Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет41/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61

 
125 
қарауының,  бойындағы  қабілетін  дамыта  білуінің  маңызы  зор 
болып табылады. 
Дүниежүзілік  тарихты  формациялық  кезеңдерге  бӛліп 
қарастыруға  байланысты  әлеуметтіліктің  үш  тарихи  типін  атап 
ӛтуге  болады.  Жеке  бас  тәуелділігіне  негізделген  қарым-
қатынастар.  Оның  басты  сипаты  адамның  қатаң  жіктелген  (ру, 
тайпа,  қауым,  сословие)  қоғамдық  байланыстар  жүйесіне 
тәуелділігі.  Алғашқы  қауымдық  құрылыста  адам  ӛзін  қауымнан 
бӛліп-жарып  қарастырмайды.  Оның  санасында  «'мен»  ұғымы  әлі 
қалыптаса  қойған  жоқ.  Сондықтан,  шын  мағынасында  ол  тұлға 
болып  табылмайды.  Тұлғаның  қалыптасуы  тарихи  тұрғыда 
еңбектің  қоғамдық  жолмен  бӛлінуіне,  күрделенуіне,  жеке 
меншіктің қалыптасуына байланысты болды. Алғашқы қауымдық 
құрылыстың  ыдырауы  кезеңіндегі  бұл  әлеуметтік  процестер 
адамның  бойында  жеке  мүдделердің  қалыптасуына,  оның  ӛзін 
басқалардан бӛліп қарастыруына алып келеді. 
Кӛне  дәуірлерде  еріксіз  еңбектің  басты  түрі  құлдық  болса, 
орта ғасырларда – крепоснойлық болды. Екі жағдайда да адамның 
бас бостандығы жоқ, ол құл иеленушіге, феодалға тікелей тәуелді. 
Тауарлы  ӛндірістің  дамуына  байланысты  адамның  адамға 
тікелей  тәуелдігі  жойылады.  Сонымен  қатар  қоғамның  жеке,  бір-
біріне  тәуелсіз  тұлғаларға  бӛлінуі  орын  алады.  Бұл  еңбек  ету 
әрекеті  сипатындағы  терең  ӛзгерістерге  байланысты.  Формальды 
түрде  адамдар  тең.  Тұтас  алғанда  адамдар  арасындағы  қарым-
қатынас  тауар  ӛндірушілер,  меншік  иелері  қарым-қатынасына 
айналады. Сӛйтіп, жеке бас тәуелсіздігі негізінде заттық тәуелділік 
пайда болады. 
Қоғамның одан әрі ӛрлеп дамуы, ӛндіргіш күштердің жетілуі 
адамдар  арасындағы  қарым-қатынастардың  түбегейлі  ӛзгеруіне 
алып 
келеді. 
Ӛндірістің 
автоматтандырылуы, 
жаппай 
компьютерлендіруге  кӛшу  еңбек  адамының  ӛндірістегі  және 
әлеуметтік  рӛлін  ӛзгертеді.  Индустриалды  қоғамнан  ақпараттық 
қоғамға  ӛту  еркін  тұлғалардың  жан-жақты  кемелденіп  дамуына 
жол  ашады.  Азаматтық  қоғам  мен  құқықтық  мемлекеттің 
қалыптасып,  дамуы  еркін  тұлғалардың  (яғни  адамның  бас 
бостандығының,  адам  құқының  қарым-қатынастың  негізгі  ірге 
тасына айналуы) ӛзара қарым-қатынасына байланысты. 


 
126 
Құқықтық  мемлекет  идеясының  тұлғаның  қоғамдағы  хал-
аXVалы  үшін  маңызы  ӛте  зор.  Ӛйткені,  мемлекеттің  басты 
міңдеттерінің бірі – адам құқығын қорғау. 
Құқықтық  мемлекет  әлеуметтік  қатынастарды  реттеуде  ата 
заңды  басшылыққа  алады.  Биліктің  қай  түрі  болмасын  құқықты 
мемлекетте  заңмен  шектелген,  құқықтық  мемлекетте  қоғам 
мемлекетке  емес,  мемлекет  коғамға  қызмет  етуі  керек.  Құқықтық 
мемлекеттің  гуманистік  сипаты  тұлғаның  қоғамдағы  орнын  биік 
тұғырға кӛтеру болып табылады. 
 
Негізгі ұғымдар: 
Еңбек.  Тіл.  Адамның  биологиялық  және  әлеуметтік  табиғаты.  Ӛмір.  Ӛлім. 
Махаббат. Руханилық. Бостандық. Антропосоциогенез. Генезис. Тұлға. 
Индивид. Әлеуметтену. Дара тұлға. Адам құқы. Тұлға бостандығы. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Адамның пайда болуы туралы қандай материалистік және идеалистік 
кӛзқарастарды білесіз? 
2. 
Адам ӛзін -ӛзі қалыптастырушы деген сӛзді қалай түсінесіз? 
3. 
Адамның биологиялық организм ретінде жануарлардан айырмашылығы 
бар ма? 
4. 
Адамның әлеуметтік мәні неде? 
5. 
Адам барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы деген анықтамаға 
қалай қарайсыз? 
6. 
Адам ӛмірінің мәні неде? 
7. 
Адамның шығармашылық құдіретін қалай бағалайсыз? 
8. 
Ӛмірде атыңды қалдыру мақсат па? 
9. 
Адам тұлғалық деңгейге қалай жетеді? 
10.  Адамның күш-қуаты неде? 
11.  Тұлға қалай қалыптасады? 
12.  Жеке бас тәуелділігін қалай түсінесіз? 
13.  Заттық тәуелділіктің мәні неде? 
14.  Тұлға  мен  қоғам  арасындағы  үйлесімділікке  қалай  қол  жеткізуге 
болады?  
15.  Құқықтық мемлекет дегеніміз не? 
 
Реферат тақырыптары: 
1. 
Философия адамның, мәні мен мақсаты туралы. 
2. 
Гуманизмнің мәні мен тарихи бітімдері. 
3. 
Адамдағы биологиялық пен әлеуметтік жақтардың бірлігі. 
4. 
Философиядағы тұлға мәселесі. 
5. 
Адам табиғаты және мәні. 
6. 
Қайта Ӛрлеу дәуірі философиясындағы адам мәселесі. 
7. 
Ақпаратты техникалық әлемдегі адам. 


 
127 
8. 
Адамзат рухани тәжірибесіндегі ӛмір және ӛлім мәселелері. 
9. 
Адамзат тарихының планетарлық тұтастығы. 
10.  Тұлғаның құқықтық әлеуметтенуі. 
11.  Абай дүниетанымындағы тұлға мәселесі.  
12.  Тұлғаның әлеуметтік табиғаты. 
13.  Немістің классикалық философиясы адамның белсенді мәні туралы. 
14.  Ғылыми таным және практика. 
15.  Қоғам тарихы және адамның творчестволық әрекеті. 
 


 
128 
Тақырып 12. Философиядағы 
шығармашылық мәселесі 
 
1. Шығармашылық туралы түсінік. 
2. Шығармашылық – адам белсенділігінің жоғары формасы. 
3. Әлеуметтің шығармашылық ерекшелігі. 
 
1.  Шығармашылық  туралы  түсінік.  Шығармашылық 
мәселесі  қазіргі  қоғамдық  дамудың  ӛте  ӛзекті  мәселелердің  бірі. 
Шығармашылыққа онымен жұмыс істейтін адамдарға кеңінен жол 
ашу  бүгінгі  таңдағы  қоғамның  міндеті  десек  болады.  Адамның 
күнделікті  ӛмірдегі  іс-әрекетінің  барлық  саласы  негізінен 
шығармашылықпен  тығыз  байланыста  болады.  Адам  қолымен 
жасалынған  барлық  қарапайым  заттан  бастап  материалдық  және 
рухани  игіліктер,  бүкіл  құндылықтар  жүйесі,  жалпы  алғанда, 
мәдениет 
те 
шығармашылықтың 
жемісі. 
Философияда 
шығармашылық  тӛңірегінде  әртүрлі  пікірлер,  кӛзқарастар  бар. 
Мұның ӛзі бұл мәселенің аса күрделі, кӛп салалы екенін білдіреді. 
Философтардан  зерттеу  объектілерін  жан-жақтылық  тұрғыдан 
қарастыруды  талап  етеді.  Орыс  философы  Н.А.Бердяев 
шығармашылықты  «әрқашанда  ӛсу,  ӛмірде  болмаған  жаңа 
нәрсенің  пайда  болуы  «дей  келіп,  «ештеңе  бір  затқа  айналады, 
жоқтан 
болмыс 
пайда 
болады 
«(1). 
Ол 
сондай-ақ, 
шығармашылықтың  үш  элементін  айқындайды.  Біріншісі  – 
еркіндік,  екінші  элемент  –  талант,  үшіншісі  –  шығармашылық 
нәтижесінде пайда болған жаңа зат. 
Философиялық 
әдебиеттерде 
шығармашалық 
дүниеде 
болмаған жаңа бір затты, құбылысты ӛмірге әкелетін іс-әрекет деп 
түсіндіріліп  келді.  Ал,  зерттеуші  ғалым  Л.Н.  Коганның 
пайымдауынша,  жаңа  нәрсені  шығару  ғана  емес,  сондай-ақ 
бұрыннан  белгілі  құбылысқа  ӛзіндік  тұрғыдан  келу  де 
шығармашылық бола алады. Екіншіден, ғылымда шығармашылық 
кейде  теріс  нәтиже  берумен  де  кӛрінеді  (  2  ).  Әрине,  кез  келген 
жаңа  зат,  құбылыс  шығармашылық  үрдісінде  пайда  болады. 
Алайда, жаңаның пайда болуы кӛп жақты, күрделі шығармашылық 
үрдістің  тек  бір  бӛлігін,  бір  жағын  ғана  қамтиды. 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау