154
5-ТА РАУ
І
Еріктілер қауымдастығына қосылу
әлсіз байланыстар торабын
ұлғайтуғә кепілдік береді. Егер адам
қауымдастықтың кез келген басқа
мүшелерімен жақын дос бола берсе
қуатты байланыс торабын кеңейте
алады.
кездесулер өткізіп тұрады. Басқалары, мысалы, өзге футбол команда-
лары, тоқымашылар топтары, т.б. - жергілікті қауымдастықтан неме-
се тату көршілерден құралған шағын, бейресми топтар.
Кейбір әлеуметтік сыншылар АҚШ-та еріктілер қауымдастықта-
рына мүше болудың саябырсығанын айтады (мысалы, Путнам, 2000).
Керісінше, шағын жергілікті қауымдастықтарға, этникалық топтарға,
балама діни ұйымдарға және интернет-топтардың қатарына ену-
шілер саны өсуде дейді (Rich, 1999).
Еріктілер қауымдастықтары жеке адамдар үшін маңызды қыз-
мет атқарады. Олар қуатты және әлсіз байланысқа қол жеткізуге мүм-
кіндік беретіндіктен адамдардың жеке бастарының бақытына, ұзақ
өмір сүруіне, саяси жігерлілік танытуына және қауымдастықтың
үлкен сеніміне ие болуына көмектеседі (Stalp, Radina & Lync 2008;
Borgonovi, 2008; Walker, 2008, McFarland & Томас, 2006). Саяси тұрғыдан
тиімді және өз қауымдастықтарына сенім білдіретін адамдар басқа-
ларға қарағанда еріктілер қауымдастығына қосылуға әлдеқайда ын-
талы келеді. Сонымен қатар көптеген қауымдастықтарға мүше болу
интеграция мен қанағаттану сезімін тудыруы мүмкін.
Қауымдастық
З-тараудан көргеніміздей, «қауымдастық» термині ортақ кеңістік-
ті және оған қосылу сезімін бөлісетін адамдарға (сондай-ақ ортақ
кеңістіктегі әлеумегтік мекемелерге) қагысты қолданылады. Басқа-
ша айтқанда, қауымдастық күшті әлеуметтік тораптарды білдіреді
(Wellman, 1999). Қауымдастық барлық мүшелерінің арасында бір-
бірімен үйлескен күрделі байланыстар болған кезде күшейе түседі.
Бірақ әлсіз тораптық байланыстар жеке адамдар мен қауымдас-
тықтар үшін мацызды болып табылады. Жүргізілген зерттеулерге
қарағанда, көршілер бір-бірімен әлсіз байланыста болғанмен қажет
болтан жағдайда бір-біріне әртүрлі көмек көрсете алады, мысалы, ке-
ректі құралдарды уақытша пайдалана тұруға береді, көршісі үйінде
жоқта келген поштасын жинап қояды және т.б. (Wellman & Wortley,
1990). Соиымен қатар әлсіз байланыстар дұрыс жолға қойылған жағ-
дайда олар қамтитын аумақта қылмыс пен құқық бұзушылықтың
ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР Ж 0НЕ ҰЙЫМДАР
155
айтарлықтай төмендегені байқалған. Сондықтан олар қоқыс тастаған,
қоқан-лоққы көрсеткен немесе басқа да теріс жолға түскен жасөспірім-
дерге ықпал ететін шаралар ұйымдастыруға өздерінің құқығы бар
әрі міндеттіміз деп есептейді (Sampson & Raudenbush, 1999; Sampson,
Morenoff & Earls, 1999; Sampson, Morenoff & Gannon- Rowley, 2002).
Компьютерлік тораптар мен қауымдастықтар
Интернетті пайдалану көрсеткішінің өсуі көптеген адамдардың он
лайн тораптар мен қауымдастықтарға қосылуын жиілетті (DiMiaggio
және т.б., 2001; Wellman, 1999; Wellman және т.б., 1996; Turkle, 2011). Ин-
тернеттің қуатты және әлсіз байланыстарды дамытудағы әлеуетін
Twitter мен Facebook секілді әлеуметтік тораптардың керемет кө-
терілуінен көруге болады.
Оның үстіне онлайн пікірталас форумдары мен чаттар кез келген
адамның қалаған пікірі мен сұрағын кең аудиторияға, түрлі адамдарға
жылдам жіберуіне мүмкіндік береді. Интернет арқылы алған ақпарат
пен ондағы байланыстың сапасы әркелкі болғанымен интернет көп
адамның арасында әлсіз байланыс орнататын желі ұсына алады. Ға-
ламтор болмаса олар өз бетінше оқшау қалар еді. Оның үстіне, белгілі
бір пікір мен өтінішті қабылдаған адамдар оны басқаларға таратады,
сөй гіп, әлсіз байланыстар желісі жылдам әрі кең ауқымда ұлғая береді.
Онша жиі кездеспегенімен кейде онлайн желілер де тығыз байланыс
орнатып, қоғамның мүшесі сияқты сезіндіруі мүмкін. Тіпті кейбіреулер
онлайн топтарға белгілі бір ақпаратты алу үшін ғана кіргенімен кейін-
нен одан әлеуметтік қолдауды, бауырмалдықты көріп өзін сол қоғам-
ның мүшесі ретінде сезіне бастайды да сонда қалып қояды (Turkle, 2011).
Саяси көзқарастан бастап салмақ тастауға дейінгі әртүрлі проблема
бойынша онлайн қауымдастық қүруға болады және эр топ алуан түрлі
пікір білдіру қүра лы міндетін де атқарады. Ең әйгілі онлайн топтар ұқсас
аурулармен ауыратын адамдардың басын қосады. Бұл топтарда адамдар
қалай емделіп жатқанын ғана айтып қоймай, үрейлері мен қиындықта-
рын, жеңістері мен жеңілістерін ортаға салып отырады.
Бір қызығы, адамдар тек жеке ойнайтындай болып көрінетін ком
пьютер және видеоойындар да олардың әлеуметтік байланыстарын
арттырады. Бұл тақырып «Медиа мен мәдениет: компьютерлік ойын-
дар және әлеуметтік өмір» бөлімінде кеңінен қарастырылады.
Кешенді ұйымдар
Бүгінгі заманда аса ауқымды ұйымдармен байланыспайтын адам
кемде-кем. Егер жалпы қоғамнан баз кешіп кетпеген болсақ, біздің
өміріміздің басым бөлігі үйымдармен байланысты болады. Тіпті дү-
ниеге келгенде және қайтыс болғанда да үлкен кешенді үйымдарға
(ауруханалар, АХАТ бөлімдері) керек боламыз. Ал туу мен өлу ара-
лығындағы өміріміздің өн бойында ұйымдардың талаптарына тұрақ-
ты түрде бейімделіп отырамыз.
Аса ауқымды, заңды мекемелерді сипаттағанда әлеуметтанушы-
лар кешенді ұйымдар деген терминді қолданады. Кешенді үйымдарға:
университеттер, үкіметтер, корпорациялар, шіркеулер немесе сту-
денттердің бауырластық ұйымы, «Кивание» клубы сияқты ерікті бір-
лестіктер жатады.
Бүл күрделі ұйымдар қоғам өмірінің жалпы сапасына үлкен эсер
етеді. Көлемі ауқымды әрі кешенді болғандықтан, олар шағын топтар
сияқты тығыз байланыс орнатып, адамдарды қанағаттандыра алмайды.
Кешенді үйымдар - күрделі
мәртебелік тармақтары бар
кешенді әрі заңды мекеме.
Достарыңызбен бөлісу: |