17
№23-24 (132-133) 19 июня 2018 г.
bilimdi_el@mail.ru
Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz
Жақында жерлесіміз,
тарих ғылымда-
рының кандидаты
Меңдігереев Көпжа-
сар Болатұлының
«Батыс Қазақстан
аумағындағы балық
шаруашылығының
даму тарихы» атты
ғылыми еңбегі жа-
рық көрді. Ғылыми
басылымға қойыла-
тын талаптар негізін-
де шыққан еңбекке
тарих ғылымдары-
ның докторы Аққа-
ли Ахмет және өзім
пікір жазып, ғылыми
редакциясын профес-
сор Қылышбай Сүн-
детұлы басқарды.
Ұзақ уақыт бойы идеоло-
гиялық шырмауда болып кел-
ген тарих ғылымында жабулы
жатқан тақырыптар әлі де бар-
шылық. Осындай кешенді зерт-
теуді талап ететін мәселердің
бірі – Қазақстанның жеке ай-
мақтарының жан-жақты дамуы,
соның ішінде оның әлеуметтік-
экономикалық өмірінің тарихы.
Отан тарихының XIX ғасыр-
дан бастап XX ғасырдың ба-
сына дейінгі кезеңін зерттеу −
Ресей империясының құрамын-
да болған Қазақстанның сая-
си-әкімшілік және әлеуметтік-
экономикалық өмірін жан-жақты
танып білуге, жалпы тарихи-
географиялық аймақты арнайы
да тереңдете зерттеу, оның өзін-
дік ерекшеліктерін анықтап қана
қоймай, қазақ даласының сол
кезеңдегі даму заңдылықтарын
ғылыми тұжырымдауға мүмкін-
дік беретіні сөзсіз.
Тарихта әр дәуірдің өзіндік
ізі бар, ХІХ ғасыр мен XX ға-
сырдың бас кезі Қазақстанның
батыс өңірінің саяси-экономи-
калық және әлеуметтік дамуын-
дағы күрделі кезеңдердің бірі
болды. Өйткені, бұл өлкеге
Ресей капиталының енуі жер-
гілікті халықтың әлеуметтік-
экономикалық өміріне өзгеріс
енгізбей қойған жоқ. Әсіресе,
балық кәсіпшілігіне зор ықпал
етті. Каспий теңізінің Солтүстік
және Солтүстік-Шығыс аумағы-
на патша өкіметінің отаршыл-
дық саясатының орнығуының
өзіндік себебі бар еді. Яғни, Ре-
сей жағалауларын жуып жатқан
ашық теңіз бен өзендердегі мол
балық байлығына қарамастан,
су бассейндерінде балық аулау
ісі өте баяу дамыды және XIX ға-
сырдың 60-жылдары жалпы ба-
лық аулау көрсеткішінің тек 5,5
пайызын ғана құрады.
Ал, Ресейдің балық кәсіпшілігі
орналасқан су қоймаларына қа-
рағанда, Каспий теңізі ауланған
балықтың саны жағынан ғана
емес, сапасы жағынан де бірінші
орынды алатын. 1915 жылы В.А.
Кевдин: «Қазіргі уақытта балық
кәсіпшілігінің басты орталығы −
Каспий теңізі, онда жалпы импе-
рияда ауланған балықтың жар-
тысы немесе жартысынан аса
бөлігі ауланады», – деп жазды.
Аталған деректер болашақта
Каспий теңізі және оған құятын
өзендердің Ресей экономика-
сында ең маңызды орын алаты-
нын көрсетеді. Жалпы алғанда,
Қазақстанның батыс өңіріндегі
балық кәсіпшілігінің дамуы қазақ
даласындағы капиталистік қаты-
настарының алғашқы тетіктерін
калыптастырып, ақша-тауар ай-
налымын жүйеге келтіруде өз
септігін тигізіп, өлке экономика-
сын одан әрі дамытты.
Балық кәсіпшілігі сауданы
дамытуда да қозғаушы күшке
айналып, Ресейдің ішкі нарығы-
на ғана емес, алыстағы Еуро-
па мемлекеттерінің нарығына
да жол салды. Сонымен қатар,
балық кәсіпшілігінің дамуының
нәтижесінде қазақ даласында
көлік қатынастарының жүйесі
мен темір жолдардың және көп-
теген өнеркәсіп орындарының
инфрақұрылымдарының салы-
нуына негіз болды.
Сондай-ақ, балық шаруашы-
лығы казақ халқының этникалық
және мәдени біртұтастығына
зор нұқсан келтіріп, кәсіп ізде-
ген казак-орыстар мен жерсіз
қалған Ресей шаруаларының
қазақ даласына қарай ағылуына
жол ашты. Оның салдарынан қа-
зақтардың тұрмысы күрт нашар-
лап ғасырлар бойы қалыптасқан
қоғамдық жер иеленуді дағда-
рысқа ұшыратты. Бұл қазақтар-
дың көшпенді шаруашылығының
ыдырауына, руаралық қатынас-
тардың бұзылуына әкеп соқтыр-
ды. Ірі меншік иелері мен жал-
дамалы жұмысшы күштерінің
пайда болуына жағдай жасап,
әлеуметтік теңсіздікті одан әрі те-
реңдетіп, саяси қайшылықтарды
қалыптастырды.
Жалпы, балық өнеркәсібі
тарихына қатысты «Батыс Қа-
зақстан аумағындағы балық
шаруашылығының даму та-
рихы» ғылыми еңбегінен басқа
да бұрын біршама зерттеулер
болды. Соның ішінде Отан та-
рихнамасына қосылған қомақты
үлес ретінде, Ж.Б. Бақиев-
тің «Қазақстанның балық ша-
руашылығын социалистік жол-
мен қайта құру (1917-1937
жж.)» тақырыбымен 1972 жылы
қорғалған кандидаттық диссер-
тациясы ерекше орын алады.
Жұмыстың бірінші тарауында
Қазақстанда 1917 жылға дейінгі
кезеңде балық шаруашылығы-
ның дамуына, көптеген мәсе-
лелерге тоқталып, тың пікірлер
жасаған. Аталған ғылыми жұ-
мыста ХVІІ ғасырдан бастап ХХ
ғасырға дейінгі кезеңде Батыс
Қазақстан аумағында балық
шаруашылығының қалыптасуы-
на шолу жасалып, сол кезең-
дегі ірі балық аулау орындары
туралы, ол жерлерді отаршыл-
дардың жаулап алуы жөнінде
әңгімеленеді.
Сонымен бірге, балық шару-
ашылығын басқа шаруашылық
түрлерімен салыстыра келе,
оның ел тұрмысында елеулі
рөл атқарып, осы аумақтағы ха-
лықтың негізгі шаруашылығы-
ның түрі екендігін атап өтіп,
жергілікті халықтың табыс көзі-
не айналғандығын айқындай-
ды. Капиталистік қатынастар-
дың дамуы барысында қазақ
еңбекшілері балық аулау орын-
дарына жұмысқа жалданып,
кәсіпқой балықшылар тобын то-
лықтырып, бұл саланың дамуы-
на өзіндік үлесін қосқандығы
көрсетілген. Шет елдерге шыға-
рылатын Қазақстанның қазба
байлықтары қатарында балық
та негізгі тауарға айналғандығы
мұрағат деректері негізінде
дәлелденеді.
Қазақстан тәуелсіздік алған-
нан бері қарай Қазақстанның
батыс өңіріне байланысты
отандық тарихнамада біршама
ғылыми еңбектер жарық көрді.
Солардың бірі Р.А. Ідірісовтың
«XIX ғасырдың бірінші жарты-
сындағы Батыс Қазақстанның
тарихи географиясы» атты
ғылыми еңбегінде балық ша-
руашылығына біршама тоқ-
талған. Онда Жайық және
Орынбор казактарының балық
кәсіпшілігін талдайды. 2008
жылы Болат Нығыметов балық
өнеркәсібінің кеңестік кезеңін-
дегі даму тарихына арналған
диссертациясын қорғады.
Дегенмен, жоғарыда келті-
рілген еңбектер Көпжасар Бо-
латұлы еңбектің кіріспе бөлімін-
де атап өткендей ғылыми құнды
екенін, қарастырылып отырған
тақырып бүгінге дейін арнайы
зерттеу нысанына айналмаған-
дығын дәлелдейді.
Сондықтан пайдаланылған
басқа да дереккөздері зерттеліп
отырған тақырыптың мәні мен
мазмұнын ашуға бұл жөнінде
үлкен мүмкіндік береді.
Лесқали БЕРДІҒОЖИН,
тарих ғылымдарының
докторы
Бүгінгі таңда әлем
көз ілеспес жылдам-
дықпен өзгеріп жа-
тыр. Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту
мазмұнының сапа-
сын арттыру – заман
талабы.
Жаһандану үрдісі етек алған
кезеңде бүлдіршіндерді жаңа
заман талабына сай, ұлттық
дәстүр негізінде тәрбиелеп,
игі нәтижелерге жету жолын-
да аянбай еңбек ету керек. Ол
үшін өзімізді үнемі қамшылап,
ұдайы алға ұмтылуымыз қажет.
Бабалардан мирас болып келе
жатқан мәңгі өлмейтін асыл
қазынамызды жаңғырту бала-
бақша табалдырығынан бастау
алады. Ғасырдан ғасырға жалға-
сып келе жатқан бабалар амана-
тын орындап, жалғастыру біздің
еншімізде. Жаңғыру жолында,
Мәңгілік ел болып қалыптасу-
да ұрпаққа дұрыс тәрбие беру
– ойландырып-толғандыратын
өзекті мәселелердің бірі. Дүние
есігін ашқан әрбір нәресте отба-
сында ата мен әженің, әке мен
ананың, бауырлардың махаб-
баты мен жылулық шапағатына
бөленіп өседі. Әр отбасындағы
тәрбие әртүрлі, бала өздерінің
қалыптасқан отбасылық құн-
дылықтары, үлкендердің өмір
жолдары арқылы тәрбиеле-
неді. Ал, білім мен тәрбие бе-
ретін орындарда жаңашылдық
пен заманауилықты ұштастыра
отырып тәрбиелеуге үлкен жа-
уапкершілікпен қарайды. Ары
қарай, өмірдің өсу сатысында
білім мен тәрбие ұйымдарын-
да қалыптасқан бірізділік жүйе
арқылы баланың өз көзқарасы,
өзіндік «Мені» қалыптасып, қор-
шаған ортада жеке тұлға ретін-
де өз орнын табады. Балабақ-
шада дұрыс тәлім-тәрбие бере
алсақ, мектепте саналы түрде
сапалы білім алуға тырыса-
ды. «Ел есінде бір жыл қалғың
келсе – ас бер, он жыл қалғың
келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі
қалғың келсе – бала тәрбиеле»
дейді дана халқымыз. Баланың
ой-өрісін дамытуға, олардың
қиялына қанат бітіріп, тіл бай-
лықтарының молаюына тәрбие-
шілердің сіңірер еңбегі орасан.
Сондықтан да сөзі түзу, еңсесі
биік, рухы мықты ұрпақ тәрбие-
леуде ықпалы зор тәрбиеші
мамандығын ұлықтай білейік.
Ұрпағымыздың тамырына нәр
беретін мамандық екендігін
естен шығармайық.
Болашақтың қақпасы – әр-
бір балабақша табалдырығын
аттаған бүлдіршіннің қадамына
ертеңге деген нық сенім, жүре-
гіне жалындаған патриоттық
сезім ұялататын, білім мен тәр-
бие беретін алтын қақпа болуы
тиіс. Қазіргі заман талабына
сай өнерлі, шығармашылыққа
бай, жан-жақты дамыған, өзінің
жағымды жақтарын көрсете
білетін, өз ойын ашық айтатын
ұрпақ тәрбиелеу – мәңгілік ел
болып қалыптасудың алғашқы
қадамдары деп білемін.
Шын білімдінің зейін-зердесі
кең, алыстан қарасаң – кербез,
жақыннан қарасаң – кішіпейіл,
жүзіне үңілсең – мейірімді, жа-
нына үңілсең – шуақты көрінбек.
Бүлдіршінге «Мың рет өсиет
айтқаннан бір рет өнеге көрсет-
кенің» артық екенін ұғынып, Ел-
басы салған сара жолдан таймай,
аты өшпес халықтың ұрпағын тәр-
биелеуге атсалысайық!
Сәуле ОРАЗАЛИНА,
№29 «Нұрсая» б/б
І санатты әдіскері
Атырау қаласы
АтырАу облысы
Жерлес ғалымның зерделі зерттеуі
Рухани жаңғыру – тәрбие мен білімнен бастау алады