Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет76/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   113

кестендірсе, онда актив 2 кезеңге көшіріледі, ал осы актив бойынша күтілетін кредиттік шығындар барлық мерзім ішіндегі 
күтілетін кредиттік шығындар негізінде, яғни келісімшартқа сәйкес өтелетін күнге дейін, бірақ күтілетін алдын ала төлемді, 
егер ол қарастырылған болса, ескерумен бағаланады («барлық мерзім ішіндегі күтілетін кредиттік шығындар»). 
Топтың кредиттік тәуекелдің ұлғаюын анықтау тәртібінің сипатталуы 42-ескертуде келтірілген. Егер Топ қаржылық актив 
құнсызданған болып табылады деп анықтайтын болса, актив 3-кезеңге көшіріледі және ол бойынша күтілетін кредиттік 
шығындар барлық мерзім ішіндегі күтілетін кредиттік шығындар ретінде бағаланады. Топтың құнсызданған активтерді 
және дефолтты анықтауға қатысты түсіндірмелері 42-ескертуде көрсетілген. Сатылып алынған немесе құрылған кредиттік 
құнсызданған қаржылық активтер үшін күтілетін кредиттік шығындар әрқашан да барлық мерзім ішіндегі күтілетін кредит-
тік шығындар ретінде бағаланады.
42-ескертуде күтілетін кредиттік шығындарды бағалаған кезде пайдаланылатын дереккөз деректері, рұқсат етулер мен 
есептеу әдістері туралы ақпарат, Топтың болжамдық ақпаратты күтілетін кредиттік шығындар моделдеріне енгізу тәсілін 
түсіндірумен қоса, келтірілген. 
Қаржылық активтерді шығару 
Қаржылық активтер Топ оларды өтетіп алу бойынша барлық іс жүзіндегі мүмкіндіктерін тауысып, мұндай активтерді өтетіп алуға 
қатысты күтулердің негізсіздігі туралы қорытындыға келгенде тұтас немесе жартылай есептен шығарылады. Есептен шығару 
мойындауды тоқтату болып табылады. Өтемге қатысты негізделген күтулердің жоқ екендігінің белгілеріне (i) сот шешімі, (ii) 
қаржылық актив сатылып алынған кәсіпорынның таратылуы, (iii) 3 жыл және одан көп мерзімінен асқан кезең кіреді.
Туынды қаржы құралдары 
Туынды қаржы құралдары әділ құны бойынша көрсетіледі. Егер туынды құралдарының әділ құны оң шамада болса, аталған 
құралдар актив ретінде есептеледі, ал егер де олардың әділ құны теріс болып табылса, міндеттемелер ретінде есептеледі. 
Туынды құралдардың әділ құнының өзгеруі жылдағы пайдаға немесе шығынға қосылады. Топ хеджерлеу есебін қолданбайды.
Басқа қаржы құралдарына енгізілген кейбір туынды есепте құралдарының, тәуекелдері мен экономикалық сипаттамалары 
негізгі шарттың тәуекелдері мен экономикалық сипатталарымен тығыз байланыста болмаса бөлек туынды құралдар ретінде 
есептеледі.
Қаржы активтерін мойындауды тоқтату 
Топ мына жағдайларда қаржы активтерін мойындауды тоқтатады: (а) бұл активтер өтелген кезде немесе осындай активтерге 
байланысты ақшалай қаражат ағымының әрекет ету құқығы өтіп кеткен кезде, немесе (б) Топ қаржы активтеріне түсетін 
ақшалай қаражат ағымына арналған құқығын тапсырған кезде немесе тапсыру туралы келісімді жасасқан кезде, және бұл 
ретте (i) сондай-ақ осы активтерді иеленуге байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды тапсырса, немесе (ii) осы ак-
тивтерді иеленуге байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды тапсырмай немесе сақтамай, бірақ аталған активтерге 
қатысты бақылау құқығынан айырылған кезде. 
Байланысты емес үшінші тарапқа қарастырылатын активтердің барлығын осындай сатуға қосымша шектеулер салу қажет-
тілігінсіз сатуға контрагенттің іс жүзінде мүмкіндігі болмаған жағдайда бақылау сақталынады. 
Қаржылық активтерді модификациялау 
Кейде Топ қаржылық активтер бойынша келісімшарттық шарттарды қайта қарайды немесе өзгеше түрде модификациялай-
ды. Топ келісімшартпен қарастырылатын ақша ағындарын модификациялау басқалардың арасында, келесі: актив бойынша 
тәуекелдердің бейініне елеулі әсер ететін келісімшарттық шарттардың бар екендігі, пайыздық мөлшерлеменің елеулі өз-
герістері, валютадық деноминация өзгерістері, активпен байланысты кредиттік тәуекелге елеулі ықпал ететін жаңа немесе 
қосымша кредиттік қамтамасыз етудің пайда болуы немесе қарыз алушы қаржылық қиыншылықтар сезінбейтін жағдайлар-
да кредит мерзімін елеулі ұзарту факторларын ескерумен елеулі болып табылатын-табылмайтындығын бағалайды. 
Егер модификацияланған шарттар бастапқы актив бойынша ақша ағынына құқық таусылатындай болып елеулі айрықша-
ланатын болса, Топ бастапқы қаржылық активті мойындауды тоқтатады да, жаңа активті әділ құн бойынша мойындайды. 
Шарттарды қайта қарау күні кейінгі құнсыздануды есептеу мақсаттары үшін, соның ішінде кредиттік тәуекелдің елеулі 
ұлғаюы фактісін анықтау үшін бастапқы мойындау күні болып табылады. Топ сонымен қатар жаңа кредиттің немесе бо-
рыш құралының төлемдерді тек қана борыштың негізгі сомасының және пайыздардың есебіне жүзеге асыру критерийіне 
сәйкестігін бағалайды. Мойындалуы тоқтатылған бастапқы активтің баланстық құны мен жаңа, елеулі түрде модификаци-
яланған актив арасындағы кез келген айырмашылықтар пайда немесе шығын құрамында көрсетіледі, егер айырмашылық 
мазмұны меншік иелерімен капиталмен операцияларға жатпайтын болса.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 177


Шарттарды қайта қарау контрагенттің қаржылық қиыншылықтарынан және оның бастапқыда келісілген төлемдерді орындауға 
қабілетсіздігінен туындаған жағдайда, Топ бастапқы және түзетілген күтілетін ақша ағындарын активтермен келісімшарт шарт-
тарын модификацилау нәтижесіндегі актив бойынша тәуекелдер мен пайдалардың елеуді айырмышылығына салыстырады. 
Егер тәуекелдер мен пайдалар өзгермесе, онда модификацияланған активтің бастапқы активтен елеулі айырмашылығы жоқ 
және оның модификациялау мойындауды тоқтатуға әкелмейді. Топ бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлеме бойынша (немесе 
сатып алынған немесе құрылған кредиттік құнсызданған қаржылық активтер үшін кредиттік тәуекелді ескерумен түзетілген 
тиімді пайыздық мөлшерлеме бойынша) модификацияланған ақша ағындарын келісімшартқа дисконттау жолымен баланстық 
құнды қайта есептейді және модификациялаудан пайданы немесе шығынды пайда немесе шығын құрамында мойындайды.
Қаржы міндеттемелерін бағалау санаттары 
Қаржылық міндеттемелер: (i) пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық міндеттемелерден: 
бұл жіктеу туынды қаржылық құралдарға, сауда-саттыққа арналған қаржылық міндеттемелерге, (мысалы, бағалы қағаздар 
бойынша қысқа позициялар), сатып алушы бизнес сатып алу кезінде мойындайтын шартты өтеуге, және бастапқы мойындау 
кезінде осылай анықталған басқа қаржылық міндеттемелерге қолданылады; және (ii) қаржылық кепілдік және кредиттер 
беру бойынша келісімшарттардан басқа, кейіннен амортизациялық құн бойынша бағаланатын ретінде жіктеледі.
Қаржылық міндеттемелерді мойындауды тоқтату 
Қаржылық міндеттемелерді мойындау олар өтелген жағдайда (яғни, келісімшартта көрсетілген міндеттеме орындалғанда 
немесе тоқтатылғанда немесе оны орындау мерзімі таусылғанда) тоқтатылады.
Шарттары елеулі түрде айрықшаланатын борыш құралдарымен Топ және оның бастапқы кредиторларымен алмасу, 
сонымен қатар бар қаржылық міндеттемелерді модификациялау бастапқы қаржылық міндеттемелерді өтеу және жаңа 
қаржылық міндеттемелерді мойындау ретінде есепке алынады. Шарттар елеулі түрде айрықшаланатын болып есепте-
леді, егер бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлемені пайдаланумен дисконтталған алынған сыйақыларды шегергендегі 
барлық төленген сыйақыларды қоса, жаңа шарттарға сәйкес ақша ағындарының дисконтталған келтірілген құны бастапқы 
қаржылық міндттеме бойынша қалған ақша ағындарының дисконтталған келтірілген құнынан кемінде 10 пайыз айрықша-
ланатын болса. Бұдан басқа, құрал деномнацияланған валюта, пайыздық мөлшерлеме типінің өзгерісі, құралды конверта-
циялаудың жаңа шарттары және кредит бойынша ектеу шарттарының өзгерісі сияқты басқа сапалық факторлар ескеріледі. 
Егер борыш құралдарымен алмасу немесе шарттарды модификациялау өтеу ретінде есепке алынса, барлық шығын немесе 
төленген сыйақылар өтеуде пайда немесе шығын ретінде құрамында мойындалады. Егер алмасу немесе модификация 
өтеу ретінде мойындалмаса, барлық шығын немесе төленген сыйақылар міндеттемелердің баланстық құнын түзету ретінде 
көрсетіледі және модификацияланған міндеттемелердің қалған әрекет ету мерзімі ішінде амортизацияланады.
Міндеттемелерді оларды өтеуге әкелмейтін модификациялау кумулитивтік амортизация есептеу әдісімен бағалау мәнінің 
өзгерісі ретінде өткен күнмен есепке алынады, бұл ретте пайда немесе шығын, егер баланстық құндағы айырмашылықтың 
экономикалық мазмұны меншік иесімен капиталмен операцияларға жатпайтын болса, пайда немесе шығын құрамында 
көрсетіледі. 
Қаржылық құралдарды өзара есепке алу 
Қаржылық активтер мен міндеттемелер өзара есепке алынады және қаржылық ахуал туралы есепте таза шама ретінде тек
көрсетілген сомаларды өзара есепке алуды жүргізу заңды түрде белгіленген құқық бар болса, сонымен қатар не бір мезгілде 
активті өткізу және міндеттемені реттеу ниеті бар болғанда ғана көрсетіледі. Қарастырылып отырған өзара есепке алуға 
құқықтың (а) болуы мүмкін келешек оқиғаларға тәуелді болмауы және (б) мына жағдайларда: (i) әдеттегі қаржылық-шару-
ашылық қызметті жүзеге асыру барысында, (ii) төлемдер бойынша міндеттемелер орындалмағанда (дефолт оқиғасында) 
және (iii) қабілетсіздік немесе банкроттық жағдайында жүзеге асыруға заңды мүмкіндігі бар болуы тиіс.
Ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттері 
Ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттерге кассадағы, талап етілгенге дейін банк шоттарындағы ақшалай қаражат 
және үш айдан аспайтын шарт бойынша бастапқы өтеу мерзімі мен басқа да қысқамерзімдік жоғары өтімділік инвестициялар 
кіреді. Ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттері амортизациялық құны бойынша ескеріледі Ақшалай қаражаттар мен 
олардың эквиваленттері амортизацияланған құн бойынша көрсетіледі, өйткені (i) олар келісімшартпен қарастырылған ақша 
3. 
Есептілік саясатының негізгі ережелері 
(жалғасы) 
178 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау