Семинар-тренингте білім бе ру мазмұнын жаңарту жөніндегі мектеп үйлестірушілері, 5 пен



Pdf просмотр
бет8/22
Дата25.11.2018
өлшемі12 Mb.
#24558
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

9

№23-24 (132-133) 19 июня 2018 г.

bilimdi_el@mail.ru

Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz



Білім саласындағы 

технологиялық инно-

вациялар, жаңартулар 

мен қоғамның рухани 

жаңғыруы бүгінгі күн 

тәртібіндегі өзекті мәсе-

леге айналып отыр. 

Қазіргі  уақытта,  төртінші  өнер-

кәсіптік  технологиялық  революция 

қарсаңында  ғылым  мен  ізденісті 

дамытуға баса назар аудару керек. 

Бүгінгі  күні  елімізде  жоғары  білім 

берудің  басты  басымдықтарының 

бірі – бәсекеге қабілетті, жаңа тұр-

патты  педагог  даярлау.  Елбасы 

Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстанның 

үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе-

кеге  қабілеттілік»  атты  биылғы 

Жолдауында «Жоғары оқу орында-

ры шетелдің жетекші университет-

терімен, ғылыми орталықтарымен, 

ірі кәсіп орындарымен және транс­

ұлттық  корпорацияларымен  бір-

лескен жобаларды белсенді түрде 

жүзеге  асыруы  қажет»,  сонымен 

қатар, «Еліміздің университеттерін-

дегі  педагогикалық  кафедралар 

мен факультеттерді дамыту қажет» 

деп білім беру сапасын одан әрі да-

мыту керектігін қадап айтты. Олай 

болатын  болса,  бүгінде  адамның 

жасампаздық  қабілетін,  ақыл­ой-

ын,  білім­білігін  жетілдіру  арқылы 

ғылымды дамыту алдыңғы орынға 

шығып  отыр.  Осы  тұста,  педагог-

терге  жан­жақты,  білімді,  зиялы 

ұлт  болашағын  қалайтын  жастар-

ды  тәрбиелеу  міндеттері  жүк-

теліп  отыр.  Ауқымды  мемлекеттік 

бағдарламаны  жүзеге  асыру  үшін 

бүгінгі  күні  педагогикалық  жоғары 

оқу  орындар  талапқа  сай  педагог 

мамандар даярлауда. Жоғары оқу 

орындарындағы білім берудің бас­

ты  сұранысы  –  болашақ  педагог-

тердің  жобалық  қызметін  дамыту. 

Жобалық  зерттеу  қызметі  –  күр-

делі  практикалық  тапсырмаларды 

жоспарлау  мен  жүзеге  асыруда 

білім алуға ие болатын оқыту жүйе­

сі. Студенттерді жобалық қызметке 

дайындау  білім  беру  үдерісінің 

субъектілері  арасында  белсенді, 

мақсатты  өзара  әрекеттесу  үрдісі 

ретінде  сипатталады.  Нәтижесін-

де, студенттер білімді іскерлік пен 

дағдыға ұштастыра алады. Жоба-

лық қызметі – өзінің және басқа да 

топ мүшелерінің жұмыстарын баға-

лай  алады,  өз  іс­әрекетіне  реф-

лексия  жасай  алады,  сондай­ақ, 

педагогте  болуы  тиіс  құзыреттілік-

тер қалыптасады. Сонымен қатар, 

студенттердің 

ғылыми­зерттеу 

жобалары  бүгінде  белсенді  оқыту 

мен  сұранысқа  негізделген  оқыту 

стиліне айналып отыр.

