертегі  бүлдіршіндермен  ағылшын  тілін  оқудағы  керемет 

әдістердің бірі. Басында ұйымдастырылған оқу іс - әрекет кезінде «Three little kittens» 

,«Three  Little  Pigs»  немесе  «Too  Many  Daves»  сияқты  кішкентай,  түсінуге  оңай 

ертегілерді  қолданамын.  Ертегілерді  таңдау  кезінде  олардың  күрделігі  баланың  жас 

ерекшелігіне сай келуі өте маңызды.  

Көрнекілермен  бірге  қолданылатын  аудиоертегілер  -  ертегіні  тыңдау  барысында 

балалармен бірге суреттер қарап, ертегінің сөздерін бірге айтамыз.  

Ағылшын  тілінің  ертегілерін  тыңдауды  бала  үшін  қызықты  ету  мақсатында 

ертегінің суретін салу әдісін қолдануға болады. Алайда бұл әдісті бала ертегі желісін 

кішкене  біліп,  меңгерген  кезде  қолданған  жөн.  Сондықтан  балаларға  қағаз  бен 

қарындаштарды  ертегіні  екінші  немесе  үшінші  рет  тыңдағаннан  кейін  беремін. 

Тыңдалым  кезіндегі  сурет  салу  баланың  ақпаратты  қатар  қабылдау  және  жаңғырту 

процестерін  қозғайды.  Сурет  салу  кезінде  баланың  естігенімен  ассоциациялық 

байланысы  қалыптасады.  Ерікті  ма,  еріксіз  бе  әйтеуір  ағылшын  тілінің  сөздері  мида 

сақталады.  

Ойын,  өлең  айту,  ағылшын  тілінде  бірге  мультфильм  көру  оқыту  барысын 

әлдеқайда жеңілдендіріп, ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін бала үшін қызықты, тиімді 

етеді. Ал ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті кезінде әрекет түрлерін өзгертіп, алмастыру 

еске сақтау, қайталау, өткен лексикалық материалды бекіту міндеттеріне қол жеткізуге 

көмектеседі.  

Біздің  балабақшада  ұйымдастырылған  оқу  іс  -  әрекетін  топты  балалардың  жас, 

физиологиялық және лингвистикалық ерекшеліктерін ескере отырып кішігірім топтарға 

бөліп  өткізуге  тырысамыз.  Біздің  ойымызша  ағылшын  тілін  үйретуде  міндетті  түрде 

баланың  коммуникативтік  құзыреттілігі  бірте  -  бірте,  шамалап  дамитынын  ескеру 

керек. Яғни баладан берілген білімнің дәл қазір, мезеттік нәтижесін күтіп қажеті жоқ. 

Ұйымдастырылған  оқу  іс  -  әрекетін  дайындап,  өткізу  кезінде  әр  педагог  келесі  үш 

принципке сүйенуі қажет деп ойлаймын. Олар:    

 Мұғалімнің  артынан  ағылшын  тілінің  сөздерін  фонетикалық  тұрғыдан  дұрыс 

дыбыстау принципі. Яғни, бірте - бірте есту зейінін, фонетикалық тыңдалымды, дұрыс 

дыбыстауды қалыптастыру; 

 Ағылшын лексикасын меңгеру, бекіту, жандандыру принципі; 

 Белгілі  бір  көлемдегі  қиын  емес  грамматикалық  құрылымдарды  меңгере 

отырып, байланыстыра сөйлеуді машықтандыру принципі.  

Қарағанды қаласының «Алтын сақа» балабақшасында екі тіл ақау тобы бар. Бұл 

топтпрда  да  басқа  топтармен  бірде  ағылшын  тілі  ұйымдастырылған  іс  -  әрекеті 

өткізіледі.  Психологтардың  пайымдауынша,  тілінің  дамуында  ақау  бар  немесе  тіл 

дамуы баяу балалар үшін ағылшын тілінің немесе басқа шет тілінің көмегі зор. Егер 

бала ана тілінде нашар сөйлей тұрып ағылшын тілін оқитын болса, ол тек шет тілін оқып 

қана  қоймай,  ана  тіліндегі  тілдесімін  де  шыңдай  түседі.  Тәрбиешілермен  бірлесе 

отырып  балаларды  шығармашылыққа  да  баулудамыз:  әр  мерекеде,  әр  ертеңгілікте 

бүлдіршіндер ағылшын тілінде тақпақ айтып, ән салады, кішігірім көрініс көрсетіп ата 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау