ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ
АКАДЕМИЯСЫ
Қ.Ү. Cыбанбаев
ФИЛОСОФИЯ
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Алматы 2012
1
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
Қ.Ү. Cыбанбаев
ФИЛОСОФИЯ
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Алматы 2012
2
УДК 1/14 (075.8)
ББК 87 я 73
С 93
Баспаға Экономика және құқық академиясының Ғылыми
кеңесімен ұсынылған
Пікірсарапшылар:
ҚР білім және ғылым министрлігінің философия және
саясаттану Институтының қазақ философиясы және
эстетикасы бӛлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының
докторы, профессор С.Е. Нұрмұратов;
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кадедрасының
профессоры, философия ғылымдарының докторы
Г.Қ. Әбдіғалиева
Cыбанбаев Қ.Ү.
С 93 Философия: оқу құралы / Қ.Ү. Cыбанбаев. – Алматы:
Экономика және құқық академиясы, 2012. – 224 б.
ISBN 9965-511-91-8
УДК 1/14 (075.8)
ББК 87 я 73
ISBN 9965-511-91-8
© Экономика және құқық академиясы, 2012.
3
АЛҒЫ СӚЗ
Бүгінгі таңда білікті маман, зерделі азамат болып қалыптасуға,
Қазақстан Республикасының келешегіне ӛзіндік үлесін қосуға
ұмтылған жастар үшін философия пәнін оқып үйрену ӛте қажет.
Онсыз дүниеде болып жатқан сансыз оқиғалардың, бүкіл әлемнің
ішкі сырын, қоғамның, табиғаттың дамуының мән-мағынасын
ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып үйрену жастардың
дүниетанымын кеңейтеді, түрлі құбылыстарды талдауда жан-
жақты, ӛзара байланыста, ӛзгерісте қарауға шақырады.
Диалектикалық, шығармашылық ойлауға дағдыландырады.
Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарыңда философияны оқыту
кредиттік жүйеде ұйымдастылған. Пән бойынша алдымен оқу
әдістемелік кешені дайындалады. Оқу әдістемелік кешеннің негізгі
құрамдас бӛлігі оқу әдістемелік бағдарламасы. Онда пән бойынша
кредиттер саны, оқытушы туралы қысқаша мәлімет, пәннің
пререквизиті, пәннің міндеті және мақсаты кӛрсетіледі. Сондай-ақ,
календарлы тақырыптық жоспар, тақарыптың аттары және оның
қысқаша мазмұны, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
беріледі. Оқу әдістемелік бағдарламаның негізінде силлабус
жасалынады. Онда пән бойынша кредиттер саны, оқытушы туралы
қысқаша мәліметпен қоса, лекцияның және практикалық
сабақтардың жоспары, студенттің ӛзіндік жұмысы және
оқытушының кӛмегімен атқаратын ӛзіндік жұмыс тақырыптары
беріледі, тапсыру мерзімдері кӛрсетіледі. Курс кӛлемінде студент
оқып білуге тиіс әдебиеттер, әрбір жұмыс бойынша қойылатын
баллдар, студенттің рейтингісін қою шкаласы, білімдік бағалардың
шкаласы және тағы басқа мәліметтер айқын кӛрсетіледі.
4
Силлабуспен танысқан студент оқытушымен арақатынастың
этикалық ережелерімен де таныс бола алады.
Назарларыңызға ұсынып отырған оқу құралында философия
курсы бойынша лекциялар конспектісі қамтылған. Лекция
тақырыптарын таңдауда философия пәні бойынша Қазақстан
Республикасы Білім және Ғылым министрлігі бекіткен типтік
бағдарламаға сүйенілген, сондай-ақ, универитеттің экономикалық
бағытталғандығын ескеріледі. Лекция тақырыптарының мазмұны
студенттерге философияның тарихи дамуының негізгі кезеңдері,
оның бір саласы, отандық қазақ философиясы, философияның
онтологиялық және гносеологиялық мәселелері, философиядағы
адам мәселесі, оның қоғамдағы орны, әлеуметтік философия және
мәдениет философиясы туралы жан-жақты білім береді. Лекция
мәтіндерінде әрбір тақырып бойынша негізгі терминдерге,
ұғымдарға анықтама беріліп, қарастырылған сұрақтардың
мазмұнының қорытындасы түйінделеді. Әр тақырыптың соңында
ӛзін – ӛзі тексеруге арналған сұрақтар, реферат тақырыптары
берілген.
Лекцияда талданған тақырыптарды меңгеру дәрежесі,
студенттің ойлау деңгейі, ӛз ойын жеткізе білу қабілеті
практикалық сабақтарда тексеріледі. Практикалық сабаққа
дайындалғанда қандай мәселелерге кӛңіл аудару, ӛзіндік
дайыңдықта қалай жұмыс істеу мәселелері сӛз болмақ. Мұнда әр
тақырыптың сұрақтарына қысқаша шолу жасалынған және
реферат, баяңдама такырыптары кӛрсетілген. Практика сабағында
лекция
оқылған
такырыптың
мәселелері
тереңдетіле
қарастырылады. Сондықтан да студенттер сабаққа тақырып
бойынша дайындалып келуі тиіс. Сонымен бірге студенттер
қарастырылып отырған тақырып бойьнша толғандырған мәселелер
туралы ӛз ойларын ортаға салып, пікір сайысқа түсе алады.
Практикалық сабақ ӛткізудің бұл тәсілінің студенттерге ӛзіндік
ойлау дағдысын, ойын дәлелдеп, жеткізе білуін қалыптастыруда
маңызы ӛте зор. Сол себепті философияны оқып үйренуде
практикалық сабақтың рӛлі ерекше деуге болады. Қойылған
мәселелер оқытушыдан да, студенттен де шығармашылық ізденісті
талап етеді. Бұл міндетті іске асыруда, әсіресе оқытушының рӛлі
ерекше болуға тиіс. Ол әрбір сұрақты белгілі бір жүйеге келтіріп,
студенттердің пікірлерін бағыттап отыруы қажет. Практикалық
Достарыңызбен бөлісу: |