Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет218/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   472

 

461 


 

арнап осы тақырыпта  жазылған әдеби шығармалар, музыка және балалардың іс-әрекеті, 

шығармалары жазылған кассета, дискілер әзірленеді.Осының бәрі  жиналысты қызықты 

әрі жемісті етеді.Тәрбиеші баяндама көлемі 15-20 минутта асықпай баяндауға есептейді. 

Оның мазмұны логикалы болуға , көрнекті құралдары, балалар еңбектерін, әдебиетті 

нақты  көрсетумен    қосақтасып  отыруға  тиіс.  Мысалдар  пайдалана  отырып,  ата-

аналардың психологиясын ескеру керек. Жағымды, оңды фактілер басым болуға тиіс, 

ал теріс фактілерге келетін болсақ,  ол жөнінде  өте-мөте сақтық, әдептілік керек.Ондай 

ретте  ешкімнің  атын  атамай-ақ    жиналыстан  соң  оңаша  әңгімелескенде    баланың 

кемшлігін  немесе  оған  отбасындағы  теріс  көзқарасты  қалай  жоюға  болатыны  жайлы 

әңгімені  жалғастырған  жақсы.  Жиналыстан  кейін  тәрбиеші  ата-аналардың  айтылған  

ақыл-кеңестер  мен ұсыныстарға қалай қарағанына міндетті түрде зер салады. Мектепке 

дейінгі ұйымға жаңа келген балалардың ата-аналарының  алғашқы жиналысы ерекше 

жоспар  бойынша  өткізіледі:  меңгеруші  оларға  ұйымның  үйін,құрал-жабдықтарын 

көрсетеді, оның қызметкерлерімен таныстырады. Тәрбиешілер «Балалар бақшасындағы 

тәрбие    бағдарламасы»  мен  таяудағы  уақыт  аралығында  мектеп  жасына  дейінгі 

балалармен жүргізілетін  жұмыс жоспары туралы қысқаша айтып береді. Ата-аналарды 

балалар бақшасының талаптары мен күн тәртібіне сәйкес сақталуға тиіс ережелерімен 

таныстырады. 

Тәрбиешілер  отбасындағы  тәрбиені  зерттеудің нәтижесінен    туындайтын  белгілі 

бір  мәселелер  бойынша  ата-аналарға  арнап  консультациялар  өткізеді.  Мысалы, 

«Отбасында  балалардың  дұрыс  тамақтануын  ұйымдастыру»  немесе  «Газды 

сусындардың  бала  денсаулығына  ықпалы»  тақырыптағы  бұған    жеткілікті  көңіл 

бөлмейтін ата-аналар шақырылады. Сондай-ақ меңгеруші, дәрігер, логопед, психолог, 

музыка жетекшісі де  өз қызметіне байланысты ата-аналарға кеңес береді.Консультация 

өткізу  дайындықты,  кейінен  ата-аналардың  алған  мәліметтерінің    бала  тәрбиелеуде 

қалай пайдаланғанын бақылап отыруды талап етеді. 

Ата-аналарға  арналған  кештер  мен  үйірмелер.Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ата-

аналармен    отбасының  да  мүшелері  үшін  өткізілетін  кештер  тақырыптық  сипатта 

болады.Мысалы:  «Би  өнерлі  отбасы»,  «Әкем,анам  және  мен»,  «Біз  шебер  қолдар 

отбасынан» т.б. Жұмыстың бұл формалары ата-аналары мен  

Балалары  бірге  қатысатын  кештер  музыканың  жетекшілігімен  ,  спорттық  сайыс 

түрінде және әртүрлі бұйымдардан көрме жасаумен ерекшеленді. «Отбасындағы бала 

тәрбиесі»,  «Әкенің  бала  тәрбиесіндегі  ролі»  т.с.с.  тақырыптар  бойынша  кешетр, 

баяндама, сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. 

Бала  тәрбиеулеуде  қажетті  іскерліктерді  меңгеруде  ата-аналарға  көмек  ретінде 

оларға арнап қысқа мерзімді курстар немесе   үйірмелер ұйымдастыруға болады. Онда 

ата-аналар бала киімін пішіп, тігуді, тоқуды, алуан түрлі тағам пісіруді, балалар әндерін, 

қолдан ойыншықтар жасау өнерін үйренеді.  

Отбасымен жұмыстағы көрнекілік. Отбасымен жұмыстағы ең мол сенімділік пен 

пәрменділік  көрнекті  құралдар  жиналығын  пайдалану  арқылы:  тәрбиешінің  

балалармен жұмысын  көрсету, техникалық құралдарды пайдалану, көркем стентдтер, 

фото альбомдар ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі. 

Мектепкі дейінгі ұйымдардастыру арқылы қамтамасыз етіледі. 




 

462 


 

 Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ата  аналар  үшін  ашық  сабақ  күндер  есігі 

ұйымдастырлады, бұл жылына бір рет жоспарланады. Бұл күндер ата-аналарға алдын-

ала  хабарланады.Бұл күндері ата-аналар балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін, 

ойын мен еңбек әрекетін, серуендеуін бақылайды:оларды оқыту  және  тәрбиелеу ісінд 

тәрбиешінің  қандай  тәсілдерді  пайдаланатынын,  балалардың  қалай  оқитыны,  қалай 

еңбек жасайтыны, ұжымда өздерін қалай ұстайтынын көреді.  

Арнайы  жоспарланған  ашық  есік  күндерінен  тыс,  ата-аналарға  мектепке  дейінгі 

ұйым өмірінен видеофильмдер  көрсетіледі. Диктафондар, бейнефильмдер арқылы бала 

қалай  сөйлейтіні,  әндерді,  өлеңдерді  қалай  орындайтыны,  тақпақтарды  қалай 

орындайтын  тыңдайды.Тәрбиешілер  ата-аналарды  балалардың    шығармашылық 

жұмыстарымен  :суреттерімен,  жапсырған,  құрастырған,  табиғи  материалдан  жасаған 

бұйымдарымен таныстыратын тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады. 

Топта ата-аналарға арналған қабырға бұрыштары ақпараттық сипатта болады: онда 

мектепке  дейінгі  ұйымның  күн  тәртібі,  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  кестесі, 

Тәрбиешілердің  балалармен  жүргізетін  жұмыстарының  апталық  жоспары,  ата-аналар 

үшін баяндамалар, ақпараттар, хабарландырулар т.б. болады. 

Мектепке  дейінгі  ұйым  өмірінде,  әсіресе  отбасымен  жұмыста    ата-аналар 

жұртшылығы  елеулі  рөл  атқарады.  Әрбір  балалар  бақшасында  ата-аналардың  жалпы 

жиналысында сайланатын ата-аналар комитеті болады. Оған барлық жас топтарындағы 

балалардың ата-аналарынан өкілдер кіреді. 

Ата-аналар  комитеті  өз  жұмысын  «Балалар  бақшасындағы  ата-аналар  комитеті 

туралы  ережеге» сәйкес  ұйымдастырады.  Оның жұмысы бір жылға жоспарланады; 

оның мамұны балаларды тәрбиелеуде, сондай-ақ отбасымен жұмыс жүргіуде мектепке 

дейінгі балалар ұйымының қызметкерлеріне көмек көрсетуге бағытталған. Әрбір жас 

тобында  ата-аналар    жиналыстарын,  кештерді  әзірлеуге  көмектеседі,  ата-аналарды 

жекелеген  міндеттер мен  тапсырмаларды  орындауға тартады . Балалар бақшасының 

ата-аналар комитеті мен белсенділері жайсы отбасыларға ерекше көңіл бөледі: оларға 

барып  тұрады,  өз    балаларын  тәрбиелеуге  жеткілікті    түрде  жауапты  қарамайтын 

мектепке  дейінгі  ұйымның  талаптарын  орындамайтын  ата-аналарға  ықпал 

жасайды.Тәрбиешілермен  бірге  ата-аналар    белсенділері  отбасындағы  тәрбиенің  ең 

жақсы тәжірбиесін зерттейді, оны таратуға қатысады. 

Халық арасындағы педагогикалық насихат халықтық педагогиканың мәдениетіне 

көтеру  мақсатында  біздің  елемізде  халық  арасында  педагогикалық  білімді  кеңінен 

насихаттау ісі ұйымдастырлады. Бұл жұмысты ұйымдастырушылары- пеедагогикалық 

қоғам,  педагогикалық  ғылым  академиясы.  Педагогикалық  білімді  насихаттау  «  Ата-

аналар,сідер  үшін»  деген  сияқты  теледидарда  берілетін  теле  хабарлартүрінде, 

«Мектепке дейінгі білімі,  «Отбасы және балабақша» т.б. журналдар арқылы, кітаптар, 

газеттерге  мақалалар  жариялау  арқылы  жүзеге  асырылады.  Мектепке  дейінгі 

ұйымдардың  қызметкерлері, алдымен тәрбиешілер  педагогикалық насихатқа белсене 

қатысады,  оның  ұйымдастырушылары  рөлінде,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды 

тәрбиелеу  мекемелері  жөніндегі  баяндамашылар  мен  кеңесшілер  ретінде  көп  жұмыс 

атқарады. 

 

Қолданған әдебиеттер тізімі: 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау