«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
127
жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология – жеке тұлғаның өзін - өзі
дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға
қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.
Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ
міндет - тілді коммуникативті бағытта оқыту. Ондағы мақсат -
оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана
шектелмей, өзара тіл табысып, пiкip алысуға үйрету, себебі жалпыға білім
беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты - оқушының
шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Иманқұлова С. Жаңаша оқыту әдістемесі, Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы, Филология сериясы,97б,2006ж.
2.
М. С. Сақтағанова, Н. Қ. Алиева, Н. Қ. Айтбаева Ағылшын тілін
оқытудың әдістері, Білім, №3, 2006 ж.43б
3.
Ботағарина.ГАғылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес, Білім,2006 ж.-
6б
Г. Шамшырақова Ағылшын тілін оқытудың құрылымы,12-бет, Кәсіптік
мектеп, №3, 2007ж.
4.
Гүлмира
Жұмайқызы,
Ағылшын
және
қазақ
тілдеріндегі
салыстырмалы ерекшеліктер, Білімдегі жаңалықтар №3, 53б, 2006ж.
5.
Зимняя И.А., Психология обучения иностранным языкам в школе.
Көшкімбетова С.А., Т.К.Кенжебаев Мектептің оқу тәрбие үрдісіне
инновациялық технологияларды ендіру жолдары. Тараз, 2004.-952б.
6.
Карпова А.С. "Интернет в подготовке будущих учителей
иностранного языка". Иностранные языки в школе.-2002. №4, с73.
7.
Кузьмичева Т. Н. "Технические средства в обучений английскому
языку". - М. Просвещение,2001.- 94с.
8.
Пассов Е.И., Коммуникативный метод обучения иноязычному
говорению-М.: Просвещение, 1985-64с.
9.
Полат, Е.С. "Интернет на уроках иностранного языка".
"Иностранные языки в школе", 2001г., №3, 5с.
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
128
ЕКІНШІ ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫН ОҚЫТУ
Н.Қаламов
1
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Аңдатпа:Тіл - адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын
өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары
бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса
алады. Ал өзге тілді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына
қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.
Кілт сөздер: тіл, әдіс, шет тілі, процесс, қатынас, материал, ұғым,
қарым – қатынас, педагогика, технология.
Аннотация: Язык - это особый способ общения между человеком и
человеком, нацией и нацией. Говорить с языком не является внешним
миром для человечества, это внутренний феномен. Человек может
общаться друг с другом через язык. И метод преподавания другого языка
постоянно меняется, развивается и совершенствуется в соответствии с
требованиями времени.
Ключевые слова: язык, метод, иностранный язык, процесс, общение,
материал ,концепция, коммуникация, педагогика, технология.
Abstract: Language is a different way of communicating between man and man,
nation and nation. Talking to language is not an outside world for humanity, it
is an inner phenomenon. A person can communicate with one another through
language. And the method of teaching another language is constantly changing,
developing and improving according to time requirements.
Key words: language, method, foreign language, process, communication,
material, concept, communication, pedagogy, technology.
Әлем ғаламданып жатыр, ал осынау ғаламдану процесін жүзеге
асырып жатқан – ағылшын тілі. Қазіргі кезде ақпарат кеңістігін құрған тек
ағылшын тілі ғана. Әлемдік ғаламтордағы ақпарат алмасуы тікелей
ағылшын тілі арқылы жүреді. Бірақ қазір ғаламтор тіліне басқа тілдер де
айналды, компьютерлену процесінен басқа да тілдер өтті. Басқа тілдер
арқылы да өз деңгейінде ақпарат кеңістігін кемелдендірді. Ғаламтор
Америка елінде ойлап табылғандықтан да ағылшын тілінде таралды.
Ғаламтор жүйесін дамытушылардың бірі Билл Гейтс, ағылшын тілінен
1
Шетел тілі:екі шетел тілі мамандығының 4 курс студенті
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
129
басқа тілге еш қатесіз және сенімді түрде трансляция жасайтын аударма-
бағдарлама ойлап табылса, әлемдік ғаламтор ақпаратының ағылшын тіліне
деген тәуелділігі жойылады деп есептейді. Ағылшын тілінің дамуына,
таралуына ең басты себеп болып отырған да ағылшын тілінің үйренуге
жеңіл және кез келген тілдің жүйесіне емін-еркін ене алатындығында, ол
тілді өз кезегінде байыта алатындығында. Ағылшын тілінің мәртебесінің
мәресі қай жерден мерт кететінін, әрине, тарих біледі.
Қазіргі таңда екінші шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа
сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып
отыр.
Екінші шетел тіліне оқытудың төрт негізгі әдістерін қарастыратын
боламыз: алғашқысы-коммуникативті әдіс.
Коммуникативті әдісті жасаудың логикасы мектепте шет тіліне
үйретудің мақсаты ретінде келтіруге алып келді. Ал мұндай жүйе тек
коммунитикавтік негізде жасалуы мүмкін.
Сонымен қатар, коммуникативті әдісті қолданудың тәжірибесі
көрсеткендей ол шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде қарастыруды
қамтамасыз етіп қана қоймай,оқушылардың жан-жақты дамуына алып
келеді.
Коммуникативті әдіс мектепте ағылшын тілінен оқытуға кітаптарды
шығаруға негіз болды.
Коммуникативті әдістің құрылымына танымдық, дамытушы және
оқытушы аспектілер кіреді, олар оқушыларды тәрбиелеуге бағытталған.
Осыны ескере отырып, коммуникативтілік түсінігінің мазмұнын, сондай-ақ
оқыту жүйесінің көп қырлылығын ескере отырып, коммуникативті әдістің
келесідей әдістемелік қағидаттарын қалыптастыруға болады:
- Қарым-қатынас арқылы шет тілдік мәдениеттің барлық аспектілерін
меңгеру қағидаты. Коммуникативті әдіс қарым-қатынасты тек қарым-
қатынас арқылы оқыту керек деген жағдайды алдыға қойды. Бұл жағдайда
қарым-қатынас тәрбиелеудің, танымның және дамудың каналы ретінде
қолданыла алынады.
- Қарым-қатынас әлеуметтік процес болып табылады, онда
материалдық және рухани тәжірибемен жүзеге асырылған қызметтің,
тәжірибенің алмасуы жүреді. Қарым-қатынаста адамдардың эмоционалдық
және рационалдық әсерлесуі және бір-біріне әсері жүреді. Осы араласу
дұрыс тәрбиелеудің маңызды жағдайы болып табылады.
Осылайша, қарым-қатынас оқытудың, танымның және тәрбиелеудің
функцияларын коммуникативті оқыту әдісінде жүзеге асырады.
Шет тілдік қарым-қатынасқа оқыту процесі негізгі параметрлері
бойынша шынайы қарым-қатынас процесін білдіреді: қызығушылық,
мақсаттылық, қарым-қатынас процесінің ақпараттанғандығы, жаңалығы,
жағдайлығы,
Достарыңызбен бөлісу: |