48.
Есептік саясаттың 2018 жылғы 1
қаңтарға
дейінгі ережелері
Қаржылық құралдары
(i) Бағалаудың негізгі тәсілдемелері
Қаржылық құралдар олардың жіктелуіне байланысты әділ құны бойынша, өзіндік құн немесе амортизацияланған құн бой-
ынша көрсетіледі. Төменде осы бағалау әдістерінің сипатталары ұсынылады.
Әділ құн – бұл нарық қатысушыларының арасында ерікті негізде бағалау күніне активті сату кезінде алуға болатын немесе
операциялар жүргізу кезінде міндеттемелерді табыстау кезінде төленген баға. Әділ құнның ең жақсы расталуы белсенді
нарықтағы баға белгіленетін баға болып табылады. Белсенді нарық – бұл активпен немесе міндеттемелермен операци-
ялар бағалаулар туралы ақпаратты тұрақты түрде алуға мүмкіндік беретін жеткілікті жиілікпен және жеткілікті көлемде
жүргізілетін нарық.
Белсенді нарықта айналымдағы қаржы құралдарының әділ бағасы жеке активке немесе міндеттемеге белгіленетін бағаны
олардың кәсіпорын ұстанатын санына көбейту кезінде алынатын сома ретінде бағаланады. Тіпті
егер нарықтың әдеттегі
тәуліктік сауда айналымы кәсіпорында бар активтер мен міндеттемелердің санын жұту үшін жеткіліксіз, ал жеке операция-
ларда позицияларды сатуға тапсырыс орналастыру белгіленетін бағаға ықпал етуі мүмкін жағдайда да іс осылай болады.
Дисконтталған ақша ағындарының моделі сияқты бағалау әдістері, сонымен қатар нарықтық шарттармен жасалатын ұқсас
операцияларға негізделген модельдер немесе инвестициялар объектісінің қаржылық деректерін қарастыру мәміле баға-
сы туралы нарықтық ақпарат қолжетімсіз қаржылық құралдардың әділ құнын анықтау үшін пайдаланылады. Әділ құнды
бағалау дың нәтижелері әділ құн иерархиясының деңгейлері бойынша келесі түрде талданады және бөлінеді: (i) 1 деңгейге
сәйкесті активтер мен міндеттемелер үшін белсенді нарықтарда белгіленетін баға бойынша (түзетілмейтін) бағалау жа-
тады, (ii) 2 деңгейге – барлық пайдаланылатын бастапқы деректер активтер немесе міндеттемелер үшін тікелей (мысалы,
баға) немесе жанама (мысалы, баға негізінде есептелген) қадағаланатын болып табылатын бағалау әдістерінің көмегімен
алынған, және (iii) 3 деңгейге қадағаланатын нарықтық деректерге айрықша негізделмеген бағалаулар жатады. Әділ құнды
иерархияның деңгейінен деңгейіне аудару есептік кезеңнің аяғында орын алған болып есептеледі.
Өзіндік құн – бұл төленген ақша қаражатының немесе олардың
эквиваленттерінің сомасы, немесе сатып алу күніне активті
иемдену үшін табысталған өзге өтемнің әділ құны және оған мәміле бойынша шығындар кіреді. Өзіндік құн бойынша
бағалау тек нарықтың баға белгілеуі жоқ және әділ құны сенімді бағалана алмайтын инвестицияларға қатысты және ашық
нарықта баға белгілеулері жоқ осындай үлестік құралдарға байланған туынды құралдарға қатысты қолданылады және осын-
дай үлестік құралдармен өтеуге жатады.
Мәміле бойынша шығындар қаржылық құралды сатып алуға, шығаруға немесе шығып қалуына тікелей жататын қосымша
шығындар болып табылады.
Қосымша шығындар – бұл егер мәміле өтпей қалған болса, орын алмайтын шығындар. Мәміле бойынша шығындарға агент-
терге (сауда агенттері ретінде болатын қызметкерлерді қоса), консультанттарға, брокерлерге,
дилерлерге төленген сыйақы
мен комиссиялықтар, реттеуші органдар мен қор биржаларына төленген жиымдар, сонымен қатар меншікті табыстау кезін-
де алынатын салықтар мен жиымдар кіреді. Мәміле бойынша шығындарға борыштық міндеттемелер бойынша сыйақылар
немесе дисконттар, қаржыландыруға шығындар, ішкі әкімшіліктік шығыстар немесе сақтауға шығыстар кірмейді.
Амортизацияланған құн – бұл қаржылық құралды бастапқы бағалаудың борыштың негізгі сомасын өтеуге төлемдерді
шегергендегі, есептелген пайыздардың шамасына азайтылған немесе ұлғайтылған, ал қаржылық активтер үшін – құнсызда-
нудан шығындар (тікелей немесе бағалау резервінің шотын пайдалану жолымен) сомасын шегергендегі шамасы. Еселенген
пайыздарға мәміле бойынша бастапқы мойындау кезінде кейінге
қалдырылған шығындардың, сонымен қатар тиімді пайы-
здық мөлшерлеме әдісін пайдаланумен өтелген сомадан кез келген сыйақының немесе дисконттың амортизациясы кіреді.
Еселенген пайыздық кірістер мен еселенген пайыздық шығыстар, еселенген купондық кіріс пен амортизацияланған дис-
контты немесе сыйақыны қоса (комиссия беру кезіндегі кейінге қалдырылғанды қоса, бар болған жағдайда) бөлек көрсетіл-
мейді, қаржылық ахуал туралы шоғырландырылған есептің тиісті баптарының баланстық құнына енгізіледі.
Тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі әрбір кезеңде құралдың баланстық құнына тұрақты пайыздық мөлшерлемені (тиімді
пайыздық мөлшерлеме) қамтамасыз ету мақсатымен тиісті кезең ішінде пайыздық кірістер мен пайыздық шығыстарды бөлу
әдісі болап табылады. Тиімді пайыздық мөлшерлеме – бұл есептік келешек ақша төлемдерін немесе түсімдерді (келешек
кредиттік жоғалтуларды қоспай) дәл дисконттау кезінде қаржылық құралдың күтелетін бар болуы уақыты немесе, бұл орын-
ды болған жерде – қаржылық құралдың таза баланстық құнына дейінгі анағұрлым қысқа мерзім бойына қолданылатын
мөлшерлеме.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ |
257
Тиімді пайыздық мөлшерлеме мөлшерлемесі өзгермелі құралдар бойынша немесе нарықтық мәнге
тәуелсіз белгіленетін басқа
ауыспалы факторлар бойынша ақша ағындарын дисконттау үшін пайыздың келесі өзгеру күніне дейін, осы құрал үшін көр-
сетілген өзгермелі мөлшерлеме бойынша кредиттік спрэдті көрсететін сыйақыны немесе дисконтты қоспағанда, пайдаланы-
лады. Мұндай сыйақылар немесе дисконттар құралдың күтілетін барлық айналым мерзімі бойына амортизацияланады.
Келтірілген құнды есептеуге келісімшарт тараптары төлеген немесе алған, тиімді пайыздық мөлшерлеменің ажырамас бөлі-
гін құрайтын сыйақылар мен сомалардың барлығы кіреді.
(ii) Қаржылық активтерді жіктеу
Қаржылық активтер келесі санаттар бойынша жіктеледі: а) қарыздар және дебиторлық берешек , б) қаржылық активтер,
сату үшін қолда барлары, в) өтеуге дейін ұсталатын қаржылық активтер г) өзгерістері пайда немесе шығын құрамында көр-
сетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық активтер. Өзгерістері пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ
құн бойынша бағаланатын қаржылық активтер екі ішкі топқа бөлінеді: (i) бұл санатқа бастапқы
мойындау мезетінен бастап
жатқызылған активтер және (ii) сатуға арналған ретінде жіктелетін активтер.
Туынды қаржылық құралдар әділ құн бойынша көрсетіледі. Туынды құралдар активтер ретінде есепке алынады, егер бұл құралдар-
дың әділ құны оң болып табылса және міндеттемелер ретінде есепке алынады, егер әділ құны теріс болып табылса. Туынды құрал-
дардың әділ құнының өзгерістері жыл ішіндегі пайдаға немесе шығынға енгізіледі. Топ хеджирлеуді есепке алуды қолданбайды.
Басқа қаржылық құралдардың ішіндегі кейбір туынды құралдар бөлек туынды құралдар ретінде есепке алынады, егер
олардың тәуекелдері мен экономикалық сипаттамалары негізгі келісімшарттың тәуекелдері мен экономикалық сипаттама-
ларымен тығыз байланыста болмаса.
Қарыздар және дебиторлық берешек бекітілген немесе анықталымды төлемдері бар, баға белгіленбейтін туынды емес
қаржылық активтер болып табылады, олардың ішіндегі Топ таяудағы келешекте сатуға ниеттілерін қоспағанда.
Барлық өзге қаржылық активтер сату үшін қолда бар активтер санатына кіреді.
(iii) Қаржылық міндеттемелердің жіктелуі
Қаржылық міндеттемелер келесі есептік санаттар бойынша жіктеледі: а) сатуға арналған, туынды қаржылық құралдарды
қоса, және б) өзге қаржылық міндеттемелер. Сатуға арналған міндеттемелер өзгерістері жыл ішіндегі пайда немесе шығын
құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша, олар туындаған мерзімде көрсетіледі (қаржылық кірістер немесе қаржылық
шығыстар ретінде). Өзге қаржылық міндеттемелер амортизацияланған құн бойынша көрсетіледі.
(iv) Қаржылық құралдарды бастапқы мойындау
Қаржылық құралдар бастапқыда әділ құны бойынша есепке алынады, бұған мәміле бойынша көтерілген шығындар қосыла-
ды. Бастапқы мойындау кезінде әділ құнның ең жақсы расталуы мәміле бағасы болып табылады. Пайда немесе шығын, егер
әділ құн мен мәміле бағасы арасында нарықта осы мезетте қадағаланатын басқа ұқсас құралдармен немесе кіріс айныма-
лылары ретінде айрықша қадағаланатын нарықтық деректер пайдаланылатын бағалау әдісіме
растала алатын айырма бар
болса ғана, бастапқы мойындау кезінде есепке алынады.
Заңмен немесе осы нарықтың қағидаларымен белгіленетін мерзімдерде табысталуы қарастырылатын қаржылық активтерді
сатып алу немесе сату (стандартты шарттармен сатып алу және сату) мәміле жасау күніне, яғни Топ өзіне қаржылық активті
табыстау міндеттемесін алғанда мойындалады.
Сатып алу бойынша барлық өзге операциялар кәсіпорын осы қаржылық құралдарға қатысты келісімшарт тарабы болғанда
мойындалады.
Белсенді нарықта айналымда емес байланысты тараптарға берілген қарыздардың әділ құнын анықтау үшін Топ дисконт-
талған ақша ағындары моделі сияқты бағалау әдісін пайдаланады. Бастапқы мойындау кезіндегі, мәміле бағасына тең
қабылданатын әділ құн мен бағалау әдісі бойынша анықталған сома арасында айырмашылықтар туындауы мүмкін. Мұндай
айырмашылықтар байланысты тараптарға берілген қарыздың әрекет ету мерзімі ішінде тең амортизацияланады.
(v) Қаржылық активтерді мойындауды тоқтату
Топ қаржылық активтерді мойындауды тоқтатады, (а) бұл активтер өтелгенде немесе осы активтермен байланысты ақша
ағындарына құқықтардың әрекет ету мерзімі таусылғанда немесе (б) Топ қаржылық активтерден
ақша ағынына құқықтарды
48.
Есептік саясаттың 2018 жылғы 1 қаңтарға
дейінгі ережелері
(жалғасы)
258 | Жылдық есеп. 2018
Шоғырландырылған қаржылық есептілік