208
ХХІ ғасыр- бәсеке ғасыры,олай болса, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді, ата
дәстүрімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстайтын, өмірдің әр түрлі
мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс
келетін құзыретті азаматтарды кіші жастан, яғни, мектепке дейінгі жастан бастап
дайындау мақсаты тұр. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта
балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан
өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдақтардың үлгісі
болып отыр.Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі- ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие-
халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін
жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және
соған сай мінез- құлқын қалыптастыру.
Тәрбие мәселесі адам баласының ғұмырындағы көнермейтін, өмір ағысынан
ажырамайтын баға жетпес құндылық. Бала тәрбиелеу мәселесінің негізгі өзегі- өмір
тәжірибесі, халықтың әдет – ғұрпы. « Әке асқар тау, ана- ағар бұлақ, бала жағадағы
құрақ»,- дейді дана халқымыз. Отбасындағы осы үш адамның арасындағы берік
байланыс терең сүйіспеншілік мызғымастай жарасым табуы қажет. Ұлттық тәрбиенің
өзегі- адамгершілік тәрбиесі. Ендеше адамгершілік тәрбиесінің ең негізгі міндеті жас
ұрпақтың бойына өзі өмір сүріп отырған қоғамның алдында тұрған мақсат – мүдеге
сай адамдық қасиеттерді қалыптастырып жетілдіре отырып тәрбиелеу болып
табылады. Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның туған кезінен-ақ
басталады, ал рухани-адамгершілігі қоршаған орта мен адамгершілік тәрбиесінің
міндеттері мен мазмұнына байланысты жетіледі. Тәрбие жүйесінің тиімділігінің аса
маңызды көрсеткіші баланың адамгершілік жағынан жетілуі, оның-рухани
адамгершілік қасиеттерінің елеулі өзгеруі болып табылады. Балалық шақта айнала
қоршаған дүниені ақылмен, жүрекпен тану- адамгершіліктің ең басты негізі болып
табылады. Адамгершілік- рухани тәрбиені қалыптастырудың негізі- баланы ұлттық
салт дәстүрге тәрбиелеу, қазақ халқының ұлттық тәлім тәрбиесінің басты бағыттарын
бойына дарыту. Адамгершілік рухани тәрбиені жеткіншектерде қалыптастырудың
негізінің бірі салт-дәстүрлерге баулу. Олардың қызығушылығын тудырып, уақытын
бос өткізбей жастайынан салт-дәстүрлерге баулу керек. Бұл да жеткіншектің бойында
өз ұлтына деген мақтаныш сезімдерінің дамуына жағдай жасайды. Әрбір баланың
мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс- әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады.
Адам шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап өз туған елінің азаматы деген атқа ие
болады. Осы кезден бастап әр тұлғаның «Мен»-і қалыптасады.Адамның жеке басының
қасиеттері мектепке дейінгі жаста қалыптасатыны бәрімізге аян. Осы жаста бала
қажетті қасиеттердің бәрін бойына сіңіріп, әдетіне айналдыра бастайды. Бала әр
нәрсеге құмар, айналасындағы барлық өзгерісті, табиғат тамашаларын сезінуге
талпынып, өз құрбыларымен, ересектермен тығыз қарым-қатынаста болады. Осы
мектепке дейінгі жастағы баланы жан-жақты дамытып, жеке тұлға ретінде тәрбиелеу,
оның ішінде адамгершілік тәрбиені бала бойында қалыптастыру- ата-ана мен
мектепке дейінгі ұйымның міндеті. «Бала – бауыр етің,»,- демекші, бала дамуы
негізінен ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әке-шешенің, әже мен атаның,
үлкен мен кішінің қарым-қатынасына қатты байланысты. Баланың өзгелермен қарым-
қатынасы, амандасуы, үлкен-кішімен сөйлесуі – бәрі-бәрі отбасынан басталады. Бала
209
отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда, өзін қалай ұстауы, кішіпейіл болу,
ізеттілік сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу
сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін- бірі сыйлау,
қамқоршы болу, бірлесіп еңбек ету секілді, баланың бойында адамгершілік қасиеттер
дамиды. Әрбір баланың жақсы болуға тырысатын кездері болады: оның сондай
белсенділігі мен талпынысына қолдау көрсету, демеп жіберу, сеніммен қарау, балаға
қанат беріп, баланың ынтасын одан әрі арттырады. Ата-аналарымен бірігіп жұмыс
істеу барысында балалар тазалыққа, адалдыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке
үйренеді. Отанға деген сезім ықыластары артады. Бала дүниеге келгеннен бастап, ата-
анасы және айналасындағы адамдар мен тығыз байланысты болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын іске асыру» ережесі деп
аталатын бағдарламасында халық үшін мектепке дейінгі тәрбиенің тиімділігін
қамтамасыз етудің мақсаты айқын көрсетілді. Өйткені еліміздің даму стратегиясының
негізгі бір тармағы халыққа білім беру болып табылады. Сондықтан балаларды
мектепке даярлау мәселесі өзекті істің біріне айналып отыр.
Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу- біздің бәріміздің қасиетті борышымыз.
Балғындардың шат күлкінсіз,әсем қылығынсыз өмірді, келешекті елестету мүмкін
емес. Жүрегімізге жылу, жанымызға нәр, көңілімізге гүл себер бала.
Халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп,олардың парасаты
мол,мейірімді,ақылды,еңбекшіл болып өсуіне бағыт-бағдар беріп отырған. «Бала
балқыған қорғасындай, қандай да қалыпқа құюға болады» делінген халықтың даналық
сөздері де осыған байланысты туса керек.Ұрпақ тәрбиесі тал бесіктен басталады.
Балалар өз бойларына жаңұяда, өмірде қажет болар қабілеттері қалыптасып
дамуда. Бір бірімен сыпайы қарым – қатынас жасау іскерлігі, сендіру, түсіндіру
іскерліктері жетіліп келеді. Балабақша іргесінде балалардың бір-бірімен сыпайы
қарым – қатынас жасау, кішіге көмектесуге, үлкенді сыйлауға тәжірбиесі үйретілуде.
Қарапайымдылық, мейірімділік, шыдамдылық, бір- біріне көніл бөлу сезімдерін
бағалау сияқты этикалық мәселелерге көбірек көніл бөлініп, балалар осы тұрғыда
тәрбиеленуде. Отбасындағы зиянды әдеттер, ата-ананың бір-бірімен қарым-қатынасы
бала тәрбиесіне көп әсер етеді. Балалардың бойында зорлық-зомбылық, өзімшілдік
жағымсыз қылықтардан бойын аулақ ұстау үшін ата-ана мен баланың арасында
байланыс үзілмеуі керек. Осы бала тәрбиесінде адамгершілікке, имандылыққа,
мейірімділікке тәрбиелеу барысында ата-ана мен бала арасындағы, бала мен үлкендер
арасындағы қарым-қатынасты реттеу. Адамның жеке басының қасиеттері мектепке
дейінгі жаста қалыптасатыны бәрімізге аян. Осы жаста бала қажетті қасиеттердің бәрін
бойына сіңіріп, әдетіне айналдыра бастайды. Қазіргі таңда ұрпақтың білімі мен
тәрбиесіне ерекше көңіл аудара отырып сапалы білім беру талабы туып отырғанда,
балабақша мен отбасы ынтымақтастығы өте қажет. Біз педагогпыз. Біздің өз өмірімізде
осы таңдаған мамандығымызға деген қызығушылық, жауапкершілік, алға қойған
мақсатымыз бар. Сол мақсатқа жету үшін оқу-тәрбие үрдісіндегі жұмысымызды
жаңаша, заман талабына сай құра отырып, ата-ананы,баланы, қоғамды біріктіре
отырып нәтижеге жетуге қол жеткізуіміз қажет. Отбасында ата-аналарға
педагогикалық білім өте қажет, себебі ата- ана бала тәрбиесінің мақсат,міндеттерін