Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет36/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61

 
109 
жақтар  жеке,  ӛздігінен  ӛмір  сүре  алмайды.  (мысалы,  жеке  мен 
жалпы; оң мен теріс; ішкі мен сыртқы т.б.). 
Қарама  қарсылықтың  бірлігі  салыстырмалы,  ал,  олардың 
күресі  абсолютті.  Гегель  бірінші  рет  қайшылықтардың 
универсалды  сипатын  ашуға  тырысты.  Дамудың  кӛзі,  сол  заттың 
ішкі қайшылығында екендігін тапты. Қайшылық адам ӛмірінде де, 
қоғамда  да  үлкен  орын  алады.  Қарама-карсылықтың  бір  жағы 
жеңсе,  ол  ӛз  кезегінде  міндетті  түрде  жаңа  қарама-қарсылықтың 
пайда болуна алып келеді. Ол ешқашаңда тоқтап қалмайды. 
Сандық  және  сапалық  ӛзгерістердің  бір-біріне  айналу 
заңы.  Бұл  заң  жаңаның  пайда  болуын,  дамудың  сипатын 
түсіндіреді.  Материяда  әлем  әрқашанда  шексіз,  кӛпжақты  заттар 
мен  процестерден  тұрады.  Кез  келген  заттардың  сандық  және 
сапалық  ӛлшемдері  бар.  Сапа  әрқашанда  затпен  органикалық 
тығыз  байланыста.  Ол  бір  заттың  екіншісінен  қаңдай 
айырмашылықтардың  барлығын  түсіндіреді.  Егер  зат  ӛзінің 
сапасын  жоғалтса,  ол  басқа  бір  затқа  айналады.  Заттардың 
қасиеттерінің тұрақты жиынтығы философияда сапа деп аталады. 
Заттардың  тұрақтылығының,  оның  қасиетінің,  дамуының 
ӛлшемдері сан деп аталады. 
Сан  мен  сапа  бір-бірімен  органикалық  байланыста.  Олар 
объективті  ӛмір  сүреді.  Сан  мен  сапа  –  заттардың  бір-біріне 
қарама-қарсы және ажырамас бірліктегі екі жағын сипаттайды. Бұл 
байланыс философияда ӛлшем деген ұғыммен беріледі. 
Ӛлшем сан мен сапаның диалектикалық бірлігі, сондай-ақ, 
сапаның ӛмір сүруінің сандық ӛлшемінің кӛрсеткіші. Мысалы, 
судың ӛмір сүру ӛлшемі – 0° ден С -100 ° қа дейін. Тірі 
организмдер температурасы – С 37 ° дейін. 
Бұл  заң  осы  сандық  және  сапалық  ӛзгерістердің  ӛзара 
байланысын  кӛрсетеді.  Бұл  заңның  мәні  мынада.  Заттарда, 
процестерде үздіксіз болып тұратын сандық ӛзгерістер, белгілі бір 
шекарада,  ӛлшемге  жеткенде  басқа  бір  сапаға  айналады.  Жаңа 
осылайша  пайда  болады.  Сӛйтіп,  бұл  заң  қоршаған  дүниенің  кӛп 
сапалылығын  шешеді,  олардың  кӛптеген  сандық  сипаттарымен 
тығыз байланысын кӛрсетеді. 
Терістеуді теріске шығару заңы 
Бұл  заң  диалектикада  ерекше  орын  алады.  Кез  келген  жаңа, 
ӛзінің теріс, кажет етпейтін жағын терістеу арқылы жүзеге асады, 


 
110 
Бұл  терістеу  затты,  құбылысты  толық  жойып  жіберу  емес.  Оның 
қажеттісін,  құндылық  жағын  сақтап  қалу  қажет.  Бұл  терістеу 
диалектикалык сипатта болады. 
Гегельдің жүйесі бойынша, кез келген диалектикалық даму бір 
межеден басталады. Ол тезис деп аталады. Ол бір кезеңде ӛзін-ӛзі 
терістеп,  ӛзінің  қарама-қарсы  жағына  ӛтеді.  Оны  антитезис  деп 
атайды.  Бұл  бірінші  терістелу.  Бұдан  соң  тоқтап  қалмайды.  Бір 
кезеңдерде  жаңа  терістеу  пайда  болады.  Терістеуді  терістеу 
процесі  жүзеге  асады.  Мұны  Гегель  синтез  деп  атайды.  Мұнда 
даму бір терістеліп, одан екінші терістеліп, содан ӛзінің бастапқы 
кезеңіне  келген  тәрізді.  Бірақ,  бұл  жай  сол  қалыпқа  келу  емес, 
«спираль» секілді келу болып табылады. Яғни, әлдеқайда жетіліп, 
пісіп,  дамып  қайта  келу  болып  кӛрінеді.  Сонымен,  бұл  заң 
дамудың  белгілі  бір  циклде  қайталанып  жүріп  отыратынын, 
бірақ,ол  жай  қайталану  емес,  алға  карай  ӛсіп  отыратын,  кеңейіп 
отыратын,  «спираль»  тәріздес  қайталану,  демек,  ол  дамудың  алға 
жүріп отыратынын кӛрсетеді. 
 
Негізгі ұғымдар: 
Байланыс.  Ӛзгеріс.  Диалектика.  Заң.  Категория.  Бүтін  мен  бӛлшек.  Мән  және 
құбылыс.  Форма  және  мазмұн.  Детерминизм.  Себеп  пен  салдар.  Қарама-
қарсылық. Қайшылық. Сан, сапа, ӛлшем. Терістеу. Секіріс. Жүйе. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Объективті және субъективті диалектиканың қатынастары қандай? 
2. 
Заң дегеніміз не? 
3. 
Ойлау қайшылықта болу керек пе? 
4. 
Категория мен ұғымның айырмашылығы қандай? 
5. 
Байланыс дегеніміз не? 
6. 
Диалектикалық және догматикалық ойлау айырмашылығы неде? 
7. 
Секіріс дегеніміз не? 
8. 
Диалектикалық терістеуді қалай түсінесіз? 
9. 
Жаңа сапа қалай пайда болады? 
10.  Диалектикалық 
терістеу 
мен 
метафизикалық 
терістеудің 
айырмашылығы қандай? 
 
Реферат тақырыптары: 
1. 
Диалектиканың ойлау мәдениетін дамытудағы рӛлі. 
2. 
Диалектика және метафизика. 
3. 
Сана мен сана категорияларының метафизикалық маңызы. 
4. 
Диалектикалық терістеу және оның методологиялық рӛлі. 
5. 
Диалектика жалпыға ортақ байланыс, ӛзгеріс және даму туралы ілім. 


 
111 
6. 
Диалектика категориялары шындықты бейнелеудің формалары. 
7. 
Жеке, жалпы және ерекше категориялары. 
8. 
Мән және құбылыс категориясы. 
9. 
Мүмкіндік пен шындық категориясы. 
10.  Себеп және салдар категориясы. 
11.  Қажеттілік пен еркіндік мәселесі. 
 


 
112 
Тақырып № 10. Философияның 
гносеологиялық мәселелері 
 
1.  Таным  туралы  түсінік.  Танымның  субъектісі  және 
объектісі. 
2.  Сезімдік  таным  және  абстракты  ойлау,  олардың 
құрылымы. 
3.  Абсолютті  және  салыстырмалы  ақиқат,  практиканың 
танымдағы ролі. 
4.  Ғылыми  таным  –  танымдық  әрекеттің  жоғары  бітімі. 
Ғылыми таным тәсілдері. 
 
1.  Таным  туралы  түсінік.  Танымның  субъектісі  және 
объектісі. 
Дүниені  танып  білу  және  оның  заңдылықтары  туралы 
кӛзқарастар  тарихи  кезеңдерде  әртүрлі  болды.  Кӛне  заманнан 
бастап-ақ,  адамдар  ӛзін  қоршаған  дүниенің  заңдылықтарын,  ӛзін-
ӛзі, ӛзінің табиғатқа қатынасын танып білуге тырысты. Философия 
тарихында олардың бір бӛлігі дүниені танып білуді растады. Олар 
негізінен  материалистер  болды.  Енді  бір  бӛлігі  дүниені  танып 
білуді  теріске  шығарды.  Оларды  агностиктер  деп  атады. 
Агностиктер  объективті  нақтылықты  теріске  шығарса,  енді  бірде 
оны танып білуге болмайтынын айтады. Осылайша, таным туралы 
екі түрлі кӛзқарас қалыптасады. 
Материалистердің айтуынша, таным – дегеніміз сыртқы заттар 
мен  құбылыстар  қасиеттерінің  мәнді  қатынастарының  адам 
санасында  идеалды  образдар  жүйесі  ретінде  бейнелеудің  күрделі 
процессі. 
Ойшылдардың  бір  тобы  дүние  туралы  нақты  білімнің, 
танымның бар екендігіне күман келтіреді. Оларды скептиктер, ал, 
ағымды  скептицизм  деп  атады.  XVI-XVII  ғасырларда  ғылымның 
дамуы танымға деген қызығушылықты арттырды. Математикамен 
айналысқандар  танымды  таза  логикалық  процесс  деп  түсінсе, 
жаратылыстанушылар  білімнің  негізі  тәжірибе,  эксперимент 
барысында  алынған  түсініктер  деп  санады.  Сӛйтіп,  алғашқылары 
рационалистер, соңғылары эмпиристер деген атқа ие болды. 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау