Оқыту барысында мұғалім қызметтің операциялы-техникалық жағын
қамтамасыз ету
міндеттерін шешеді. Бұл жұмыс біріншіден, балалардың бейнелеу қызметінің тҽсілдері мен
дағдыларын меңгеруімен, екінші жағынан, ҽр түрлі бейнелерді құру үшін ҿз бетімен қажет
құралдарды таңдай білу іскерлігін қалыптастырумен байланысты. Балалар қарындашты,
қылқаламды, бояуды қолдану, суретті бояу, штрих түсіру іскерлігін игереді. Бұл іскерліктер
мен дағдыларды игеру барысында балалардың ұсақ моторикасы дамиды, кҿру-қозғалыс
координациясы қалыптасады, қол жазуға үйренеді.
3. Бейнелеу ҿнері сабақтары баланы эстетикалық тҽрбиелеуде маңызды орын алады.
Балалар тҽрбиеші арнайы таңдаған ҽдемі, анық, түстері қанық заттарды қабылдайды. Олар
ҿздерінің жасаған жұмыстарын заттардың үлгісімен салыстыруға, оларды дұрыс бағалауға,
істелген жұмыс туралы қасындағы жолдастарының ойларын тыңдауға үйренеді.
Бейнелеу ҿнері сабақтары баланың жағымды сапаларын тҽрбиелеуге кҿмектеседі:
ынтымалылық, зейін бҿлушілік, бастаған істі аяғына дейін жеткізу. Сабақ уақытында затты
қолдану кезінде алынған қабылдау бейнесіне сүйене отырып, тҽрбиеші балаларды заттарды
сипаттау арқылы бейнелеуге үйретеді. Бұл сабақтар бейнелік-елестетуді пайдалану
іскерлігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Осындай сабақтар баланың сенсорлы жҽне
сҿйлеу тілі дамуының бір-бірімен байланысын қалыптастыруға жҽне мүсіндеу мен сурет
салу процесінде қолданылатын қажет сҿздерді ұғынуға кҿмектеседі. Балаларды заттардың
суретін салу мен мүсіндеуге оқыту, елестету бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстардың
нҽтижесінде жиналған, қалыптасқан бейнелер балаға жаңа бейнелерді ҿз бетінше ойша
бастауға мүмкіндік береді. Бұл сабақтарда тҽрбиеші балалардың қандай заттар мен
жағдайларды кҿргенін, бейнелегенін еске түсіруге үйретеді, олардың алуан түрлілігіне
назарын аудартады т.б
Бейнелеу ҿнері сабақтары дайындық сыныбынан тҿртінші сыныпқа дейін
жүргізіледі. Бейнелеу ҿнерін оқыту курсына 170 оқу сағаты бҿлінеді, оның 48 сағаты
табиғи түрден сурет салуға; 48 сағаты сҽндік сурет салуға, 35 сағаты тақырып бойынша
сурет салуға, ал 5 сағаты ҿнер туралы ҽңгімеге арналады.
Дайындық сыныбында ҿтетін сабақтар балалардың графикалық дағдыларын
меңгеруіне, ұсақ қимыл-қозғалыстарын дамытуға арналады.
0-3-сыныптарда ҽр тоқсанда 2 реттен ҽңгіме ҿткізіледі. Ҽңгімелерге арнайы сағат
бҿлінбейді, сабақтың басында не аяғында 10-15 минут уақыт арналады.
Дайындық сыныптарының мақсаты- балаларда тыңдау дағдысын қалыптастырып, берілген
тапсырмаларды орындауға үйрету.Қарындашты дұрыс ұстауға ( үлкен жҽне орта
бармақтарымен ұстап, үстінен сұқ саусақпен басу керек), дҽптерді дұрыс қоюға ,жазғанда
кҿлбеу қойылса,ал бұл сабақтарда дҽптер парта шетіне қатар қойылады, ҿшіргішті қолдана
білуге үйретеді,қағаз мыжылмас үшін қарындаш сызықтарын бір бағытта ҿшіру керек,
түстерді атау жҽне ажыратуға, қолмен жуан жҽне жіңішке сызықтарды жүргізуге, ҽр түрлі
геометриялық пішіндерді жҽне қарапайым суреттерді салуға, оларды шеттерінен шықпай,
ұқыптылықпен бояуға үйрету керек.Оқытудың дайындық кезеңінде мұғалім балалардың
байқай білу, қабылдау қабілеттерін дамытуға, заттардың түсін,кҿлемін, пішінін, олардың
бір-біріне қатысын ерекшелеп түсіндіруге арналған жұмыстарды жүргізеді. Бұл сабақтар
оқушылармен ойын түрлерінде ҿткізіледі. Бұл үшін құрылыс конструкторлары,
геометриялық кескіндер,түрлі кҿлемдегі денелер,ұзындығы мен ені ҽр түрлі түрлі-түсті
қалың қағаз кесінділері, суреттердің нұсқасы келтірілген кестелер, мозайкалар жҽне де
басқа ұсақ заттар жиынтығы қолданылады.
Балалардың графикалық дағдыларды игерулеріне арналған дайындық мына
бағыттар бойынша жүргізіледі:
а) қол мен саусақтарға арналған жаттығулар;
б) дҽптер бетінде дұрыс бағдарлау дағдыларын қалыптастыру жұмыстары
в) қарапайым графикалық жаттығулар.
Бұл дайындық сабақтарында балалардың қимыл-қозғалысын, қол мен саусақтардың
қозғалыстарын дамытуға арналған жаттығулар жүргізіледі.Қол мен саусақтарға арналған
жаттығуларға сабақтың басында жҽне ортасында 2-3 минут уақыт бҿлінеді. Балалардың
графикалық дағдыларының қалыптасуы, сурет салулары олардың қағаз бетінде дұрыс
бағдарлауларына тҽуелді болады. Сондықтан да балалардың кҿріп қабылдау жҽне
кеңістікте бағдарлауын дамытуға арналған жаттығулар, олардың қағаз бетінде дұрыс
бағдарлауын қалыптастырады.Жаттығулар балалардың ойыншықтар мен геометриялық
пішіндермен жұмысына негізделіп, үлкен қағаз бетінде жүргізіледі.Қағаз бетінде дұрыс
бағдарлауға арналған жұмыстар сабақтың соңында жүргізіледі. Кеңістікте бағдарлаумен,
кҿріп қабылдауын дамыту ақыл-ойы жетілмеген балаларды дайындаудың маңызды
мақсаттарының бірі болып табылады.
Балаларды берілген тапсырманы түсіне отырып орындауға үйрету керек. Егер
жоғарыда аталған қабілеттер қалыптаспаса, балаларды сурет салуға үйрету ҿте қиынға
соғады.
Кҿмекші мектептің бастауыш сыныптарында терминдер жалпы түсінік ретінде
кҿрнекілік құралдарды кеңінен пайдалану жҽне бейнелеу ҽрекеттердің толығымен қолдану
арқылы біртіндеп енгізіледі.Бастауыш сыныпта мұғалім оқушылардан «есте сақтау
бойынша сурет салу», «заттың табиғи түрден суреттеу» түсініктерді меңгеруін талап
еткендіктен, алдымен есіңде сақталған суретті сал деп, баланың ойындағы суретті бейнелеу
тапсырмасын береді ,келесі кезеңде сол суреттің табиғи түрден бейнелеу жұмысы
жүргізіледі.Мұғалім балаларға түсініктердің мағынасын тереңдетіп ұқтыру үшін бұрыннан
таныс сҿздерді пайдаланады. Мысалы, жоғарыда айтылып кеткен мысалдағыдай, оқушылар
табиғи түр,есте сақтау арқылы суреттеу сҿйлемшелердің мағынасын дұрыс пайдалана білу
керек.
Осындай жұмыстар оқушыға арнайы сҿздердің түсініктердің сҿйлемшелердің
мағынасын тереңінен түсіндіріп, бейнелеу ҿнеріндегі сауатын ашады.
Дайындық сабақтарында кҿріп қабылдау диктанттарына,мозайка мен трафарет пен үлгі
жұмыстарына кҿп кҿңіл бҿлінеді. Үлгі пішіндерге тек белгілі геометриялық
пішіндерді(үшбұрыш,шаршы жҽне т.б) ғана алып қоймай, қатты қағаздан жасалған кҿкҿніс,
жемістердің, гүлдердің жҽне т.б пішіндерді де қолдануға болады.
Дайындық сабақтарында балаларды түзу сызықтарды салуға үйрету маңызды. Сабақ
ойын түрінде ҿткізіліп, балаларда қызығушылық сезім пайда боладыАлғашқы
тапсырмаларды фломастермен салуды үйренген соң қарындашқа ауысады. Мұғалім
балалардың дұрыс отыруына , қарындашты ,фломастерді дұрыс ұстауларына үнемі кҿңіл
бҿліп отыруы керек.Ҽрбір тапсырманың дұрыс,мұқият орындалуы балалардың графикалық
дағдыларын қалыптастыруда маңызы зор. Бұл графикалық тапсырмалар уақыты 10-15
минуттан аспауы керек.
Бастауыш сынып оқушыларын суретті дұрыс бояуға үйрету ҿте қиын.Суреттің
шекарасына қарамай, қарындашты қатты басып,ҽр түрлі бағытта сызады, сурет іші толық
боялмай қалады.Түске арналған сабақтар балалардың түс,рең туралы ұғымын түзете-
дамыту бағытында жұмыс істейді. Оқушылардың бояумен дұрыс жұмыс істеуі берілген
тапсырманы түсініп орындау дағдыларын қалыптастыру жұмыстарына ерекше ҽсер
етеді.Балалардың эстетикалық талғамын тҽрбиелеуге де кҿп кҿңіл бҿлу керек.
Дайындық сабақтарында берілген үлгі бойынша шаршы кҿмегімен қарапайым суреттерді
салу қарастырылады.Балалардың салуына жеңіл болу үшін дҽптер беттерінде суреттің
пішіні бойынша мұғалім тірек нүктелерін белгілейді. Жүргізілген дайындықтан кейін,
дайындық сыныбының оқушылары сурет салуға қажет қарапайым білім мен дағдыларды
қабылдағаннан соң, пішіні мен құрылысы балаларға жақсы таныс геометриялық пішіндерге
ұқсас заттардың күрделі түрін бейнелеуді бастауға болады.
Пайдаланылған ҽдебиет:
Бейнелеу ҿнері,Алматы-2004 ж
Гаврилушкина О.П. Организация подготовительного периода к обучению умственно
отсталых дошкольников изобразительной деятельности, Дефектология 1975,№3