СТРАТИФИКАЦИЯ
191
адамдардың талаптарына тосқауыл болады. Мэселен, мафия мүшесі
көп қаражатқа және өндіріс құралдарына (бордель, героин өндіре-
тін зауыт немесе казино) ие болса да кең қоғамдастықта абыройлы
болмайды.
Әлеуметтік таптыңнақты өлшемдері
Маркс және Вебер таптықжүйелерге түсінік беретін тұжырымдамалар
қалдырды. Алайда қазіргі заманғы зерттеушілер таптарға жіктеудің
тек теориялық анықтамаларын ғана емес, тапты анықтайтын прак-
тикалық тәсілдерді де керек қылып отыр. Зерттеушілердің көпшілі-
гі қазір Маркстың теориясындағы тапқа емес, әлеуметтік тапқа баса
назар аударады. Әлеуметтік тап - жік, мәртебе және билік белгілері
ұқсас, өзара теңдікті сезінетін адамдар санаты (Вебердің пікірінше).
Жоғарғы тап немесе қарапайым жұмысшы табы
тақырыбын көтерсек,
әлеуметтік тап жөнінде сөз қозғағанымыз болып шығады.
Әлеуметтік таптағы орынды тікелей анықтаудың ең қарапайым
әдісі - адамдардың өздерінен қай әлеуметтік тап мүшесімін деп санай-
тынын сұрау. 2010 жылғы жалпы әлеумегтану зерттеуінің нәтижелері
(кездейсоқ таңдау әдісі арқылы халық арасында өткізілген кең ауқым-
ды, танымал зерттеу) 7.2-сызбада келтірілген. Көріп отырғаныңыздай,
аз ғана адамдар өздерін жоғарғы және төменгі таптарға, ал қалғанда-
ры жұмысшы табына немесе орта тапқа жатқызған. Батыс Еуропада
да солай. Ал Шығыс Еуропаның кедей елдерінің тұрғындары өздерін
төменгі тап мүшелері деп санайды (Evans & Kelley, 2004). Алайда қай
жердің тұрғыны болғанына қарамастан, адамның жұмысшы табы
мен орта тапқа жатуы оның таңдауына елеулі ықпал етеді. Мысалы,
қай шіркеуге баратыны, қалай дауыс беретіні және баласына қандай
тәрбие беретіні нақ осыған байланысты.
Әлеуметтік таптарды жіктеудегі тағы бір дәстүрлі жол бар. Бірқа-
тар өлшемге сүйеніп, мысалы, білім деңгейі, мамандықтың мәрте-
бесі, табыс көлемі немесе басқа да әлеуметтік-экономикалық
мәртебе
сияқты құрамдас сипаттар арқылы анықтау. Әлеуметтік-экономи-
калық мәртебе адамдардың таптық орнын өзі белгілеуі арқылы өл-
шенбейді. Керісінше, адамдардың мектеп бітірген жылы, отбасылық
табысы немесе беделді жұмыспен қамтылуы сияқты өлшемдерін (ха-
лықтық сауалнамада) белгілеу арқылы, халықгың жағдайына баға
7.1-СЫЗБА. Әлеуметтік таптың
жіктелуінің Вебер ұсынған үлгісі
Вебер стратификация жүйесінде
адамдардың орнын анықтайтын үш
маңызды тәуелсізөлшемді үсынды Бүл
өлшемдерді біріктіріп, кейдеәлеуметтік
тап дейді.
Әлеуметтік тап - жік, мәртебе
және билік белгілері ұқсас, өзара
теңдікті сезінетін адамдар санаты.
Әлеуметтік-экономикалық
мәртебе - табыс, білім, кәсіп
немесе олардың комбинациясына
байланысты
адамдарды
әлеуметтік таптарға жіктеу
өлшемі.
192
7-ТАРА У
7.2-СЫЗБА. АҚШ-та элеуметтік тапты
анықтау
Әлеуметтанушылар халықты
табыс пен білім берудегі үлкен
айырмашылықтарына қарай әлеуметтік
таптарға бөледі. Алайда өзінің таптағы
орнын белгілеу жөніндегі сауалға
америкалықтардың басым көпшілігі
өздерін жүмысшы табына немесе орта
тапқа жатқызатынын айтты.
ДЕРЕККӨЗ: Үлттық пікірді зерттеу орталығы
(
2012
)
Жоғарғы тап
2
,
5
%
Төменгі тап
8
,
2
%
Д а м у - қ о ғ а м н ы ң е ң б е к
ө н і м д і л і г і н ж е т і л д і р у ж ә н е ө м ір
сү р у с а п а с ы н ж о г а р ы л а т у п р о ц е с і ,
я ғ н и өм ір ж а с ы н ы ң ұ з а р у ы ,
ж а қ с ы т а м а қ т а н у , с а п а л ы б і л ім ,
ж а қ с ы т ұ р ғ ы н ү й ж ә н е т ү т ы н у
т а у а р л а р ы н ы ң к ө п ш і л і г і н е
қ о л ж е т і м д і л і к .
б е р і л е д і . Бір т а п т ы б а с қ а т а п т а н а й ы р а т ы н а б с о л ю т т і к ш е к т е у ж оқ.
С о н д ы қ т а н ә р б і р з е р т т е у ш і н е м е с е м е м л е к е т т і к о р г а н ж е к е ш е ш і м қа-
б ы л д а й д ы .
Халықаралық деңгейдегі
теңсіздік
Теңсіздік
мемлекеттер арасында, сондай-ақ мемлекеттердің ішінде де
кездеседі. Алдағы тарауда дүниежүзі аймақтарындағы теңсіздіктің
табиғатын, себептерін және зардабын қарастырамыз. Мүнда АҚШ-та
орнаған теңсіздік мәселесіне баса назар аударылған.
Халықаралық деңгейдегі теңсіздіктің үдайы өсуі - әлемдік шеңберде
танылған жайт. Мысалы, АҚШ-та жан басына шаққандағы жалпы үлт-
тық табыс 47 094 АҚШ долларын құрайды, ал Сьерра-Леонеде - 809 АҚШ
доллары ғана (БҰҰ-ның даму
бағдарламасы, 2011). Америка Қүрама Штат-
тарында орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 80 жыл, Сьерра-Леоне
де - 48 жыл ғана. Жаппай теңсіздік құбылысы табыс пен денсаулыққа
ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік пен әділеттілікке де тән болып,
қазіргі халықаралық қатынастардың қозтаушы күшіне айналды.
Жаппай теңсіздік саяси тұрақсыздыққа, салауатты және ба-
қытты өмір сүру мүмкіндігін әділетсіз теңсіздікке әкеп соқтырады.
Сондықтан эр мемлекет бай болсын, кедей болсын, халықаралық
деңгейде теңсіздікті бәсеңдетуді қолдайды. Олай болса, ең тиімді
де түбегейлі өзгерістер әкелетін жол - даму жолы. Даму - қоғамның
еңбек өнімділігін жетілдіру және өмір сүру сапасын жоғарылату
процесі; ол өмір сүру ұзақтығына, өмір сүруге қажетті материал-
дық игіліктердің болуына, білім алу саласының кеңеюіне, тұрғын
уй құрылысының жақсаруына және тұтыну тауарларының сапасы
артуына септігін тигізеді. Бірақ даму нақты болжамды, бір бағытты
процесс емес. Мәселен, Корея Республикасы (көбінесе Оңтүстік Корея
деп аталады) сияқты кейбір елдер басқаларымен салыстырғанда қар-
қынды дамып келеді. Ресей мен Аргентина секілді мемлекеттер уа-
қыт өте келе дамуы төмендеген немесе көп жылдар бойы өзгермеген
мемлекеттерге айналды.
Үш түр л і әлем: қарқы нды дам ы ған елдер
м ен дам уы төм ен ел дер дің арақатынасы
Қарқынды дамыған елдер -
елеулі экономикасымен және
саяси тәуелсіздігімен белгілі, бай
мемлекеттер.
Орташа дамыган елдер -
қарқынды дамыған елдерден гөрі
деңгейі әлдеқайда төмен, бірақ
дамуы төмен елдерге қарағанда
жағдайы жақсы мемлекеттер.
Дамуы төмен елдер - кедейлігімен
және саяси әлсіздігімен белгілі,
көптеген даму көрсе гкіштері
төмен деңгейдегі елдер.
АҚШ халқын үш әлеуметтік тапқа жіктегендей, әлемдегі басқа елдерді
де солай жіктеп қарастыруға болады. Қарқынды дамыған елдер - әлеу-
метті экономикасымен және саяси тәуелсіздігімен белгілі Қүрама Штат-
тар, Жапония және Аустралия секілді мемлекеттер. Бұл елдердің жалпы
халық саны әлем халқының шамамен 20 пайызын құраса да, әлемдік
жалпы өнімнің 80 пайызын өндіреді және әлемдегі автомобильдердің 90
пайызын иеленеді (Халықтық анықтамалық бюросы, 2011а).
Сальвадор мен Қытай сияқты орташа дамыган елдер әлемдік
саяси экономикадағы орта шептен орын алады. Олардың өмір сүру
деңгейі ең дамыған елдерден әлдеқайда томен, бірақ дамуы томен
мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.
Әлемдегі халықтың қалған 75 пайызы томен дам ы ган елдерде
тұрады. Гаити және Сьерра-Леоне сияқты елдердің ерекше сипатта-
ры - кедейлік пен саяси әлсіздік. Олардың халқының саны, саяси
идеологиялары мен ресурстары бойынша айырмашылықтары ай-