419
кіретін тақырыптар-қойылыммен таныстыру, қойылымды мазмұндап, талдау,
кейіптендіру және қойылымға қажетті құралдар дайындау, көріністі безендіру және
дайындық.
Сахналау. Театрландырылған ойынды сахналау екі бөлімнен тұрады:
драматизация, режиссерлық. Драматизациялық ойында бала- әртістік шеберлік,
интонация, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп
рөлді ойнайды.Бұрыннан жасалған сахналық қойылым ойын-драматизациясында бала
қандай да бір сюжетте ойнайды. Ал драматизация ойынының екі түрін қарастыруға
болады: саусақ ойын драматизациясы және қуыршақ бибабомен ойын драматизациясы.
Саусақ ойын драматизациясында балалар атрибуттарды саусақтарына киеді, ертегінің
мәтінін айта отырып, саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды.Көріністі ширманың
сыртында тұрып немесе топта ашық, еркін қозғалыста жүріп көрсетуге болады.
Қуыршақ бибабомен ойын драматизациясында қолға қуыршақ бибабоны киеді де
ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.
Сахналаудың режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер
және сахна қоюшы ролінде ойнайды. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және
ойыншықтармен әрекет етеді, ойыншықтар орнында болады. Сондықтан да ойында
интонация мен мимика ерекше орын алады.
Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының
түрлерін жиірек қолданатын болады. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен
туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі
қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылады. Балалардың
сахнаға бейімделген қызметінің өзара байланыс шығармашылығы тек рольдерді
орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындаған кезде
де көрінеді. Қуыршақтардын түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңіндегі
ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырады.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін,
дүниетанымын жетілдіруде театрландырылған іс-әрекет түрлері тиімді нәтиже береді.
Ата – аналармен жұмыс жүргізіп, балалардың өз үйлерінде ата-аналармен, туыс
туғандармен арсында болатын қарым –қатынастары туралы ата-аналармен әңгіме,
кеңестер өткізіп, арнайы анкета бойынша жұмыстар жүргізуге болады. Сол арқылы
балалардың өзімізге белгісіз, бейтаныс қасиеттерінен хабарлар боламыз. Балабақшада
алған осындай мәліметтер олардың ішіндегі кейбір дарындылардың өнер жолына
түсуіне игілікті әсерін тигізері анық.
ІІ Балалар театрының түрлері.
Театрландырылған ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек.
Осыны ескере отырып, әрбір топта театр бұрыштары жасалады. Мұнда әртүрлі
театр түрлері топтастырылады. Балалар театрының мынадай түрлерін бөліп
қарастыруға болады: ойыншық театры, саусақ театры, үстелүсті театры, сурет театры,
кітапша театры, фланелеграф театры, трафарет театры, көлеңкелі театр. Ең көп тараған
түрі-ойыншық театры. Мұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән
орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемде спектакльдер ойнайды. Онда адамдар рөлін
ойыншықтар ойнайды. Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды-маринеткалар
деп атайды. Оларды әртүрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да
420
қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалары арқылы
келтіріледі, екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп, ойыншыққа байланады.
Қолмен қуыршақтарды басқарады . театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігіндей
болады. Бала өзіне костюм, үлкен бетпеде киеді. Қуыршақты өздері жасауға болады,
оның негізі болып үшбұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың
басына , екі бұрышын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітеді. Қуыршақтың
басына тесмалар орнатады, олар қуыршақ пен жүргізушінің мойнына ілінеді. Бұл
қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын
дамытады.
Саусақ театрында- саусақтардың көмегімен қандай болмасын ертегіні немесе өлең-
тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Бұл театр түрін ширманың артында немесе
ашық, еркін жүріп, үстел басында да ойнай беруге болады. Саусақ ойынын ойнай
отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,
құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қимылдарына қарап бала
қуанады, шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын
қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын
қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен және т.б. түсініктерді бағдарлай алуды
үйренеді.
Үстел үсті театры – сәбилер тобынан бастап-ақ, тақпақ пен қысқа өлеңдерді
айтқызғанда көркемсөздер әсерлі етілу үшін.
ІІІ Шығармашылық салалары ауысып отырып театр көрнісі яғни, сазды – сахналық
өнерге екінші кішкентайлар тобынан даярлық тобына дейінгі балдырғандарды
қамтиды. Мұның барлығы балалардың шығармашылық қабілет - дарынын дамытып,
оны қоршаған ортаның ерекшеліктеріне орай бейімдеп, сонымен тығыз байланыстыра
отырып ұғындырып, олардың өмірді түсінуіне жағдай жасап, қиял армандарын
жетілдіруге тырысу. Осы жұмыстарды педагогикалық талаптарға сай ешбір күштеп,
зорлаусыз-ақ, өздерінің әдеттегі ойындарын қызықты да әсерлі етіп ұйымдастырған
шақта балалар одан сайын ынталанып, оның жемісі де айтарлықтай болады. Жалпы
театрландырылған ойындарда балалардың шығармашылық қабілет-мүмкіндіктері
айқын аңғарылады. Бұған пайдаланылатын шығарманың сюжеті мен ойындық
қимылдары оның мазмұны бойынша анықталады, ал рөлдерді орындау тәсілдері
мимика, интонация, дене қимылдары арқылы жасалып, іске асырылады. Бұл ойындарда
балаларға шығармашылық жағдайлар жасауға, өздеріне тапсырылған ролдерді толық
игеріп, кірісіп кетулеріне көп көңіл аудару. Олардың тиісті бейнелерді дұрыс
жасаулары үшін іс-әрекет, қимылдарын көрсетіп, жетілдіруіне көмектесіп,
кейіпкерлердің сөздерін, көңіл-күй, сезімін, мінез-қалпының қандай болуы керектігін
түсіндіріп, ұғындырып отыру. Сөйтіп ойын барысында олардың тартымды бейнелер
жасай білуіне қол жеткізу. Оған тәрбиешілер жан тәндерімен кірісіп, көп еңбек сіңіру
керек.
Сондықтан да театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын
ешуақытта жоймақ емес. Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби
шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде.
Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-
қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің