160
5-ТАРАУ
Қорытынды
1. Өзара қарым-қатынастар айырбас, ынтымақ-
тасу, бәсеке және конфликт деген төрт негізгі
әлеуметтік процеспен сипатталады.
2. Топтың тобырдан ерекшелігі - топ мүшелері
бір-бірін есепке алады және олардың өзара
әрекеттестігі ортақ мүдде мен өзара тәуелді-
лікке негізделеді.
3. Эталон топ - адамдар өздерін үнемі салыс-
гырып отыратын тоитар. Өзімізді жақсырақ
адамдармен салыстырып, салыстырмалы де-
привацияға жол береміз, бұл біздің өзімізді
бақытты сезінуімізге кері эсер етеді.
4. Негізгі топтарға өзара тығыз және бетпе-бет
әрекеттер тән. Бұлар жекелей қанағаттану
мен бірлесу үшін маңызды. Бұлар - қоғамдағы
әлеуметтік бақылаудың негізгі агенттері. Қо-
салқы топтар үлкен, ресми және жеке адамға
негізделмеген болып келеді. Бұлар әдетте алға
қойылтан міндеттерді атқаруға бағытталған
және қоғам мен жеке тұлға үшін қажетті құ-
рал қызметін атқарады.
5. Топтың көлемі, басқа топтармен жақындығы,
ондағы байланыс түрлері және бірлігі топтың
өзара әрекетке түсуіне эсер етеді. Топтағы өза-
ра әрекеттестік топ мүшелерінің арасындағы
бірлік пен келісімге жетелейді, бұл кейде те-
pic шешімдерді қолдауға мүмкіндік береді.
6. Әр адамның қуатты және әлсіз байланыстар-
дан түратын әлеуметтік торабы бар. Әдетте біз
көмекке қатты мүқтаж болғанда өзіміз сенім
арта алатын адамдармен тығыз байланыс орна-
тамыз. Әлсіз байланыстар жүмыс іздеу сияқты
кең ауқымды әлеуметтік торапқа шығу керек
болған кезде пайдалы. Әдетте ұзақ жыл бойы бі-
лім алған адамдардың жалпы тыгыз байланы-
Сыни ойлау
1. Facebook сияқты әлеуметтік тораптар негізгі
топтар ма, әлде қосымша топтар ма? Олар топ-
тық бірлікке бастай ма? Мысалдармен түсін-
діріңіз.
2. Өз мінез-құлқыцыздың негізгі топтан гөрі қо-
сымша топтың әсеріне ұшыраган кезін корсе
те аласыз ба?
3. Ішкілікке (нашақорлыққа) салынған отба-
сыңыздың мүшесіне көмектесуге тырысып
сы да, ықпалды адамдармен тығыз байланысы
да күшті болады.
7.
Еріктілер қауымдастықтары - мүдделері ор-
тақ адамдардыц басын қосатын, табыс тап-
пайтын топтар. Олар негізгі топтардың кейбір
экспрессивті функцияларын қосымша топтар-
дың құралдық функцияларымен біріктіреді.
8. Адамдар тығыз, өзара мүдделес тораптарға қо-
сылып қауымдастық қүрады. Қауымдастық-
тың ішіндегі әлеуметтік байланьтстар салыс
тырмалы түрде әлсіз болған күннін, өзінде де
өз мушелеріне коп эсер етеді.
9. Кешенді ұйымдар - қалыптасқан мәртебелік
тармақтары бар үлкен ресми ұйымдар. Бюрок
ратия - тиімділікті барынша арттыру мақса-
тында құрылған күрделі ұйымдар. Бюрокра
тия әдетте еңбекті бөлу; иерархиялық билік;
ережелер мен қағидалар; адамгершіліктен
ада әлеуметтік қатынастар; карьераға, қыз-
меттің уақытшалығына, біліктілікке назар
аудару; тиімділікке баса назар аудару сияқты
ерекшеліктерімен сипатталады.
10. Қазіргі эаманіы ұйымдардың көбі бюрокра-
тиялық үлгіге негізделгеніне қарамастан, бір-
азы классикалық үлгіден әлдеқайда алшақ.
Макдональдтандыруды сынаушылар: «Бюрок-
ратияның ұтымдылыққа баса мән беруінің
иррационал зардаптары болуы мүмкін», - дей-
ді. Оның үстіне, тиімді бюрократиялардың
барлыгы қызметкерлерді беріле жүмыс іс-
теуге ынталандырып, ұжымдық мақсаттарға
жету үшін ұйымның негізі болатын нормалар
мен құндылықтарға, яғни ұжым мәдениетіне
сүйенуі керек.
жүрсіз делік. Мұнда қуатты және әлсіз байла-
ныстарыңыздың қандай пайдасы тиюі мүм-
кін?
4. Өз тәжірибеңізде бюрократияның қандай
функцияларын қолдандыңыз? Онда қандай
түйткілдер бар?