Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет111/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113

табыстағанда немесе табыстау туралы келісім жасасқанда және бұл ретте (i) сонымен қатар осы активтерге иелік етумен 
байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды табыстап, барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды сақта-
мағанда, бірақ осы активтерге қатысты бақылау құқығын жоғалтқанда.
Егер контрагенттің байланыспаған тарапқа барлық қарастырылатын активті осындай сатуға қосымша шектеулер салу қажет-
тілігінсіз сату мүмкіндігі іс жүзінде жоқ болған жағдайда, бақылау сақталады.
(vi) Инвестициялар, сату үшін қолда барлары
Сату үшін қолда бар инвестициялар әділ құн бойынша көрсетіледі. Сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздар бойын-
ша пайыздық табыс тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі бойынша есептеледі және жыл ішіндегі пайдада немесе шығында 
кіріс ретінде көрсетіледі. Сату үшін қолда бар үлестік қаржылық құралдарға инвестициялар бойынша дивидендтер жыл 
ішіндегі пайдада немесе шығында, Топтың алынған төлемдерге құқығы белгіленгенде және дивидендтерді алу ықтимал-
дылығы жоғары болғанда, көрсетіледі. 
Әділ құнның өзге өзгерістері өзге жиынтық кіріс шоттарында, ивестицияны немесе оның құнсыздануын мойындау тоқта-
тылған, жинақталған пайда немесе шығын сомасы өзге жиынтық кіріс құрамынан жыл ішіндегі пайдада немесе шығында 
қаржылық кіріс құрамына көшірілген мезетке дейін, көрсетіледі. 
Үлестік құралдарға инвестициялар иемденудің нақты құны бойынша есепке алынады, егер басшылық олардың әділ құнын 
шынайы жеткілікті дәрежедегі сенімділікпен бағалай алмаса.
Сатып алу үшін қолда бар инвестициялардың құнсыздану шығындары жыл ішіндегі пайдада немесе шығында осы актив-
терді бастапқы мойындаудан кейін орын алған бір немесе бірнеше оқиға («шығынға әкелетін оқиғалар») нәтижесінде 
олардың туындауы мезетіне көрсетіледі. Үлестік құралдарға инвестициялардың әділ құнының олардың өзіндік құнынан 
елеулі немесе ұзақ төмендеуі құнсызданудың куәсі болып табылады. Құнсызданудан жинақталған шығынның сомасы – 
иемдену бағасы мен пайдада немесе шығында бұрын көрсетілген құнсызданудан шығынды шегергендегі ағымдағы әділ құн 
арасындағы айырма ретінде есептелетін – өзге жиынтық кіріс шотынан жыл ішіндегі пайдада немесе шығында қаржылық 
шығыстар құрамына көшіріледі.
Үлестік құралдарға инвестициялардың құнсызданудан шығындары қалпына келтірілмейді, кейінгі пайда өзге жиынтық кіріс 
құрамында көрсетіледі. Егер кейінгі кезеңде үлестік құралдардың сату үшін ретінде жіктелген әділ құны ұлғаяса, және бұл ұлға-
юды пайда немесе шығын құрамында құнсызданудан шығынды мойындағаннан кейін өткен оқиғамен объективті түрде байла-
ныстыруға болса, онда құнсызданудан болған шығындар ағымдағы кезеңдегі пайдада немесе шығында қалпына келтіріледі.
(vii) Өзара есепке алу
Қаржылық активтер мен міндеттемелер өзара есепке алынады және шоғырландырылған қаржылық ережеде таза шама тек 
көрсетілген сомаларды заңды түрде белгіленген өзара есепке алуды жүргізу құқығы , сонымен қатар не өзара есепке алу, не-
месе бір мезгілде активті өткізу және міндеттемені реттеу ниеті бар болған жағдайларда ғана көрсетіледі. Қарастырылып оты-
рған өзара есепке алу құқығы (а) болуы мүмкін келешек оқиғаларға тәуелді болмауы тиіс және (б) келесі жағдайларда жүзеге 
асыруға заңды мүмкіндігі бар болуы тиіс: (i) әдеттегі қаржылық-шаруашылық қыззметті жүзеге асыру барысында, (ii) төлемдер 
бойынша міндеттемелер орындалмаған кезде (дефолт оқиғасы) және (iii) дәрменсіздік немесе банкроттық жағдайында.
Амортизацияланған құн бойынша көрсетілетін қаржылық активтердің құнсыздануы
Құнсызданудан шығындар пайдада немесе шығында қаржылық активті бастапқы мойындаудан кейін орын алған және жет-
кілікті сенімділік дәрежесімен бағалауға болатын қаржылық активтермен немесе қаржылық активтер тобымен байланысты 
есептік келешек ақша ағындарының шамасына немесе мерзімдеріне ықпал ететін бір немесе бірнеше оқиғалар нәтиже-
сінде («шығынға әкелген оқиғалар») олар туындаған сайын мойындалады. Егер Топтың жеке бағаланған қаржылық активі 
(оның бар-жоқтығына байланыссыз) үшін құнсызданудың объективті дәлелі жоқ болса, бұл актив кредиттік тәуекелінің 
сипаттамасы ұқсас қаржылық активтер тобына енгізіледі және олармен жиынтықта құнсыздануға бағаланады. Топ қаржылық 
активті құнсыздандыру сұрағын қараған кезде назарға алатын негізгі факторлар оның мерзімінен кешіктірілген мәртебесі 
мен, бар болған жағдайда, қамтамасыз етуді өткізу мүмкіндігі болып табылады. Төменде құнсызданудан шығынның объек-
тивті белгілерінің бар болуын анықтауға негіз болып табылатын өзге негізгі критерийлер тізілген:
•  кез келген кезекті төлемнің мерзімінен кешіктірілуі, бұл ретте уақытылы төлем жасамау есеп айырысу жүйелерінің жұмы-
сындағы кешіктірулермен түсіндірілмейді; 
•  контрагент елеулі қаржылық қиыншылықтарды көруде, бұл Топтың қолындағы контрагент туралы қаржылық ақпаратпен 
расталады;
•  контрагент банкроттық немесе қаржылық қайта ұйымдастыруды хабарлау мүмкіндігін қарастыруда;
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 259


48. 
Есептік саясаттың 2018 жылғы 1 қаңтарға  
дейінгі ережелері 
(жалғасы)
•  контрагенттің төлемдік мәртебесінің контрагентке әсер ететін ұлттық немесе жергілікті экономикалық шарттардың өз-
герістерімен шартталған теріс өзгерісі бар; немесе
•  қамтамасыз етудің, егер ол бар болса, құны нарықтағы жағдайдың нашарлауының нәтижесінде елеулі түрде төмендейді.
Егер контрагенттің амортизацияланған құн бойынша көрсетілетін құнсыздандырылған қаржылық активтің шарттары 
қаржылық қиыншылықтарымен байланысты келіссөздер нәтижесінде қайта қаралса немесе қандай да бір өзгеше түрде 
өзгерсе, құнсыздану шарттарды қайта қаралғанға дейін бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлемені пайдаланумен анықта-
лады. Бұдан кейін шарттары қайта қаралған қаржылық активті мойындау тоқтатылады және жаңа актив әділ құн бойынша 
мойындалады, бірақ тек егер осы активпен байланысты тәуекелдер мен пайдалар елеулі түрде өзгерген болса. Бұл, әдетте, 
бастапқы және жаңа күтілетін ақша ағындарының келтірілген құнының арасындағы елеулі айырмамен расталады.
Құнсызданудан шығындар әрқашанда баланстық құнды осы актив бойынша бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлемені пай-
даланумен дисконтталған күтілетін ақша ағындарының келтірілген құнына (әлі көтерілмеген келешек кредиттік шығындар 
кірмейтін) келтіретіндей сомаға резерв құру жолымен мойындалады. 
Кепілмен қамтамасыз етілген қаржылық активтің қамтамасыз етуді алуға және сатуға шығындарды шегергендегі күтілетін 
ақша ағындарының келтірілген құнын есептеуге кепілге өндіріп алу айналымының нәтижесінде туындауы мүмкін ақша 
қаражатының ағындары кепілге өндіріп алу айналымы дәрежесіне тәуелсіз кіреді.
 Егер кейінгі кезеңде құнсызданудан шығын сомасы төмендесе және бұл төмендеуді объективті түрде құнсыздануды мойын-
даудан кейін орын алған оқиғаға жатқызуға болатын болса (мысалы, дебитордың кредиттік рейтингінің жоғарылауы), бұрын 
көрсетілген құнсызданудан болған шығын жыл ішіндегі пайда немесе шығын арқылы құрылған резервті түзету жолымен 
қалпына келтіріледі.
Өткізілуі мүмкін емес және оларға қатысты толық немесе жартылай өтеу мақсатымен барлық қажетті процедуралар 
аяқталған және шығынның түпкілікті сомасы анықталған активтер құнсыздануға қалыптастырылған резерв есебінен есептен 
шығарылады. Бұрын есептен шығарылған сомаларды кейін қалпына келтіру жыл ішіндегі пайда немесе шығын құрамында 
құнсызданудан шығындар есебіне есептеледі.
Табысты мойындау
Тауарларды сатудан алған табыс тауарларға меншік құқығымен байланысты тәуекелдер мен пайдалардың мезетіне мой-
ындалады. Егер Топ өзіне тауарларды белгілі бір жерге дейін жеткізу міндеттемелерін алатын болса, табыс тауарды сатып 
алушыға жеткізу пунктінде табыстау мезетіне мойындалады. 
Қызметтерді өткізу осы қызметтер көрсетілген есепке алу кезеңінде, келісімшарт бойынша көрсетілуі тиіс қызметтердің 
жалпы көлемінде нақты ұсынылған қызметтердің үлесіне пропорционал түрде бағаланатын нақты операциялардың аяқталу 
сатысынан шыға отырып мойындалады. 
Табыс ҚҚС мен жеңілдіктер шегеріліп көрсетіледі. Табыстың шамасы алынған немесе алуға жататын өтемнің әділ құны бой-
ынша анықталады. Егер бартерлік мәміле бойынша алынған тауардың әділ құнын сенімді бағалау мүмкіндігі болмаса, онда 
табыс сатылған тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны бойынша бағаланады.
Уран, тантал және бериллий өнімдерін жеткізудің шарттары сатып алушылармен жасалған нақты сату келісімшартымен, 
әдетте, Incoterms жіктемесіне сәйкес анықталады. Уран өнімін жеткізу: Incoterms шарттарымен тауарды физикалық нақты 
жеткізу күніне немесе тапсырыс берушімен анықталған конвертор есебінен бук-трансфер күніне жүзеге асырылады.
Бұл ретте бук-трансфер уран материалын бір мамандандырылған (конверсиялық/қайта конверсиялық) кәсіпорындағы бір 
тараппен көрсетілген материалдық шоттан есептен шығарумен бір мезгілде осындай материалды екінші тараппен көр-
сетілген шотқа жатқызуды білдіреді. 
Электр энергиясын, жылу энергиясын және суды өткізуден алынған табыс ай сайын, тұтынушыларға электр ресурстары 
нақты жеткізілген есептік айдың аяғындағы жағдай бойынша өлщеуіш құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес мойындала-
ды. Электр энергиясын, жылу энергиясын және суды өткізуден алынған табысты есепке алу тұтынушылардың түрлері: жеке 
тұлғалар (халықтың қажеттіліктері үшін) және заңды тұлғалар бойынша жүзеге асырылады. Табыстың сомасы құзыретті 
органмен тұтынушылардың әрбір санаты үшін бекітілген тарифтерден және есепке алу құралдарының көрсеткіштерінен 
немесе энергия ресурстары шығыстарының (тұтынудың) бекітілген нормаларынан шыға отырып анықталады.
Пайыздық кірістер пропорционал түрде тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдаланумен қаржыландыру уақытының 
ішінде мойындалады.
260 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау