Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет69/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   147

158
5-ТА РАУ
Макдональдтандыру - тез 
тамақтану дәмханаларының 
тиімділік, есептей алу
болжамдылық және бақылау 
сияқты ұстанымдары Америка 
қоғамының көп салаларына 
үстемдік ететін процесс.
Бюрократияға сын
Бюрократия  -   қазіргі  әлемдегі  стандартты  ұжымдық  форма.  Шіркеу- 
ден  бастап  үкімет  ұйымдарына  дейін  бюрократиялық  жолдармен 
құрылған.  Алайда  осы  ұжымдық  форманың кеңінен  қолданылуына 
қарамастан  оның  негізгі деп саналатын  бірнеше кемшілігі  бар.  Олар- 
дын, ішінде үшеуі аса маңызды:
1. 
Д ә с т ү р ш іл д ік .
  Ережені  қатаң ұстану дегеніміз -  сол  ереже  қабыл- 
даған  мақсатты  орындауға  көмектессе  де,  көмектеспесе  де  оған 
бағыну  дегенді  білдіреді.  Ереже  ақырғы  нәтижеге  жету  құралы 
емес, ақырғы нәтиженің өзі. Мысалы, қызметкер таңертеңгі сағат 
10-нан кешкі 6-ға дейін өнімді жұмыс істейтінін біле тұра ережеге 
бағынып,  таңғы  8-де  келеді  де,  кешкі  4-те  қайтуға  мәжбүр  бола- 
ды.  Шектен тыс бюрократия қызметкерлердің бастамаларын тұн- 
шықтырып,  тиімдірек жұмыс  әдістерінің  қалыптасуына  кедергі 
жасауы мүмкін.
1. 
Б ө л е к т е н у.
  Ережеге,  иерархияға  және  адамгершіліктен  ада  қа- 
рым-қатынасқа  ерекше  көңіл  аудару ұжымдағы  бірлікке  нұқсан 
келтіреді.  Бірліктің  ыдырауының  азаюының  бірнеше  салдары 
болуы  мүмкін:  бүл  әлеуметтік  бақылауды  кемітеді,  ұжым  мүше- 
лерінің қанағаттану сезімін, мекемеге деген адалдығын азайтады 
және қызметкерлердің тұрақтамауына алып келеді.
1. 
Қ у р ы л ы м д ы қ   т е ң с ізд ік .
  Сыншылар  қазір  бюрократияның  иерар- 
хияға  тым  көп  көңіл  бөлетінін  айтады.  Бюрокрагияда  билік тек 
бірнеше  адамның  қолында  болады  және  олардың  шешімдері тө- 
мендегілерге бұйрық күйінде түседі.
Осы  қауіптерге  қоса  соңғы  кездері  мамандар  макдональдтандыру- 
дың (Ritzer, 1996) қатеріне назар аудара бастады. Макдональдтандыру - 
бюрократиялардың көп түрінің жылдам тамақтану дәмханаларын үлгі 
етіп, менеджмент әдістерін солардан көшіріп алу процесі.
«Макдональдс»  дәмханалар  желісі  макдональдтандырудың  басты 
мақсаттарының  мысалы  болады.  Оның  басты  мақсаттары:  тиімділік, 
есептей  алу,  болжамдылық  және  бақылау.  «Макдональдс»  тұтынушы- 
ларға  өте  жылдам  (тиімді) қызмет көрсету амалдарын қалыптастырды 
және бургерлерінің қаншалыңты дәмді екенін жарнамалаудың орнына 
(мұны өлшеу мүмкін емес), бір бургерде қанша ет бар екендігін (есептей 
алу) жарнамалауға көшті. «Макдональдс» Нью-Йорктегі «Үлкен Мак»-тің 
дәмі дәл Дес-Мойнестегі «Үлкен Мак»-тің дәміндей екеніне кепілдік береді 
(болжамдылық). «Макдональдстің» әр мейрамханасы қызметкерлерінің 
белгілі бір рәсімге қатаң бағынуын қатты қадағалап отырады (бақылау) 
және  шектеулі мәзір  мен  ыңғайсыз  орындарды үсына  огырып, клиент- 
терді тез арада тапсырыс беруге және орындарын босатуға (басқару және 
тиімділік) мәжбүр етеді. Бұл қағидалар қазір бүкіл әлем бойынша бюро- 
кратияның барлық түрлерінде: кір жуу қызметтерінен  бастап телефон 
байланысы бизнесіне дейін қолданылады.
Бір таңғаларлығы, макдональдтандыру арқылы  бюрократиялық 
қүрылымдарды оңтайландыру әрекетінің салдары жалпы қоғам үшін 
ақылға  сыйымсыз  болып  отыр.  Макдональдтандырудың  кемшілік- 
тері оның әрбір артықшылығынан тікелей туындайды.
Мысалы,  операторлармен  сөйлесудің  орнына  дауыстық  пошта 
жүйелерін  пайдалану  тиімдірек  болганымен  тұтынушылар  үшін 
ыңғайсыз,  өйткені  олар  алдымен  мәзірді тыңдап,  содан  соң қажетті 
бөліммен қосуын күтіп тұрғанда байланыс ажырап кетеді. Оның үсті- 
не,  дауыстық  поштаның  «шытырманынан»  басы  қатқан  тұгынушы 
тапсырыс беруден мүлде бас тартады, ал бүл клиенттердің азайып ке-


ТОПТАР,  ЖЕЛІЛЕР  ЖӘНЕ  ҰЙЫМДАР
159
I
  McDonald's сияқты бюрократиялар 
иерархиялық (жоғарыдан төмен) 
бақылауға, қызметкерлердің 
арасындағы нақты еңбек бөлінісіне 
және әр қызметкердің өз жумысын 
қалай атқаруы керектігі туралы қатаң 
ережелерге негізделеді.
туіне әкеп соқтырады. Осылайша,  «Макдональдс» сияқты бизнес-ком- 
паниялар  пайда  табудың тиімді әдістеріне  негізделген  шешімдер  қа- 
былдайды.  Бірақ  олар  бизнес  шешімдерінің  қоршаған  ортаға  немесе 
тутынушылар  мен  жұмысшылардың  өмір  сапасына  әсерін  есепке 
алмайды.  Ұлттық  деңгейдегі  бизнес  жергілікті  бизнестерді  ығысты- 
рып жатқан тұста дүкендер мен дәмханалар ұсынатын болжамдылық 
өлемге көп қызығы жоқ қарапайым тамақтану орындарын ұсынады.
«Макдональдтанған»  ұйымдардағы  бақылау  түрі  адами  қасиет- 
терінен  де  айырылып  бара  жатыр.  Егер  сіз  тез  тамақтану  дәмхана- 
сында  жұмыс  істеген  болсаңыз,  онда  мұны  басыңыздан  өткерген  бо- 
ларсыз.  Яғни  тіпті  қатаң  бақыланатын  ұйымдарда  жұмыс  істейтін 
қызметкерлердің  өздері  үжымдағы  тәртіпке  наразылық  білдірудің 
айласын табады  (Wharton,  2009).  Мысалы,  «Макдональдс»  кассирлері 
клиенттерге міндеттелген сәлемдесуді айтып тұрып көздерін ақшит- 
уы  мүмкін  немесе  кейбірі  жаттанды  сәлемдесу  мәтіндеріне  басқа 
сөздер қосып,  сол  арқылы тұтынушымен арадағы диалогті адами қа- 
рым-қатынасқа бейімдеуі ықтимал (Leidner, 1993).
Бұл бізге не береді?
Адамдар -  әлеуметтік тіршілік иесі. Біз қарым-қатынастарда, топтар- 
да,  желілерде  және  бізге  үнаса  да,  ұнамаса  да  үлкен  кешенді  ұйым- 
дарда  күнделікті  тірлігімізді  жасап  жатырмыз.  Осындай  адами  бай- 
ланыстар  болмаса  өмір  сүре  алмаймыз  және  өркендей  алмаймыз. 
Топтар,  тораптар  және  ұйымдар  бізге  тамақ,  киім,  жұмыс,  баспана, 
қарым-қатынас, махаббат сияқты өмірдің өзегі саналатын нәрселерді 
табуға  көмектеседі.  Олар,  сондай-ақ  бізге  отбасында  бала  тәрбиелеу, 
ерікті қауымдастықтар арқылы жақсы қоғам қалыптастыру,  мектеп- 
тен бастап үлкен корпорацияларға дейін күрделі ұйымдарда табысқа 
ұмтылу және т.б.  сияқты  өмірде  өз  ізімізді  қалдыруға  мүмкіндік  бе- 
реді. Дегенмен басқалармен жұмыс істеудің қатері де бар. Себебі ақпа- 
рат алмасу мен серіктестік бәсекеге және шиеленіске  әкелуі мүмкін. 
Ал  топтар  біздің  идеяларымыз  бен  мінез-құлқымызға  өзімізге  бай- 
қатпастан эсер етеді. Топтар, тораптар мен ұйымдар туралы әлеумет- 
тік түсінік  бізге  осы  әсерлерді  түсінуге,  олардың  алдын  алуға  және 
қажег болған жағдайда қарсы күресуге көмектесе алады.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау