141
керек. Ол үшін алдымен материалдық игіліктерді ӛндірумен
шұғылдану керек. Осы материалдық қатынастар, ӛндіріс, тұтыну,
айырбас процесі қоғамдық болмысқа жатады. Осы процесте
қоғамның рухани жақтары қалыптаса бастайды. Ол адамдардың
психологиясы,
саяси,
правалық
кӛзқарастары,
моралі,
идеологиясы. Бұлар – қоғамдық сананы құрайды.
Қоғамдық болмыс – қоғамның материалдық ӛмірі, ӛндіріс
процесінде қалыптасатын ӛндірістік қатынастар, айырбас, тұтыну
т.б.
Қоғамдық сана – қоғамның рухани ӛмірі, адамдардың
қоғамдық психологиясы, идеологиясы, саяси және құқықтық
кӛзқарастары.
Қоғамдық сананың бес түрлі формасы бар. Олар: саяси сана,
құқықтық сана, моралдық сана, эстетикалық сана, діни сана.
Саяси сана – бұл белгілі бір ұлттардың, мемлекеттің түпкі
мақсатын кӛрсететін қоғамдық ойлардың формасы. Саяси сана
қоғамдық сананың барлық формаларына ықпалын тигізеді.
Құқықтық сана – ол экономикалық және саяси мүддені
жақтайды,
нығайтады.
Мақсаты:
қоғамдық
меншікті,
демократияны, адам құқығы мен бостандығын қорғау.
Мораль – қоғамдық сананың ең кӛне формасы. Мораль –
адамдардың бір-бірімен қатынасын белгілеп, тарихи ӛзгеріп
отыратын нормалардың, принциптер мен ережелердің жиынтығы.
Эстетикалық сана – объективті шындықты кӛркем образдар
арқылы бейнелейді. Қоғамның барлық саласына әсер етеді.
Діни сана – дүниені жаратушы «жоғарғы күш» құдай арқылы
түсіндіреді. Гносеологиялық тамыры – дүниені танудың, білудің
қиындығында, қайшылыққа толы екендігінде. Дін мен ғылым – екі
ақиқат.
Қоғам дамуы адам іс-әрекетінің жемісі, қоғамдық ӛмірді
ӛзгерте отырып, адамның ӛзі де ӛзгереді, жаңа қажеттіліктер
туғызады. Еңбек құралдарын жетілдіріп отыруды қажет етеді. Ол
жетілген сайын адам дами түседі. Осылай адам еңбегі
шығармашылық еңбекке айналады.
3. Табиғат және қоғам. Қоғам да табиғаттың бір бӛлігі
болып табылады. Табиғат қоғамның ӛмір сүруінің, дамуының
негізгі шарты. Табиғат заңдары объективті. Адамға тәуелсіз. Қоғам
142
даму зандарында да объективті, бірақ қоғам даму заңдарына
белгілі бір мақсатқа бағытталған адамның іс-әрекеті әсер етеді.
Адамның еңбек, іс-әрекеті әрқашанда қоғамдық сипатта болады.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас «қоршаған орта»
ұғымының пайда болуына әкелді. Ол екіге бӛлінеді: «табиғи орта»
және «жасанды орта». Табиғи ортаға жататындар: ӛмір сүруге
қажетті табиғи байлықтар, еңбек заттарын беретін табиғи
байлықтар.
Адам мен табиғаттың байланысы, яғни адамның іс-әрекетті
ӛтеу барысында «екінші табиғат» пайда болды. Оған адам жасап
шығарған тірі организмдер, ӛсімдіктер дүниесі, жануарлар да
жатады. Бұл дүниені де адам ғылым мен техниканың даму
барысында жасап шығарды.
«Жасанды орта» адамзат баласы үшін ӛте қажет. Ӛйткені
табиғи орта. табиғи байлық шектеулі. Оны адам қалай болса, солай
талан-таражға сала беруге болмайды. Олай етсе, табиғаттағы ӛзінің
табиғи байланысы бұзылады. Табиғатты бүлдіреміз. Одан міндетті
түрде зардаптар шығады. Ӛйткені адамның табиғатпен тек
физикалык ӛмірі емес, сондай-ақ, рухани ӛмірі де тығыз
байланыста. Адам табиғат әдемілігіне сүйсінеді. Одан ләззат
алады. Оның таза ауасы, мӛлдір суы адам жанына таусылмас нәр
құяды. Табиғат – бір сӛзбен айтқанда, рухани сұраныстың
таусылмас қайнар кӛзі. Қоғам, ӛз кезегінде табиғатты қорғап, оны
бүлдірмеуге ат салысу керек. Ол қоғамның ӛмір сүру шарты.
Адам қоғамы да табиғат секілді ӛзінің дамуында объективті
заңдарға бағынады. Қоғамдық құбылыстар, процестер заңды
дамиды. Бұл заңдар объективті сипатта болады. Ӛздерінің іс-
әрекет, практикалық қызметі нәтижесінде адам қоғам заңдарының
жолдарын, шарттарын ӛзгертеді, бірақ заңды қолдан жасап, не
жойып жібере алмайды. Яғни, қоғам заңдары да табиғат заңдары
секілді объективті. Бірақ, қоғамның ерекшелігі бар. Табиғатта
соқыр, санасыз күштер әсер етсе, қоғамда саналы, алдына мақсат
қойған адамдар әсер етеді. Қоғам заңдары адамдардың саналы,
мақсатқа бағытталған іс-әрекетінің негізінде жасалынады.
Табиғат заңдары ешқандай мүддені қорғамайда. Қоғам
заңдары кӛзге кӛрінбейді, оларды тікелей қабылдауға болмайды.
Осыған орай қоғам заңдарын танып білу оңай емес. Олар
абстракты ойлау арқылы белгілі болады. Табиғат пен қоғам
143
органикалық байланыста. Қоғам табиғаттан тыс, байланыссыз ӛмір
сүре алмайды. Сондықтан табиғатты қорғау адамзат баласының
басты міндеті. Табиғат пен қоғамның ӛзара әсерлесуі дамудың
қажетті шарты болып табылады. Табиғат – философиядағы ӛте кен
тараған ұғымдардың бірі. Табиғат ұғымы жалпы алғанда барлық
ӛмір сүрушілерді, бүкіл ғарышты қамтиды, бұл жағынан материя
ұғымына жақын. Табиғат философия пайда болғаннан бастап,
оның ең басты объектісі, пәні болып табылады. Адам мен табиғат
тығыз байланыста. Адам табиғатта ӛмір сүреді. сондай-ақ, ол оның
бір бӛлігі болып табылады. Адам табиғатқа бағынып қана қоймай,
ӛз кезегінде ӛзінің іс-әрекетімен оны бейімдеп, ӛзгерте алады.
Сондықтан да табиғат адам үшін тек ӛмір сүруінің табиғи шарты
ғана емес, сондай-ақ оның іс-әрекеттік объектісі болып табылады.
Ежелгі грек философиясында табиғат ӛзгерістері қозғалыста
тұратын біртұтас дүние ретінде қарастырылды. Олар табиғаттың
диалектикасын жорамалды деп тапты. Ал, орта ғасырдың
философиясында табиғатты құдайдың жасағаны, оның құдіреті деп
қарастырады. Ал, қайта ӛрлеу заманында табиғатқа деген қатынас
ӛзгереді. Адам табиғаттың әдемілігін қабылдап, оны қуаныш кӛзі,
тегі ретінде кӛреді. Табиғат қашан да болса философияның
тақырыбына түсіп кӛрген емес. Табиғат материализм үшін аса
құнды объект, табиғат арқылы оның объективтілігін, санада тыс
емір сүретінін түсіндіреді. Сана оның белгілі бір даму кезеңінде
пайда болғанын, оның екінші екенін дәлелдейді.
Ӛндіргіш күштердің ӛсуі, қоғам дамуы барысында табиғатпен
қатынас күрделенуде. Адамның табиғатқа басымдылығы күшейе
түсуде. Техниканың дамуы, завод, фабрикалардың қарқынды ӛсуі,
ӛндірістің ӛрістеуі ӛз кезегіңде қоршаған ортаның ластануына,
адам ӛміріне қауіпті, табиғатқа зиянды заттардың кӛбеюіне әкеліп
соғуда. Осыдан экологиялық мәселелер тууда. Бүгінгі танда
экологиялық мәселелер ӛте ауқымды, бүкіл адамзаттық мәселеге
айналып отыр. Басты мақсат – келешек ұрпақты түрлі аурулардан
сақтап қалу, ӛсімдіктер, жануарлар әлемін қорғап қалу, қысқасы
жер бетіндегі цивилизацияны аман сақтап қалу мәселесі болып тұр.
Бұл мәселелерді шешуге бүкіл жер шарындағы барлық
мемлекеттер, елдер бірігуде.
Экологиялық мәселелерді ғылыми-техникалық прогресс
тудырып отырғаны белгілі. Мұны шешу үшін ғылыми-техникалық
Достарыңызбен бөлісу: |