103
Диалектиканың үшінші тарихи формасы Х1Х ғасырдағы орыс
революцияшыл
демократтары
А.Герцен,
В.Белинский,
Н.Чернышевский философиясымен байланысты болды. Олар
диалектиканы танымның және дүниені қайта ӛзгертудің құралы
ретінде пайдаланды. Сондай-ақ, қазақ халқының озық ойшылдары
Шоқан
Уалиханов,
Абай
Құнанбаевтың
философиялық
кӛзқарастары орыс демократтар философиясымен жалғасып,
оларды одан ары дамыта түскенін айта кеткен жӛн.
Материалистік диалектика – философиялық дүниетанымның
ядросы болып табылады. сондай-ақ түрлі құбылыстарды оқып,
үйренудің, дамудың бағытын, заңдылықтарын түсіндіретін әдіс
деуге болады.
Маркстік
диалектика
адамзаттың
рухани
дамуының
шығармашылық шыңы болып саналады. Ол ӛзіне дейінгі нақты
ғылымдардың және философияның жетістіктеріне сын кӛзбен
саралап, күн тәртібіне ғылым мен ӛмірдің ӛзі қойған мәселелерді
шешуді қойды. Материалистік диалектика логикалық мазмұнының
терең байлығымен ерекшеленді. Диалектиканың элементтері тек
табиғат пен қоғамның ғана даму заңдардары емес, сонымен қатар,
танымның да даму заңдары ретінде кӛрінеді. Диалектика ӛз
мазмұнының байлығы сан алуан болуы арқасында, бірдей уақытта,
тек методология ғана емес, сонымен қатар логика, таным теориясы
ретінде де кӛрінеді
Диалектика – дүниедегі түрлі құбылыстарды жан-жақты
байланыстармен қарама-қарсы күштердің ӛзара байланысымен
алып кӛрсетіп ойлаудың, дүниені түсінудің тәсілі. Болмыстың
жалпыға ортақ байланысы, ӛзгерісі, дамуы ӛздігінен шешіледі,
Оларды түсіну үшін ерекше ойлау «құралы» – диалектика қажет.
Диалектика субъективті диалектика және объективті диалектика
болып екіге бӛлінеді. Ойлауда субъективті диалектика – объективті
диалектиканың бейнесі, оны танып, білудің тәсілі болып табылады.
Диалектиканың жалпыға ортақ байланыс пен даму туралы ілім
екенін білу үшін, алдымен даму принципімен, және құбылысқа
бірдей байланыс приципімен танысайық. Диалектика даму туралы
жан-жақты, терең ілім. Материя қозғалысы әртүрлі бағытта
болады. Солардың ішіндегі ең алдыңғы шептегісі – тӛменнен
жоғарыға қарай бағытталған қозғалыс, бұл қозғалыс материяның
негізгі қасиеті ретінде кӛрінеді. Тӛменнен жоғарыға қарай,
104
қарапайымнан күрделіге қарай бағытталған қозғалыс даму деп
аталады.
Диалектика даму арқылы нені түсінеді. Даму – материалдық
және идеялық объектілердің заңды сапалық ӛзгерістерінің
тұрлаулы процессі.
Дамудың диалектикалық теориясында ғылым мен практика
үшін маңыздысы – даму процессінің қайнар кӛзі, сипаты және
тенденциялары жӛніндегі мәселе. Бұл мәселеге диалектиканың
заңдары мен категориялары жауап береді.
Заттар мен құбылыстар, сондай-ақ, бір-біріне әсер етеді. Олар
бір-бірінен оқшауланбай ӛзара байланыста болады. Әрбір жеке
ғылым белгілі бір материалдық жүйедегі байланыстардың ерекше
жаратылысын зерттейді. Байланыс дегеніміз – заттардың белгілі
бір ӛзгерістерінің екінші заттардың ӛзгерістеріне қатар жүріп
отыратын қатынасы. Бір заттың қасиеті екінші заттардың
байланысында, қатынасында кӛрініп отырады. Байланыс әртүрлі
сипатта болады. Олар:
– бір заттың екінші бір затпен қатынасы ретінде шығады.
– денелердің физикалық және химиялық қасиеттерінің
арасындағы байланыс.
–
адамдардың
бір-бірімен
арасындағы,
мінез-құлық
арасындағы байланыс.
– материя қозғалысының әр түрлі формаларының арасындағы
байланыс.
Байланыстар сыртқы және ішкі, тура және кері байланыс
болып бӛлінеді. Ӛзара байланыс қозғалушы материяның жалпыға
бірдей ӛмір сүру формасы. Егер дүниедегі барлық заттар,
құбылыстар ӛзара байланыста болса, онда сол жағдайды ескере
келіп, бұл құбылысты сол байланыс тұрғысынан қарау керек. Бұл –
диалектикалық әдіс талабы.
«Затты шын мәнінде білу үшін оның барлық жақтарын,
байланыстарын қамтып зерттеу керек. Біз бұған ешқашанда жете
алмаймыз. Бірақ жан-жақтылық талап бізді қателіктерден, ойдың
тоқырап қалуынан сақтайды».
Сонымен, материалистік диалектика дегеніміз дамудың жалпы
философиялық теориясы. Ол табиғаттың, қоғамның және адам
ойлауы дамуының ең жалпы даму заңдарын зерттейтін ғылым.
Диалектика адам ойлауының, оның болмысына қатынасын және
105
соны бейнелейтін заңдар мен категорияларды қарастырады. Оның
зерттейтін пәні, негізгі мәселесі заңдар мен категориялар
жүйесінде бейнеленеді. Заң – дегеніміз құбылыстардың
арасындағы қажетті, тұрақты, маңызды, қайталанып отыратын
байланыс.
2. Диалектика категорияларының мәні. Диалектикада
құбылыстардың жалпыға ортақ байланыстары үлкен орын алады.
Бұл байланыстар категориялар арқылы бейнеленеді. Категориялық
байланыстар
бірте-бірте
диалектиканың
заңдылықтарына
айналады. Бірте-бірте адамзат баласының болмыс туралы әмбебап
білімі тереңдеп, толықтырылып жүйеге айналады.
Категория дегеніміз не? Категория – болмыс пен ойлаудың ең
жалпы түрлері, адамның дүниені тануы мен іс жүзінде ӛзгертуінің
сатылары.
Ғылымның ең жалпы ұғымдары, адам ойлауының оның
болмысына қатынасының сипаттамалары, ғылымның қалыптасуы
мен дамуының алғы шарттары. Адамның ойлауы ӛзінің табиғаты
жағынан категориялы, ал категориясыз біз ойлай алмаймыз. Адам
ойлауының категориялық құрылымы оның күнделікті практикалық
қызметінде ғана қалыптасады. Әрбір ғылымның ӛзіне тән ұғымдық
категориялар жүйесі бар. Философиялық категориялар қоғамда,
адамның практикалық қызметінде қалыптасып дамиды. Олар
танымдық және практикалық қызметтің ең жалпы шарттары және
принциптері болып табылады.
Философия тарихында категориялар туралы алғашқы еңбекті
Аристотель жазған. Оның пікірінше, категориялар болмыстың
негізі және олардың ақиқаттылығы болмыспен байланысты
болады. Ал, Канттың тұжырымдауынша, категориялар – адамның
сезімдік тәжірибесін жүйеге салатын ережелер. Ол олардың
арасындағы сабақтастық байланысты ашуға тырысты. Кант
категорияларды шындықтың бейнесі емес, сезімдік пайымдаудың
априорлы (яғни, тәжірибеге дейінгі) формасы деп түсінді.
Гегельдің ойынша, болмыс пен ойлау тепе-тең және осы тепе-
теңдіктегі негізгі қозғаушы күш – ойлау. Осы тұрғыдан
категориялар танымның бай тарихын жалпылау арқылы пайда
болады, ойлаудың жалпы формалары және абсолютті идеяның
ӛздігінен қозғалуының сатылары. Ол категориялардың арасындағы
ішкі диалектикалық ӛзара байланысты анықтады. Гегель ұғымдар
Достарыңызбен бөлісу: |