Жоба бойынша жұмыс жасау 

кезеңдері:

Педагогикалық пәндерді оқы-

туда  қолданылып  жүрген  бір-

неше  жоба  түрлеріне  тоқталып 

өтейік:


1. PBL (Project Based Learning) 

– Жоба негізінде білім алу 

Студенттер  ұзақ  мерзімді  ке-

зеңде  аптадан  семестрге  дейін 

нақты  мәселені  шешуге  немесе 

күрделі  мәселеге  жауап  беру-

ге  тырысады.  Олар  қоғамдық 

тыңдаулар  немесе  нақты  ауди-

торияға  арналған  презентация 

жасау  арқылы  өздерінің  білім-

дері  мен  дағдыларын  көрсе-

теді.  Нәтижесінде,  студенттер 

шынайы,  мағыналы  жобаны 

орындай  отырып,  мазмұнды 

білімді,  сыни  ойлауды,  шығар-

машылықты  және  қарым­қа-

тынас  дағдыларын  дамытады. 

Жоба  негізінде  білім  алудың  

басты  идеясы  студенттер  мен 

оқытушылар  арасында  бірлес­

кен,  шығармашылық  жұмысқа 

жол  ашу.  Жоба  негізінде  білім 

алу  (PBL)  арқылы  студент  тө­ 

мендегідей табыс критерийлері-

не ие бола алады:

– студенттер сыни көзқарасқа 

негізделген  шынайы  мәселе-

лерді  (қоғамдық  талқылауды, 

көмекті қажет ететін мәселелер) 

белсенді  зерттеу  арқылы  те-

реңірек білімге ие бола алады;

– студенттер күрделі мәселені 

зерттеуде және жауап беру үшін 

ұзақ  уақыт  жұмыс  істеу  арқылы 

тақырып туралы біледі;

– анықталған фактілерді ұсы-

нады немесе сұрақтарды, мәсе-

лелерді презентациялау арқылы 

білім алады. 

Оқытушы  фасилитатор  рөлін 

атқарады,  студенттермен  ма­ 

ңызды  сұрақтар  қою,  мәселені 

шешу  жолдарын  ойластыратын 

жобалар  құру,  білімді  дамыту 

және  әлеуметтік  дағдыларды 

үйрету  бойынша  жұмыс  істейді, 

сондай­ақ, студенттердің тәжіри-

беден үйренгенін бағалайды. 

Өз тәжірибемізде PBL «Педа-

гогика» және «Ғылыми­педагоги-

калық зерттеу әдіснамасы және 

әдістемесі»  пәндері  бойынша 

университетімізде  «Қоғамдағы 

қарттар үйіне көмек көрсету жол-

дары»  (зерттеу  нысаны  «қарт-

тар  үйі»),  «Әлеуметтік  лифт», 

«Студент  жастардың  толерант-

тылық  сезімдерін  дамыту», 

«Студент жастардың әлеуметтік 

белсенділігін  қалыптастыруына 

гендерлік  қатынастың  ықпалы», 

«ҚМПУ  студенттерінің  әлеумет-

тік желілерге тәуелділігі», «Сер-

пін  бағдарламасымен  Қостанай 

мемлекеттік педагогикалық уни-

верситетіне  келген  студенттердің 

бейімделуі»  және  т.  б.  тақы-

рыптар  негізінде  студенттер­ 

дің  ғылыми­зерттеу  жұмыстары 

жыл  санап  алға  басып  келеді. 

Нәтижесінде студент қоғамдағы 

және  айналасындағы  мәселе-

лерді  анықтап,  зерттеп,  талдау 

жасайды.  Технология  студент-

терге  жасаған  және  атқаратын 

шешімдер  туралы  белсенді  ой-

лауға  мүмкіндік  береді.  Әр  сту-

дент  жеке  немесе  топ  ретінде 

қатысуға  мүмкіндік  алады,  екін-

ші жағынан, оқытушы PBL әдісін 

стандартты оқу жоспарына енгі-

зе алады.

2. Зерттеушілік жоба

Зерттеушілік  жоба  студент-

термен  жүргізілетін  жұмыстар-

дың  ең  белсенді  қолданыла-

тын  түрі.  Бүгінгі  күні  білім  беру 

үрдісінің заманауи көрінісі ретін-

де  инновациялық  startup  жоба-

ларды жүзеге асыру кеңінен қол-

данылып  келеді.  Студенттерді 

әлеуметтендіру және білім беру-

ді  коммерциализациялау  бүгінгі 

күні үлкен сұранысқа ие. Универ-

ситетімізде  стартап  жобаларды 

дамыту мен студенттерге қолдау 

көрсету  мақсатында  «Startup 

Bolashak­2018»  студенттер  жо-

басының байқауы өткізілді. Сту-

денттеріміз  облыстық  «Startup 

Weekend  Kostanay»,  республи-

калық  «PWC»  компаниясы  ұй-

ымдастырған  «Действуй  ради 

других»  байқауында  startup  жо-

баларын ұсынып, арнайы серти-

фикаттарға ие болды.



3. Тәжірибеге 

бағдарланған жоба

Болашақ  педагогтерді  да-

ярлауда  мектеппен  байланыс 

жүргізу – тәжірибеге негізделген 

нақты  қадамдардың  бірі  болып 

саналады. Себебі, барлық білім 

тәжірибемен  ұштасқанда  ғана 

тиімді. Тәжірибеге бағдарланған 

жоба – арнайы талқылануы тиіс 

мәселеге зерттеу нысанын алып 

апробация  жасау,  бастапқы 

және  соңғы  нәтижені  анықтап, 

қорытындысын  шығару.  Мыса-

лы, студенттердің «Колледждегі 

болашақ педагогтердің әлеумет-

тік ұстанымдарын қалыптастыру 

жолдары»  тақырыбында  жа-

салған  жобада  студент  универ-

ситетте алған теориялық білімін 

тәжірибе жүзінде қолданып, кол-

ледж  студенттерін  зерттеу  ны-

саны ретінде ала отырып, әлеу­

меттік  ұстанымдарын  анықтап, 

дұрыс  қалыптастыру  жолдарын 

ұсынды. 

4. Ақпараттық жоба

Ақпараттық  жобаны  педаго-

гикалық пәндерді оқытуда оқыту 

үрдісінің  маңызды  бөлігіне  ай-

налдыруға болады. Себебі, сту-

денттер  семинар  сабақтарына 

тек  оқулықтармен,  силлабуспен 

емес,  ақпараттарды  жан­жақты 

толық  жинақтап,  саралап  топ­

қа  ұсыну  дағдысын  қалыптас­

тырады.  Ақпараттық  жобаның 

кезеңдері:  мәселені  анықтау, 

кезеңдерін  анықтау,  мәлімет  із-

деу,  ақпараттық  өнім  әзірлеу, 

портфолио,  баяндама,  мақала, 

кесте,  диаграмма,  сондай­ақ, 

жобаны  графикалық  органай-

зерге  салып,  топ  алдында  пре-

зентациялау.

Мысалы,  өз  тәжірибеміздегі 

«Білім  беру  менеджменті»  пәні 

бойынша  «Педагогтерді  аттес­

таттау»  тақырыбындағы  семи-

нар  сабаққа  дайындалу  үшін 

топтар  шағын  топтарға  бөлініп, 

ақпараттар  жинақтауы  тиіс. 

Мысалы,  педагогтерді  аттестат-

таудың  жалпы  анықтамасы, 

аттестаттау  туралы  ереже  (са-

лыстырмалы  талдау),  «Педа-

гог  кадрларды  аттестаттаудың 

жалпы  ережесі»  сияқты  жаңа 

ережені  талқылап,  жинақтап, 

топқа  ұсынып,  сабақ  соңында 

газет  беттерінде  жарық  көрген 

педагогтердің  мамандыққа  сай 

квалификациялық  тестін  беріп, 

өз  білімдерін  байқап  көрулерін 

ұсынуға болады. 

5. Шығармашылық жоба 

Шығармашылық  жоба  сту-

денттердің шығармашылық әле­ 

уетін  дамытуға  ықпал  етеді. 

Аталған  жобаны  педагогикалық 

пәндерді  оқытуда  қолдануға 

болады.  «Тәрбие  жұмысының 

теориясы мен әдістемесі» пәнін 

оқытуда  пайдалану  өте  тиімді. 

Жоба екі кезеңнен тұрады: тео-

риялық  мәліметтерді  жинақтау, 

жүйелеу.  Нәтижесінде  әдісте-

мелік  папка  әзірлейді,  тәжіри-

беде  жүзеге  асыру  әдістемесін 

жоспарлайды, құрастырады, мо-

дельдейді. 

Өз  тәжірибемізде  сынып  же-

текшісінің  циклограммасы,  про-

фессиограммасы,  сынып  жетек-

шісінің атқаратын қызметтері мен 

міндеттері, жеке тұлғаны зерттеу 

әдістемесі,  оқушылар  ұжымын 

зерттеу  әдістемесі,  сынып  же-

текшісінің  тәрбие  жоспары,  тәр-

бие  сағаты,  ұжымдық  шығар-

машылық  іс,  пікірталас,  әңгіме, 

конференция,  конкурс,  ойын, 

ата­аналар  жиналысы,  ток­шоу 

сияқты  ұйымдастыру  формала-

рының  әдістемелері  жобалана-

ды.  Нәтижесі  жобаның  келесі 

түрінде анық көрініс табады.



6. Ойын жоба

Бұл шығармашылық жобаның 

екінші  кезеңімен  тікелей  байла-

нысты. Ойын жобасы бірнеше ке-

зеңдерді қамтиды: оқу мақсатта-

ры мен рөлдік ойын жобасының 

мақсатын  анықтау,  рөлдік  ойын 

жобасының  сценарийін  әзірлеу, 

рөлдерді  бөлу,  нәтижесін  шыға-

ру  және  талқылау.  Рөлдік  ойын 

пресс­конференция, 

брифинг, 

ата­аналар  жиналысы,  ток­шоу 

және т. б. формаларын өткізген-

де  қолданылады.  Сол  арқылы 

студенттер  ата­ана,  жүргізуші, 

оқушы, тележүргізуші, актер рөл-

деріне кіріп, иммитациялық ойын 

әдісі арқылы жасаған жобаларын 

қорғайды.  Нәтижесінде  бірін­бірі 

бағалап,  өз  әрекеттеріне  реф-

лексия жасайды.

Қостанай  мемлекеттік  педа-

гогикалық  университетінің  бас­ 

ты  миссиясы  –  еңбек  нарығын-

да  сұранысқа  ие  жоғары  білікті 

маман  даярлау.  Тәжірибе  көр-

сеткендей,  білім  беру  үрдісінде 

студенттердің  игерген  білімін 

тәжірибеде  қолдана  алу  дағды-

лары  қалыптасқан  жағдайда, 

одан функционалды сауатты пе-

дагог, сауатты тұлға шығады. Сол 

сияқты  ойын  жоба  болашақ  пе-

дагогтердің зерттеушілік әлеуетін 

арттырып,  жоба  негізінде  білім 

алу  дағдысын  дамытуға  көмек-

теседі.  Оқытушы  студенттерге 

мотивация  бере  отырып,  ары 

қарай  білім,  ғылым  жолындағы 

ізденісін  дамытуға  жол  ашады. 

Осылайша,  бүгінгі  заман  тала-

бына сай функционалды сауатты 

маман  даярлауда  студенттердің 

жобалық  қызметі  табысты  нәти-

жеге  қол  жеткізуіне  септігін  тигі-

зеді. Қазақстанның әлемдік білім 

беру  кеңістігіне  еніп,  еліміздің 

білім беру үрдісінің халықаралық 

талаптарға сай сапалы болуына 

ықпал  етеді.  Тек  шығармашыл, 

ізденуші, зерттеуші педагог қана 

табысты  нәтижеге  қол  жеткізе 

алады.


Бибігүл ӨТЕГЕНОВА,

Назгүл АЙДЫНАЛИЕВА,

Ақбота ЕРМАҒАМБЕТОВА, 

Қостанай мемлекеттік 

педагогикалық

университетінің

профессорлық- 

оқытушылар құрамы

Әдіс-тӘсіл



Студенттердің жобалық зерттеу қызметі ‒ 

бәсекеге қабілетті маман даярлаудың басты факторы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау