ағындарын алу үшін ұсталады және бұл ақша ағындары тек қана борыштың негізгі сомасы мен
пайыздардың есебіне төлемдер
болып табылады және (ii) олар пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын санатқа жатқызылмаған. Ақша
қаражатының пайдалануы шектелген қалдықтары ақша қаражаты мен ақша қаражатыың эквиваленттері құрамынан ақша қа-
ражатының қозалысы туралы есеп құру мақсатында алынып тасталады. Ақша қаражатының айырбастау немесе есептік күннен
кейінгі кемінде он екі ай ішінде әрекет ететін міндеттемелерді өтеу үшін пайдалану шектелген қалдықтары өзге айналымдық
емес активтер құрамына енгізіледі.
Сауда және өзге дебиторлық берешек
Сауда және өзге дебиторлық берешек бастапқыда әділ құн бойынша, содан кейін тиімді мөлшерлеме пайызы әдістемесін
қолданып есептелген амортизациялау құны бойынша ескеріледі.
Қорлар
Қорлар ең аз дегенде екі мөлшерлеме бойынша есептеледі: өзіндік құны бойынша және сатудың таза бағасы бойынша. Қор-
дың өндіріске жіберілген және өзге есептен шығып кеткен кезінде оларды бағалау орташа өлшенген құны әдісі бойынша
жүргізіледі. Дайын өнімнің және ақталмаған өндірістің өзіндік құнына шикізат пен материал құны, өндірістік жұмысшылар-
дың еңбек ақыларын төлеуге кеткен шығындар және тікелей шығындар, сондай-ақ өндірістік үстеме
шығындардың тиісті
үлесі (өндірістік қуаттарын нормативтік пайдалану негізінде есептелген) кіреді, және қарыз қаражаттар бойынша шығыстар
кірмейді. Сатудың таза бағасы – бұл, өндірісті аяқтауға деген есептескен шығындарды және сату үшін шегуге қажет есептесу
шығындарды есептен шығарып, қарапайым қызмет барысындағы есептесу сату бағасы.
Алдын ала төлем
Құнсыздануға арналған резервті шығарып тастағанда, алдын ала төлем іс жүзіндегі шығыстар бойынша есептілікте
көрсетіледі. Алдын ала төлем ұзақмерзімдік болып жіктелінеді, егер де оған қатысты тауарлар мен қызметтерді алудың
күтілетін мерзімі бір жылдан асса, немесе алдын ала төлем бастапқы мойындалу кезінде ұзақмерзімдік
болып есептілікте
көрсетілетін активке кіретін болса. Активті алуға арналған алдын ала төлем сомасы оның баланстық құнына Топ осындай
активтерге бақылауды алған кезінде және онымен байланысты болашақ экономикалық пайдалар Топпен алынатын мүмкін-
дік бар болған кезде кіргізіледі.
Өзге алдын ала төлемдер тауарлар мен қызметтерді алу кезінде оған қатысты пайда немесе залалдар тізіміне кіргізіледі.
Алдын ала төлеуге жататын активтер, тауарлар немесе қызметтер төленбейді деген белгісі болса, алдын ала төлемнің ба-
ланстық құны есептен шығаруға жатады, және құнсызданудан болған тиісті шығын жылдағы пайда мен шығынға қосылады.
Ұзақмерзімдік алдын ала төлемдер дисконтталмайды.
Қосымша құн салығы
Өткізу кезінде туындайтын қосымша құн салығы (ҚҚС) тауарлар тиеп-жіберілген немесе қызметтер көрсетілген кезде салық
органдарына төлеуге жатады. Алу бойынша ҚҚС жеткізушіден салық шот-фактурасын алған кезде өткізу бойынша ҚҚС-мен
қоса есептеуге жатады. Салық заңнамасы ҚҚС-ын есептеуге рұқсат етеді.Тиісінше, есептеу күніне есептелмеген,
өткізу және
алу операциялары бойынша ҚҚС әрбір шоғырландырылған кәсіпорын үшін жеке тежелген қаржы жағдай туралы шоғырлан-
дырылған есептемеде мойындалған. Өтелетін ҚҚС айналымынан тыс актив болып жіктелінеді, егер де есептеу кезең аяқталу
сәтінен бастап бір жыл ішінде ертең ол бойынша қайтару күтілмейтін болса. Ұзақмерзімдік ҚҚС дисконтталмайды.
Акционерлік капитал
Қарапайым акциялар капитал ретінде көрсетіледі. Жаңа акцияларды тікелей шығаруға жататын қосымша шығындар
шығарудан алынған соманы (салықты есептен шығарып тастап) азайту ретіндегі капитал құрамында көрсетіледі. Алынған
қаражаттың әділ құнының сомасын шығарылған акциялардың номиналдық құнынан арттыру капиталда эмиссиялық табыс
ретінде көрсетіледі. Қосымша төленген капитал негізінде иеліктің бақыламайтын үлесімен өз үлесінен асыра жасалған
салымды көрсетеді.
Дивидендтер
Дивидендтер міндеттемелер ретінде көрсетіледі және олар жарияланып, мақұлданған сол кезеңдегі капиталдың сомасынан
есептен шығарылады. Есептілік күнінен кейін, бірақ қаржылық есептілікті бекіту күніне дейін,
жария етілген дивидендтер
туралы ақпарат «Есептілік кезеңнің аяқталуынан кейінгі жағдайлар» ескертуінде көрсетіледі.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ |
179
Операциялық жалға алу
Топ, активтердің иесі болуына байланысты емес іс жүзінде барлық тәуекелдер мен түскен ақшаны жалға алушыдан Топқа
тапсыруды көздемейтін, жалға алу шарт бойынша жалға алушы болған жағдайда жалға алу төлемдердің жалпы сомасы
барлық жалға алу мерзімі ішінде желілік әдіспен жылдағы пайда мен шығында көрсетіледі. Жалға алу мерзімі - бұл жалға
алушы активтерді жалға алу туралы шартты жасасқан, мерзімінен ерте тоқтатуға жатпайтын кезең, сондай-ақ жалға алушы
қосымша төлеп немесе онсыз да активті жалға алу құқығы бар қосымша кезеңдер, егер де жалға алудың бастапқы күніне
жалға алушымен осындай құқық іске асырылатынына жеткілікті сенімі болса.
Қаржылық жалға беру бойынша міндеттемелер
Топ жалдау келісімшарты бойынша, иелік етумен байланысты тәуекелдер мен пайдалардың барлығы Топқа табысталатын
жалға алушы болып табылған жағдайларда, жалға алынатын активтер жалдау мерзімі басталатын күнге негізгі құралдар
құрамында, жалға алынатын активтердің әділ құны және барынша аз жалдау төлемдерінің келтірілген құны екі шамасы-
ның ең азы бойынша капиталдандырылады. Әрбір жалдау төлемі өтелмеген міндеттемелерді азайту мен қаржыландыруға
шығындар арасында Қаржылық жалға беру бойынша міндеттемелердің өтелмеген қалдығы бойынша пайыздың тұрақты
кезеңдік мөлшерлемесі шығатындай түрде бөлінеді. Келешек қаржылық шығыстарды шегергендегі тиісті жалға алу міндет-
темелері кредиттер мен қарыздар құрамына қосылады. Жалға алу төлемдерінің құрамында пайыздар төлеуге шығындар
жалдау мерзімі ішіндегі пайдада немесе шығында тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісімен көрсетіледі.
Қаржылық жалдау
келісімшарттары бойынша сатылып алынған активтер осы активке жалдау мерзімінің аяғында меншік құқығын алатын-
дығына Топтың жеткілікті сенімділігі жоқ болғанда, оларды пайдалы пайдалану мерзімі ішінде немесе жалдау мерзімі
ішінде, ол анағұрлым қысқа болған жағдайда, амортизацияланады.
Несиелер мен қарыздар
Несиелер мен қарыздар тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолданып амортизацияланған құны бойынша көрсетіледі.
Активті сатып алуға, құрылысқа немесе өндіруге тікелей жатқызылатын және мақсатқа сай пайдалану немесе сату үшін мін-
детті түрде елеулі уақыт талап ететін қарыздар бойынша шығындар осындай активтің құрамына енеді.
Капитализацияның басталу уақыты (а) Топ, белгілі талаптарға сай келетін, активтермен байланысты шығыстарды шегереді;
б) қарыздардың шығыстарын өтейді және (в) ол активті маңызы бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті
әрекетті жасайды. Қарыз
бойынша шығындарды капиталдау, активті маңызы бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау
үшін қажетті барлық жұмыстар іс жүзінде аяқталған күніне дейін жалғасады.
Топ белгілі талаптарға сай келетін, активтер бойынша күрделі шығындарды жасамағанда, болдырмауға болатын несиелер
мен қарыздар бойынша шығындарды капиталдайды. Қарыздар бойынша капиталдырылған шығындар Топты орташа қаржы-
ландыру құны негізінде есептеледі (орташа өлшенген пайыздық шығыстар жіктелген активтер шығыстарына қолданылады),
бұған белгілі талаптарға сай келетін, активтерді алу үшін қаражатты қарызға алу жағдайы кірмейді. Бұл орын алған жағдай-
да, осы қарыз бойынша кезең ішіндегі шеккен іс жүзіндегі шығындар капиталдырылады, осы қарыздық қаражатты уақытша
инвестициялаудан түскен кез келген инвестициялық табысты есептен шығарғанда.
Айрықшаландырылған акциялар
Белгілі бір күнге өтеуге жататын айрықшаландырылған акциялар міндеттемелер ретінде жіктеледі. Бұл айрықшаланды-
рылған акциялар бойынша дивидендтер пайда немесе шығын және өзге жиынтық кіріс туралы есепте пайыздық шығыстар
ретінде көрсетіледі.
Міндеттемелер және төлемдер бойынша резервтер
Міндеттемелер және төлемдер бойынша резервтер айқындалмаған орындалу мерзімі мен мөлшерімен қоса қаржылық емес
міндеттемелерді білдіреді. Олар Топтың қандай да өткен жағдайдың әсерінен міндеттемелері бар болса (заңдылық немесе
конклюденттік) есептеледі, оларды реттеу үшін жоғары мүмкіндік дәрежесімен ресурстардың істен шығып кетуі талап
етіледі, және міндеттеменің мөлшерін жеткілікті сенімділік дәрежесімен ақшалай көрсеткішпен бағалауға болады. Топтың
резервтеріне кен орындарын қалпына келтіру резерві, қоршаған ортаны қорғау резерві және өзге де резервтер қосылады
(36 ескерту).
3.
Есептілік
саясатының негізгі ережелері
(жалғасы)
180 | Жылдық есеп. 2018
Шоғырландырылған қаржылық есептілік