Семинар-тренингте білім бе ру мазмұнын жаңарту жөніндегі мектеп үйлестірушілері, 5 пен



Pdf просмотр
бет10/22
Дата25.11.2018
өлшемі12 Mb.
#24558
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

11

№23-24 (132-133) 19 июня 2018 г.

bilimdi_el@mail.ru

Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz



Ерұлан МАҒЗЫМБЕКОВ,

Қазақстандық салалық білім 

және ғылым қызметкерлері 

кәсіподағының Жамбыл облыстық 

ұйымының төрағасы

Елбасының  бұл  бастамалары  соны 

ой-пікірлерімен,  елді  әлемдегі  озат  ел-

дермен  қатарластыруға  талпынған  ерен 

ұмтылыстарымен,  нақты  әлеуметтік,  эко-

номикалық  және  мәдени,  рухани  бағытта-

рымен ерекшеленеді. Сапаның артуы, оның 

ішінде,  өндіріс,  білім  сапасы  мен  ғылыми 

ізденіс  нәтижелерін  арттыру  –  Президент 

Жолдауының басты лейтмотиві болып отыр. 

Әсіресе,  оның  жетінші  міндетінде  рухани 

жаңғыруымыздың  негізі  –  адами  капиталға 

көп көңіл бөлінген. Тікелей еңбек адамымен, 

ұлы  мамандық  иелері  болып  табылатын 

ұстаздардың еңбек құқығы мен заңды мүд-

делерін  қорғаушы  ұйым  ретінде  біз  үшін  

аса  өзекті  мәселелер  осы  жетінші  бағытта 

қарастырылған.

«Мектептің жүрегі – мұғалім» дер болсақ, 

сол жүрекке артылар жүктің күн сайын ауыр-

лап  бара  жатқаны  да  жасырын  емес.  Оқу 

тоғыз  айға  созылғанымен,  орта  мектепте 

болсын, жоғары оқу орындарында болсын, 

мұғалім  өз  кәсібінің  жемісін  жеу  үшін  жыл 

он екі ай бойы үздіксіз, қажет кезде күні-түні 

еңбек етеді. ХХІ ғасыр – бәсекеге қабілетті 

жандардың  ғасыры.  Заманның  талабы  со-

лай.  Күн  сайын  өзгеріп  жатқан  дүрбелең 

дүниеде білім саласындағы өзгерістерге көз 

ілеспейді.  Осындай  аумалы-төкпелі  заман-

да  өз  мүшелеріміз  –  ұстаздардың  құқығын 

қорғап, оларға демеу бола алу үшін өзіміз де 

мықты болуымыз керек. Яғни, әр сала өзіне 

қатысты тұста тосырқап қалмау керек. Осы 

орайда  Қазақстандық  салалық  білім  және 

ғылым  қызметкерлері  кәсіподағының  Жам-

был облыстық ұйымының мақсаты да нақты-

ланып отыр. Біз – қоғам талабы мен оның 

дамуынан қалмау ғана емес, азаматтардың 

бүгінгі уақытқа сай көзқарасы мен талғамын 

қалыптастыруға үлес қоса отырып, өзімізде-

гі ескі қағидаттардан арылып, бүгінгі күннің 

арнасымен алға қарай ұмтылуымыз қажет. 

Осы  орайда,  кәсіподақтың  ерекше  ба-

сымдық  беретін  жұмыс  бағыттарының  

бірі – әлеуметтік әріптестік болып табылады. 

Қолданыстағы  еңбек  заңнамасына  сәйкес 

жалақы төлеу, еңбек жағдайларын оңтайлы 

ету,  қызметкерге  заңмен  көзделген  кепіл-

діктер  мен  жеңілдіктердің  сақталуын  және 

олардың деңгейін арттыра түсуге мүмкіндік 

беретін  бірден-бір  заңды  құрал,  пәрменді 

әрекет  тап  осы  келісімдер  мен  ұжымдық 

шарттар жасау арқылы жүзеге асырылады. 

Біздің салада да кез келген мекеме басшы-

сына еңбек қатынастары барысында туын-

дайтын проблемалар мен түйткілдерді әрбір 

қызметкермен  жеке  дара  шешкеннен  гөрі 

олардың  заңды  өкілі  –  кәсіподақ  ұйымда-

рымен мәмілеге келе отырып шешу анағұр-

лым тиімді.

Аймақтағы ең бұқаралық әлеуметтік күш, 

ең  үлкен  сала  –  білім  саласының  барша 

қызметкерлеріне  қатысты  маңызды  оқиға 

– 2018-2020 ж.ж. арналған Әлеуметтік әріп- 

тестік жөніндегі облыстық екіжақты Келісімге 

қол  қойылды.  Бұл  Келісім  осыған  дейін-

гі  құжаттарға  қарағанда  мейлінше  жетіл-

ген,  аймақтағы  білім  саласы  өкілдерінің  

әлеуметтік-экономикалық  мәселелерінің 

кең ауқымын қамтитын құқықтық акт болып 

отыр.  Түптеп  келгенде  бұл  Келісім  білім  

саласы  қызметкерлерінің  лайықты  еңбек 

ету  деңгейін  арттыруға,  лайықты  әрі  қауіп- 

сіз  еңбек  жағдайларын  жасауға,  қолда- 

ныстағы  заңда  кемшін  қалған  бірқатар  

кепілдіктер  мен  жеңілдіктердің  орнын  

толтыруға бағытталған.

Сондай-ақ,  білім  беру  жүйесіндегі  ең 

өзекті  проблеманың  бірі  –  жалақы  екені 

мәлім.  Әлемдегі  орын  алған  қаржы  дағда-

рысына  қарамастан,  білім  беру  саласын-

дағы бюджеттік шығындар қысқарған емес. 

Бірақ, жалақы мөлшерін жасақтаудың негізі 

болып табылатын – іргелік лауазымдық жал-

ақы  мөлшері  соңғы  бірнеше  жыл  бойында 

инфляция, девальвация және өзге де өмір 

сүрудің  қымбаттау  факторларына  қара-

мастан өзгеріссіз қалып отыр. Кәсіподақтар 

өз  кезегінде  Үкімет  пен  Парламентке  ІЛЖ 

мөлшерін арттырып және ол арттыруды ең 

төменгі  еңбекақы мөлшеріне сабақтастыра 

отырып  жүргізу  туралы  хаттар  жазып,  үн-

деулер  жолдауда.  Ал  Елбасы  Жолдауын-

да  көрініс  тауып,  көңіл  қуантқан  бір  тұс  ол 

жаңартылған білім бағдарламасы бойынша 

мұғалімдердің  лауазымдық  жалақысын  30-

дан 50 пайызға арттырумен қатар ұстаз бе-

делін көтеру жөніндегі Елбасы мәлімдемесі 

– үлкен қамқорлықтың айқын дәлелі. Мамыр 

айының  26-28  күндері  алғашқы  рет  жаңа 

форматта өткізілген ұстаздарды аттестация-

лауда тиісті білім мен біліктілігін дәлелдеген 

ұстаздардың жалақысы жаңа оқу жылынан 

бастап жоғарылайды деп күтілуде. 

Кәсіподақтың  негізгі  мақсаты  болып  та-

былатын  одақ  мүшелерінің  құқықтары  мен 

заңды  мүдделерін  құқықтық  қорғау  бойын-

ша  кәсіподақ  ұйымының  құқықтық  еңбек 

инспекциясы бүгінгі күнде нәтижелі қызмет 

етуде. Қазіргі уақытта облысымыздағы әрбір 

ауданда бір инспектордан құқықтық қызмет 

атқарып,  жалпы  инспекция  заңгерлерінің 

саны  14  маманға  дейін  жетті.  Инспекция 

құқықтық  көмек  көрсетумен  қатар,  тиісті 

қоғамдық тексерулер ұйымдастыру арқылы 

құқықбұзушылықтың  алдын  алуда  таптыр-

мас құралға айнала білді. Аталған тексеру-

лер мемлекеттік және бақылау органдардың 

тексерулерінен  айырмашылығы  өте  көп. 

Біздің  заңгерлермен  жүргізілетін  тексеру-

лер білім ұйымдарына ешқандай да ңұқсан 

келтірмейді, себебі, тексерулер нәтижесінде 

біз айыппұл салатын немесе тәртіптік жау-

апкершілікке  алып  келетін  іс-әрекеттерді 

қолдануға мүдделі емеспіз. Керісінше, біздің 

тексерулер  жұмыс  беруші  мен  қызметкер-

лер арасындағы еңбек қатынастарды дұрыс 

жүргізуге құқықтық кеңес беріп, әдістемелік 

көмек көрсету болып табылады.

Осы  орайда,  2017  жылдың  қаңтарынан 

бастап  бүгінге  дейін  кәсіподақ  заңгер-

лерімен  765  тексеру  жүргізілген.  Аталған 

тексерулердің  нәтижесінде  2609  құқық 

бұзушылықтар  орын  алған.  Жеке  тоқталар 

болсақ,  еңбекақы  төлеу  сұрақтары  бойын-

ша  383;  жұмыс  және  демалыс  уақытының 

режиміне  қатысты  заң  бұзушылықтар  405; 

еңбек катынастарын рәсімдеуде 679; еңбек 

тәртібі  мен  тәртіптік  шара  қолдану  тәжіри-

бесінде  101;  еңбекті  қорғау  мен  қауіпсізді-

гі  мәселелері  бойынша  315;  әлеуметтік 

әріптестік  пен  ұжымдық  шарттар  бойынша 

401  және  325  өзге  де  заң  бұзушылықтар. 

Көрсетілген  кезеңде  анықталған  заң 

бұзушылықтарды  жою  бойынша  жасалған 

ұсыныстардың саны 761 құраса, оған беріл-

ген жауаптардың саны 622 құрайды. 

Жеке  және  заңды  тұлғалардан  түскен 

арыз-өтініштердің  саны  1075.  Заң  қыз-

меткерлерімен  берілген  жазбаша  түсін-

дірмелердің  саны  577,  ал  жеке  қабылдау, 

телефон,  электрондық  пошта  және  БАҚ 

құралдары  арқылы  берілген  кеңестердің 

саны 5639.

2017  жылдың  қаңтарынан  бастап  бүгінгі 

күнге дейін кәсіподақтың инспекция қызмет-

керлерімен  сотқа  тапсыруға  дайындалған 

материалдар саны 16, ал 12 кәсіподақ мү-

шелеріне түрлі инстанциядағы соттарда те-

гін өкілеттік камтамасыз етілді. 

Мысал  үшін  айтайын,  ауылдық  жерде 

жұмыс  істейтін  қызметкерлерге  25  пайыз 

үстеме төленетіні барлығына аян. Алдыңғы 

жылы Шу ауданында қаржы бақылау орган-

дары  тексерістен  кейін  мектеп  басшыла-

ры  мен  орынбасарларына  ауылдық  жерде 

жұмыс  істегені  үшін  үстемеақы  берілуге 

болмайды деген уәж айтты. Оларды сабақ 

бермейді  деп,  «педагог  қызметкерлер»  то-

бынан  шығарып  тастаған.  Біз  осы  мәселе 

бойынша  бір  мезетте  160-тан  аса  меке-

менің басшысы мен орынбасарлары атынан 

өкілеттік етіп, осы процесте қаржы бақылау 

инспекциясымен  соттасып,  ұстаздар  пай-

дасына  шешіп  бердік.  Яғни,  43  млн.  теңге 

тек бір аудандағы сала басшыларына қай-

тарылып берілді. Салық органдары Сарысу 

ауданы  мен  Тараз  қаласында  балабақша 

тәрбиешілері  мен  колледж  қызметкерлері-

не емделу жәрдемақысынан табыс салығы 

мен  әлеуметтік  салық  ұсталуы  керек  деп 

соңғы  үш  жылдағы  жалақысынан  ұстаулар 

жасатқан.  Біз  осы  мәселе  бойынша  эконо-

микалық сотқа шағымданып, қыруар қаржы-

ның  мұғалімдердің  қалтасында  сақталып 

қалуына  заңдық  тұрғыда  ықпал  еттік.  Тағы 

бір  мәселе,  мектеп  басшысы  аптасына  9 

сағат сабақ  беруге құқылы. Тексеру комис-

сиясы мектеп басшысына 9 сағатты беруге 

болмайды деген уәж айтты. Кәсіподақ осы 

мәселені сотта көтеріп, «мектеп директоры 9 

сағат сабақ беруге болады» деген позиция-

ны сақтап қалдық. Байзақ ауданында аудан-

дық прокуратураның тарапынан педагогтер 

18 сағаттан артық сабақ өткізуіне болмайды, 

ол  сыбайластық  деген  мәселе  көтерілді. 

Кәсіподақ  ұйымы  Бас  прокуратураға  дейін 

барып,  дұрыс  емес  екенін  дәлелдеп,  1,5-2 

ставкаға  дейін  ұстаздардың  жұмыс  істеуге 

құқылы екенін айғақтап шықтық.

Кәсіподақтың  құқықтық  инспекциясы 

мұғалімге дұрыс төленбеген жалақы, заңсыз 

ұстап  қалулар,  жұмыстан  заңсыз  шеттету, 

мұғалімдік  санаттар  үшін,  іс-сапар  шығын-

дары,  денсаулығына  байланысты  еңбекке 

жарамсыздық парағы деген сияқты бірнеше 

түрлі төлемдердің, яғни, осындай әлеумет-

тік кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз ету 

барысында 2015 жылы мұғалімдер қалтасы-

на 66 млн. теңгені қайтарса, 2016 жылы – 43 

млн.,  2017  жылы  –  141  млн.  теңгені  білім 

саласы  өкілдерінің  игілігіне  қайтарды.  Ал 

ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының өзін-

де бұл көрсеткіш 48 млн. теңгені құрап отыр. 

Бұл нақты есептелген, арнайы құжаттармен 

расталған экономикалық эффект. 

Орта  есеппен  60  мыңға  жуық  кәсіп- 

одақ  мүшесі  болатын  болса,  оның  ішінде 

56 мыңнан астамы еңбек ететін қызметкер-

лер, 5 мыңнан астамы студенттер. 56 мың 

кәсіподақ  мүшесінен  орташа  есеппен  жыл 

сайын 8 мыңға жуық арыз-шағымдар түседі. 

Осы  өтініштердің  барлығы  құқықтық  кеңес 

сұрағандар, құқығы қорғалмаған сағатының, 

іс-сапар шығынының төленбеуі немесе де-

малыс  қалай  берілуі  керек,  бала  күтіміне, 

мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбек қаты-

настары  мен  тұрмыстық  жағдайларынан 

туындаған  мүдделері  мен  мұқтаждықтары-

на байланысты туындаған арыз-шағымдар. 

Соған орай білім саласының осы бағыттағы 

түйінді  мәселелерін  шешуде  Қазақстандық 

салалық  білім  және  ғылым  қызметкерлері 

кәсіподағының облыстық ұйымы өзінің әлеу-

меттік  әріптесі  облыстық  білім  басқарма-

сымен  екіжақты  келісім-шарт  аясында  бір-

лескен іс-қимылдар атқарып келеді. Мұндай 

жұмыстар Тараз қаласы мен облыс аудан-

дарында да белсенді түрде жүргізілуде. 

Кәсіподақтың  оқу  әдістемелік  орта-

лығында  ай  сайын  жоспарға  сәйкес  2  оқу 

семинары  ұйымдастырылады.  Мұнда  тек 

кәсіподақ белсенділеріне ғана емес, жұмыс 

берушілердің  өкілдері,  есепші-мамандар, 

кәсіподақтың  жастар  қанаты,  кадр  қызмет-

керлері,  техникалық  инспекторлар  үшін  де 

оқулар  ұйымдастырылады.  Былтыр  бар-

лығы 33 семинар өткізіліп, онда 1619 сала 

мүшесі  білімін  жетілдірген  болатын.  Биыл 

жоғарыда  айтылған  педагог  қызметкерлер- 

ді  аттестаттаудың  жаңа  ережесіне  байла- 

нысты  Тараз  қаласы  мен  10  ауданда 

көшпелі  семинарлар  ұйымдастырылып, 

1492 адам оқумен қамтылды. Кәсіподақтың 

өзіндік  салалық  «Еңбекші»  газеті  айына 

екі  рет  8400  тиражбен  таралуда.  Кәсіпо-

дақ  мүшелерін  сауықтыру  шаралары  күн 

тәртібінен  түскен  емес.  Өткен  жылы  4671 

сала  қызметкерлері  92  млн.  теңгеге  са-

уықтыру  шараларымен  қамтылды.  Алдағы 

жаз  маусымында  1500  аса  ұстазды  Ыстық 

көл  жағалауында  сауықтыру  жоспарлану-

да. 2001 жылдан бері екі жылда бір рет өт-

кізіліп  келе  жатқан  «Тәуелсіз  елдің  ұлағат-

ты  ұстаздары»  фестивалі  Тараз  қаласы 

мен 7 ауданда өтіп, гала-концерті ұстаздар 

күні  мерекесінде  өтеді  деп  жоспарлануда.  

10  маусым  күні  еліміз  бойынша  кәсіп- 

одақтар  күні  мерекесі  тойланды.  Кәсіподақ 

мүшелігіне  қабылдау,  тегін  заң  кеңестерін 

беру,  оқу  семинарларын  өткізу,  спорттық  

жарыстар  сынды  шаралар  арқылы  мере- 

кені өз деңгейінде атап өттік.

Қорыта айтсақ, осы баяндалғанның бар-

лығы билік пен азаматтық қоғамның ажыра-

мас  бөлігі  болып  табылатын  кәсіподақтың 

адам  капиталын  дамытуға  дәнекер  болып 

отырғанын көрсетеді. Одан арғы мәселенің 

барлығы  мұғалімнің  біліктілігіне,  педагог-

тердің білгірлігіне, түптеп келгенде әрқайсы-

мыздың еңбекқорлығымызға, қала берді өз 

ісімізге  деген  адалдығымызға  байланысты. 

Демек,  заман  ағымы  жүктеген,  Жолдауда 

айтылған  міндеттер  сөз  жүзінде  қалмауы 

үшін  әрбіріміз  жауапкершілікті  сезіне  оты-

рып, ортақ іске жұмыла кірісуге тиіспіз.

Меже 


Әлеуметтік бастамалар – 

болашаққа жасалған батыл қадам

Тәуелсіз еліміздің тұғыры нығайып, әлемнің озық елдерімен те-

резесі теңесіп келеді. Өскелең елдің кемел болашағын зерделеген 

Елбасының бекіткен «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бағдарла-

масы аясында атқарылып жатқан шаруалар мол. «Төртінші өнер-

кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» 

атты Жолдауда еліміздің дамуының жаңа кезеңінде туындайтын 

міндеттер айқындалған. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 

бағдарламасы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты 

халыққа үндеуі дамыған отыз елдің қатарына қосылу бағытын-

дағы бағдаршам іспеттес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау