116
эмпирикалық білімдерді қалыптастыру. Бұл таным алдына арнайы
танымдық мақсаттар қоймайды. Адам тұрмыстық таным
жағдайында
объективті
дүние
құбылыстарын
тереңірек
қарастырмайды, Оларды сыртқы белгілеріне қарап сұрыптап,
күнделікті тұрмыстық қажеттілік тұрғысынан бағалайды.
4. Ғылыми таным – танымдық әрекеттің жоғары бітімі.
Ғылыми таным тәсілдері
Ал, ғылыми танымның ерекшелігі қандай? Ғылым қоғам
дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған. Ғылыми таным
нысаналы ( мақсатқа сәйкес) таным, ол нақты міндеттерді шешуге
бағытталған. Оның ӛзіндік таным тәсілдері мен бітімдері бар.
Ғылыми танымға қатаң нақтылық пен дәлдік тән. Оның мақсаты
дүние туралы жаңа, терең білімдер алу.
Ғылым – күрделі қоғамдық құбылыс, адам әрекетінің арнайы
саласы. Бұл әрекет барысында қоршаған орта мен оның
заңдылықтары туралы білім қалыптасады. Дүниені теориялық
игерудің бітімі ретінде ғылым оны практикалық тұрғыдан қайта
ӛзгертумен тығыз байланысты болады. Ғылым еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету мәселелерін шешудің
негізі болып табылады. Қазіргі кешенді мәселелерді шешуде
қоғамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдардың
интеграциялануының рӛлі артып отыр. Ғылыми таным – танымдық
әрекеттің жоғарғы бітімі болып табылады.
Ғылымда таным тәсілдерінің кӛптеген түрлері қолданылады:
1. Жалпылама диалектикалық тәсіл. Бұл тәсілді ғалымдар
шындықтың барлық салаларын зерттеу үшін танымдық процестің
барлық кезеңдерінде қолданады.
2. Жалпы ғылымдық тәсілдер. Бұл барлық ғылымдарда
қолданылады. Жалпылыма тәсілдерден айырмашылығы – таным
процесінің белгілі бір сатыларында ғана қолданылады. Бұған
анализ, синтез, индукция, дедукция, эксперимент және т.б. жатады.
3. Арнайы
тәсілдер. Белгілі бір ғылымда немесе
практикалық әрекет саласында қолдану үшін жасалынады.
Ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері
бар. Эмпирикалық деңгейге – тәжірибе (бақылау, эксперимент)
барысында алынған білімдер жатады. Теориялық деңгей – терең,
жан-жақты зерттеу, ішкі байланыстар мен заңдылықтарды ашу
117
барысында алынады. Бұл екі деңгейдің ӛзіндік зерттеу тәсілдері
бар.
Негізгі ұғымдар:
Ақиқат. Ғылым. Рационалды таным. Агностицизм. Абсолютті және
салыстырмалы ақиқат. Әлеуметгік таным. Тұрмыстық және ғылыми таным.
Индукция. Аналогия. Бақылау. Салыстыру. Анализ. Синтез. Абстракция.
Эксперимент. Эмпирикалық деңгей. Теориялық деңгей.
Бақылау сұрақтары:
1.
Адам қоршаған ортаны қалай танып біледі?
2.
Танымды терістеуші бағыт қалай аталады?
3.
Сезімдік танымның қандай түрлері бар?
4.
Рационалдық танымға не жатады?
5.
Абстракты ақиқат бола ма?
6.
Теориялық танымның қандай тәсілдерін білесіз?
7.
Не себептен практика ақиқаттың негізгі ӛлшемі болып табылады?
8.
Ақиқат дегенді қалай түсінесіз?
9.
Білім қалай пайда болып, қандай негізде дамиды?
10. Ғылыми танымның кӛркем, тұрмыстық және діни танымынан
айырмашылығы неде?
Реферат тақырыптары:
1.
Танымның қоғамдық-тарихи мәні.
2.
Таным процесіндегі субъектінің творчестволық белсенділігі.
3.
Таным және творчество.
4.
Философиядағы ақиқат мәселесі.
5.
Ғылыми танымның ерекшеліктері.
6.
Сезімдік таным және рационалдық таным.
7.
Эмпирикалық танымның түрлері мен тәсілдері.
8.
Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттар диалектикасы.
9.
Рационализм және иррационализм.
10. Танымдағы практиканың рӛлі.
118
Тақырып 11. Антропологиялық
философия
1. Философия тарихындағы адам мәселесі.
2. Адамның әлеуметтік мәні.
3. Тұлға және оның қоғамдағы әлеуметтік рӛлі.
1. Философия тарихындағы адам мәселесі. Адам мәселесі
философияның пайда болуынан бастап-ақ алғашқы қойылған
мәселелердің бірі. Философияның негізгі мәселесі сананың
материяға қатынасы, былайша айтқанда, адамның, адам санасының
сыртқы ортаға, табиғатқа қатынасы қандай деген мәселеге тіреледі.
Адам мәселесі философия тарихында ешқашанда назардан
тысқары қалған қалған емес.
Ежелгі қытай, грек философиясында адамды космостың бір
бӛлігі ретінде қарастырды. Қытай философы Конфуций ӛз ілімінің
түп қазығы етіп «адамсүйгіштік» мәселесін алды. Адамда сыйлау,
досқа беріктік, сӛзге ұстамдылық, ӛтірік айтпау секілді мәселелерді
қойды. «Ӛзің қаламайтын қылықтарды басқаларға сен де жасама»
деді. Орта ғасыр философиясыңда адам құдайдың құлы, оған
құлшылық ету мәселесін қойды. Адам мәселесіне шығыстың әйгілі
философы Әл-Фараби де ерекше кӛңіл аударды. Әл-Фарабидің
айтуынша, бақыт – әр адамның кӛздейтін мақсаты, үлкен игілік.
Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша
табиғи қабілеті бар. Олар: ерекше жасалған дене бітімі, жан
құмарлығы, ой парасаты.
XVII ғасыр адам жӛніндегі философиялық мәселелердің
қарама-қайшылығын жаңа сатыға кӛтерді. Ол заманның
философтары адамның ӛз болашағы ӛз қолында, адамның
ерекшелігі де рухани күші де оның ақылы мен ойында, ойлау
қабілетінде деп білді.
Немістің классикалық философиясына келетін болсақ, ол
адамды мәдениет дүниесін қалыптастырушы, рухани қызметті іске
асырушысы, жалпы әлемдік сананың, рухтың, ой-парасаттың иесі
деп қарады.
Достарыңызбен бөлісу: |