Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет2/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

 

сабақ  барысында  1-2  реферат  тындалғаны  жӛн.  Ӛйткені  реферат 
дайындау студенттердің ӛзіндік жұмыс істеуінің белсенді, жемісті 
формасы болып табылады. 
Философиялық білімнің ӛзіндік ерекшелігі бар. Философияны 
тек қана оқып, еске сақтау жеткіліксіз. Бұл ілім – дүниетанымдық 
ілім болып табылады. Оны әрбір студент терең ой елегінен, ӛзінің 
ақылынан, тәжірибесінен, ой түйсігінен ӛткізуі қажет. Философия 
арқылы әрбір студент ӛзінің дүниетанымын қалыптастырады және 
оны дамытады, дүниеге, адамға, қоғамға деген ӛзіндік қӛзқарасын 
бекітеді. 
 
 


 

Тақырып № 1. Философия, оның пәні және 
қоғамдағы орны 
 
1. Дүниеге кӛзқарас, оның қоғамдық-тарихи сипаты. 
2. Дүниеге кӛзкарастың тарихи түрлері. 
3. Философияның міндеттері және атқаратын қызметі. 
 
1.  Дүниеге  кӛзқарас,  оның  қоғамдық-тарихи  сипаты.  Бұл 
тақырыпта  сіздер  философия  дегеніміз  не,  оның  қоғамдағы  рӛлі 
қандай,  философиялық  дүниетанымның  ерекшелігі  неде?  деген 
мәселелермен  танысасыздар.  «Философия»  ұғымы  грек  тілінен 
аударғанда  «даналыққа  құштарлық''  деген  мағына  береді. 
«Философия» деген сӛзді алғаш рет грек математигі және ойшылы 
Пифагор  (б.э.д.580-500  жж.)  жоғары  даналыққа  ұмтылушы 
адамдарды  айту  үшін  қолданды.  Философия  дегеніміз  не  деген 
сұраққа тарихтың әр түрлі кезеңдерінде түрлі-түрлі жауап ізделіп, 
әр түрлі пікірлер айтылды. Бұл – адамзат мәдениетінің дамуымен, 
қоғамдық ӛмірдің ӛзгеруімен байланысты. 
Кез  келген  адам  күнделікті  ӛмірде  кӛптеген  мәселелерді 
шешуге  ерекше  білімдер  жүйесін  қажет  етеді.  Сондай-ақ,  адам 
ӛмірдің  мәнін  білуге  ұмтылады,  сыртқы  дүниені  түсінуге 
тырысады,  ондағы  адамның  орнын  іздейді.  Осындай  дүние  және 
ондағы  адамның  орны  туралы  білімдер  адамның  дүниеге 
кӛзқарасын қалыптастыра бастайды. Құбылыстар жан-жақты, олар 
адам  ӛмірінің  әр  түрлі  салаларында  практикада,  мәдениетте 
қалыптасады.  Дүниеге  кӛзқарастың  рухани  бӛлігін  философия 
оқып үйретеді. Философия – бүкіл ғылыми жүйелердің ішіндегі ең 
алғашқысы,  ең  кӛнесі.  Оның  басты  ерекшелігі  –  әлемді,  бүкіл 
дүниені  тұтас  қарастыруында  және  оның  ішкі  байланысын,  даму 
зандылықтарын  жүйелі  зерттеуінде.  Ол  -дүниетанымдық  ғылыми 
жүйе  болып  табылады.  Философияның  рӛлі  дүниеге  кӛзқарастық 
мәселелерді  шешуде  үлкен.  Сондықтан  философияның  маңызын, 
пәнін  тереңірек  түсіну  үшін  алдымен,  дүниетаным  дегеніміз  не 
деген мәселені анықтап алайық. 
Дүниетаным – дүниеге кӛзқарас адам қоғамымен бірге пайда 
болған  қоғамдық  тарихи  құбылыс.  Кез  келген  адам  күнделікті 


 

ӛмірде  ӛзіне  қажет  кӛптеген  мәселелерді  шешуі  қажет.  Ол  үшін 
адамда  ерекше  білімдер  жүйесі  қалыптасуы  керек.  Айнала 
қоршаған  орта,  бүкіл  әлем,  тұтас  дүние  туралы,  ондағы 
адамдардың  орны,  тіршіліктің  мән-мағынасы  туралы  білімдердің, 
кӛзқарастардың  жүйеленген  жиынтығы  дүниеге  кӛзқарас  немесе 
дүниетаным  деген  ұғымды  білдіреді.  Дүниетаным  –  адам 
санасының,  танымының  қажетті  құрамдас  бӛлігі.  Ол  адам 
танымының  бір  элементі  емес,  оның  күрделі  ӛзара  әрекеттесуі. 
Түрлі  білімдер,  адамның  сезімі,  кӛңіл-күйі,  үміті,  ұмтылысы, 
мақсаты  –  бәрі  дүниеге  кӛзқарасқа  бірігіп,  адамның  ӛзін  және 
дүниені  толығымен  түсіндіреді.  Сонымен,  дүниетаным  –  деп, 
дүниені  түсінудің,  ондағы  адамның  алар  орны  және  ӛмірлік 
позициясы  туралы  кӛзқарастардың,  принциптердің  жиынтығын 
айтамыз. 
Дүниетаным  шығуының  қайнар  кӛзі  –  ӛмірдің  ӛзі,  адамның 
тіршілік болмысы. Дүниенің пайда болуы, ондағы адамның орны, 
оның тіршілік мәні, қоғам дамуының бағыты секілді мәселелер қай 
дәуірде де адамдарды толғандырып, ізденіске салып келді. Сӛйтіп, 
дүние  құбылыстарын  түсіндіруге  талпынған  әрекеттер  үнемі 
дамып  отырады.  Осыдан  келіп,  жалпы  адамзаттың  дүниетанымы, 
дүниеге кӛзқарасы кеңейеді және терендей береді. 
Дүниеге кӛзқарастың негізгі ұғымдары «дүние» және «адам». 
Олар ажырамас бірлікте. Адам ӛзінің күнделікті іс-әрекеті арқылы 
сыртқы  дүниеге,  табиғатқа  әсер  етеді,  оны  ӛз  мақсатына  қарай 
ӛзгертеді. Осы қатынас арқылы оның дүние туралы білімі кеңейіп, 
оның  рухани  ӛмірі  де  дами  түседі.  Адам  мен  дүниенің 
арақатынасында  біріншіден,  әлем,  табиғат  және  қоғам  туралы, 
екіншіден,  адам  және  оның  дүниедегі  орны  туралы,  үшіншіден, 
болмыс  пен  болашақтың  мән-жайы  туралы  кӛзқарастар,  білімдер 
қалыптаса бастайды. 
Дүниетанымның тұтастығын құрастыратын негіз – білім. Олар 
күнделікті тіршіліктен қалыптасқан білім, кәсіби білім, сондай-ақ, 
ғылыми  білім  болып  бӛлінеді.  Ертедегі  ойшылдар  білімді 
надандықты  жоятын,  халықтарды  жақындастыратын  күш  деп 
білді.  Ұлы  ойшыл  Әл-Фараби:  «Білімді  болу  деген  сӛз  –  белгісіз 
нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сӛз», - деп айтқан. Кез 
келген  халықтың  немесе  жеке  адамның  білімі  тереңдеген  сайын, 
одан  бастау  алатын  адамның  дүниеге  кӛзқарасы  да  нақтыланып, 


 

жүйеленіп,  тұрақты  сипатқа  ие  бола  бастайды.  Білім  адамның 
кӛкірегінен қоныс алып, санасына ұялап, оның ӛмір тәжірибесінен, 
ой елегінен ӛтіп, сенімге айналады. 
Сенім  дегеніміз  –  дүниеге  кӛзқарастың  түп  қазығы, 
бағыттаушысы,  адамның  ӛз  позициясына,  ұмтылған  мақсатына 
беріктілігі.  Сенімі  берік  адамның  дүниеге  кӛзқарасы  да  нақты 
болады.  Дүниеге  кӛзқарастардың  кең  тараған  түрі  –  қарапайым 
кӛзқарастар.  Олар  күнделікті  ӛмірден,  салт-санадан,  тұрмыс-
тіршіліктен 
қалыптасады. 
Қарапайым 
дүниетанымда 
мифологиялық,  діни  және  ғылыми  кӛзқарастар  араласып, 
қабаттасып  жатады.  Сондықтан,  дүниетаным  ұғымының  кӛлемі 
философияға  қарағанда  кең.  Ал,  философия  дүниетанымның  бір 
формасы  болып  табылады.  Қоғамдық  ӛмірдің  дамуына 
байланысты  дүниеге  кӛзқарастың  мынадай  түрлері  қалыптасады. 
Олар:  мифологиялық,  діни,  философиялық  дүниетанымдар.  Енді 
осы түрлеріне жеке-жеке тоқталып ӛтейік. 
2.  Дүниеге  кӛзқарастың  тарихи  түрлері.  Мифология  грек 
сӛзінен  аударғанда  mifos-аңыз,  әңгіме,  ертегі,  ал  logos-ілім,  білім 
деген  мағына  білдіреді.  Философияның  алғы  бастауы  мифология 
болып табылады. Мифологиялық кӛзқарастар алғашқы қауымдық 
құрылыста пайда болды. Мифологияны адамзат баласының рухани 
мәдениетінің ежелгі формасы деуге болады. Әр халықтың ӛзіндік 
мифологиясы  бар.  Мифологиялық  дүниетаным  –  қоғамдық 
дамудың ӛте ерте кезеңінде қалыптасқан дүниені түсінудің тәсілі, 
қоғамдық  сананың  бітімі.  Мифология  алғашқы  қауымдық 
құрылыстың  рухани  ӛмірінде  ерекше  рӛл  атқарды.  Сол  дәуірдің 
қоғамдық санасының әмбебап бітімі болды. Әрбір халықтың ӛзіне 
тән  мифологиясы  болады.  Олар  түрлі  аңыз-әңгімелер  арқылы 
дүниенің  жаратылуын,  адамның  тууы  мен  ӛлуін,  табиғат  күштері 
мен  объектілерінің  пайда  болуын  түсіндірмек  болды.  Соңдықтан, 
мифтерді  сол  кӛне  дәуірлердің  рухани,  мәдени  жетістіктері  деп 
санаған  орынды.  Мифтер  арқылы  бізге  кӛне  дәуірлердің  ӛмір 
салты,  ой-санасы,  тұрмыс  бейнесі  белгілі  болды.  Мифологиялық 
сана, сондай-ақ, табиғат пен қоғам бірлігін қарастырды. Адам мен 
дүние  арақатынасын,  оның  қайшылығын  шешуге  тырысты. 
Сонымен қатар, мифтер әр түрлі діни ағымдардың ішінде толы. 
Алғашқы  қауымдық  құрылыстың  ыдырауымен  мифология 
ӛзінің  тарихи  орнынан  түсті.  Бірақ  мифологиялық  тұрғыда 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау