238
Қорыта келе, адамзаттың алдында тұратын ұлы мұраттың бірі – саналы және
салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – болашақ қоғамның тәрбиесі. Осыған
орай, отбасының, яғни ата-ананың болашақ ұрпаққа адамгершілік пен рухани тұрғыда
тәрбие берудегі үлестері орасан зор және де бұл ұрпақ алдындағы жауапкершілік
атадан-балаға жалғасуда. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Отан отбасынан
басталады», «Бала жастан…» деген нақыл сөздер, ата-ананың бала тәрбиесінде алатын
орнын ерекшелендіреді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Нысанбаев Ә, Әбжанов Т. Ой.Ақыл. Адамгершілік. Алматы, 1994ж
2.Бала тәрбиесі №2 2016ж
3.Сатыбаев.С Халық әдебиетінің тарихы негіздері-Алматы 1992ж
4.Баймұратова.Б Отбасындағы тәрбие,-Алматы:Шартарап-2000ж
БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Бахыт Ж.
Қарағанды қаласы №6 «Алданыш» б/б КМҚК
Жалпы шығармашылық білім беру саласының мақсаты: мектеп жасына дейінгі
балалардың сезімдік-эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру,
шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту. «Шығармашылық» білім
саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде:
сурет салу;
мүсіндеу;
жапсыру;
музыкада жүзеге асырылады.
Музыка адамның рухани дүниесіне зор әсер ететінін немен түсіндіруге болады?
Адамдардың әртүрлі сәттеріндегі бастан кешкен күйлерін бейнелеп беретін ғажайып
мүмкіндігімен түсіндіруге болады. Ән айту өнерінің рухани дамуға тікелей қатысы
бар.
Әншіліктің адам өміріндегі рөлі өте жоғары. Н.Г. Чернышевский әншілікті
«Жоғары, жетілген өнер қатарына жатқыза отырып, ән айту, сөйлеудің әуелгі және
елеулі негізі іспеттес», - деп айтқан. Адам дауысының әсерлі ырғақтары мен бет-
бейнесінің құбылып отыруы бүлдіршіндерді елітіп әкетеді. Ұжым болып ән айту
айрықша әсер туғызады. К.Д. Ушинский «Хормен айтылатын әнде, адамды
көңілдендіріп, сергітеді», - деп айтып кеткен екен. Ән айту бала ағзасына жайлы тиіп,
сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тынысын тереңдеуіне, дауыс аппараттарын
шынықтыруына көмектеседі.
Ән салғанда тұлғаның өзін ұстай білуі дегеніміз – дұрыс тұру. Ән айтқан кезде
иықтарын көтермей, еңкеймей, бойына сай орындыққа түзу отырып не түзу тұруы тиіс.
239
Ән айтуға үйрету үрдісі, баланың музыкалық қабілеттері эмоциялық әсер алғыштығы
музыканы есту қабілеті, ырғақты сезінуі айрықшы тез дамиды.
Баланың есту қабілеті мен дауысының ерекшеліктері. Ән салу – дыбыс жасаудың
күрделі үрдісі. Есту мен дауысты үйлестіру дене тітіркеністерінің өзара әрекеттері өте
маңызды орын алады. Балалар ересек адамның сөйлеу және ән салу интонациясына
еліктейді, малдың, құстардың дауысын айнытпай салуға тырысады. Есту мен
дауыстың өзара байланыстығын көптеген ғалымдар зерттеп келеді. Балалар дауысын
зерттеуші доктор Алмазов Г.Н. «Балалардың ән салудағы кемшіліктері: (талдай келіп),
есту мүкістігі, тамағы кесел, есту мен дауыс арасындағы байланыстың жоқтығын
талдай келіп, бұл кеселдерді дәрігер дер кезінде емдеу керек екенін айтады. Егер оқыту
дұрыс жолға қойылса есту қабілеті қалыпқа келеді. Бала дауысын қорғау ән айтуға
үйретудің дұрыс жолға қойылуын қажет етеді. Бұған балалардың жасына сай
келетіндей музыка материалдар, яғни репертуарды ойластырып, іріктеп алудың көмегі
көп. Ол үшін баланың диапазонын білу керек. Диапазон – дауыс жақсы естілетін ең
төменгі және ең биік дыбысқа дейінгі интервал қатары. Баланың жас ерекшеліктеріне
сай диапазон аралығы.
Баланың жасы
Диапазоны
2-3
ми-ля
3-4
ре-ля
4-5
ре-си
5-6
ре-си (до2)
6-7
До (ре-до2), до#2-ре2
Осы кестені Музыка жетекшілері балаларға ән таңдарда ескерген жөн. Және
балаларға суық және дымқыл ауа райында ән айтуға болмайтынын ата-анаға ескерткен
жөн.
Әншілік дағды мен шеберлікті дамыту вокалдық хор дағдылары әндерді үйрену
үрдісінде меңгеріледі. Дағдылар неғұрлым күрделі шығармаларды үйренген сайын
күрделеніп, түрлене береді. Жыл аяғына қарай балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
Екінші кіші топ. Педагогтың көмегімен және музыканың сүйемелдеуімен ең
қарапайым әндерді айту.
Орта топ. Әнді аспаптардың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз айту.
(Жеңілдеу әндер).
Ересек топ. Әнді тәрбиешімен бірге музыканың сүйемелдеуінсіз және аспаптың
сүйемелдеуімен өзінше айта білу. Үйренген әнді тез еске түсіру, әнді ажырата білу,
дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын айыра білу, ән айту ережелерін дұрыс ұстана
білу.
Даярлық топ. Таныс әндерді музыканың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз
әсерлі орындау, өткен әндерді еске түсіріп ән айту, тұлғаны дұрыс ұстай алу және
ұжым болып та жеке де ән айта білу – дауысын басқалармен үйлестіре білу, қатесін
240
түзей алу, дыбыстарды айыра білу, ұзақтықты сақтай білу, ноталардың аттарын білу,
жалпы музыкалық сауаттылығы болуы керек.
3 жасқа қараған шағында баланың дауысы қалыптаса бастайды. Әншілік дыбыс
жетілмейді. Тыныс алуы қысқа болады. Бірақ балалар осының өзінде де ересек
адаммен бірге әнге қосылып, музыкалық фразалардың соңын қайталайды. Ал, 4 жасқа
толғанда әншілік дауысы анағұрлым ашылады. Жеңіл әнді түгел айтып шыға алады.
Кіші топтарда дикцияны жөндеу жұмысына мән беріледі. Балалар сөздің мәнін
түсінбегендіктен жобалап қана айтады. Сондықтан, түсініксіз сөздердің мәнін
түсіндіріп, оларды дұрыс айтуға үйрету қажет. Педагог балаларды үздіксіз қадағалап
ұжым болып әнді дұрыстап айтуға үйретуі қажет. Бірінші кіші топтағы балалар:
жылдың аяғына қарай ересек адамға ілесіп өлең айтуға, әннің жекелеген фразаларын
белсенді түрде қайталай алуы тиіс.
Баланың қабілеті, белсенділігі музыкалық қызмет процесінде дамиды. Баланың
өсіп жетілулерін ескере отырып, музыкалық қызметті ең жас шағынан бастап үйрету,
дұрыс ұйымдастырып, бағытқа салу – педагогтің міндеті. Өйткені күнде дамуда
қиыншылық болуы тиіс. Мәселен, балаларға музыкалық дыбысты биіктігіне қарай
айыра білуді үйретпесе, ондай балалар 7 жасқа толғанға дейін өте оңай тапсырмаларды
да орындай алмайды. Сөз соңында мынаны айтуға болады, жарық, жылу және дымқыл
сияқты басты жағдайлар болғанда ғана гүл әдемі болып өседі. Бала да жан-жақты
дамып, жұмыс істегенде құлпыра дамиды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Искусство, музыкознание, музыкальная психолгия и музыкальная педагогика:
Хрестоматия / Сост. Э.Б. Абдуллин, Б.М. Целковников. –Вып. 1 – с. 2. – М., 1991
2. «Музыка әлемінде» журналы (2000ж №1)
3. «Музыка әлемінде» журналы (2002ж №2)
SPEECH GAMES AND STORIES AS A FACTOR OF PERSONAL DEVELOPMENT
OF PRE-SCHOOL CHILDREN IN STUDYING ENGLISH
BashtaT.V. Teacher of English language
Kindergarten «Altynsaka», Karaganda
The topicality of the considered theme is in need of psychologists, teachers, parents in
necessity of finding more perfect psycho - pedagogical methods influencing on the
developing of child’s personality at English lessons. The purpose: the formation of children’s
mental, speech, creative skills; development of character building, good attitude to each
other, relatives and unknown people who help to provide as ethical so characterful
preparedness of pre-school children to school education.
The aims: Attraction less successful children to speech activity. Inculcate interest to
collective activity for developing speech activity, dialogue and monolog speech.
The goals:
Достарыңызбен бөлісу: |