Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция Жоспар



жүктеу 53,53 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі53,53 Kb.
#12463

Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция

Жоспар:

  • Балалардың мектепке даярлығы
  • Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар
  • Бастауыш сынып оқушыларында қорқыныш пен үрейдің көрініс беруі
  • Оқушылардың педагогикалық тәрбиеден босаңсуының алдын алу
  • Коррекциялық бағдарлама үлгісі
  • Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар

Балалардың мектепке даярлығы

  • Бала мектепке келгенде физиологиялық және әлеуметтік жағынан жетілген, ақыл-ой және эмоционалдық-еріктік дамуы белгілі бір дәрежеге жеткен болуы керек. Оқу іс-әрекеті қоршаған орта туралы белгілі бір білімнің болуын, қарапайым түсініктердің қалыптасқандығын талап етеді. Балада ойлау операциялары болуы керек, қоршаған орта заттары мен құбылыстарын жалпылай және жекелей білуі керек, өз іс-әрекетін жоспарлап, өзін-өзі басқара білуі керек. Баланың оқуға деген жағымды қатынасы, мінез-құлқын өзі реттеуі және берілген тапсырманы шешуде ерік күшін көрсете білу қабілеті маңызды болып келеді. Сонымен қатар вербальды қарым-қатынас жасау іскерлігі, қол моторикаларының дамуы да маңызды болып келеді. Сондықтан «баланың мектепке даярлығы» деген түсінік – кешенді, кең ауқымды және бала өмірінің барлық сферасын қамтиды.

Мектеп табалдырығын аттау – бала өміріндегі дағдарысты кезең. Оқушының басты ерекшелігі оның оқуы - міндетті және қоғамдық маңызы бар іс-әрекет. Оқушының өмірі қатаң, әрі барлық оқушылар үшін бірдей ережелер жүйесіне бағынышты. Оның негізгі құрылымы білімді игеру болып табылады. Жаңа қарым-қатынас типі, яғни оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас жүйесі қалыптасады. Баланың сабақ барысында алған бағасы мұғалімнің оқушыға деген тұлғалық қатынасы емес, оның білімінің объективті өлшемі болып табылады. Сыныптағы балалардың қарым-қатынасы ойын барысында қалыптасатын қарым-қатынастан өзгеше болады. Мұғалімнің қойған бағасы мен оқудағы жетістіктерді негізгі өлшем ретінде қабылдайды. Сонымен қоса, міндетті іс-әрекетке бірлесіп қатысу жалпы жауапкершілікке негізделген қарым-қатынас типін туғызады. Бірінші сынып оқушыларының қол моторикасын дамыту үшін «көркем жазу» дәптері пайдаланылады. Бала әріптерді жазуды үйренбестен бұрын әр түрлі өрнек сызықтарды жазып үйренеді. Мысалы өрнек жазулар мынадай формада болуы мүмкін:

  • Мектеп табалдырығын аттау – бала өміріндегі дағдарысты кезең. Оқушының басты ерекшелігі оның оқуы - міндетті және қоғамдық маңызы бар іс-әрекет. Оқушының өмірі қатаң, әрі барлық оқушылар үшін бірдей ережелер жүйесіне бағынышты. Оның негізгі құрылымы білімді игеру болып табылады. Жаңа қарым-қатынас типі, яғни оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас жүйесі қалыптасады. Баланың сабақ барысында алған бағасы мұғалімнің оқушыға деген тұлғалық қатынасы емес, оның білімінің объективті өлшемі болып табылады. Сыныптағы балалардың қарым-қатынасы ойын барысында қалыптасатын қарым-қатынастан өзгеше болады. Мұғалімнің қойған бағасы мен оқудағы жетістіктерді негізгі өлшем ретінде қабылдайды. Сонымен қоса, міндетті іс-әрекетке бірлесіп қатысу жалпы жауапкершілікке негізделген қарым-қатынас типін туғызады. Бірінші сынып оқушыларының қол моторикасын дамыту үшін «көркем жазу» дәптері пайдаланылады. Бала әріптерді жазуды үйренбестен бұрын әр түрлі өрнек сызықтарды жазып үйренеді. Мысалы өрнек жазулар мынадай формада болуы мүмкін:

Балалардың мектепте алатын білімі ғылыми сипатта болады. Егер бұрындары бастауыш сыныптағы оқыту - ғылымдарды жүйелік меңгеруге дайындық сатысы ретінде болса, қазір бірінші сыныптан бастап ғылымды меңгерудің негізі болып саналады. Балалардың оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Сабақ барысында барлық оқушылар басқа іспен айналыспай, мұғалімнің айтқанын орындауы керек. Бұл талаптар тұлғаның жан-жақты дамуына, психикалық қасиеттеріне, білімдері мен іскерліктеріне қатысты. Оқулары жемісті болу үшін балаларда ең бастысы танымдық қызығушылық болуы керек.

  • Балалардың мектепте алатын білімі ғылыми сипатта болады. Егер бұрындары бастауыш сыныптағы оқыту - ғылымдарды жүйелік меңгеруге дайындық сатысы ретінде болса, қазір бірінші сыныптан бастап ғылымды меңгерудің негізі болып саналады. Балалардың оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Сабақ барысында барлық оқушылар басқа іспен айналыспай, мұғалімнің айтқанын орындауы керек. Бұл талаптар тұлғаның жан-жақты дамуына, психикалық қасиеттеріне, білімдері мен іскерліктеріне қатысты. Оқулары жемісті болу үшін балаларда ең бастысы танымдық қызығушылық болуы керек.
  • Баланың мектепке психологиялық даярлығын тексеруде баланың ерік сапаларының даму деңгейіне басты назар аударылады. Алты-жеті жасар балалар өз мінез-құлықтарын басқара алып, мектеп пен мұғалім қойған талаптар жүйесін қабылдауы керек. Сонымен қатар баланың ақыл-ой даму деңгейін тексеру де маңызды болып келеді. Балада қоршаған дүние туралы белгілі бір білім қоры болуы тиіс: заттар мен олардың қасиеттер, тірі және өлі табиғат құбылыстары, адамдар және олардың еңбегі мен басқа да қоғамдық өмір туралы. Мектепке даярлықта баланың тұлғалық қасиеттері де ерекше орын алады, яғни баланың сынып ұжымына еніп, өз орнын табуы, бірлескен іс-әрекетке қосылуы.

Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар

  • Бастауыш сыныпта педагогикалық тәрбиеден босаңсуға мектептік факторлар өз әсерін тигізеді: талаптардың қатаңдығы, оқу тапсырмаларының көп берілуі, оқу нәтижесін төмен бағалау. Бұдан келіп дидактикалық босаңсу туындайды.
  • Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған бала тұлғасына мынадай сипаттама беруге болады: қарым-қатынас, іс-әрекет және өзіндік сана субъектісі ретінде толық дамымау және қоршағандармен өзара әрекеттестікте адекватты емес белсенділік таныту. Бастауыш сыныптағы педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалардың өзіндік бағалауы әдетте адекватты емес болып келеді – тым жоғары, немесе тым төмен. Олар әлеуметтік бейімделуінің нашарлығымен, тым өкпешілдігімен, сенімсіздігімен, тұлға аралық қарым-қатынастағы әлсіз интуициямен ерекшеленеді және олардың мінез-құлқында жағымсыздық, қырсықтық, эгоцентризм жиі көрініс береді.

Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар сәтсіздіктерге тез жауап қайтарады, өздеріне сенімсіз, көңіл-күйлері тұрақсыз, жаңа жағдайларға бейімделулері күрделі. Ересектермен қарым-қатынас барысында мұндай балалар қорқытуға сезімтал, ұялшақ, жасқаншақ келеді.

  • Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар сәтсіздіктерге тез жауап қайтарады, өздеріне сенімсіз, көңіл-күйлері тұрақсыз, жаңа жағдайларға бейімделулері күрделі. Ересектермен қарым-қатынас барысында мұндай балалар қорқытуға сезімтал, ұялшақ, жасқаншақ келеді.
  • Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар өз жағдайларын агрессивтілік арқылы түзетуге тырысады, өзіне назар аударту мақсатында қауіпті әрекеттер де жасауы мүмкін. Бастауыш сыныптағы педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар қоршағандардың қарым-қатынасына сезімтал болады, өздеріне деген ересектердің қарым-қатынасын олар ең алдымен мұғалімнің бағалаушы әрекетімен («жаман оқушы», «үлгерімі төмен», «қабілетсіз», «нашар оқиды») байланыстырады. Әдетте балалар жаңа іс-әрекетін, яғни оқуларын ересектердің жағымды бағалауына («жарайсың», «ақылды») бағдарланады. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар өздерін ақылсыз, нашар оқушы, қоршағандарға жағымсыз, сүйкімсіз сезінеді. Бұл сезімдер баландағы үрейді күшейтеді, оларды әлеуметтік жасқаншақ етеді және жетістікке деген ұмтылысын төмендетеді.
  • Мектептік үрей барлық бастауыш сынып оқушыларына тән болғанымен, ол әркімде әртүрлі көрініс беруі мүмкін.

Бастауыш сынып оқушыларында мектептік дезадаптацияның көрініс беруі

  • Дезадаптациялар формасы
  • Себептері
  • Коррекциялық іс-шаралар
  • Оқу іс-әрекетінің пәндік жағына бейімделмеушілік
  • Балада интеллектуалдық және психомоторлық дамудың жетіспеуі, ата-аналар мен ұстаздар тұрғысынан көмектің болмауы
  • Балалармен арнайы әңгімелесу әдісін жүргізіп, оқу дағдыларының бұзылу себептерін анықтап, ата-аналарға нұсқаулар беру
  • өз мінез-құлқын басқаруға қабілетсіздік
  • Отбасында тәрбиенің дұрыс болмауы (сыртқы нормалардың, шектеудің болмауы)
  • Отбасымен жұмыс; мұғалімнің дұрыс емес іс-әрекеттің алдын алу мақсатындағы өз мінез-құлқын талдауы
  • Мектептік өмір темпін қабылдауға қабілетсіздік (соматикалық әлсіз, дамуында кешеуілдеуі бар, жүйке жүйесінің типі әлсіз балаларда жиі кездеседі)
  • Отбасында тәрбиенің дұрыс болмауы немесе балалардың жеке бас ерекшеліктеріне ересектердің көңіл бөлмеуі
  • Отбасымен жұмыс, балаға оптималды қысым режимін анықтау
  • Мектептік невроз немесе «мектеп фобиясы», мектептік және отбасылық «біздің» арасындағы қарама-қайшылықты шеше алмау
  • Бала отбасылық қоғамның шекарасынан шыға алмайды – отбасы оны босатпайды ( бұл әсіресе ата-аналары бейсаналық түрде өз мәселелерін шешуде балаларын пайдаланатын отбасыларда кездеседі)
  • Мектеп психологына жүгіну – отбасылық терапия немесе балаларға арналған топтық жұмыстарды ата-аналарға арналған топтық жұмыстармен біріктіру

Психологиялық-педагогикалық алдын алу – бала дамуындағы қандай да бір кемшіліктерді тудыратын сыртқы себептер, факторлар мен шарттарды жоюмен байланысты алдын алу шараларының жүйесі.

  • Психологиялық-педагогикалық алдын алу – бала дамуындағы қандай да бір кемшіліктерді тудыратын сыртқы себептер, факторлар мен шарттарды жоюмен байланысты алдын алу шараларының жүйесі.
  • Психологиялық-педагогикалық коррекция – бұл педагогикалық тәрбиеден босаңсыған бала тұлғасына оны қарым-қатынас, іс-әрекет және өзіндік сана субъектісі ретінде қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін психологиялық-педагогикалық әсер ету тәсілдерінің жиынтығы. Бала мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап мектепке бейімделуіне кешенді көмек көрсетілсе баланың педагогикалық тәрбиеден босаңсуының алдын алуға болады деген тұжырымдар да аз емес.

Бастауыш сынып оқушыларында қорқыныш пен үрейдің көрініс беруі.

  • Баланың мектеп табалдырығын аттауы тұлғалық жаңашылдықтың – оқушының ішкі көзқарастың пайда болуымен байланысты. Ішкі көзқарас – бұл баланың оқуға бағыттылығын, оның мектепке деген жағымды эмоционалдық қатынасын, жақсы оқушы үлгісіне сай болуға талпынысын қамтамсыз ететін мотивациялық орталық. Баланың оқушы ретіндегі ішікі позициясын бейнелейтін қажеттіліктері қанағаттандырылмаған жағдайда ол эмоционалды жағымсыз қайғыруларды бастан кешіруі мүмкін: үнемі мектептегі сәтсіздіктерді тосу, педагогтар мен сыныптастарының оған деген жағымсыз қарым-қатынасы, мектептен қорқу, барғысы келмеу.

Қорқыныш – адам санасында белгілі бір төнген қауіптің бейнеленуі; ал үрей – төніп тұрған қауіпті эмоционалды сезіну. Қорқыныштан үрейдің айырмашылығы – ол әрқашан тек жағымсыз емес, кейде қуанышты толқу түрінде де болуы мүмкін. Балада тұлғасының психикалық структурасына, өмірлік тәжірибесіне, ата-анасымен және құрдастарымен қарым-қатынасына байланысты үрей де, қорқыныш та болуы мүмкін. Қорқыныш та, үрей де алаңдаушылық сезімінен бастау алады. Оны баланың сұрақ қойған кезде қобалжып, жауап таба алмауынан, сөйлегенде дауысы дірілдегеннен немесе мүлде үндемеген жағдайларда көруге болады. Сұраққа жауап беріп тұрған оқушы көп артық қимылдар жасайды немесе мүлде қозғалмайды. Мұндай белгілер ағзаның психофизиологиялық қызметіне артық күш түскендігін көрсетеді. Қорқыныш жас ерекшелігіне байланысты және невротикалық болады. Жас ерекшелігіне байланысты қорқыныштар эмоционалды сезімтал балаларда олардың психикалық және тұлғалық дамуының ерекшелігі ретінде көрініс береді. Олардың пайда болуына мынадай факторлар әсер етеді: ата-анасында қорқыныштың болуы; баламен қарым-қатынастағы үрей, баланы қауіптен қорғау мақсатындағы шамадан тыс қамқорлық және құрдастарымен қарым-қатынастан оқшаулау; ата-анасы тарапынан тым көп тыйым салу; отбасындағы ересектер тарапынан қоқан лоқы; ата-анасының арасындағы тартысты қарым-қатынастың болуы; шошыну түріндегі психикалық жарақаттар: құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас барысында қорқынышты психологиялық «жұқтыру».

  • Қорқыныш – адам санасында белгілі бір төнген қауіптің бейнеленуі; ал үрей – төніп тұрған қауіпті эмоционалды сезіну. Қорқыныштан үрейдің айырмашылығы – ол әрқашан тек жағымсыз емес, кейде қуанышты толқу түрінде де болуы мүмкін. Балада тұлғасының психикалық структурасына, өмірлік тәжірибесіне, ата-анасымен және құрдастарымен қарым-қатынасына байланысты үрей де, қорқыныш та болуы мүмкін. Қорқыныш та, үрей де алаңдаушылық сезімінен бастау алады. Оны баланың сұрақ қойған кезде қобалжып, жауап таба алмауынан, сөйлегенде дауысы дірілдегеннен немесе мүлде үндемеген жағдайларда көруге болады. Сұраққа жауап беріп тұрған оқушы көп артық қимылдар жасайды немесе мүлде қозғалмайды. Мұндай белгілер ағзаның психофизиологиялық қызметіне артық күш түскендігін көрсетеді. Қорқыныш жас ерекшелігіне байланысты және невротикалық болады. Жас ерекшелігіне байланысты қорқыныштар эмоционалды сезімтал балаларда олардың психикалық және тұлғалық дамуының ерекшелігі ретінде көрініс береді. Олардың пайда болуына мынадай факторлар әсер етеді: ата-анасында қорқыныштың болуы; баламен қарым-қатынастағы үрей, баланы қауіптен қорғау мақсатындағы шамадан тыс қамқорлық және құрдастарымен қарым-қатынастан оқшаулау; ата-анасы тарапынан тым көп тыйым салу; отбасындағы ересектер тарапынан қоқан лоқы; ата-анасының арасындағы тартысты қарым-қатынастың болуы; шошыну түріндегі психикалық жарақаттар: құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас барысында қорқынышты психологиялық «жұқтыру».

Мектептен қорқу сезімін құрдастарымен арадағы тартысыты жағдай, олардың тарапынан физикалық агрессияның болуы тудыруы мүмкін. Бұл белгілер социомәдени және педагогикалық тәрбиеден босаңсыған эмоционалды сезімтал балаларға тән. Мұндай қорқыныштардың сипаты жасы өскен сайын өзгеріп отырады, кейде тіпті жоғалып кетеді.

  • Мектептен қорқу сезімін құрдастарымен арадағы тартысыты жағдай, олардың тарапынан физикалық агрессияның болуы тудыруы мүмкін. Бұл белгілер социомәдени және педагогикалық тәрбиеден босаңсыған эмоционалды сезімтал балаларға тән. Мұндай қорқыныштардың сипаты жасы өскен сайын өзгеріп отырады, кейде тіпті жоғалып кетеді.
  • Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныштарын аяқталмаған сөйлемдер мен бала суреттерін зерттеу әдістерімен анықтауға болады.
  • Аяқталмаған сөйлемдер әдісі оқушы қарым-қатынасының және іс-әрекетінің әртүрлі аймағындағы қорқыныштарды зерттеу үшін колданылады.

Мектептегі үрейленудің жоғары деңгейі - өзін-өзі бағалаудың төмендеуі мектепке келу мен оқудың алғашкы айлары кезеңіне тән. Алайда бір айдан үш айға дейін созылатын бейімделу кезеңінен кейін ахуал өзгереді: эмоционалдық көңіл-күйі және өзін-өзі бағалауы тұрақтайды. Содан кейін ғана арнайы сынақтың көмегімен шындығында да мектептегі үрейленуі бар балаларды анықтауға болады (Р.Тэммл, М.Дорки, В.Амен).

  • Мектептегі үрейленудің жоғары деңгейі - өзін-өзі бағалаудың төмендеуі мектепке келу мен оқудың алғашкы айлары кезеңіне тән. Алайда бір айдан үш айға дейін созылатын бейімделу кезеңінен кейін ахуал өзгереді: эмоционалдық көңіл-күйі және өзін-өзі бағалауы тұрақтайды. Содан кейін ғана арнайы сынақтың көмегімен шындығында да мектептегі үрейленуі бар балаларды анықтауға болады (Р.Тэммл, М.Дорки, В.Амен).
  • Сынақ көпшілік балалардың жағдайға байланысты үрейленуі тарқайтын бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
  • Психологтар балалар үрейленуін жеңудің екі тәсілін көрсетеді:
  • 1) қиын жағдайға түскен баланың конструктивтік мінез-құлық тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ шектен тыс мазасыздануды, үрейленуді жеңетін әдістерді игеру;
  • 2) өзіне-өзі сенімділігін нығайту, өзіндік баға мен өзі туралы ойын дамыту, адамның "тұлғалық өсуіне" қамқорлық ету.
  • Үрей – баланың эмоционалды жағымсыз жағдайының көрініс беруінің жеңіл формасы. Бала өзі адекватты емес, кемтар сезінеді, өзінің іс-әрекеттері мен шешімінің дұрыстығына сенімсіз болады.
  • Бастауыш сынып оқушыларындағы мектептік үрейді жеңу үшін:
  • оқушының ішкі көзқарасымен байланысты қажеттіліктер күшін төмендету, жеңілдету керек;
  • қарым-қатынас пен іс-әрекеттің оперативті дағдыларын дамыту, байыту керек. Себебі жаңа жоғары деңгейдегі дағдылар балаға дұрыс қалыптаспаған мотивтерді жүзеге асыру әдістерінен бас тартуға көмектеседі.
  • Үрейдің тұлғалық білім берудегі конфронтациялық сипатын есепке ала отырып, білім берудегі бәсекелестікті барынша күшейту керек;
  • Мектеп жағдайларындағы шамадан тыс қысымды басуға бағытталған жұмыстар атқыру керек.

Оқушылардың педагогикалық тәрбиеден босаңсуының алдын алу

  • Педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алу үшін мұғалім ата-аналармен педагогикалық бірлестікте жұмыс атқаруы керек. Алдын алу жұмыстарын ата-аналар, педагогтар мен психологтар бірлесіп атқарады. Мектеп психологының жұмысы ең алдымен педагогикалық үрдістің гуманизациясына, қарым-қатынас мәдениеті мен «оқушы-оқытушы», «оқушы-оқушы», «оқушы-қоғам», «оқушы-ата-аналар» жүйелеріндегі эмпатиялық түсіністікті қалыптастыруға бағытталуы керек.
  • Педагогикалық тәрбиеден босаңсу отбасындағы, мектептегі және бала бақшадағы тәрбиенің жетіспеушілігіне негізделгендіктен, онымен күресу олардың өзара бірлескен іс-әрекетіне байланысты. Отбасы, бала бақша және педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалардың өзара бірлесіп әрекет етуінің негізгі жолдары мынадай:

ата-аналардың педагогикалық мәдениет деңгейін, қарастырылып жатқан мәселе бойынша педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейін жоғарылатуға бағытталған жұмыс;

  • ата-аналардың педагогикалық мәдениет деңгейін, қарастырылып жатқан мәселе бойынша педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейін жоғарылатуға бағытталған жұмыс;
  • алдын алу жұмысының құрылымын бірлесіп бағдарламалау;
  • педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алуға арналған бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған бірлескен практикалық іс-әрекеттер;
  • оның нәтижелерін бірлесіп талдау.
  • Мұндай өзара әрекеттестіктің мақсаты – педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балаларға қатысты отбасылық тәрбие және бала бақша мен мектептегі білім беру жұмыстарын қайта құру.

Тәрбиеден босаңсудың алдын алуға арналған жұмыстар екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншіден, оның пайда болуының алдын алу, яғни баланы осындай жағдайға әкелетін сыртқы себептерді жою, жағымды қасиеттерді қалыптастыру. Екіншіден, оның дамуының алдын алу, яғни бала дамуындағы кедергілерді жою, мінез-құлқын, іс-әрекетін және қарым-қатынасын коррекциялау, баланың жағымсыз эмоционалды жағдайын түзету.

  • Тәрбиеден босаңсудың алдын алуға арналған жұмыстар екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншіден, оның пайда болуының алдын алу, яғни баланы осындай жағдайға әкелетін сыртқы себептерді жою, жағымды қасиеттерді қалыптастыру. Екіншіден, оның дамуының алдын алу, яғни бала дамуындағы кедергілерді жою, мінез-құлқын, іс-әрекетін және қарым-қатынасын коррекциялау, баланың жағымсыз эмоционалды жағдайын түзету.
  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай үш бағыт бойынша педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алуға арналған жекелей жүргізілетін жұмыс бағдарламаларының үлгісін ұсынуға болады:

1. Баланың отбасылық тәрбие жағдайларын өзгерту:

  • 1. Баланың отбасылық тәрбие жағдайларын өзгерту:
  • ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын және өзара қарым-қатынас мәдениетін көтеру;
  • отбасында тәрбиелік жағдайлар туғызу, тәрбелеу үрдісіне ата-аналарды белсенді араластыру;
  • балалардың бойында жағымды қасиеттерді тәрбиелеп, жағымсызын жоюға ата-аналарға көмектесу, жекелей кеңестер беру;
  • бала өмірі мен іс-әрекетінің қалыпты ұйымдастырылуын қадағалау;
  • баланың ақыл-ой іс-әрекетін (ойын, еңбек, шығармашылық, қоршаған ортаны тану), отбасындағы қарым-қатынасын ұйымдастыруға көмектесу;
  • отбасындағы тәрбиенің бұзылуын жоюға, отбасының тәрбиелік потенциалын қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар.
  • 2.Сыныппен оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын жетілдіру:
  • педагогтың балаға деген қатынасын түзету, онымен жұмыс істеу әдістеріне нұсқау беру;
  • балалар ұжымындағы тұлға аралық қарым-қатынасты гуманизациялау, сыныпта жағымды психологиялық микроклимат орнату;
  • сыныптағы оқыту-тәрбиелеу үрдісінің рационализациясы;
  • оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі педагогтар мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекеті.
  • 3.Баланың тұлғалық өсуіне көмек көрсету:
  • баланы психологиялық тексеруден өткізуді ұйымдастыру және қажет психологиялық көмек көрсету;
  • интеллектуалдық, адамгершілік, эмоционалды-еріктік сфераларындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған жекелей жұмыстар;
  • жағымды қызығушылықтары мен бейімділіктерін пайдалану негізінде баланы белсенді әрекетке араластыру;
  • жағымсыз оқу мотивациясын жою;
  • баланың мектеп бағдарламасын меңгеруде жетістікке жетуін ұйымдастыру;
  • баланың құрдастарымен жағымды тұлғалық қасиеттеріне сүйене отырып қарым-қатынас жасауын басқару;
  • жетістікке жету мотивациясын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар.

Коррекциялық бағдарлама үлгісі

  • 1.Мақсаты: 7-9 жастағы балалардың өзіне сенімділігін дамыту.
  • 2.Міндеттері:
  • өзіне сенімділікті тәрбиелеу, үрей мен қорқынышты басу;
  • өзбеттілікті дамыту;
  • өз көзқарасын дәлелдеу іскерлігін қалыптастыру;
  • есін дамыту;
  • ырықты зейінін дамыту;
  • өшпенділікті басу.
  • 3.Коррекциялық топқа іріктеу критерилері.
  • Ата-аналар мен педагогтар беретін баланың ерекшеліктері туралы эксперттік баға көмегімен (мысалы, ересектер баланың есінің, зейінінің, ойлауының даму деңгейін баллмен бағалайды).
  • Топқа педагогтар педагогикалық тәрбиеден босаңсыған бала деп ұйғарған балалар алынады. Олар алдын ала тестілеуден өткізіледі.
  • 4.коррекциялық жұмыс бағыттары және бағдарлама кезеңдері.
  • Өзіне сенімділікті қалыптастыруда – алдымен, белсенді қорқыныш пен үрейді басу, содан кейін – қоршағандарға деген жағымды қатынасты қалыптастыру.
  • 5.Сабақтарды ұйымдастыру.
  • Сабақ саны, қатысушылардың жасы мен саны. Бағдарлама барлық оқу жылына жасалады. 7-9 жастағы, яғни бастауыш сынып оқушыларына бағдарланады. Топтағы балалар саны – 8 адамнан артық емес.
  • 6.Сабақ типі.
  • Топтық сабақтар бір сағатқа дейін, аптасына үш реттен өткізіледі; ал жекелей сабақтар қажет болған жағдайларда жүргізіледі.
  • 7.Ойындар мен жаттығулар тізімі.
  • Әрбір кезеңде қолданылатын ойындар мен жаттығуларды өзгертуге және толықтыруға болады. Бастысы, олар коррекциялық бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі керек.
  • Шешілетін мәселеге байланысты бірнеше ойындар мен жаттығулар типтері қолданылады.

Өзіне сенімділікті тәрбиелеу және үрей мен қорқынышты басу.

  • Өзіне сенімділікті тәрбиелеу және үрей мен қорқынышты басу.
  • 1.Шешілетін міндеттер:
  • өзіне сенімділікті тәрбиелеу;
  • эмоционалдық қысымды басу;
  • қорқынышты басуға көмектесу;
  • үрейді басу;
  • жағымсыз қайғыруларды жеңуге көмектесу.
  • 2.Жаттығулар:
  • спираль тәрізді сызықтармен сурет салу.
  • Мақсаты: қол маторикасын дамыту.
  • екі затты бір сызықпен қосу.
  • Мақсаты: қолдың сенімділігін және іскерлігін қалыптастыру.
  • интенсивті оқыту бойынша «Клавиатура» ойыны.
  • Мақсаты: бір жол бойымен әр түрлі геометриялық фигуралар мен заттарды салуда жаттығу.
  • қорқынышты коррекциялау сабақтарының сериясы.
  • Мақсаты: қорықпайтынның белсенді көзқарасын қалыптастыру.
  • 3.Ескерту: қорқынышты коррекциялау сабақтары бала «енді қорықпаймын» деп айтқанынша жүргізілуі керек.
  • ермексазбен кескіндеме.
  • Мақсаты: қол қимылын-қозғалысын жетілдіру және өзіне сенімділікті тәрбиелеу.
  • өз көңіл-күйін бейнелеу.
  • Мақсаты: балалардың өз көңіл-күйін жеткізе білу қабілетін дамыту.
  • «Хан мен қызметшілер» ертегісі.

Өшпенділікті басу.

  • Өшпенділікті басу.
  • 1.Шешілетін міндеттер:
  • мінез-құлықтың адекватты формаларын қалыптастыру;
  • өзінің іс-әрекетін эмоционалды сезіну;
  • ұжымдағы мінез-құлқын реттеу.
  • 2.Жаттығулар:
  • өзінің суретін салу.
  • Мақсаты: өзін-өзі жетілдіруге деген талпынысын қалыптастыру.
  • «Әдемі және ұсқынсыз» тақырыбына сурет салу.
  • Мақсаты: қоршаған өмірден және адамдардың өзара қарым-қатынасынан көргендерін түсінуге және жеткізе білуге үйрету.
  • интенсивті оқыту бойынша «Эмоция түстері» ойыны.
  • Мақсаты: әр түрлі эмоцияларды мимкамен жеткізуге үйрету.
  • сыйқыршы туралы ертегі.
  • 3.Бекіту үшін ұсынылады:
  • «Айналар дүкенінде» ойыны.
  • Мақсаты: бақылампаздықты, зейінді, есті дамыту,сенімділікке жатықтыру.
  • «Доспен кездесу» этюды.
  • Мақсаты: басқа адамның эмоционалдық жағдайын түсінуге және өзінікін адекватты жеткізе білу қабілетін дамыту.
  • 8.Бағдарламаның тиімділік критерилері.
  • Бұл кезеңде қайталап диагностика жүргізіледі. Ол коррекциялық жұмыс алдында жүргізілген диагностикалық әдістер көмегімен жүргізілуі тиіс. Даму деңгейінің қайсысы жеткілікті, ал қайсысы бағдарламаны қайта жүргізуді қажет ететінін шешіп алу қажет.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар

  • 1. «Бәріміз бірге».
  • Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.
  • Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.
  • 2. «Керісіншелер елі».
  • Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру.
  • Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.

3. «Ормандағы ағаштар» ойыны.

  • 3. «Ормандағы ағаштар» ойыны.
  • Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады.
  • Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?
  • Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.
  • Алдыңғы тұрған ттұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.
  • Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады... Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғапр, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.

"Сиқырлы қалам"

  • "Сиқырлы қалам"
  • Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығуды орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы қаламды қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп ("Жоғары!", "Төмен!", "Оңға!", "Солға!" деген бұйрықтар беріледі.) қашықтықтан басқарып отырады. Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен жоғары, төмен, оңға, солға жылжып, сынық сызықтар ретінде із қалдырады. Қаламның барлық қадымдары бірдей болуы керек.
  • Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға қатысушылар кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші қаламға ол бұйрықтарды орындауға "көмектеседі". барлық қатысушылар ойын ережесін меңгергеніне жүргізушінің көзі жеткеннен соң балаларға тапсырманы қиялымен орындау тапсырылады. Өздерінің ойындағы қаламдарымен көз алдына елестеткен қағазға жорамалдағы сызықтарды түсіру үшін қатысушылар бірінен кейін бірі қаламға бұйрық беріп отырады. Ең бірінші қарапайым фигуралар (квадрат,үшбұрыш т.с.с.) салынады. Кімнің бұйрық беретіні отырған ретімен шеңбер бойынша анықталады.
  • Ешкім ешкіммен қандай фигура салатыны туралы алдын ала келіспейтіні туралы жүргізуші ойынға қатысып отырған балаларға түсіндіріп береді. Сондықтан қатысушылардың барлығы өзінен бұрынғылардың бұйрықтарын зейін салып тыңдап отыруы керек. Біртіндеп салған фигуралары күрделі бола бастайды.

жүктеу 53,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау