Дүйсенбаева Р. Д.,Каримова Г. М. Арнайы білім беретін мекемелерде бейнелеу ӛнері және



жүктеу 1,81 Mb.
Pdf просмотр
бет3/29
Дата27.12.2019
өлшемі1,81 Mb.
#25081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

қорғауда, мектеп ауласын кҿгалдандыруда) эстетикалық бағыт беру керек.  

Табиғатқа, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты тҽрбиелеу үшін дүнижүзілік жҽне 

ұлттық кҿркем туындылар (жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің т.б.) 

мысалдарын, үлгілерін кҿрнекі қолдану қажет.  

Бастауыш мектеп оқушыларын табиғатқа серуендеуге шығарғанда, оларға ҽр қилы 

тапсырмалар орындатуға болады: заттың ҿзіне қарап суреттер салып, ұнаған жерлерді 

суретке түсіру.  

Табиғат – біздің ҿміріміздің сҽні. Ол бізді мол шаттыққа кеңелтеді. Кең байтақ далаға, 

айнадай жарқыраған су айдынына, ұлы тауларға қарап, сүйсіне лҽззат аламыз. Табиғат 

адамның бойына қуат, кҿңіліне шабыт, сезіміне лҽззат шапағатын ұялататын сұлулық пен 

ҽсемдік ҽлемі. Сондықтан да оқушылардың эстетикалық танымын қалыптастыруда 

қоршаған ортаның ҽсері мол.  

Негізінде эстетикалық тҽрбие экологиялық тҽрбиемен тығыз байланысты, ҿйткені 

экологиялық тҽрбиенің де басты бағыты жас ұрпаққа табиғатпен қатынаста жоғары 

мҽдениеттілікті, қоршаған ортаға деген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. 

Тҿменгі сынып оқушыларын эстетикалық тҽрбиеге баулу туған табиғатты бейнелейтін 

кҿркем сипаттама мен кҿріністерді жақсы түсінуге негіз салады, оқушыларды суретке, 

қиып жапсыруға баулу, түстердің, сызықтардың тамаша келісті үйлесімділігін таңдай білу 

қабілетін дамытуға жҽрдемдеседі.  

Ҿмірді, оның қоғамдық тҽрбиелік мҽнін жан –жақты түсіну үшін ҽсемдік, ҽдемілік 

заңдарын жақсы түсіну шарт. Ҿнер біздің қоғамда адамдардың,  ҽсіресе оқушыларды 

рухани, эстетикалық тҽрбиелеуде сенімді күшті құрал болып табылады. Оқушыларды 

кҿркемҿнерді сүюге, адамға тҽн ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді. 

Қазақ халқы ерте заманнан – ақ сұлулық пен ҽсемдікті таңдай да, талдай да білген. Ҿз 

тұрмысы мен мҽдениетінде шеберліктің небір сан –саласын, асқан ұқыптылықпен 

кҿкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дҽуірімізге ұштастырған.  

Ҿнер қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауды 

қажет етеді. Ҽсіресе, бастауыш мектепте бейнелеу ҿнері жүйелі оқыту жайы, оған жастай 

баулап тҽрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер қояды. Сурет салуды 

сүю -ҿмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол мектеп оқушысының ақылын, 

ойын, парасатын, ҿсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, ҽсемдікке үйретеді. Ҿмірдегі 

келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге тҽрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген 

сүйіспеншілікке тҽрбиелейді. 

Халық шеберлері ою - ҿрнек салу тҽсілін белгілі – бір ізбен қалыптастыруда ҿз ҿнерін 

үздіксіз жетілдіру жолымен кейбір ою -ҿрнектердің композициясына, ҽшекейлейтін 

заттардың түріне қарай табиғи байланысты бейімдеп түрлендіріп отырады. Демек ою -

ҿрнектермен ҽшекейлеп бейнелеушілік қандай уақытта болмасын халықтың дҽстүр 

негізінде орындалады. Осы халық қолҿнерінен туған бұйымдарды кҿрмелер мен 

мұражайларға сақтап қана қоймай, оны күнделікті сабақ барысында кеңінен қолдануы 

қажет. 


Бейнелеу ҿнері –ерте заманда пайда болып, барлық дҽуірде ҿмір сүрген. Ол бірнеше түрге 

бҿлінеді: кескіндеме, графика, мүсін, сҽулет ҿнері жҽне сҽндік қолданбалы ҿнер. 

Сурет салуды үйрету ҽдістемесінде натюрморт кез –келген ыдыс –аяқтан немесе басқа да 

затттардан құралады. 

 

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды бейнелеу ӛнеріне оқыту ерекшеліктері 



Жоспар 

1.  Интеллектісі бұзылған балалардың бейнелеу қызметінің ерекшеліктері. 

2.  Балаларды бейнелеу қызметіне оқытудың міндеттері. 

3.  Баланы эстетикалық тҽрбиелеуде бейнелеу қызметінің алатын орны. 

4.  Бейнелеу ҿнері сабақтарының мазмұны. 

 



1.  Психиканың  дамуы  жетекші  қызметке  тҽуелді.  Жетекші  қызмет  бұл  психикалық 

процестер  қалыптасатын  жҽне  қайта  құрылатын  қызмет.  Тұлғаның  психикалық  ҿзгеруі 

жетекші  қызметпен  байланысты.  Баланың  дамуындағы  ҽрбір  саты  ҿзінің  жетекші  қызмет 

түрімен сипатталады. Сҽбилік шақта ол қарым-қатынас түрінде, ерте балалық шақта заттық 

қызмет түрінде, мектепке дейінгі жаста сюжеттік-рҿлдік ойын қызметіне ауысады. Сонымен 

қатар баланың дамуында қызметтің басқа да түрлері қалыптасады (бейнелік, құрылымдық, 

ертегіні қабылдау т.б). 

Баланың  бірінші  ҿнімді  қызметтерінің  бірі  бейнелеу  жҽне  құрылымдық  қызмет 

болып  табылады.  Олардың  пайда  болуы  қоршаған  орта  мен  құбылыстарын  қабылдаумен 

тығыз байланысты.  

Бейнелеу  ҿнерінің  заттары  мен  құралдарын,  яғни  қарындаш,  қылқалам,  қайшы,  саз 

балшық, желімді жҽне оларды қолдану тҽсілдерін игермей қандайда бір бейнені алу мүмкін 

емес. Баланың бейнелеу қызметінің дамуы заттық қызметтің дамуымен байланысты жҽне ол 

соңғы дамуының жоғарғы деңгейін болжайды.  

Ҿнімді  қызметтің  дамуы  қабылдау,  сҿйлеу,  елестету,  яғни  баланың  барлық 

психикалық дамуымен байланысты. Қалыпты дамып келе жатқан баланың мектепке дейінгі 

жастың  басында  белгілі  бір  графикалық  бейнесі  жинақталған,  кейбір  графикалық 

бейнелердің  қорлары  қарапайым  түрде  болады.  Бірақ  осы  кезде  бейнелеудің  таныс  заттар 

кескінімен  белсенді  байланысы  жүреді.  Бейнелеу  қызметі  ойын  мен  сҿйлеу  тілімен  қатар 

дамиды.  

Бейнелеу қызметін қалыптастыру бойынша түзету жұмыстары жүргізілмейтін ақыл-

ойы кем балаларда мектепке барғанға дейін жиі қарындашпен бір бейнелі, қысқа уақытты, 

ретсіз  ҽрекеттер  сақталады.  Бұл  ҽрекеттері  ойын  сҽтінен  айырылған,  бейнелеу  бағыттары 

болмайды,  салған  бейнелері  ешқандай  атпен  аталмайды,  яғни  қоршаған  заттарымен 

байланыспайды.  Мектепке  дейінгі  жастағы  ақыл-ойы  кем  балаларда  сурет  салудың 

мазмұндық  жағының  дамуы  кезінде  заттық  бейнені  игерудегі  қиындықтар  қабылдаудың, 

бейнелі  ойлаудың,  заттық  жҽне  ойын  қызметінің,  яғни  бейнелеу  қызметінің  негізін 

құрайтын  психика  жағының  жетілмеуімен  тығыз  байланысты.  Осылардың  барлығы  ақыл-

ойы кем балаларды мектепке дейінгі жас уақытында бейнелеу қызметін оқыту қажеттілігіне 

назар аудартады.  

2.  Бастауыш  кезеңінің  негізгі  міндеттерінің  бірі  қызметтің  мотивациялық-

қажеттілігін  қалыптастыру  болып  табылады.  Балалардың  сурет  салу,  қию,  желімдеу, 

мүсіндеу  т.б  ықыласын  шақырады.  Бұл  жерде  ересек  адамның  қимылы  шешуші  рҿл 

атқарады.  Мұғалім  балаларға  сурет  салу,  мүсіндеу,  жапсырмақұрақпен  жұмыс  істеуді 

үйретеді. Бейнелеу қызметінде мұғалім балалардың эмоциялы лебізін тудыратын тартымды 

заттарды  қолданады.  Бҿлек  заттар  мен  ойыншықтардан  басқа  мұғалім  ҿзінің  суретінде 

балалардың  ҿмірдегі  қызық  сҽттерін,  серуен  уақытын,  таныс  ертегілердің  кейіпкерлерін 

бейнелейді.  

Балаларды  бейнелеу  қызметіне  оқытудың  келесі  міндеттеріне  зерттеу  тҽсілдерін 

қалыптастыру  болып  табылады.  Бұл  балаларды  заттық  сурет  салу  жҽне  заттың  ҿзін 

мүсіндеуге  оқыту  кезінде  жүзеге  асырылады.  Бейнелеудің  алдында  мұғалім  балаларды 

затты  қарап  шығуға,  яғни  зерттеуге  үйретеді.  Зерттеу  жұмысы  белгілі  бір  тҽртіппен 

жүргізіледі:  затты  бүтіндей  қабылдаудан,  оның  бҿлек  бҿліктері  мен  негізгі  қасиеттерінің 

бҿлінуіне дейін (пішіні, кҿлемі, кеңістікте орналасуы, түсі).  

Заттың тікелей ҿзі ретінде шынайы заттар, дайын мүсіндер т.б қолданылады. Затты 

мүсіндеу  мен  тікелей  заттың  бейнесін  салу  процесінде,  жапсырмақұрақпен  жұмыс  жасау 

барысында  балалар  заттың,  олардың  бҿлшектерінің  кеңістік  қатынасын  қабылдайды. 

Кеңістік  қатынасы  туралы  түсініктер  балалардың  сҿйлеу  тілінде  бекітіледі.  Осыған  орай 

тікелей  заттың  суретін  салу  мен  мүсіндеу  кезінде  балалар  қағаз  бетінің  кеңістігімен 

танысады,  шынайы  кеңістіктің  бейнесі  сияқты  бейнені  жазықтық  бойынша  қабылдауға 

үйренеді.  



жүктеу 1,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау