Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет31/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61

 
94 
құрайтын заттар, құбылыстар сан түрлі болғанымен, осының бәрін 
біріктіретін  бір  бастау  болуы  мүмкін  деген  мәселені  философтар 
ерте бастан қойған болатын. Осындай бірлік туралы идея барлық 
ӛмір  сүрушілердің  ортақ  негізі  туралы  мәселеге  алып  келді.  Оны 
философияда  белгілеу  үшін  субстанция  деген  категория 
қолданылды.  Латын  сӛзінен  алынған,  мағанасы  ортақ,  түпнегіз 
дегенді  білдіреді.  Заттар  мен  құбылыстардың  ішкі  бірлігін, 
ӛзгермейтін  бір  бастауын,  негізін  бейнелейтін  философиялық 
категория субстанция деп аталады. 
Философиядағы  дүниенің  бірлігін  бір  субстанциямен,  бір 
түпнегізден  түсіндіретін  ілімді  монизм  деп  атайды.  Монизм 
материалистік  және  идеалистік  монизм  болып  екіге  бӛлінеді. 
Алғашқысы  дүниенің  негізі  ретінде  идеалдықты  таниды  (Платан, 
Гегель).  Материалдық  монизм  дүниенің  бастауын  материя  дейді 
(Гераклит,  Демокрит).  Ғылымның  дамуы  дүниенің  бір 
материалдық негізі бар екенін дәлелдейді. 
Ал,  монизмге  қарсы  дуализм  –  дүние  екі  бастаудан 
материалдық  және  идеалдық  бастаудан  құралған  деп  түсіндіреді. 
Оның бірінші сферасы – денелік– заттық нақтылықты біріктіреді, 
ал,  екіншісі  –  руханилық  саласын  қамтиды  (Декарт).  Дүниенің 
бірлігі  оның  болмысында  емес,  болмыс  оның  бірлігінің  алғы 
шарты, былайша айтқанда, дүние біртұтас болу үшін алдымен бар 
болуы  керек.  Дүниенің  бірлігі  оның  материалдығында.  Бұл 
философия  мен  жаратылыс  тану  ғылымдарымен  қиын  да,  ұзақ 
даму  жолында  дәлелденіп  келеді.  Сонымен,  табиғат,  адам,  идея, 
қоғам  теңдей  дәрежеде  ӛмір  сүреді,  бірақ  ӛмір  сүру  дәрежелері 
әртүрлі,  осы  әртүрлі  дәрежесімен  біртұтас  бірліктегі  шексіз 
дүниені  құрайды.  Былайша  айтқанда,  барлық  нәрсенің  ӛмір  сүруі 
дүниеде  болған,  бола  да  береді.  Ол  дүниенің  ӛмір  сүруінің  алғы 
шарты болады. 
2.  Материя  философиялық  категория  ретінде.  Қозғалыс 
және даму. Уақыт және кеңістік. 
Антика философтары материя (зат, материал) ретінде барлық 
нәрселерді  одан  пайда  болатын  затты  айтқан.  Бірақ  заттардың 
түрлері  сан  алуан.  Материя  туралы  ұғым,  осы  заттардың  барлық 
түрлеріне  ортақ  жалпы  қасиеттерін  бейнелеуі  тиіс.  Ежелгі  грек 
философтары  материяның  түпкі  тегі  алғашқы  зат  дейді,  Фалес 
үшін  алғашқы  зат  –  су,  Гераклит  үшін  –  от  болса,  ал  Демокрит 


 
95 
үшін  –  атом.  Олар  күрделі  заттардың  барлығы  осы  қарапайым 
заттардан шыққан деген идеяны айтты. 
Осы  анықтамадан  материяның  онтологиялық  мәнін  түсінуге 
болады:  материя  жалғыз  субстанция,  ӛз-ӛзінің  себебі,  ол 
жаратылмайды,  жойылмайды,  оның  қасиеттері  –  қозғалыс, 
кеңістік,  уақыт,  жүйелік,  ӛзін-ӛзі  ұйымдастыру,  және  сана  (соңғы 
қасиет тек адамға ғана тән). 
Әр  дәуірдің  материяны  қалай  түсінетіндігі  ғылымның, 
танымның  ғана  нәтижесі  емес.  Материя  туралы  адамдардың 
ойлары  ӛз  заманындағы  қоғамдық  практиканың,  жалпы 
мәдениеттің  кӛрінісі.  Адамзат  бүгінгі  күнге  дейінгі  тарихында  іс 
жүзінде  материяны  зат  түрінде  біледі.  Ол  заттың  әр  түрлі 
қасиеттерін  меңгерді,  заттан  кӛптеген  құралдар  жасады. 
Метафизикалық материализм материяны тек заттық нәрседен ғана 
іздеп, қоғамның материалдық процесс екендігін кӛре алмады. 
Материяның  қоғамдық  формасы  зат  емес,  бірақ  объективтік 
процесс.  Қоғамдық  ӛмірдің  негізі  –  адамдардың  материалдық 
ӛңдірісі. Зат, әрине, материяның бір түрі. Материя ӛмір сүруін біз 
затпен  ғана  шектейтін  болсақ,  онда  бүкіл  әлемдегі  ӛзгерістерді 
ешуақытта түсіне алмаймыз. 
XIX  ғасырдың  соңы  мен  XX  ғасырдың  басында  физиканың 
дамуында үлкен жаңалықтар болғаны мәлім. Бұған дейін материя 
деп  түсініп  келген  ең  бӛлінбейтін  бӛлшек  атомның  ядро  және 
электрондарға бӛлінуі – «материя жоғалды» деген пікірлерге алып 
келді.  Бұл  қателік  материяны  оның  құрылымы  мен  қасиеттері 
арқылы  ғана,  яғни,  тек  физикалық  шеңберде  ғана  түсінуден 
туындаған еді. Шын мәнінде. жоғалған материя емес, тек материя 
туралы бұрын орнығып қалған ескі кӛзқарас, ескі білім еді. 
Осы  мәселенің  басын  ашқан  В.И.Ленин  болды.  В.И.Ленин 
ӛзінің  «Материализм  және  эмпириокритицизм»  атты  еңбегінде 
материяны  адамдардың  санасынан  тәуелсіз  ӛмір  сүретін  және 
олардың санасында бейнеленетін «объективтік реалдылық» екенін 
айтып, «Материя адамға түйсіктері арқылы берілген, бізге тәуелсіз 
ӛмір сүре отырып, біздің түйсіктеріміз арқылы кӛшірілетін, суреті 
түсірілетін,  бейнеленетін  объективті  реалдылықты  белгілейтін 
философиялық  категория»  деп  анықтама  берді..  Яғни,  бұл 
анықтама  материяны  тек  зат  деп  қарамайды.  Материяны  ең 
әмбебап  белгісі  –  адамдар  санасынан  тәуелсіздігі  және  санада 


 
96 
бейнеленетіндігі.  Лениннің  материяға  берген  анықтамасы  күні 
бүгінге дейін мәнін жойған жоқ деуге болады. 
Материя жойылмайды, ол мәңгі ӛзгерісте, қозғалыста болады, 
сондықтан  ол  бір  күйден  екінші  күйге  ауысады.  Материя  туралы 
біздің  біліміміз  тереңдей  береді.  Сондықтан,  материя  дегеніміз  – 
кез  келген  бір  бӛлінбейтін  зат  емес,  ол  объективтік  реалдылықты 
бейнелейтін,  оның  біздің  санамыздан  тыс  тұратынын  кӛрсететін 
философиялық  категория  болмақ.  Материя  әлемдегі  барлық 
құбылыстарды қамтиды. 
Материя  үшін  заттың  формасы  оның  негізгі  емес,  негізгі 
формасы  –  қозғалыс.  Бұл  материяның  барлық  формаларына 
қатысты. Ол материяның сыртқы емес, ішкі, ажырамас қасиеті, ол 
объективті,  мәңгілік  және  абсолютті.  Қозғалыс  табиғаттағы, 
қоғамдағы  барлық  ӛзгерістерді  түгел  қамтиды.  Материясыз 
қозғалыс  жоқ,  қозғалыссыз  материя  жоқ.  Қозғалыстың  ішкі  ӛзіне 
қарама-қарсы бір сәті – тыныштық. Тыныштық козғалыстан бӛлек, 
оған бӛгде нәрсе емес. Тыныштық қозғалыстың белгілі бір ӛткінші 
қалпы.  Тыныштық,  дәлірек  айтсақ,  қозғалыстың  біршама,  бір 
сәттегі  тұрақтылығы.  Материя  қозғалыстың  бір  формасынан 
екіншісіне  ауысып  отырады.  Дамудын  нәтижесінде  жансыз 
материядан жанды материя пайда болады. Жанды материя жансыз 
материяға  айналады.  Тыныштық  белгілі  бір  нәрсеге  салыстырып 
қарағанда  ғана,  байқалатын  құбылыс,  қозғалыстың  бір  сәті.  Шын 
мәнінде  ол  да  қозғалыста  тұр.  Қозғалыс  абсолютті,  мәңгілік 
құбылыс. 
Материяның  қозғалыстан  шығатын  келесі  негізгі  формалары 
кеңістік  пен  уақыт.  Кеңістік  пен  уақыт  –  материяның  маңызды 
атрибуттары. 
Қозғалыс  ӛзін  кеңістік  пен  уақыт  формасында  айқындайды. 
Оларды  қозғалыстың  кӛріну  формалары  немесе  сыртқы  ӛлшемі 
деуге болады. 
Қозғалысты  біз  кеңістік  пен  уақыттың  арақатынасы  арқылы 
ӛлшей аламыз. Кеңістік – қозғалыстың әр сәттегі құрылымы, оның 
құрамды  бӛліктері  мен  формаларының  арақатынасы  немесе 
қозғалыстың  әр  сәттегі  сыртқы  нәтижесі.  .  Кеңістік  –ол  әртүрлі 
жүйелердің  кӛлемге  ие  екендігін,  ӛзара  орналасқандығын, 
құрылымдылығын  кӛрсетеді.  Ол  үш  ӛлшемді,  кез-келген 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау