12
№23-24 (132-133) 19 июня 2018 г.
bilimdi_el@mail.ru
Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz
Бүгінгі жас – болашақ
Қазақстанның жан-
ды бейнесі. Кез келген
мемлекеттің болашағы
– білімді, өнегелі де,
өнерлі жастар. Өнерлі
жастардың алаңсыз
білім нәрімен сусында-
уына барынша жағдай
жасап келе жатқан
кәсiби бiлiм беру орда-
ларының бірі – «Өнер
колледжі – музыка-
лық-эстетикалық бейін-
дегі дарынды балаларға
мамандандырылған
мектеп-интернат»
кешеніміз. Бұл – кәсіби
орындаушылар, ән-
шілер, актерлер, хоре-
ографтар және сурет-
шілерді дайындайтын
өңіріміздегі жалғыз,
бірегей оқу орны.
Өнерлі де талантты жастарға
жол сілтеп, үміттерін үкілеп, қа-
наттарын қатайтып отырған Өнер
кешені ұстаздарының еңбектері
өлшеусіз. Кешенімізде жоғары ше-
берлігімен танымал, «Мәдениет
Қайраткері» төсбелгісінің 11 иегері
қызмет атқаруда. В.Ф. Динкина,
Е.М. Мещеркина, Т.Қ. Күдерова,
А.В. Подольян сияқты тәжірибесі
мол, кәсіби біліктілігі жоғары ұс-
таздардың жұмысының айғағы –
студенттердің биік шыңдардан
көрінуі. Жас оқытушыларымыз
да кәсіби шеберліктерін үнемі
шыңдап келеді. Б.А. Ильясов, Р.К.
Синтиков, М.С. Сапарқұлова, Б.Р.
Шамбетов – кәсіби байқаулардың
жеңімпаздары. Кескіндеме ма-
мандығының оқытушылары А.М.
Тюрин, Р.Б. Абдрафиков – ҚР Су-
ретшілер Одағының мүшелері.
Тәжірибесі мол, жоғары білікті
кәсіби ұстаздарымыз оқушылар-
дың өнерін шыңдап, ары қарай
дамытып, жетілдіріп тұрады.
Білім алушыларымыз сан қырлы
өнерімен мамандандырылған ха-
лықаралық, республикалық, об-
лыстық байқауларда, фестиваль-
дерде жүлделі орындарды ие-
леніп келеді. Биылғы 2017-2018
оқу жылында Кешеннiң 60-тан
астам білім алушысы түрлі деңгей-
дегі додаларда жеңіске жетті. Мұн-
дай нәтижелерге жету ұжымның
үйлесімді жұмыс істеуінің арқа-
сында ғана мүмкін болды. Ал сол
ұжымды тиімді басқарып отыр-
ған білікті басшы, үлгілі ұстаз,
ҚР Мәдениет қайраткері, педа-
гогика ғылымының кандидаты,
колледжіміздің түлегі, Кешен ди-
ректоры – Р.Ә. Кашенова. Роза
Әбутәліпқызы – Еуропа ректор-
лар клубының құрметті мүшесі.
Директор жетекшілігімен Кешен-
де облыстың ең үздік мамандары
жұмыс iстейдi. «Ұстазы мықтының
ұстамы мықты» демекші, Роза
Әбутәліпқызы жеке үлгісімен сту-
денттерді жеке және кәсіби тұрғы-
дан өсуге, музыкалық талғамда-
рын жетілдіруге, жаңа заманауи
шешімдер іздеуге, жаңа шыңдар-
ды бағындыруға ынталандырады.
2011 жылы Оксфорд қаласын-
да өткен «ХХІ ғасыр көшбасшы-
сы» халықаралық Саммитінде
әлемнің 53 елінің кәсіби музыка-
лық оқу орындары арасынан Ке-
шенімізге «EUROPEAN QUALITY
AWARD» − «Еуропалық сапа»
халықаралық беделді марапаты
берілді. Мұндай үздік марапатқа
тек қызметтері жоғарғы сапа көр-
сеткіштеріне және бәсекелестік
қабілеттілігіне сәйкес келетін
ұйымдар белгіленеді. Бұл – біз
үшін үлкен мақтаныш.
Әр оқу орнының өз келбеті бар.
Оқу орнының келбеті дегеніміз –
ол ең алдымен, сол мекемеде
елеулі еңбек сіңіріп жүрген маман-
дары мен сол оқу орнын бітіріп,
мәдениеті мен өнерінің дамуы-
на үлес қосып жатқан түлектер.
Бүгінде Кешенімізде білім алып,
өнерімен облысқа, республика-
мызға, шетелге де танымал бо-
лып жүрген түлектеріміз аз емес.
Солардың бірі – жақында ғана
71-ші Канн кинофестивалінде «Ең
үздік әйел рөлі үшін» әлемдік
беделді сыйлыққа ие болған
Самал Еслямова.
«Актерлік өнер» мамандығы-
ның 2004 жылғы түлегі – Самал
Еслямованың ресейлік режиссер
Сергей Дворцевойдың «Ayka»
драмасында басты рөлді сомдап,
71-ші Канн кинофестивалінің
«Ең үздік әйел рөлі» номинация-
сын жеңіп алуы – ауыз толты-
рып айтарлық керемет жеңісіміз.
Бұл жеңіс Кешеннің ғана емес,
бүкіл Қазақстанның мерейін асы-
дарын
реклама
Өнерлі өрге жүзер
рып отыр. Бұған дейін де Самал
«Тюльпан» фильмінде басты
рөлді сомдады. Бұл туынды 2008
жылы Канн фестивалінде «Ерек-
ше көзқарас» конкурсының бас
жүлдесін, әділ-қазылардың және
Францияның білім министрлігінің
жүлдесін жеңіп алған еді.
Осындай беткеұстар түлек-
теріміздің арасында «Қазақстан
дауысы», «МузАрт-Live» мега-жо-
басының финалисі атанған қазақ
эстрадасының әншісі Иса Әлимұ-
саев бар. Ол – «Ән салу» маман-
дығының 2015 жылғы түлегі.
Одан бөлек, «Ән салу» маман-
дығының түлегі, Халықаралық
және республикалық байқаулар-
дың лауреаты, Қазақстанның ең-
бек сіңірген Мәдениет қайраткері,
Ертіс концертінің жетекші жеке
орындаушысы, оқытушы Вяче-
слав Ткач, сондай-ақ, сопран,
«Ән салу» мамандығының түлегі,
бірқатар халықаралық байқаудың
лауреаты, жеке жобалар мен білім
беру бағдарламаларының авторы,
Ресей Федерациясының еңбек
сіңірген әртісі, «Петербург кон-
церті» МКФМ жетекші солисі Ири-
на Мкртичева және сопран, «Хорға
дирижерлік ету» мамандығының
түлегі, Ресей Федерациясының ең-
бек сіңірген әртісі, «Алтын маска»
сыйлығының екі мәрте лауреаты,
Новосибирск театрының жүлде-
гері, Новосибирск музыкалық теа-
трының жетекші солисі, оқытушы
Вероника Гришуленконы мақта-
нышпен айта аламыз.
Солардың қатарында Ирина
Морева мен Нұрлан Тайиров та
бар. Ирина Морева – сопран, «Ән
салу» мамандығының түлегі, опе-
ра әртісі, Халықаралық байқаулар-
дың лауреаты. Бүгін Үлкен Театр-
дың және Галина Вишневскаяның
Опера әндері орталығының солисі.
Нұрлан Тайиров – суретші, «Кес-
кіндеме» мамандығының түлегі,
Храмар өнеріндегі (мозаика, икона
жазбалары) жеке және қоғамдық
ғимараттардың қасбеті мен инте-
рьерін кескіндеу, сурет салу және
графика саласында жұмыс істейді,
Кәсіби конкурстар лауреаты, БР-
ШҚҰ Ресей Суретшілер Одағының
Новосібір облыстық филиалының
жастар қауымдастығының мүшесі.
Өнер әлемінде өрге жүзген
дарынды жастарымыз бен түлек-
терімізге өнер жолында толағай
табыс пен шығармашылық шабыт
тілейміз!
Әлия ӘСКЕРОВА,
«Өнер колледжі –
музыкалық-эстетикалық
бейіндегі дарынды балаларға
мамандандырылған МИ»
кешенінің оқытушысы
Петропавл қаласы
Солтүстік Қазақстан облысы