Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет35/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61

 
106 
диалектикасынан  заттар  диалектикасын  байқады.  Маркс  пен 
Энгельс категориялар туралы ілімді сыни тұрғыдан қарай отырып, 
олар  жайында  диалектикалық  ілім  жасады.  Адам  ойлауының 
сезімдік  –  практикалық  негізін  ашты.  Категориялар  абсолютті 
рухтың  даму  сатылары  емес,  шындықтың,  ӛзгерістің  сатыларын 
бейнелейтін ойлаудың ең жалпы формалары. Категориялар арқылы 
адам адамзатты және ӛзін- ӛзі тани алады, сондықтан, олар ойлау 
мен  қызметтің  объективтік  заңдары  мен  принциптері,  таным  мен 
практиканың  объективтік  формалары.  Сондай-ақ,  материалды 
және  рухани  мәдениеттің  дамуы  барысында  адам  ойлауы  жаңа 
категориялармен толыға түседі. 
Сонымен,  категориялар  –  дегеніміз  табиғаттағы,  қоғамдағы 
және  ойлаудағы  жалпы  байланыстарды  бейнелейтін  ең  жалпы 
ұғымдар, практикалық қызметтің идеалды формалары. 
Диалектиканың  6  жұп  категориялары  бар.  Олар:  жеке  мен 
жалпы,  мән  мен  құбылыс,  түр  мен  мазмұн,  себеп  пен  салдар, 
қажеттілік және кездейсоқтылық, мүмкіндік пен шындық. 
Жеке  мен  жалпы.  Материалдық  дүние  әртүрлі  заттар, 
құбылыстар  түрінде  ӛмір  сүреді.  Жеке  белгілі  бір  жекеленген 
заттарды,  құбылыстарды  қарастырып,  олардың  қайталанбайтын 
белгілерін, қасиеттерін білдіреді. Мысалы: Омар – студент. Оның 
ӛзіне  тән  бет  бейнесі,  қасиеті  бар.  Сондай  ақ,  ол  жеке  дара  ӛмір 
сүрмейді. Басқа да студенттермен бірге білім алады, олармен ортақ 
белгілері,  қасиеттері  бар.  Жеке  бір  бірімен  байланыста  болып, 
жалпыны  құрайды.  Жеке  мен  жалпы  байланысы  жалпыға  ортақ 
сипатта  болады.  Жалпы  ӛздігінен  жеке  заттарсыз  ӛмір  сүре 
алмайды. Ал, жеке зат міндетті түрде жалпыға кіреді. 
Мән  мен  құбылыс.  Болмыс  сан  қилы,  қайшылыққа  толы, 
ӛзгермелі  болып  келеді.  Оның  ішкі  табиғатын  ұғыну,  мәнін 
анықтау  әрқашанда  маңызды.  Осы  тұрғыдан  диалектиканың  мән 
және құбылыс категориялары зор роль атқарады. 
Мән  –  заттардың,  құбылыстармен  процестердің,  тұтас 
дүниенің  ішкі  жағын,  терең  де  тұрақты  байланыстарын 
сипаттайды. 
Құбылыс – мәннің сыртқы кӛрініс табуы, ол мәнге қарағанда 
қозғалмалы,  әрі  ӛзгергіш.  Мәнсіз  құбылыс  жоқ,  құбылыссыз  мән 
жоқ.  Мән  мен  құбылыс  тұтастықтың  тең  жақтары  емес,  оның 
анықтаушы  жағы  мән.  Мысалы,  адамның  құбылысы  –  оның 


 
107 
сыртқы  бейнесі,  түрі,  кӛрінісі,  мәні  -  оның  ішкі  сенімі,  білімі, 
мінезі,  қасиеті.  Бірақ  мән  ӛзін  тек  құбылыстар  арқылы  анықтай 
алады. Құбылыстар сан алуан. Бір мәннің ӛзі кӛптеген құбылыстар 
арқылы  кӛрінеді.  Мән  құбылыстар  арқылы  қалыптасып,  дамиды. 
Құбылыс  –  мәннің  әр  сәттегі  бір  ӛзгерген  түрі,  оның  басқаша 
түрдегі  даму,  не  ӛзгеру  сипаты.  Адам  танымы  құбылыстан  мәнге 
қарай  қозғалады.  Одан  соң  бірінші  мәннен,  екінші  мәнге  ӛтеді. 
Осылай тереңдей береді. 
Мән  мен  құбылыс  –  адамзат  білімінің  шексіз  екендігін 
кӛрсететін бағыт, жол болып табылады. 
Түр мен мазмұн. 
Мазмұн  –  заттар  мен  процестердің  кейінгі  түрін  сипаттап 
анықтайтын, онын түрлі элементтерінің жиынтығын түсіндіреді. 
Түр  –  осы  мазмұнның  белгілі  бір  реттелген  принципі,  ӛмір 
сүру тәсілі. 
Мысалы, кітап – оның мазмұнына сюжет, структурасы, идеясы 
т.б. жатады. Ал, түрі – оның сыртқы мұқабасы. қағазы, суреті т.б. 
Түр мен мазмұн ӛзара диалектикалық байланыста. Олар бір заттың 
түрлі, бірақ байланысты екі жағын бейнелейді. Мазмұн белгілі бір 
түрде кӛріну керек, сол түрдің ӛз мазмұны болуы қажет. 
Түр  мен  мазмұн  диалектикалық  ӛзара  байланыста  болады. 
Ӛнерде, мысалы, түр мен мазмұн бір-біріне сәйкес келіп, бір-бірін 
толықтырып  тұрады.  Түрдің  мазмұнды  бейнелеуде  ролі  үлкен, 
оның белгілі бір даму сатысын кӛрсетеді. Кей кезде түр қоғамдық 
дамуда  ескіріп,  кедергі  жасауы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  түр 
ӛзгертуді, жаңартуды қажет етеді. 
Себеп-салдар.  Қоғамдағы.  табиғаттағы  барлық  құбылыстар, 
процестер белгілі бір себептердің  нәтижесінде  заңды түрде пайда 
болады, дамиды және жойылып жатады. Мұны себептілік принцип 
деп  атаймыз.  Кез  келген  зат  құбылыстық  әсер  басқа  бір  заттың, 
құбылыстың  әсер  етуінен,  байланысынан  пайда  болады.  Мұнда 
біріншісі себеп, ал, одан туындаған салдар деп аталады. Себептен 
салдар  туып,  осымен  тоқталмайды.  Пайда  болған  салдар  ӛз 
кезегінде  басқа  нәрсенің  себебіне  айналады.  Одан  туған  салдар 
тағы басқаға себеп болады. Осылай шексіз кете береді. Соңдықтан, 
дүниенің  осылайша  ӛмір  сүруі  мен  дамуын  себеп-салдардың 
байланысы  дейміз.  Себеп-салдардың  байланысы  бұл  заңдылық 
процесс. Кейде бір себептен бірнеше салдар тууы мүмкін. Мысалы, 


 
108 
жер  сілкінісі  –  мұңда  үйлер  қирайды,  адам  ӛледі,  ауру  тарайды, 
экономика құлдырайды т.б. 
Қажеттілігі және кездейсоқтық. Себеп-салдардың 
байланысының қажеттілік және кездейсоқтық сипаты болады. 
Қажеттілік – деп белгілі бір себептен, оқиғадан міндетті түрде 
тек  белгілі  бір  құбылыстар,  оқиғалар  туындайтын  жағдайларды 
атаймыз. 
Кездейсоқтық  –  деп  белгілі  бір  себептен,  оқиғадан  бір-біріне 
жақын бірнеше, түрлі салдарлардан бірі туған жағдайда айтамыз. 
Кездейсоқтық  пен  қажеттілік  салыстырмалы  ұғымдар. 
Қажеттілік кей жағдайларда кездейсоқ нәрсе болуы мүмкін немесе 
кездейсоқтық кей жағдайда қажеттілік болуы мүмкін. 
Мүмкіндік  пен  шындық.  Бұл  категориялар  материалдық 
дүниенің, қоғамның және адамның дамуын бейнелейді. Мүмкіндік 
–  объективтік  жағдайдын  барлығын,  оның  пісіп-жетілуі  кезеңін 
бейнелейді. Ал, шындық – сол мүмкіндіктің іске асып, одан бір зат, 
құбылыс пайда болғанын кӛрсететін категория. 
Мүмкіңдіктің  шындыққа  айналуы  –  объективтік  дүниенің 
құбылысының себептік байланысына негізделген. 
Объективтік  жағдайлар  пісіп  жетілгенде,  қалыптасқанда 
мүмкіндік шындыққа айналады. 
3. 
Диалектиканың 
заңдары 
мен 
категориялары, 
объективті  дүниені  бейнелеудің  жалпыға  ортақ  формалары. 
Диалектиканың  негізгі  үш  заңы  бар.  Олар  қарама-қарсылықтың 
бірлігі  мен  күрес  заңы,  сандық  және  сапалық  ӛзгерістердің  бір-
біріне  айналу  заңы,  терістеуді  теріске  шығару  заңы.  Бұл  заңдар 
бәрі  бірігіп  дамуды  алға  қарай  қозғалыс  ретінде  түсіндіреді,  олар 
жеке-жеке осы дамудың әр түрлі жақтарын, кезеңдерін кӛрсетеді. 
Қарама-қарсылықтың  бірлігі  мен  күрес  заңы.  Бұл  заң 
диалектиканың  ядросы  болып  табылады.  Қарама-қайшылық  кез 
келген  дамудың,  қозғалыстың  кӛзі.  Осы  диалектикалық 
қайшылықтың  негізінде  диалектиканың  басқа  зандары  да  іске 
асады.  Кез  келген  заттар,  құбылыстар  әрқашанда  ӛзінің  қарама-
қарсы жақтарының, кезеңдерінің, қасиеттерінің бірлігінде тұрады. 
Осы қарама-қарсы жақтардың ӛзара байланысы, ӛзара әсерлесуі – 
диалектикалық  қайшылық  деп  аталады.  Қарама-қарсы  жақтар 
әрқашанда  ӛзара  байланысқан  бірлікте  тұрады.  Қарама-қарсы 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау